Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Сан есімнің мағыналық түрлері.

кесте №27

Түрлері

(типы)

Сұрақтары

(вопросы)

Жасалу жолдары

(способы образования)

Мысалдар

(примеры)

  1. Есептік

(количественные)

қанша? неше?

бір, есі, үш,төрт, бес, он, жиырма, отыз, елу, жүз, жүз мың, бес мың

  1. Реттік

(порядковые)

нешінші? қаншасыншы?

-ыншы, - інші,

-ншы, -нші

бірінші, оныншы

жүзінші, мыңыншы

  1. Жинақтық

(собирательные)

нешеу?

-ау, -еу

буреу, екеу, үшеу, төотеу, бесеу, алтау, жетеу

  1. Топтау

(разделительные)

нешеден? қанщадан?

-дан, -ден,

-тан, - тен,

-нан, -нен

бестен, оннан, жүзден, отыз бестен, екі – екіден, бір литрден

  1. Болжалдық

(приблизительные)

қанша? неше? қаншадай?

нешеге жуық?

-дай, -дей,

-тай, -тей,

-даған, -деген,

-таған, -теген,

-ер

-лап, -леп,

-дап, -деп,

-лар + септік жагғ.

есептік + есептік

елудей, отыздай,

жетпістей,

ондаған, жүздеген,

мыңдаған

бірер

ондап, елулеп, жүздеп

ондарда, елулерде

екі – үш, елу – алпыс

  1. Бөлшектік

(дробные)

қанша? неше?

есептік + шығыс септік

жарты, жарым, ширек

оннан бір, бір бүтін бестен үш, мың жарым, жүздің жартысы

Жаңа сабақ жаттығулары

1- жаттығу.Сан есімдердің түрін анықтаңыз.

Екінші, бестен, мыңдай, сегіз жарым, жүз, жетеу,елуден, бес бүтін оннан екі, екеу, жиырма шақты, үштен,он бірінші, үшеу, жетпістей, оннан.

2- жаттығу. Берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

15, 12:35, 30, 14:15, 70, 350, ½, 45, 2009,1995,55.

3- жаттығу. Сұхбатты толықтырыңыз

- Сіз таңертең сағат нешеде тұрасыз?

- ...

-Тұрғаннан кейін не істейсіз?

-…

- Таңертеңгі асыңызды нешеде ішесіз?

- …

- Академияда қай кезде боласың?

- …

-Бүгін неше сабақ?

- …

-Үйге нешеде келесіз?

-...

- Бос уақытыңызда не істейсіз?

4- жаттығу. Берілген сөйлемдердегі сан есімдерді сөзбен жазып, тиісті жалғауды жалғаңыз.

Мен 121 топта оқимын. Біздің факультетте 360 студент бар. Академия 1953 жылы ашылды. Қазір академияда 5 факультет бар. 1 курсқа түскен студенттер саны 1000. Оның 35 ақылы негізде, ал 965 мемлекеттік грант иегерлері. Біздің академияда 2 мұражай бар.

5-жаттығу. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, сан есімдердің түрін анықтаңыз.

В 8.00 часов я буду в академии. У нас сегодня будет 3 пары. Первая пара начинается в 8.30. Она длится 1,5 часа. Приблизительно в 2 часа я буду дома. В 3 часа ко мне придет мой друг, и мы вдвоем пойдем в библиотеку. Нам нужно взять по 3 учебника.

Жыл санау.

Халық жыл санау дәстүрін он екі жылдан қайырып отырады да оған жыл басын тышқан , соның доңыз деп атайды. Жыл аттарына сәйкес аңыздар да шығарған. Жыл қайыру жылды есептеуге де, сол сияқты адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы. Біріншісін 13 жылдан, одан кейінгілерін. 12 жылдан қосып есептеп, оны бір мүшел деп санап адам жасын да оңай шығарып ала берген. Бұрынғы қариярлар жетпістемін, сексендемін демейді алты мүшелеге толдым немесе жеті мүшелден астым деп отыратын. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі мынадай:

Тышқан 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996 2008

Сиыр 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997 2009

Барыс 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998 2010

Қоян 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999 2011

Ұлу 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000 2012

Жылан 1929 1941 1953 1964 1977 1989 2001 2013

Жылқы 1930 1942 1954 1965 1978 1990 2001 2014

Қой 1931 1943 1955 1966 1979 1991 2002 2015

Мешін 1932 1944 1956 1967 1980 1992 2003 2016

Тауық 1933 1945 1957 1968 1981 1993 2004 2017

Ит 1934 1946 1958 1969 1982 1994 2005 2018

Доңыз 1935 1947 1959 1970 1983 1995 2006 2019

Жыл басы Наурыз айының 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда мүшел толады. Жыл басы тышқан жылы болады. 1999 жылдың наурызында қоян жылы басталса, ол енді 2011 жылдың наурызында қайта келеді.

Кестеде қазіргі жыл санау мен ескі жыл қайыру қатар берілген. Сол арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын біле алады. Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлуі керек. Қалдықсыз бөлінсе , ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса – оның тауық , екеу болса ит , үшеу болса – доңыз , төртеу болса – тышқан жылы болғаны. Сөйтіп кете береді.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша алты сұрақ құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз қай жылы тудыңыз?

Жасыңыз нешеде?

Туған айыныз,күніңіз?

5-тапсырма. Өз отбасы мүшелеріңіздің қай жылы туғаны туралы әңгімелеп беріңіз.

12-сабақ.

Грамматикалық тақырып: Есімдік, оның түрлері.

Лексикалық тақырып: Наурыз мейрамы.

Есім сөздердің орнына қолданалатын сөз табын есімдік деп атайды.

кесте №29

Түрлері

(типы)

Мысалдар

(примеры)

I Тұлғасына қарай

(по способу образования)

1.Негізгі

(непроизводные)

мен, сен, не, кім

2.Туынды

(производные)

біреу, мынау, қандай, барлық

II Құрамына қарай

(по составу)

1. Дара

(простые)

ол, анау, сонау, қанша

2. Күрделі

(сложные)

бірнеше, кейбіреу, ешкім, әрбір, бірде – бір, қай – қайсы, кімде - кім

Есімдіктің мағыналық түрлері.

кесте №30

Түрлері

(типы)

Мысалдар

(примеры)

1. Жіктеу

(личные)

мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, олар, сіздер

2. Сілтеу

(указательные)

бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, міне, әні, сона, сонау, әне, әнеки,анау

3. Сұрау

(вопросительные)

кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қанша? қайсы? қайдан? қайда? нешеу?

4. Өздік

(возвратные)

өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз

5. Белгісіздік

(неопределенные)

а) бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, біреу- міреу, кейбір, кейбіреу, қайсыбір

ә) әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрдайым, әрқашан

б) әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әрнеше, әрқалай, әлдеқашан, алдақашан

6. Болымсыздық

(отрицательные)

еш, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда, ештеме, дәнеме, ешқайсы, түк

7. Жалпылау

(определительные)

бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, бүткіл, түгел


Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Мақал- мәтелдерден есімдіктерді тауып, түрін анықтаңыз.

Сен бұтаны көтерсең,

Сені бұта көтерер.

Әркімдікі өзіне,

Ай көрінер көзіне.

Көкек өз атын өзі шақырады.

Дұшпан не демейді,

Түске не кірмейді

Кімнің отын оттасаң,

Соның суын ішерсің.

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Мы живем в городе Семей. Это один из древних городов

Казахстана. В каком году был основан этот город? Я посетил все музеи города. Некоторые люди любят смотреть телесериалы. Все студенты изучают казахский язык. Возьми эту книгу, она очень интересная. Где находится академия. Никто не хочет опаздывать на занятия.

3-жаттығу. Есімдіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Біз, осы, қандай, бәрі, кейбір, ешкім.

4-жаттығу. Берілген сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазып, түрін анықтаңыз.

Кейбір маскүнемдер емделгеннен кейін аздап ішіп тұруға

болады деп ойлайды. Мұндай түсінік өте қате әрі қауіпті. Өйткені бір рет маскүнемдік жолға түскен адам өмір бойы одан арыла алмайды. Әрбір адам өзінің намысын сақтап, ішкіліксіз өмірдің тәттілігін сезініп, өз қабілетіне толық сенуі қажет. Маскүнемдік созылмалы ауру болғандықтан, басқа аурулар сияқты мұндайда емделген соң өзін- өзі сақтамаса, күтінбесе қайталануы мүмкін.

5-жаттығу.Есімдіктерді мағыналық түріне қарай топтастырыңыз.

Сіз, бұл, кім, бәрі, кейбір, ештеме, ешбір, бірнеше, барлық, өзім, қанша, мына, бүкіл, өзі, қашан, олар, әрбір, ешқандай.

Наурыз

Наурыз- парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз- бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл- күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнінадамдар жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні»деп атап,зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін- бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.

Наурыз- діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз- табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні: «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық»,- дейді.

Бұл күні адамдар бірін- бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!», «Ұлыс береке берсін», «Бәле- жала жерге енсін!». Сөйтіп адамдар бір- бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын- сауық, ән күйге жалғасады. Халқымзда бұл күнге арналған «Наурыз тойы», «Наурыз жыры», «Наурыз көже», «Наурыз батасы» сияқты салт- дәстүрлер бар.

Наурыз көже- азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақ тіліндегі «Жеті» сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық- түлік әр түрлі болғанмен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. Осыдан кейін әр отбасы ағайын, туған- туыстарына, көршілеріне дәм татырады.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

а) «Наурыз» қандай мереке?

ә) «Наурызды» халқымыз қалай қарсы алған?

б) Наурыз күні берілетін баталардың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

3-тапсырма. Әже, аналарыңыз даярлайтын наурыз көже туралы әңгімелеңіз.

4-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Сіздің қалаңызда Наурыз мейрамы қалай тойланады? Сол туралы әңгімелеп беріңіз.

13-сабақ.

Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің септелу

ерекшеліктері

Лексикалық тақырып: Қазақтың батыр қыздары.