
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Біздің академия
Мен Семейдін мемлекеттік медицина академиясында оқимын. Біздің академия 1952 жылы екінші қыркүйекте ашылды.
Семейдің мемлекеттік медициналық институты өзінің алғашқы 320 түлегін 1953 жылы қабылдады. Ол кезде академияның екі оқу үйі ғана болды. Олар қазіргі морфологиялық және физико-химиялық корпустар. Мұнда бірінші курстың студенттері ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, кітпахана және оқу залы орналасты.
Институттын агғашқы директоры болып ҚазССР-не еңбегі сіңген дәрігер В.С.Бобов болды. Одан кейінгі жылдарда доцент К.Шуваков ректор болды.
Институт тарихында 1959 жыл ерекше орын алды. Бұл жылы емдеу факультеті алғаш рет өз түлектерін ұшырды. 275 түлек дәрігерлік диплом алды.
1963 жылы педиатриялық факультет ашылып, 100 студент қабылданды. 1963 жылдан 1977 жылдар арылығында институттың ректоры болып, профессор, ҚазССР-іне еңбегі сіңген ғылыми қызметкері Т.А. Назарова тағайындалды.
1964 жылы бас ғимарат папйдалануға берілді. 400 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.
1976 жылдан 1984 жылға дейін институтты профессор Н. А. Хлопов басқарды.
1987 жылдан 2001 жылдар аралығымда институттың, кейнен академияның ректор болып Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңген қызметкер, ҚР ҰҒА-ң қорр-мүшесі, профессор Төлеген Қазезұлы Раисов болды.
Т.Қ. Раисов қызмет еткен жылдарда қазақ бөлімі (1989 ж),
стоматологиялық факультет (1991 ж), шетел студенттерінің факультеті (1995 ж) ашылды.
Т.Қ.Раисов ЖОО-ын басқарған жылдарда академия қызметкерлері 30 докторлық және 80 кандидаттық диссертация қорғады.
Академияда 1994 жылдан баста төрт мамандық бойынша 2 Диссертациялық Кеңес жұмыс істейді. Осы жылдарда Халықаралық байланыстар да нығая түсті. Академия АҚШ – тың Хьюстон, Тулс қалаларының медициналық орталықтарымен, Нагасаки (Жапония, 1991 ж), Антверпен (Бельгия, 1999 ж) қалаларының, Ұлыбритания (2001 ж) университеттерімен байланыс жасау жөнінде келісімшарт жасады.
2001 жылдың қазан айынан бастап 2007 жыға дейн академияның ректоры болып медицина ғылымының докторы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов қызметің атқарды.
2003 жылдын қыркүйек айынан бастап жаңадан: фармация және медико-профилактикалық ісі факультеттері ашылды. Барлық кафедралардың материалдық, техникалық базасы жақсарды.
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейн Академияның ректоры медицина ғылымының докторы Т. Қ. Рақыпбеков. Сол жылдан бастап Жалпы Медицина, Қоғамдық Денсаулық Сақтау, Мейірбике Ісі факультеттері ашылды.
Мәтін тапсырмалары
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Семей мемлекеттік медицина академиясы қай жылы ашылды?
Бірінші ректоры кім болды?
Ашылған жылдары неше факултеті болды?
Кейіннен қандай факультеттер ашылды?
Академияның қандай халықаралық байланыстары бар?
Оқу корпустарынан басқа академия студенттері тағы қай денсаулық сақтау мекемелерінде оқып, білім алады?
Қазіргі кезде академияның ректоры кім?
2-тапсырма. Сұхбаттағы жауапқа тиісті сұрақ әзірлеп, көршіңізбен әңгімелесіңіз.
........?
Иә, мен Семей мемлекеттік медицина академиясында оқимын.
........?
Біздің академияда жалпы медицина, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі факультеттері бар.
........?
Мен жалпы медицина факультетінде оқимын.
........?
Біз бірінші курста химия, анатомия, қазақ тілі, шет тілі, тарих, ішкі аурулар пропедевтикасы т.б. пәндерің оқимыз.
........?
Сабақта кітапхананың оқу залында, компьютерлік сыныпқа барып дайындаламыз.
........?
Менің келешете пластикалық хирургия саласында істегім келеді.
........?
Мен анатомия пәнінің ғылыми үйірмесіне қатысамын.
........?
Маған болашақ мамандығы өте ұнайды.
3-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Дәрігерлік диплом, ғылыми қызметкерлер, жас маман, білікті дәрәгер, студенттік өмір, академия түлектері.
4-тапсырма. «Егер мен академия ректоры болсам...» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазыңыз.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен сөздік құрастырыңыз.
11-сабақ.
Грамматикалық тақырып: Сан есім, оның түрлері.
Лексикалық тақырып: Уақыт. Менің күн тәртібім.
Заттың саның, ретін, мөлшерін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.
кесте №26
Түрлері (типы)
|
Мысалдар (примеры) |
|
I. Тұлғасына қарай (по способу образования)
|
(непроизводные)
|
екі, төрт, қырық |
(производные) |
бірінші, екеу, елудей |
|
II Құрамына қарай (по составу) |
(простые) |
бір, он, жүз, мың |
(сложные)
|
он бес, бес жүз, елу мың |