
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Менің досым Мұрат.
Менің ең жақын досым – Мұрат. Мен оны 1 сыныптан бастап білемін. Ол қазір 21 жаста. Ол ұзын бойлы, сымбатты жігіт. Оның мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Мұрат қазір медицина академиясында оқиды. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Медиктерге латын тілін білу қажет. Сондықтан қазір ол латын тілін оқып жүр. Бос уақытта Мұрат екеуміз киноға барамыз. Интернетке шығамыз. Кейде дискотекаға барамыз. Мұрат бокспен айналысады. Мен адал досымды жақсы көремін.
Менің досым Марат.
Менің досым Марат қазір Америкада. Ол халықаралық құқық мамандығы бойынша оқып жатыр. Марат көңілді, адал, әділ бала. Сондықтан оны барлық достары жақсы көреді. Марат бірнеше тілді меңгерген: қазақ, ағылшын, неміс тілдері. Ол бос уақытында жұмыс істеп ата-анасына көмектесіп тұрады. Ол бірнеше шет елде болған. Оған саяхат жасау, адамдармен араласу өте ұнайды.
3-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып ,досыңызбен оның отбасы мүшелерінің мінезі, сыртқы пішіні, ішкі қасиеттері туралы әңгілімелесіңіз.
4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, жаттаңыз.
1. Ашу дұшпан, ақыл дос.
Разум – союзник, гнев противник.
2. Ашу келсе, ақыл кетер,
Ақыл көп болса, ашу не етер.
3. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.
4. Қайта кірер есігіңді, қатта жаппа
5. Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде, өлең таппас.
6. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң, саспа.
5-тапсырма. Сұрақтарға керісінше жауап беріңіз.
- Сенің досың аласа бойлы ма?
- Жоқ, ол ...
- Оның көзі көк пе?
- Жоқ, ...
- Шашы ұзын ба?
- Жоқ, ...
- Ол толық адам ба?
- Жоқ, ...
- Досың жалқау ма?
- Жоқ, ...
- Ол тәртіпсіз, дөрекі ме?
- Жоқ, ...
10-сабақ.
Грамматикалық тақырып: Зат есім, оның грамматикалық
категориялары
Лексикалық тақырып: Біздің академия
Зат есім.
Заттық ұғымды білдіріп, кім? не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім деп атайды.
кесте №25
І. Мағынасына қарай. |
Түрлері |
Мысалдар |
1. Жалпы |
Бала, адам, дала, үй. |
|
2. Жалқы |
Қуаныш, Алматы, Қазақстан |
|
ІІ. Тұлғасына қарай. |
1. Негізгі |
Ел, жер, су, от, қала |
2. Туынды |
Қойшы, балалық, білім, айтыс. |
|
ІІІ. Құрамына қарай. |
1. Дара |
Тарақ, жылқы, ауыл, жігіт. |
2. Күрделі а) Біріккен |
Бәйтерек, белбеу, ақсу. |
|
ә) Қосарлы |
Ата-ана, ел-жұрт, ой-қыр. |
|
б) Тіркесті |
Аяқ киім, балалар бақшасы. |
|
в) Қысқарған |
ҚазМҰУ, СММА, пединститут |
Жаңа сабақ жаттығулары
1-жаттығу. Сөздікті падаланып, сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. Сөз тудырушы жұрнақтармен зат есім жасаңыз
1. -шы, -ші: танцор, лгун, переводчик, писатель, посол, критик, журналист.
2. -кер, -гер: доктор, юрист, политик, абитуриент, ювелир, космонафт, пенсионер.
3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: учебник, дружба, детство, товарищество, героизм.
4. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: памятник, холодильник, морозильник, резинка, летчик.
5. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: земляк, однокурсник, тезка, единомышленник, односельчанин.
2-жаттығу. Біріккен және қос сөздермен тіркескен сөздерді үш бағанға бөліп жазыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.
Әуежай, отбасы, ата-ана, жастық шақ, көзқарас, ауа-райы, ауыл-аймақ, асқазан, жеміс-жидек, аяқ киім, бүрсікүні, биыл, сиыр еті, туған күн, қарым-қатынас, тасбақа, қолшатыр, жиі-жиі, Екібастұз, күні-түні, көкөніс, ақсақал, ана тілі, шекара, жекпе-жік, оңтүстік, азық-түлік.
3-жаттығу. «Біздің академия» мәтіні бойынша кездесетін қысқарған сөздерді теріп жазып, құрамындағы сөздерді анықтаңыз.
Мысалы: СММА – Семей мемлекеттік медицина академиясы.
4-жаттығу. Төмендегі берілген сөздер мағынасына қарай қандай зат есімдерге жатады. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Борыш, ар, ұят, намыз, ыза, кек, мейірімділік, сезім, бақыт, арман, махаббат.
5-жаттығу. Қазақ тіліндегі баламасын беріңіз. Зат есімдердің
қандай тәсілмен жасалғанын көрсетіңіз.
Восток, фрукты, взгляд, Семиречье, говядина, иногда, желудок, родители, зонтик, посуда.