
- •Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Танысу. Отбасы.
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Менің мамандығым
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Қазақстан Республикасының туы
- •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •Менің Отаным – Қазақстан.
- •Отан туралы.
- •Астана.
- •Жай септеу және тәуелді септеу.
- •Семей қаласы.
- •Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
- •Сын есімнің шырайлары кесте №24
- •Менің досым Мұрат.
- •Менің досым Марат.
- •Біздің академия
- •Сан есімнің мағыналық түрлері.
- •Есімдіктердің септелуі.
- •Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар
- •3) Ауыспалы өткен шақ
- •Адам қаңқасы
- •Адам ағзасы
- •Ағзадағы аурулар.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Мазмұны
- •М.Д.Жороқпаева, ж.Ж.Қасенова, с.Б.Құлыспаева, ж.С.Құсайынова, а.Ш.Жылқыбаева, б.А.Жорғатаева
Семей қаласы.
Семей – Қазақстанның ірі, мәдениетті тарихи қалаларының бірі.
Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Қазіргі Семей қаласының маңында 7 үй (жеті шатыр) болып қорғаныс салынған. Міне осы жеті шатырдан барып, бұл қорғаныс Семипалатинск, қазақша Семей деп аталып кетті.
Семей қаласы – ұлы ақын Абай, данышпан жазушы Мұхтар Әуезов білім алған қала, XIX ғасырдың 50 жылдарында Ш.Уәлиханов, әскери қызметте болған жері.
Семей – студенттер қаласы деп аталады. Онда бірнеше жоғары оқу орындары, көптеген колледждер бар. Оларда сандаған мамандық иелері дайындалуда.
Семей қаласында мәдени- демалыс орындары өте көп. Қаланың орталығында Абай атындағы облыстық драмма театры орналасқан. Сондай-ақ Абай Құнанбаевтың мұражайы алыстан көз тартады.
Қалада орыс халқының ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскийдің мұражай үйі бар. Ал тарихи-өлке тану мұражайы Абай көшесі мен Ленин көшесінің қиылысқан жерінде тұр.
1934 жылы Семейде ет-консерві комбинаты, 1935 жылы жүн өңдеу фабрикасы т.б. өндіріс орындары жұмыс істей бастады. Сонымен қатар цемент, шпалы заводтары мен тері өңдеу, ұн-құрама жем комбинаттары республикаға белгілі қаланың орталығында облыстық диагностикалық орталық бар.
2001 жылы күзде аспалы жаңа көпір пайдалануға берілді. Семей қаласы маған өте ұнайды.
Мәтін тапсырмалары
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
Семей қаласының іргетасы қай жылы қаланған?-
Семей қаласы неге «Семипалатинск» деп аталған?
Семей қаласы қандай ірі тұлғалардың туған жері?
Семейде қандай өндіріс орындары бар?
Неліктен Семейді Қазақстанның рухани-мәдени орталығы деп атайды?
Семей өңірінің табиғаты қандай?
2-тапсырма. Сұхбаттағы сұрақтардың жауабын, жазыңыз.
Сәлеметсің бе! Сен осы қалада тұрасың ба?
...
Қай көшеде тұрасың?
...
Семейдің ең үлкен, әдемі көшелері қайсы?
...
Бос уақытыңда қандай демалыс орындарына барасын?
...
Абай мұражайы қай жерде орналасқан?
...
Семей қаласының тарихынан не білесің?
...
Рақмет. Сау бол.
3-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Ұлы ақын, тарихи қала, мәдени орталық, данышпан жазушы,
қаланың көшелері, Семей өңірі.
4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1) Ел іші – алтын бесік.
2) Әркімнің өз жері – жұмақ.
3) Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
4) Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
Ер – еліңде, гүл – жеріңде.
5-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Сізге басқа қаладан қонақ келді. Сағат 16.00-де қайту керек, екі сағат ішінде досыңызды қаламен таныстырып үлгеруіңіз қажет. Уақытты үнемдеу үшін қаланың қай жағынан бастап таныстырғаныңыз дұрыс.
9-сабақ
Грамматикалық тақырып: Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
Лексикалық тақырып: Адамның сыртқы келбеті, мінез-құлқы.
Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
кесте №22
I. Мағынасына қарай
|
Түрлері
|
Мысалдар |
1. Сапалық
|
Ақ, қара, жеңіл, үлкен |
|
2. Қатыстық
|
Тұзды, арманды, ақшалы |
|
II. Тұлғасына қарай
|
1. Негізгі
|
Жақсы, әдемі, кең, суық |
2. Туынды
|
Қысқы, таулы, сынық, өткір |
|
III. Құрамына қарай |
1. Дара
|
Кіші, тар, нәзік, мол |
2. Күрделі
|
Ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман
|
Сын есімдердің жасалуы
кесте 23
Жұрнақтар |
Мысалдар |
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті 2. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік 3. –сыз, -сіз 4. –қы, -кі, -ғы, -гі 5. –шыл, -шіл 6. –дай, -дей, -тай, -тей 7. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес 8. –шаң, -шең 9. –и 10. –қой 11. –қор 12. –паз 13. –дар, -тар 14. –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш 15. –қыр, -кір, -ғыр, -гір 16. –шақ, -шек |
атақты, пайдалы, тасты қалалық, жылдық, қоғамдық пайдасыз, білімсіз, ақылсыз жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі турашыл, ұйқышыл, көпшіл таудай, тақтайдай, үйдей пікірлес, қызметтес, көршілес көйлекшең, сөзшең, ашушаң әдеби, мәдени, тарихи, әскери сәнқой, әзілқой, кәсіпқой жемқор, жалақор, ызақор өнерпаз, білімпаз, жағымпаз қарыздар, білімдар, хабардар сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоңғыш тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр мақтаншақ, еріншек |