Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі. (орыс топтарында).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

М.Д.Жороқпаева, Ж.Ж.Қасенова, С.Б.Құлыспаева, Ж.С.Құсайынова, А.Ш.Жылқыбаева, Б.А.Жорғатаева

Қазақ тілі

(Оқу құралы)

Семей

2009

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

М.Д.Жороқпаева, Ж.Ж.Қасенова, С.Б.Құлыспаева, Ж.С.Құсайынова, А.Ш.Жылқыбаева, Б.А.Жорғатаева

Қазақ тілі

(Оқу құралы)

Семей

2009

УДК 811.512.122

ББК 81.5 каз.

К17

Рецензенттер:

Б.Т.Ақжалов – Семей мемлекеттік медициналық академиясының

2 филология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Қ.Қ.Мұқанова – Семей мемлекеттік педагогикалық

институтының мемлекеттік тіл және шет тілдері

кафедрасының доцент міндетін атқарушысы, п.ғ.к.

К17 М.Д.Жороқпаева, Ж.Ж.Қасенова, С.Б.Құлыспаева, Ж.С.Құсайынова, А.Ш.Жылқыбаева, Б.А.Жорғатаева Қазақ тілі. Семей – 2009ж. 86 б.

Бұл оқу құралы орыс топтарында қазақ тілін меңгертуге арналған. Қазақ тілінде еркін тілдік қарым-қатынасқа түсе білуге білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға үйретеді.

ББК 81.5 каз.

Семей мемлекеттік медициналық университетінің Орталық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.

№ 7 хаттама 26. 02. 2009ж.

©М.Д.Жороқпаева,

Ж.Ж.Қасенова,

С.Б.Құлыспаева,

Ж.С.Құсайынова,

А.Ш.Жылқыбаева,

Б.А.Жорғатаева, 2009ж

Кіріспе

Бұл оқу құралы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дайындаған Типтік Бағдарламасы негізінде әзіркенді.

Ұсынылып отырған оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған.

Оқу құралының негізгі мақсаты-орыс тілді студенттердің қазақша сөйлеуін одан әрі дамыту, жазу дағдысын қалыптастыру, лексикасын байыту, қазақ тілінің грамматикасын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуін жетілдіру болып табылады.

Оқу-құралының материалы төмендегідей жүйемен берілді:

- грамматикалық тақырып бойынша оқу ақпаратының ықшам көлемі

грамматикалық және фонетикалық минимум айқындалды;

- лексикалық тақырыптың негізгі сөздігі дайындалды;

- лексикалық мәтіннің негізінде, мәтіндей сөздер мен сөз тіркестерінің

семантикасын, синонимдік, антонимдік қарым-қатынастарын тереңірек

түсіндіретін тапсырмалар мен жаттығулар көрсетілді;

- тақырып пен негізгі мәтін бойынша сұхбаттар да берілген;

- сөздік қорларын байыту, елтанымдық ой өрісін жетілдіру мақсатына сай,

қазақ халқының тарихы, әдебиеті, сай-дәстүрі, мәдениеті қамтылған

мәтіндер берілген.

Бұл оқу-құралындағы лексикалық материалдарды дайындаған кезде тәрбиелік мәні бар мәтіндер мен жаттығу жұмыстарына көп көңіл бөлінді.

1-сабақ

Грамматикалық жағы: Дыбыстық құрам.Үндестік заңы

Лексикалық жағы : Тіл мәртебесі.Тіл туралы Заң

Қазақ Әліпбиі 42 әріптен тұрады: 15 әріп дауыстыларды / 9 жалаң дауысты, 2 дифтонг (2 қосынды дауысты дыбыстар) «и», «у», орыс тілінен енген «э, ё, ю, я» дыбыстары /, 25 әріп дауыссыз дыбысты, жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерін таңбалайды. Қазақ тіліне тән дыбыстар - 9.

Дауысты дыбыстардың топтасуы

кесте №1

I

Тілдің қатысына қарай

Жуан

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке

ә, ө, ү, і, е, и

II

Еріннің қатысына қарай

Еріндіқ

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

а, ә, ы, і, е, и

III

Жақтың қатысына қарай

Ашық

а, ә, о, ө, е

Қысаң

ұ, ү, ы, і, и, у

Дауыссыз дыбыстардың топтасуы

кесте №2

1. Қатан

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, ц, ч

2. Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

3. Үнді

1. Мұрын жолды

м, н, ң

2. Ауыз жолды

л, р, й, у

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы екі түрлі болады: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

кесте №3

Түбірдің соңғы буыны

Мысалдар

Егер түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады

қағаз + ды, бала +лар, қалам +дар

Егер түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады

терезе + ге, еңбек+тің , тіл+дер

Түбірдің соңғы буынының жуан, жіңішкесіне қарамай, өз қалпын сақтап тіркесетін

қосымшалар:

- хана

-гер, - кер

- қор

- изм

- ист

- ов, -ев, -ин

-мен, -пен, -бен

-дікі, -нікі, -тікі

-паз

-дар

ем+хана, дәрi+хана

сауда+ гер, жұмыс+кер

жем+қор

попул+изм

коммун+ист

Әуез+ов,Өсерба+ев, Байғар+ин

ата+мен, оқулық+пен, қағаз+бен

бала+нікі, қар+дікі, оқулық+тікі

өнер+паз

білім+дар

Х әрпінен жалғанатын

қосымша әр уақытта жуан

болады.

тарих+қа

цех+та

Дыбыс үндестігінің екі түр бар.

1. Ілгерінді ықпал.

2.Кейінгі ықпал.

Ілгерінді ықпал

Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп өзіне ұқсауын ілгерінді ықпал дейміз.

кесте №4

Түбірдің соңғы буыны

Мысалдар

Сөз қатаң дауыссызға немесе (б, в, г, д)-ның біріне бітсе, қосымша қатаңнан аяқталады.

дос+қа, терек+тер, педагог+ке, штаб+тан, Досанов+қа

Сөз дауыстыға немесе үнді мен ұяңның(б, в, г, д басқа)біріне бітсе, қосымша не үнді, не ұяңнан басталып жалғанады.

бала+лық, аспан+да,

жылқы+ны, көл+ге, қол+ды,

қаз+дар,ауыл+ға

Сөз ш дыбысына аяқталып, қосымша с дыбысынан басталса, с дыбысы ш дыбысына айналады. Бірақ ол жазуда ескерілмейді.

ш+с..= ...ш+ш...

қаш+са=қаш+ша, іш+сін =

іш+шін

Алдыңғы сөз қатаңға аяқталып, кейінгі сөз ұяң б дыбысынан басталса, ол қатаң п дыбысына айналады. Бірақ ол жазуда ескерілмейді.

а) Біріккен сөздер аралығында:

ә) Сөз тіркесі сыңарлары

аралығында:

қатаң+б...=

қатаң+ п...

Айт+бай=Айт+пай

Жүсіп+бек= Жүсіп+пек

көп бала= көп пала

әкеп бер әкеп пер

Сөздер аралығында алдыңғы сыңары дауысты, ұяң не үндіге аяқталып, кейінгі сыңары қатаң к, қ дыбыстарынан басталса, ұяңға айналып кетеді.

дауысты+ к,қ

дауысты +ғ,г

ұяң+к,қ= ұяң+ғ,г

үнді+к,қ

үнді+ғ,г

Қара+көз=Қара+гөз, Талды+қорған=Талды+ғорған

Кейінгі ықпал.

Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсер етіп өзіне ұқсауын кейінгі ықпал дейміз.

кесте №5

Сөз қатаң к, қ, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарына басталса, сөз соңындағы қ – ғ, к – г, п – б айналады

к – г

жүрек + і=жүрегі

білезік + ім =білізігім

көк аспан = көг аспан

қ – ғ

қуыршақ + ым =қуыршағым

қасық + ы = қасығы

ақ ешкі =ағ ешкі

п – б

мектеп + ім = мектебім

доп + ы = добы

Сөз қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсімшенің –ып. іп, жұрнағы жалғанғанда, қатаң п үнді у дыбысына айналады

Тап + ып=тауып

Жап + ып=жуып

Кеп + іп=кеуіп

Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз б, м, п дыбыстарына басталғанда н қос ерін м дыбысына айналады

н + б=м + б

сен + беді=сембеді

он бес= ом бес

н + п= м + п

Жан + пейіс=Жам + пейіс

Он парақ =ом парақ

н + м=м +м

келген + мін=келгем + мін

Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарына басталғанда, н дыбысыны ң дыбысына

айналады

н + қ= ң + қ

сән + қой =сәң + қой

Барман + құл =Бармаң + құл

ң + г= ң + г

сен + гем =сең + гем

Сәрсен + гүл =Сәрсең + гүл

н + ғ=ң + ғ

тон + ға=тоң + ға

Сөз ұяң з дыбысына бітіп, қосыаша не кейінгі сөз қатаң с дыбысынан басталғанда, ұяң з қатаң с дыбысына айналады

з + с=с + с

жас

жаз + са =жас + са

көз

көз + сіз=көс + сіз

күз сайын=күс сайын

Жаңа сабақ жаттығулары:

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Берілген сөйлемдер бойынша сұрақ құрастырып, көршіңізбен танысыңыз. Асты сызылған сөздерді дауысты, дауыссыз

дыбыстардың топтасуына қарай талдаңыз.

1. Менің аты-жөнім ... Мен ... жастамын.

2. Менің отбасымда ... адам бар.

3. Шешемнің аты ... Ол ... жаста. ...болып қызмет етеді.

4. Әкемнің аты ... Ол мамандығы бойынша ... болып жұмыс

істейді. Ол ... жаста.

5. Менің (інім, сіңілім, ағам, бауырым, апайым)аты ... Ол ...

жаста. Ол ... (мектепте, институтта, университетте) оқиды.

6. Мектепті ... бітірдім.

7. Академияға ... факультетіне оқуға түстім.

8. Мен жақсы достар таптым. Олар...

9. Оқуымды бітіріп, білікті маман болғым келеді.

10.Мен отбасымды ардақтаймын, құрметтеймін.

2-жаттығу. Төл дыбыстарды көршіңізбен айтып жаттығыңыз. (қайталаңыз, тыңдаңыз). Кестедегі 4-ші бағанға мысалдарды толықтырыңыз.

кесте №6

Дыбыс

Дыбыстың сөздегі орны

Дыбыстың артикуляциясы

Мысалдары

Ә

Сөздің алғашқы буынында

Тіл ұшы ілгері (алға) созылып,

ұшы астыңғы

тіске тиеді

Сөз басы

Ал-әл

Ай-әй

...

Сөз ортасы

Таң-тән

Бас-бәс

...

Сөз соңында

Иә, мә, жә-жә

...

І

Сөздің барлық буынында қолданылады

Тіл ілгері

созылып, ұшы

астыңғы тіске

жақындайды.

Сөз басы

Ыс-іс, із, ін

...

Сөз ортасы

Боз-біз

Бар-біл

...

Сөз соңында

Тыс-тіс, тіл, тізе, тік

Ілім, іні, ірі.

...

Ү

Сөздің басында, ортасында

Тіл ұшы ілгері

жылжиды да,

тілдің үсті

шамалы төмендеп, ойысады. Дыбыс жіңішке шығады.

Сөз басы

Үн-ұн, ұш, үш

...

Сөз ортасы

Құн-күн, түн, түс

...

Ұ

Сөздің басында, ортасында

Тіл артқа кейін тартылып, тілдің үсті көтеріледі де, дыбыс жуан

шығады.

Сөз басы

Ақ-ұқ/-қан/, ар-ұр/-у/

...

Сөз ортасы

Бал-бұл, бұр-бүр, құс

...

Сөз соңында

-

Һ

Сөз ортасында, сөз соңында

Ауа көмейден

кедергісіз шығады.

Сөз басы

-

Сөз ортасы

Гауһар, қаһар

...

Сөз соңында

Айдаһар, аһ, уһ.

...

Ө

Сөздің басында, ортасында

Ерін дөңгеленіп, тіл алға жылжып, иек сәл

көтеріледі.

Сөз басы

От-өт, ор-өр

...

Сөз ортасы

Қол-көл, қозы-көзі

...

Сөз соңында

-

Ң

Сөз ортасында, сөз соңында

Тіл ортасы

таңдайға тиеді,

мұрын жолы

арқылы жасалады.

Сөз басында

-

Сөз ортасында

Таңертең, саңырауқұлақ, сұңқар.

...

Сөз соңында

Тон-тоң, он-оң, сан, сең

...

3-жаттығу. Кестеде көрсетілген ережеге алты-алтыдан мысал жазыңыз, есте сақтаңыз.

кесте №7

Дауыстыдан кейін және р, й, у

-лар/ -лер

л, м, н, ң, з, ж дыбыстарынан кейін

-дар/-дер

Қатаң дыбыстардан кейін

-тар/-тер

4 -жаттығу. Берілген пікірлесімді мұқият оқып, үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшаны көрсетіңіз, әңгімені ары қарай жалғастырыңыз.

Үлгі:«Танысу»

- Ассалаумағалейкум , аға!

- Уағалейкум ассалам!

- Аға, мен сізді өзімнің досыммен таныстырайын деп едім. Бұл бала ауылдағы Ахметовтардың кенжетайы. Тіл қоғамында тілмаш болып жұмыс істейді. Өзі білімдар, өнерпаз жігіт.

- Жақсы, айналайын, атың кім ?

- Есімім – Қонысбек.

- Е, балам, мен сенің ағаңмен құрбыласпын ғой.

- Ал енді Әміржан, құрбыңмен дастархан басына келіңдер, дәм татыңдар. Қонысбектен тіл қоғамында болып жатқан жаңалықтарды біле отырайық. Өзі тіл қоғамының жаңа ғимараты қай жерде орналасқан еді ?

5-жаттығу. Берілген сөздердің қайсысына -ы, -і жалғауларын немесе тұйық етістіктің –у жұрнағын қосып жазуға болады, соңғы дыбыстардың өзгеріске ұшырауын түсіндіріңіз, сөйлем құраңыз.

Бастық, жәшік, жап, қап, балық, мамандық, қызық жауап, кәсіп, соқ, тап, жидек, салық, нарық, бақ, шақ, жақ, нәзік, сабақ, тарақ, қорап, жіп, білезік, кітап, лақ, аяқ, тамақ., теп, асық, тақ, шық, кеп, , ақ, кешік, қақ, сеп.

Тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң

Тіл мәртебесін әрбір адамның өз ана тіліне деген құрметтен басталады. Адам баласы қаншама көп тіл білсе де, ол үшін ана тілі біреу ғана.

«Ана тілі» ұғымы, не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әртүрлі ( « туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі») атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш-тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» деп аталып кеткен.

Осы ана тілінің уызымен ауызданған, оның тұңғиығымен шомып, байлығымен кенелген, көркемдік қасиеттерін сезініп, бейнелілігін таныған адам ғана ана тілінің, оның Тіл Заңдылығын дұрыс бағалай алады. Яғни ана тілінің мәртебесін марқайтып, Тіл Заңдылығына деген құрметті нығайта алады.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте Жоғарғы Кеңестің II шақырылған 14 сессиясында қабылданды. Жалпы ережелері YI тараудан, 27 баптан тұрады. I-ші тараудың 4-бабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» .

Тіл Заңы Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекет тілді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын орындаңыз, асты сызылған сөздермен дауысты, дауыссыз дыбыстардың топтасуына қарай талдау жұмысын жүргізіңіз.

2-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып пікірлесім құрыңыз.

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңіз, ілгерінді, кейінгі ықпалды сөздің астын сызыңыз.

Сүйемін

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен «құлыным, жаным», деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

Ана деген сүйгендік сөз хәм менен.

Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,

Сол тілменен ойнадым далада еркін.

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан,

Өмірден ең далада ұққан көркім.

Сол тілменен білгіздім тілегімді.

Бірінші сүйген жарға жүрегімді,

Маған қарай тығылып, «жаным» деген.

Мойнына апарғанда білегімді.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілменен әдетті мен жаттадым.

Ең, бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйемін, жек көремін, ұнатамын.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз, мағынасын

түсіндіріңіз.

*Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай ... ...

*Тіл тас жарады, тас жармаса ... ...

*Шешен сөз бастар, батыр ... ...

*Тіл- қылыштан ...

*Сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ, жол анасы-. ...

*Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға ...

5-тапсырма. Ұлы ғұламалардың дана сөздеріне өз пікір

көзқарасыңыз.

«Тәрбие басты- тіл»

Махмұт Қашқари.

« Тіл өнері-дертпен тең»

Абай Құнанбаев.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»

Бауыржан Момышұлы.

«Білімсіздіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» Г.Гегель

«Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етемін»

Расул Гамзатов.

Үй тапсырмасы: Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тіл Заңының әр тарауына қатысты баптарды конспектілеп жазып, оқыңыз. С.Торайғыровтың «Сүйемін»өлеңін жаттаңыз.

2-сабақ

Грамматикалық жағы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Омоним, синоним, антоним.

Лексикалық жағы : Танысу. Отбасы. кесте №8

Жаңа сабақ жаттығулары

1-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді оқып, омонимдерді тауып, мағыналарын анықтаңыз.

1. Оспан атқа жем беріп жүр. Ол мылтықты жақсы атады. 2. Жылқыда өт болмайды. Мұз үстінен байқап өт. 3. Демалыс күні біздер арық қаздық. Қаздың еті тығыз келеді. 4. Шаш адам көркі. Тауыққа жем шаш. 5. Есікті ақырын аш. Біздер кешеден ашпыз. 6.Б ас ауырады. Аяғыңды жылдам бас. 7. Үстелдің үсті дәмге толы екен. Негізгі дәм сезімі төрт түрлі болады. 8. Көп ұзамай жаз да жетті. Сен ертең Оспанға хат жаз. 9. Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп. Әкесі бір ай демалыста болып, жақында ғана келді. 10. Жастық пен көрпені төсек үстіне жинады. Жастық шақта білім алғанға не жетсін.

2-жаттығу. Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын анықтап, қазақ тіліне аударыңыз.

Плохой, мелкий, умный, открыть, прилететь, густой лес, узкий колидор, маленький дом, тяжелый камень, старость, близкий, злой, шум, большой, белый, высокий, умный.

3-жаттығу. Төмендегі синонимдерді мағына жақындығына қарай топтап жазыңыз.

Үлгі: әдемі, сұлу, ...

Сүйкімді, алыс, туыс, тартымды, қашық, туысқан, жырақ, жұғымды, ағайын, үлкен, ауру, қасында, зор, маңында, дерт, дәу, жанында, дымқос, ажар, ас, өңі, ауқат, түсі, тамақ, түрі, нән.

4-жаттығу. Төменде берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз, сөз мағыналарына қарай жіктеңіз.

Все мы кому-то родственник-сын или дочь, брат или сестра, муж или жена, отец или мать... Ни один настоящий казах или казашка не может представить свою жизнь без обшения с родственниками. Трудно вообще найти другой такой народ, где родственным узам придавалась бы такое громадное значение.

«Отбасы» -семья, для казаха понятие святое. Рождаясь и воспитываясь в семье, ребенок впитывает все, что присуще этому дому. Повзрослев человек создает семью и передает полученное им воспитание своим детям. Именно поэтому воспитанию детей в казахских семьях уделялось большое значение.

Особые взаимоотношения внутри членов семьи были выработаны вековыми традициями народа. Эти традиции позволили казахскому народу пережить века и сохраниться как единому национальному образованию.

5-жаттығу. Берілген нақыл сөздерге жазбаша түсінік беріңіз, асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын беріңіз.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

Махмұт Қашқари.

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл анадан үйренбей сапар шекпес.

Қорқыт ата.

Әкелі бала жау жүрек.

Бұхар жырау.

Сүйер ұлың болса, сен сүй,

Сүйсінерге жарар ол.

Абай Құнанбаев.

Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең.

Дулат Бабатайұлы.