
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Нарық механизiмiнiң негiзгi элементтерi: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етушi факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың әрекеттестiгi. Нарық тепе-теңдiгi.
Икемдiлiк ұғымы. Икемдiлiк коэффициентi. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемдiлiгi. Ұсыныстың баға бойынша икемдiлiгi.
Тұтынушылардың мінез-құлқы. Тұтынушының пайдалықты максималдауы туралы кардиналистiк және ординалистiк талдаулар (трактовкалар).
5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
Сұраныс белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде сатып алушылар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар мен қызметтің санын байқатады.
Сұранысқа әсер етуші факторлар:
Қызмет және тауар бағасы;
Тұтынушының ұнатуы;
Тұтынушының табысы;
Үй шаруашылығында табысты бөлу;
Алмастырушы тауар бағасы;
Нақты қызмет және тауарды жалпы сатып алушылар саны.
Инфляцияны күту.
Сұраныс заңы: сұранысқа әсер ететің барлық басқа факторлар тұрақты болған кезінде, тауар бағасы төмендеген сайын, тауар саны өседі. Сұраныс заңың графикте сұраныс қисығы арқылы көрсетуге болады (5.1 сурет).
5.1 сурет – Сұраныс қисығы
P – тауар бағасы, D – сұраныс қисығы, Q – сұраныстағы тауар саны.
Сұраныс қисығының бойындағы қозғалыстар сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол тауар бағасының өзгеруіне сәйкес сатып алынған тауар санының өзгеруін көрсетеді. Бағалық емес фактордың өзгеруі сұраныс мінезінің өзгеруіне әкеледі. Бұл жағдайда әрбір мүмкін болатын баға бойынша сұраныстың бағалық емес факторының өзгеруіне байланысты тұтынушылар көп немесе аз тауар сатып алады. Сұраныс қисығы оңға жылжыса – сұраныс өседі, ал керісінше, солға жылжыса – сұраныс төмендейді.
5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
Ұсыныс белгілі бір кезеңдегі нақты бір баға бойынша рынокта сатуға жіберілген өнім немесе тауар саның көрсетеді.
Тауар ұсынысына әсер етуші факторлар:
Тауар бағасы;
Өндіріс технологиясы. Егер жаңа технология пайдаланған болса, онда шығын азайып, өнім көлемі өседі. Ол ұсыныс көлемін ұлғайтады;
Экономикалық ресурстардың бағасы. Ресурс бағасының төмендеуі тауар ұсынысын көбейтеді.
Салықтар және субсидиялар. Салықтың өсуі ұсынысты төмендетеді, ал субсидия өндірістің кеңеюіне әкеледі.
Сатышулар саны.
Ұсыныс заңы тауар бағасы мен нарықтағы ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Баға мен ұсынылып отырған өнім арасында тура байланыс бар: баға өскенде, ұсыныс көлемі де өседі, немесе керісінше. Ұсыныс заңың графикте ұсыныс қисығы білдіреді (5.2 сурет).
5.2 сурет – Ұсыныс қисығы
Мұнда S – ұсыныс қисығы.
Ұсыныс қисығының өзгеруі ұсыныс заңын көрсетеді.
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен қозғалыстарды бейнелейді. Бағалық емес фактордың өзгеруі ұсыныс мінезінің өзгеруіне әкеледі.
Ұсыныс қисығы оңға жылжыса – ұсыныс өседі, ал керісінше, солға жылжыса – ұсыныс төмендейді.