Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс

Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру. «Қоғамдық өндiрiс түрлері» ұғымының сипаттамасы. Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы. Тауарлы шаруашылық: маңызды шарттары және пайда болу себептерi. Еңбек құн теориясы. Тауардың қасиеттерi, тауар айырбасы туралы. Құн заңы. Құн және баға. Субъективтi құндылық және игіліктің шектi пайдалылығы теориясы.

Ақшаның пайда болуың мәнi мен қызметтері. Ақшаның айналым заңы. Осы күнгi ақшаның түрлерi. Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы. Нарықтың мәні. Постсоциалисттік елдерде нарықтық қатынастардың қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктері.

4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары

Қазіргі экономикалық теория өндірісті ұйымдастырудың негізгі үш түрін көрсетеді, олар:

натуралдық өндіріс, тауарлы өндіріс, жоспарлы өндіріс.

Натуралды өндіріс тарихи ең алғаш пайда болды. Бұл жерде материалдық игіліктер өндірушінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі, және еңбек өнімдері ішкі шаруашылықта тұтынуға арналған.

Натуралды өндірістің ерекшеліктері:

1) жұмыс күшінің мобильділігінің жоқтығы;

2) локальді бірлік ішіндегі экономикалық процестердің шектеулігі;

3) өндіріс мақсатының шектеулігі – жеке қажетіліктерді қанағаттандыру.

Тауарлы өндірісті келесі қасиеттер сипаттайды: 1 – өнім жеке бір бірінен бөлінген өндірушілермен өндіріледі; 2 – олар анықталған бір өнім өндіруге бағытталады; 3 – қоғамдық қажеттіліктер рынокта сатып алу-сату арқылы

қанағаттанады.

Жоспарлы өндірісте директивті жоспарлау негізінде қоғамдық шаруашылық ұйымдастырылады.

Тауарлық қатынастардың пайда болуынын әлеуметік экономикалық негіздері:

1. қоғамдық еңбек бөлінісі және тауар өндірушілердің мамандануы;

2. олардың бір-бірінен экономикалық онашалануы;

3. тұтынушылар мен өндірушулер арасындағы байланыс рынок арқылы болуы;

4. тауарларды сату –сатып алу.

Тауарлы өндірістің екі түрі кездеседі: қарапайым және капиталистік.

Қарапайым және капиталистік өндірістің арасында ұқсастықтар бар:

1) қоғамдық еңбек бөлінісі;

2) өндіріс құралдарына жеке меншік;

3) өнімді рынокта сатуға арнайы шығару.

Қарапайым жене капиталистік тауар өндірісінің ерекшеліктері:

1. қарапайым тауар өндірісі тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделеді, ал капиталистік - жалдамалы еңбекке негізделген;

2. қарапайым тауар өндірісінде еңбек өнімі рынокта сатылғанға дейін тауар өндірушіге жатады, ал капиталистік тауар өндірісінде еңбек өнімі тауар өндіруші жұмысшыға емес, капиталистке жатады.

Тауар - сатып алу-сату жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі.

4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы

К. Маркстің еңбек құн теориясына сәйкес тауарлардың 2 қасиеті бар:

құны және тұтыну құны.

Заттың пайдалылығы, оның адамның кез–келген қажеттілігін қанағаттандыра алуы, заттың тұтыну құнын құрастырады. Тауар құны оны өндіруге кеткен қоғамдық еңбекпен анықталады.

Еңбек құн теориясына сәйкес тауарлардың қоғамдық құны еңбек көлемімен және оған жұмсалған жұмыс уақытымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақытты - өнім өндіруге кеткет орташа қарқындылығы мен жасау білудің орташа деңгейі бар өндірістің әдетті жағдайында жұмсалатын уақыт. Құн заңы бойынша тауарды өндіру мен айырбастауы қоғамдық қажетті еңбек шығыны негізінде жүзеге асады. Құн заңы келесі қызметтерді атқарады:

1. қоғамдық еңбекті реттеу және есептеу;

2. уақытты үнемдеуді қолдау;

3. тауар өндірушінің диференсациясы.

Шекті пайдалылық теориясын алғаш ұсынған неміс экономисі Госсен. Бірақ өзінің дамуын бұл теория Австрия мектептерінде жалғастырды.

Заттың шекті пайдалылығы - бұл әр бір тұтынушы субьективті қоятын, қорда бар атаулы заттың соңғы біреуінің шекті, яғни ең төмен пайдалығы. Тауар неғұрлым көп болса, сонша оның тұтынушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Тауар көлемі азайған сайын оның пайдалылығы және құндылылығы өседі. Бұл Госсен заңы.

Өндірістік игіліктердің бағасы жеке қажеттілікті қанағаттандыруға пайдаланған соңғы өнімнің шекті пайдалылығымен реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]