Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны

Меншiктiң экономикалық және кұқықтық мазмұны. «Иемдену- меншiктен айыру» қатынастары. Меншiк объектiлерi мен субъектiлерi. Меншiк нысандары. Меншiк нысандарының көптүрлi болуының объективтiк қажеттiгi. Қазақстан Республикасында меншiк қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру: кезеңдерi, формалары, әдiстерi, проблемалары.

3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар, немесе меншік бойынша қатынастар, өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:

  1. Меншік қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті;

  2. Меншікті қоғам қабаттарының орналасу байланысты анықтайды;

  3. Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық;

  4. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі;

  5. Меншік тарихи даму нәтижесі болып табылады.

Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны - өндіріс қатынастары жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрінеді. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару және басқа құқығы.

Меншік құқықтары:

  1. Ие болу құқығы, яғни игіліктерге тікелей физикалық бақылау құқығы;

  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің үшін пайдалану құқығы;

  3. Басқару құқығы, яғни игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз етуін шешу құқығы;

  4. табысқа құқық, яғни игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы;

  5. тәуелсіздік құқығы, яғни иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және игілікті құрту құқығы;

  6. қаупсіздік құқығы, яғни игіліктен күштеп айырудан қорғау және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы;

  7. игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

  8. игілікке мерзімсіз ие болу құқығы;

  9. сыртқы ортаға зиян келтірітін әдістерді пайдалануға тыйым салу;

  10. төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни қарызды төлеу үшін игілікті пайдалану;

  11. қалдық сипаттағы құқық, яғни өкілдік құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің өмір сүрудің құқығы.

Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.

Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориялар ретінде болатын иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілік қатынастар арқылы көрінеді.

3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы

Меншік нысаны бұл меншік субъектісі бойынша сипатталатын критерий

Меншік нысандарының келесі түрлері бар: А) жалпы халықтық;

В) мемлекеттік;

С) ұжымдық;

Д) үлесті біріккен;

Е) индивидуалды және т.б.

Бұл меншік формаларының барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншікте меншік иесі мемлекет болады. Мемлекеттік меншіктің түрлері: мемлекеттік және муниципалды

Жеке меншік бұл басқаға тәуелсіз болу, иемдену тетіктерін жүзеге асыратын, меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған, экономикалық тұлға ерекшеленген меншік қатынасы

Жеке меншік түрлері: - жеке қызметкердің меншігі;

  • жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты капиталистік жеке меншік;

  • жеке меншіктің ұжымдық нысаны.

3.3. ҚР-да меншік формаларын қайта құру

Қазақстанның социалистік кезеңінде мемлекеттік меншік тиімді болған жоқ. Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекетсіздендіру жолдарымен жүзеге асты.

Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару қызметтерін толығымен шаруашылық субъектісіне берілуі. Ол келесі бағыттарда болды:

  1. өндірісті жоспарлау;

  2. бағаны тіркелеу;

  3. кәсіпорындарды басқару.

Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып немесе тегін алу

Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:

  • жеке жобалар бойынша ірі және уникалды мүліктік кешендерді жекешелендіру;

  • орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

  • кіші жекешелендіру, шағын сауда кәсіпорындарын, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыс және сервис көрсету орталықтарын аукцион, конкурстар арқылы сату.

Жекешелендіру әдістері:

  1. Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы;

  2. Кәсіпорындарды аукциондарда сату;

  3. Конкурс, немесе тендер, бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды сатып алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]