Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі

Өндіріс – қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Ол материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.

Материалдық өндіріс құрамында:

  1. материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған салалар мен кәсіпорындар (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

  2. материалдық қызмет көрсетуге бағытталған салалар мен кәсіпорындар (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);

Материалдық емес өндіріс құрамында:

  1. материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);

  2. материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);

Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: 1 бөлім өндіріс құралдарын жасайтын салалар мен кәсіпорындардан тұрады, ал 2 бөлім тұтыну заттарын өндіретін салалар мен кәсіпорындардан тұрады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесі қоғамдық өнім.

Өндіріс нәтижесі мен оған кеткен шығындардың ара қатынасы оның даму тиімділігін көрсетеді. Өндіріс тиімділігі мен ресурс түрін пайдалануда жеке көрсеткіштер пайдаланылады:

  • еңбек өнімділігі - өнім көлемінің еңбек шығынына ара қатынасы.

  • өнімнің еңбек сиымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш.

  • материал қайтарымы - өнімнің еңбек шығынына ара қатынасы.

  • материал сиымдылығы – материал қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге кеткен материал шығынының деңгейін көрсетеді.

  • қор қайтарымы – негізгі өндіріс қорларын пайдалану деңгейін көрсетеді және өнімді қор соммасына бөлумен анықталады.

  • өнімнің қор сиымдылығы – қор қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге қор шығынының деңгейін көрсетеді.

2.4.Ұдайы өндіріс

Ұдайы өндіріс - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы. Өндіріс фазалары: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс фазасы өндіріс құралдары мен еңбек құралдарының бірігуін көрсетеді.

Бөлу фазасы сала бойынша өндіріс факторларының және өнімнің бөлінуін көрсетеді.

Айырбас – өндірушілердің өз еңбек өнімдерін айырбастауы.

Тұтыну - жасалған игіліктерді адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану.

Ұдайы өндірістің түрлері: қарапайым және ұлғаймалы.

Қарапайым ұдайы өндіріс – өзгермейтін масштабта жылдан жылға өндірістің қалпында қалуы, ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өндірістің жыл сайын өсуі.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері бар. Экстенсивті типі өндірістегі еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуіне негізделген. Интенсивті типі жетілген өндіріс факторлары есебімен жүреді.

2.5. Экономикалық жүйелер

Жүйелік әдіс күрделі ұйымдасқан объектілерді зерттеу әдістерінің жиынтығы. Мұндай әдіс ұлттық экономиканың жеке жүйелерін және ірі блоктарын, олардың қызметін, олардың арасындағы тура және кері байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе - бұл ұйымдасқан бір тұтастықты құратын өзара байланысты элементтер мен бөліктердің жиынтығы, немесе комбинациясы.

Жүйелер қарапайым және қүрделі болып бөлінеді. Күрделі жүйе – өзара әсер етуші элементтерден, түрлі жүйелердің бірігуінен құралған көп деңгейлі құрылым. Егер күрделі жүйені басқаруы бір орталықтан болса, онда ол - орталықтанған деп аталады. Ал егер басқару бірнеше жерде орналасқан болса, онда ол – деорталықтанған деп аталады.

Сыртқы ортаның әсеріне байланысты жүйелер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық жүйе сыртқы ортамен интенсивті айырбас жасайды. Жабық жүйеде ондай айырбастар шектеулі.

Күрделі жүйелерді ерекше белгілері:

  1. Өзара байланысты және өзара әсерленуші элементтердің көптігі;

  2. Жүйемен орындалатын және мақсатқа жетуге бағытталған қызметтің күрделілігі.

  3. Жүйені жеке жүйе астылық блоктарға бөлу мүмкіндіг;.

  4. Басқарудың, ақпараттын қарқынды ағымдырының және көп тараған ақпарат тарауы болуы;

  5. Сыртқы ортамен әрекеттесу және кездейсоқ фактор әрекеті бар жағдайда қызмет істеу.

Экономикалық жүйе – қоғамдағы ұйымдастырылған формасы мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде іске асатын, экономикалық процесстердің жиынтығы. Экономикалық жүйені саяси қондырманың астында тұратын қоғамның нақты базисін құрайтын экономикалық қатынастар жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйені үлкен үш блок құрайды:

  1. Өндіргіш күштер (өндіріс құрал жабдықтары және еңбек күші);

  2. Өндірістік қатынастар (материалдық игіліктер мен қызметті өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынастар);

  3. Қондырма (саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы).

Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.

Ашық экономика – ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.

Жабық экономика – ол сыртқы әлеммен экономикалық байланыс төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.

Экономикалық жүйенің негізгі шешетін сұрақтары: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?

Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтардың жауабына байланысты. Экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:

  • Дәстүрлі жүйе (технологиясы ескі: көбінесе кол еңбегі, көп укладты экономика, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, артта қалған мемлекеттерде кең тараған);

  • Командалық экономикалық жүйе (өндіріс, бөлу, тұтыну сұрақтарында мемлекеттің шешім қабылдауы);

  • Нарықтық экономика (шаруашылық сұрақтарын әрбір экономикалық агент өзі шешетін жүйе. Ол еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік және жеке меншікке негізделген);

  • Аралас экономика (негізгі экономикалық проблемаларды шешуіне мемлекет те, жеке сектор да қатысаты).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]