
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
15.3. Экономикалық өсудің модельдері
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің бірнеше үлгілері кездеседі. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.
Экономикалық өсудің неокенсиандық үлгісі «инвестициялар» және «мультипликатор» санаттарында негізделеді. Экономикалық өсу бастапқы салынған инвестицияның мультипликациялық эффектің нәтижесі болып табылады. Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді бірінші кезекте сұраныс факторлатымен байланыстырады және қысқа мерзімді кезенде оны мемлекеттің фискалдық және ақша-несиелік саясатының көмегімен реттей алуға болатынын болжайды. Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал салымдары. Сонымен бірге, капитал салымдары пайданың өсуімен анықталады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік функциялар» санатында негізделеді. Экономикалық өсуге барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал) тек микро-деңгейде емес, сондай-ақ макро-деңгейде де ең дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады. Өндірістік функция аппаратының негізінде келесі қорытынды жасалады:
- капитал мен еңбек өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес келетін негізінде сыйға ие болады;
- өндірістік функциялар бір фактордың бірлігін басқа фактордың нақты көлеміне технологиялық айырбастау қоғамға қаншаға тұсетінін нақты бағалауға мүмкіндік береді;
- өндірісте және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми-техникалық прогресстің сапалық факторының үлесің анықтау міндеті шешіледі.
В.Леонтьев ұдайы өндірістің барлық фазаларының (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) құрылымдық өзара байланыстары негізінде құрылған жалпы рынок тепе-теңдігінің макроэкономикалық моделің ұсынды. Оның моделі «шығын-шығару» деп аталады және шахмат кестесі түрінде құрылған. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтық сұраныстын көрсетушілер ретінде (шығындар) – бұл баланс бағаны. Екіншіден, өздері ұсынған қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтық ұсыныстың көрсетушілері ретінде (шығару) – бұл баланс жолдары. Осы кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.
«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға сәйкес шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектілігі адамзаттың жақын арада оларды тауысуына әкеледі. Осыған жол бермеу үшін «нөлдік өсуге», яғни тек материалдық игіліктерің ғана емес, сондай-ақ тұрғындарды да қарапайым қайта өндірісіне өткізу қажет.
«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы алдынғы екі онжылдық ішінде болған экономикалық динамиканың негізгі тенденцияларының ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарындағы өзгерістерімен байланысты. Бұл кезде «ескі» өнеркәсіптік елдері соғыстан кейінгі ұзақ созылған тездеткен экономикалық өсу кезенінің апогеясына жетті. Ұлттық деңгейде де, әлемдік масштабта да тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру процесстері треңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардабы болып қоршаған ортаның деградациясы шықты. Рим клубының өкілдері (1968 жылы құрылған және өз қатарына ғалымдарды, қоғамқайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Оңтайлы деп келесі стратегиялармен көрсетілетің әлемнің тұрақталған моделі есептеледі:
- тұрғындардың саны өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция до оның өтеліміне теңдестіріліп қарастырылады;
- техникалық прогресстің стратегиялық жиынтығы өзіне келесіні қосады: ресурстарды екінші рет қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану, негізгі капиталдың қызмет мерзімін ұзарту және эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпына келтіру әдістерін пайдалану;
- материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.
«Тұрақты экономикалық даму» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987 жылы қоршаған орта және даму бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде аталған. Тұрақты даму бүгінгі күннің талаптарына жауап беретің, бірақ келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «XXI ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыты белгіленген.
Тұрақты даму келесі критерийлерге бағытталуы тиісті:
- экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақтылығына жету, оның қоғам мен мемлекеттің ұзақ мерзімді талаптарыны сәйкес болуы, сандық өсуден дамуға көшу. Даму потенциалды мүмкіндіктерді кеңейту немесе іске асыруды, қарқынды, толықрақ болуды емесе өз жағдайынды жақсартуды, сапалы жақсырақ болуды білдіреді;
- адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін тұрақты болатын адамдардың ал-ауқаттылығы; жеке қаупсыздық кепілдігі, сапалы білім алу мүмкіндігі, сапалы медициналық қызмет көрсету, мәдени даму мүмкіндігі, ақпараттың ашықтығы, барлық салаларда еркіндік деңгейлерінің көптігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортаға антропогендік салмақтың төмендеуі.
Қазақстанда экономикалық өсудің негіздері келесі:
1) экономикалық кеңістіктің көлемі. Қазақстан елдің аумағы бойынша әлемде 9-шы орын алады;
2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір), темір және марганец рудалары, уран және т.б.;
3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;
4) манданған жұмыс күшінің болуы.
Қазақстанда экономикалық өсудің факторлпры:
1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың, түсті және қара металдың халықаралық рыногындағы қолайлы конъюнктурасы;
2) тұрғындардың және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі бар сұранысының өсуі;
3) импорт орнын толтыру саясатын жүргізу және адал емес бәсекелестіктен отандық өндірушілерді қорғау;
4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.