
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
15. Экономикалық өсу
Экономикалық өсу ұғымы, оның өлшемi. Экономикалық өсудiң түрлерi мен факторлары. Экономикалық өсудiң жаңаклассикалық және жаңакейнсшiлдiк үлгілерi. В.Леонтьевтiң «шығын-өнiм» кестесiндегі макропропорцияларды үлгілеу. Экономикалық өсудiң нольдiк (Рим клубы) және «тұрақты экономикалық даму» (Рио-де-Жанейро) тұжырымдамасы.
15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өнім мен өндіргіш факторларының сандық өсуі және сапалық жетілдірілуі. Экономикалық өсу өз мағынасын нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуінен, елдің экономикалық қуаттылығының өсуінен табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің қарқынының көрсеткішімен сипатталады, яғни бұл белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы ұлттық өнімнің пайыздық өсімі болып табылады.
Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:
1) пайдаланбаған ресурстар өндіріске бағытталғанда;
2) өндіріс факторлардың көлемі кобейеді;
3) өндіріс факторларының жақсы технологияларды ашу мен пайдалану немесе қызметкерлерді жақсы оқыту нәтижесінде өнімділігі өседі.
Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі (15.1 сурет).
15.1 сурет - Экономикалық өсу
Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы өзі жылжыйды: СД жағдайынан С'Д' жағдайына (15.2 сурет).
15.2 сурет - Экономикалық өсу
Осыдан экономикалық өсуді екі түрі бөледі: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі өндірістің бұрынғы техникалық негізде өндіріс факторлардың сандық өсуіне негізделеді.
Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнім көлемінің өсуіне өндіріс факторларының сапасын жетілдіру арқылы жетуге болатының болжайды: жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану және жоғары білімділігі бар жұмыс күшін пайдалану.
15.2. Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
Табиғи ресурстар. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.
Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыс бастылығы, білім беру және жұмыс күшін кәсіптік шеберлікке дайндау сапасы, жұмыс күшін рационалды пайдалану, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.
Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.
Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертапқыштық және инновациялар, оларды өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.
Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.
Экономикалық өсудің факторларың үш топқа болуге болады: ұсыныс факторлары (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капитадың көлемі, технология); сұраныс факторлары (жиынтық шығындардың деңгейі); бөлу факторлары (ресурстарды тиімді пайдалану).
Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
1) өндіріс көлемі мен қоғамбайлығы;
2) елдің әлемдегі беделі;
3) адамдардың материлдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;
4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.
Бірақ, экономикалық өсу тұтастай жағымді үдеріс ретінде бағаланғанымен, сонымен бірге кемістіктен де арылмаған. Жаппай өндірістің дамуы және индустриаландыру келесі проблемаларды тудырады:
- адамдардың өмір сүретін ортасын былғау мен нашарлату;
- толтырлмайтың ресурстардың бітуі (көмірдің, мұнайдың, металл рудалардың және т.б.);
- қалалардың және олардың халқының тым өсуі;
- жұмыс күшінің мамандықтарын қажеттілікке байланысты жиі өзгерту және жұмыс орының жиі өзгеру;
- еңбек қызметінің қарқындауы.
Экономикалық өсудің факторларының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1 кесте).
15.1 кесте – Экономикалық өсу
Фактор |
Фактордың сандық көрсеткіші |
Толық пайдалану мен тиімділікті арттыру тәсілі |
Пайдалану тиімділігінің көрсеткіші |
Табиғат ресурстары (жер, пайдалы қазбалар, су, ауа және т.б.) |
Әрбір нақты түрдің көрсеткіші |
Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өндеу |
Өнімнің материалдық сыйымдылығы |
Еңбек ресурстары |
Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны |
Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру |
Еңбек өнімділігі |
Негізгі капитал (кәсіпорындырдың еңбек құралдары, көлік) |
Баға |
Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру |
Қордың қайтарымдылығы |
ҒТП |
Шығындар |
Ғылыми зерттеу сферасың дамыту, оның нәтижелерің пайдалану |
Өндіріс тиімділігін көтеру |