
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
14.2. Ақша – несие жүйесі
Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне мыналар жатады:
Тауар және қызмет бағасын білдіретің ұлттық ақша бірлігі.
Қолма-қол айналымындағы заңды төлем құралы болып табылатын несиелік және қағаз ақшалар, айналым монеталар жүйесі.
Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни заңды түрде бекітілген айналымға ақша шығару тәртібі.
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік ұйымдар.
Ақша айналымы жүйесінің екі негізгі түрін бөледі:
Металдық ақша айналымының жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс ақшалар. Олар ақшаның барлық қызметтерін орындайды, ал несиелік ақшаларды металдық ақшаға еш шектеусіз айырбастауға болады.
Алтынға айырбасталмайтын несиелік және қағаз ақша айналымының жүйесі (бұл жүйеде алтын өзі айналымнан шығарылған деп есептеледі).
Металдық ақша айналымының жүйесі биметаллизм және монометаллизмге бөлінеді.
Биметаллизмде ақша ретінде екі метал – алтын және күміс қолданылады.
Монометалдық жағдайда ақшаның материалы ретінде тек бір ғана металл – алтын қолданылады.
Монометализмнің үш түрі белгілі. Олар:
Алтын монеталық стандарт, алтын монеталардың айналымымен және шектеусіз қағаз және несиелік ақшаның алтын ақшаға айырбасталуымен сипатталады.
Алтын құймалы стандарт. Ол стандартты алтын қоспаның бағасына сәйкес келетін, ақша сомасын ұсынғанда ғана қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігін қарастырады.
Алтын девиздік стандарт, ол банкноттарды алтынға айырбастауға мүмкіндігі бар шетел валютасына айырбастау рұқсатының болуы.
1929-33 ж. болған әлемдік экономикалық дағдарыс монеталлизмге шек қойды. Айырбасталмайтын несиелік ақша жүйесі құрыла бастады. Оның ерекше белгілері:
Несиелік ақшаның басымдылық жағдайы;
Алтынның демонетаризациясы, яғни оның айналымнан шығуы;
Банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық маңызын жоққа шығару;
Мемлекетті және жеке меншік кәсіпкерлікті несиелендіру мақсатында ақша эмиссиясың көбейту;
Қолма-қолсыз айналымның маңызды кеңеюі;
Ақша айналымының мемлекеттік реттелуі.
Ақша айналымын күшейту немесе тұрақтандыру мақсатында ақша жүйесін жетілдіру ақша реформасы деп аталады.
Ақша реформасының мақсатына байланысты, ол бірнеше түрге бөлінеді:
жаңа ақша жүйесінің қалыптасуы;
ақша жүйесің біршама өзгерту, мысалы, эмиссия ретін, ақша бірлігінің атауын және т.б.;
ақша айналымын тұрақтандыру.
Тұрақтандыру әдістері:
Ақшаны нулефикациялау – құнсызданған қағаз ақшаның жарамсыздығын мемлекеттің хабарлауы.
Деноминация – мемлекеттің ақша бірлігінің іріленуі және көрсеткен қатынастағы ескі ақша бірлігінің жаңа ақша белгісіне айырбасталуы.
Девальвация – шетел валютасына немесе халықаралық ақша бірлігіне қатысты ұлттық валюта бағамының төмендеуі.
Ревальвация – шетел валютасына қарағанда ұлттық валюта бағамының көтерілуі.
Ақша ұсынысы. Ақша массасы – бұл жеке адамдар, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар және мемлекет иелік ететін, әрі халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қолсыз сатып алушылық және төлем құралының жинақтығы. Ақша массасы құрылымында оның белсенді (актив) және пассивті бөлімі ерекшеленеді. Белсенді бөлімі - шаруашылық айналымына нақты қызмет көрсететің ақша құралдары. Пассивті бөліміне есеп айырысу құралы ретінде қызмет ете алатын шоттардағы қалдық ақша, жинақталған ақша жатады.
Ақша ұсынысы - айналымдағы ақша массасы, яғни қазіргі уақыттығы мемлекетте айналымдағы төлем құралының жиынтығы.
Ақша ұсынысын сипаттауға әр түрлі жалпылама көрсеткіштер, немесе ақша агрегаттары, қолданылады:
-
қолма-қол ақша және банктегі «талап
етілгенге дейінгі» шоттардағы ақша;
- бұл
+
коммерциялық банктегі мерзімді
жәнежинақтау шоттардағы ақша, әрі
мамандандырылған қаржы институттарындағы
депозиттер.
-
бұл
+ ірі мерзімді салымдар.
L - бұл + 18 айлық өтеу мерзімі бар құнды қағаздар.
Агрегат шынайы ақша деп аталады. Бұл ақша массасының ең өтімділік бөлімі. Басқа агрегаттарды квази (жалған) ақша немесе жартылай ақша деп атайды.
Банктік мультипликатор, немесе ақша ұсынысының мультипликаторы, банктердің жаңа ақша шығару арқылы ақша массасың қаншалықты үлкейткендігін бағалауға мүмкіндік береді. Оның формуласы:
м = (1 / r) x100,
мұнда r - процент түріндегі міндетті резервтік норма, немесе
м =M / R,
мұнда М - депозиттік өсім, R - резервтік өсім.
Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныс оның екі қызметінен шығады : айналым құралы және жинақтау құралы. Бірінші жағдайда сату-сатып алу мәмілелерін жасау үшін ақшаға сұраныс (транзакациялық сұраныс), ал екінші жағдайда ақшаға түрлі қаржылық активтерді (облигация және акция) алу құралы ретіндегі сұраныс.
Мәмілелер
жасау үшін қажетті ақшаға сұраныс
қоғамның жалпы ақшалай табысымен
анықталады және атаулы ЖҰӨ-ге тура
пропорционал түрде өзгереді. Әр-түрлі
қаржылық активтерді алу үшін ақшаға
сұраныс дивидендтер немесе пайыз
түріндегі табыс алуға ұмтылумен
анықталады, және пайыз ставкасының
деңгейіне кері пропорционал түрде
өзгереді. Бұл тәуелділік ақшаға сұраныс
қисығында көрініс табады (
)
(14.1 сурет).
14.1 сурет - Ақшаға сұраныстың қисығы
Ақшаға жалпы сұраныс қисығы тұрғындар мен фирмалардың әрбір мүмкін болатын пайыздық мөлшерінде акциялар мен облигацияларды сатып алу және мәмілелер жасау үшін алғысы келетін жалпы ақша мөлшерін көрсетеді.
Ақшаға сұраныстың келесі тұжырымдамалары белгілі:
Ақшаға сұраныс және сандық теория.
Сандық теорияның қазіргі трактовкасы ақша айналымының жылдамдығы түсінігіне және табыстың қозғалысында негізделген. Ақша саны мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік кембридждік теңдеумен көрсетіледі:
М=к Р Y,
мұндағы М – ақшаның номиналдық саны;
к – номиналдық табыс пен қалаулыы ақша қалдықтары арасындағы пропорция;
Р – бағаның абсолюттік деңгейі;
Y – нақты табыс.
Егер к мен Y – тұрақты, өзгермейтін шамалар болса, ақшаның номиналды санының өзгеруі бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруіне әкеліп соқтырады деп қорытынды жасауға болады.
Айырбастау теңдеуі, немесе Фишер теңдеуі, келесідей анықталады:
MV = PY,
мұндағы V- ақша айналымының жылдамдығы.
Теңдеудің екі жағын да V-ға бөліп, келесі формуланы аламыз:
M = PY / V
Бұл теңдеу ақшаға сұраныстың мөлшері келесі факторлардан тәуелділігін көрсетеді:
бағаның абсолюттік деңгейінен;
өндірістің нақты көлемінің деңгейінен (оның өсуі нақты табыстын өсуіне әкеледі);
ақшаның айналымының жылдамдығынан.
2. Кейнсиандық модельдегі ақшаға сұраныс.
Ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясы өтемпаздық артықшылығының теориясы деп аталады. Кейнс адамдардың өз байлықтарының жартысын ақша нысанында сақтауға үш себеп бар екендігін атады:
Ақшаны төлем құралы ретінде қолдануы (ақшаны сақтаудың транзациялық мотиві);
Алып-сатарлық мотив - ақшаны сақтау мотиві. Ол қарыз процеті нормасының өсуің күту кезеңдерде активтерді облигация нысанында сақтауға шақыратын капиталдарды жоғалпау үшін ақшаны сақтау мотивің білдіреді;
Болашақта өз ресурстарының бір бөлігін қолма-қол ақша нысанында пайдалануды мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін (сақтық мотиві).
Ақша рыногы – бұл ақшаның «бағасы» мен пайыз ставкасының деңгейін ақшаға сұраныс пен ұсыныс анықтайтын нарық. Әрі бұл ақшаға сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеін институттар желісі.
Егер ақша ұсынысын бақылайтын орталық банк оның номиналды пайыз ставкасының өзерістерімен байланыссыз тұрақты деңгейде ұстауға ұмтылса, ақша ұсынысының қисығы вертикальды түрде болады (14.2 сүрет).
14.2 сурет - Ақша рыногындағы тепе-теңдік
Несие – белгілі бір мерзімге пайыздық төлем түріндегі қайтарым жағдайындағы қарызға берілетін ақша капиталының қозғалысы.
Неисе түрлері:
Коммерциялық несие – шаруашылық субекттерінің өз ара бір біріне қарыз төлемің кейінге қалдыру жолымен тауарлық нысында беріледі.
Банктік несие – несие-қаржылық мекемелердің (банктердің, қорлардың, ассоциациялардың) кез-келген шаруашылық субъектісіне ақшалай несие беруі.
Тұтынушылық несие жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді тұтынушылық тауарлар алғанда нақты мерзімге беріледі.
Ипотекалық несие - қозғалмайтын мүлікті кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімді қарыз түрінде беріледі.
Мемлекеттік несие – мемлекет қарыз алушы, ал тұрғындар мен жеке бизнес – ақша құралдарды қарызға беруші ретінде шығатын несие қатынастар жүйесін бейнелейді.
Халықаралық несие - халықаралық экономикалық қатынастардағы қарыз капиталының қозғалысын бейнелейді. Несие алушы және несие беруші ретінде банктер, жеке фирмалар, мемлекеттер, халықаралық және аймақтық ұйымдар шығады.
Несие жүйесі экономиканың дамуын реттеу мақсатында мемлекетпен белсенді қолданатын валюталық-қаржылық мекемелер кешенін білдіреді. Қазіргі несие жүйесінің негізгі бөліктері:
а) орталық банк;
б) коммерциялық банктер;
в) арнайы несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлар, сақтандыру компаниялар, инвестициялық банктер, несие-жинақтау ассоциациялар және т.б.
Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың бос ақша құралдарын тарту және жинақтау операцияларын жүргізетін, төлемдерге дел-далдық жасайтын, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайтын, қайтарымды, төлемдік және мерзімді шарт арқылы несие беретін несие-қаржылық мекеме. Банктер екі түрлі болады: орталық және коммерциялық.
Орталық банктер басқа банктерге, қаржы-несиелік мекемелерге және үкіметке қызмет көрсетеді. Сонымен бірге олар ақша айналымын және барлық несие жүйесін реттейді және бақылайды, басқа банктердің ақша құралдарын және елдің ресми алтын-валюталық резервтерің өз шоттарында сақтайды, ақша эмиссиясын жасайды. Коммерциялық банктер әр түрлі клиенттермен істес болады – шағын жинақ салымшылардан бастап ірі фирмаларға дейін – және универсалды (көп операциялы) немесе мамандалған, аймақтық немесе салалық болады.
Банк қызметінің түрлері:
1. Салымдарды қабылдау және сақтау.
2. Несиелеу.
3. Есеп айырысуға қызмет ету – бұл кәсіпкерлер, тұрғындар және мемлекет арасындағы тауар жеткізілімі, жалақы, салықтар бойынша төлемдегі делдалдық.
4. Вексельдерді есепке алу (дисконтирование) – банк, есептік пайызды (дисконтты) өз пайдасына ұстап, жабу мерзімі болмаған вексельдерді сатып алады (төлем уақыты келгеннен кейін банк оларды вексель берушілерге төлеуге ұсынады).
5. Ақпараттық-кеңестік қызмет.
6. Сауда-комиссиялық қызметтер – алтынмен сауданы, құнды қағаздармен операцияларды, қарыздарды орналастыруды, лизингпен, факторингпен байланысты қызметтерді, валюта айырбастауды және т.б. қамтиды.
7. Сенімділік операциялар (немесе трастылық) – Сенімхат бойынша біреудің меншігін (жер, құнды қағаздар және т.б.) басқару.
Банктер пассивті және белсенді операцияларды жүргізеді. Пассивті операциялар көмегімен банк ресурстарды жинайды. Белсенді операциялар көмегімен оларды орналастырады.
Банк ресурстары өзінің жеке меншіктік және сырттан алынған қаражаттар арқылы қалыптасады. Жеке меншіктік қаражаттарға – акционерлік және резервтік капитал және таратылмаған пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігі салымдар (депозиттер) түрінде, сондай-ақ, контокоррентті және корреспондентті есеп-шоттары түрінде тартылады.
Депозиттер – жинақтаудан басқа, банк клиенттерінің мерзімдік және мерзімсіз салымдары. Депозиттердің екі түрі болады: талап еткенге дейінгі шоттар және мерзімді шоттар. Талап еткенге дейінгі салымдар – бұл ағымды шоттардағы қаржы. Олар кез келген уақытта талап етіліу мүмкін. Бұл контокореттік шоттарға да қатысты. Контокоррент – бұл клиентпен банктің барлық операциялары есептелетін біртұтас шот. Контокоррент бойынша негізгі операциялар қарыздық. Талап еткенге дейінгі салымдар көбінесе ағымдағы шоттарға арналған. Осы шотты ашып, клиент өзінің төлемдік операцияларын техникалық жүргізуін банкке береді. Депозиттік шоттан клиент тек өзінің жеке салымын ғана ала алады. Контокоренттік шот клиентке банк ұсынатын несиемен пайдалануға мүмкіндік береді.
Мерзімді салымдар ағымды салымдарға қарағанда ұзақ уақытқа жасалады, сондықтан алатын пайыз да жоғары.
Жинақтық салымның мерзімді салымдарға қарағанда анықталған уақыты жоқ. Олардың ерекшклігі – салым туралы куәлік кітапшасы болады.
Мамандандырылған несие-қаржылық мекемелердің қызметтері:
- ивестициялық банктер эмиссиялық-ұйымдастыру қызметімен айналасады, яғни құнды қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын өткізеді;
- жинақтау мекемелері тұрғындардың бос ақшаларын жинап, көбінесе коммерциялық және тұрғын үй құрылысына ақша капиталын салыды;
- сақтандыру компаниялары өмірді, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырумен айналысады, тұрғындардың ақшалай жинағын экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін жинайды;
- зейнеткерлік қорлар экономиканың сақтандыру қорын қалыптастырады, жиналған ақша резервтерің жеке компаниялардын акцияларына және облигацияларына және мемлекеттік құнды қағаздарға салады, сонымен экономика мен мемлекетті қаржыландырады.
Несие операцияларың бірнеше белгілерімен жіктелімдеуге болады.
Несие беру уақытына байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және онкольды қарыздарға бөлінеді. Соңғысы клиент талапымен жабылады.
Қамтамасыздануына қарай қарыздар қамтамасыздалмаған және қамтамасыздалған болып бөлінеді. Соңғысы вексельді, тауарлы, бағалы қағазды болады.
Несие қарыздарды жабу сипатына қарай бір мерзімді өтелетің және бөліп өтелетің болады.
Көлеміне байланысты несие ұсақ, орташа және ірі болып бөлінеді.
Ақша-несие саясаты – акша айналымына әсер ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу мақсатында орталык банкпен қабылданатын өзара байланысты шаралар кешені.
Ақша-несие саясатының кұралдары:
1. Несиелік салымдар өсуін шектеу. Орталык банк коммерциялық банктердің несие салымдарының өсуін шектейді. Оның жолы - белгілі бір уакыт ішінде несиелік операциялардан өтетін ақша сомасының өсуіне пайыздық норманы тіркеу.
2. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Оларды қолдануда орталық банк басқа барлық банктерге негізгі несие беруші болып саналады. Ол несиені банктерге олардың вексельдерің қайта есептеу (дисконттық саясат) бойынша немесе олардың бағалы қағаздарың кепілдікке алу бойынша (ломбардтық саясат) береді. Орталык банк анықтаған осындай несиенің ставкасы ресми есептік ставка (дисконттық немесе ломбардтық) деп аталады. Есептік ставканы өзгерте отырып, орталық банк жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ықпал етеді.
3. Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің несие жүйесіне резервтерді құю немесе қайта алу мақсатындағы ашық рынокта қазыналық бағалы қағаздарды орталық банкпен сату немесе сатып алу.
4. Минималды резервтер саясаты. Минималды резервтер - коммерциялық банктердің орталық банктердегі шотта ұстауға тиісті нақты ақшалай сомасы. Орталык банк міндетті резервтің шамасын көтере отырып, коммерциялық банктердің белсенділігін төмендетеді, немесе төмен түсіре отырып оны ынталандырады.
5. Еркін келісім. Ол белгілі бір ақпаратты алу үшін белгілі бір шеңберге өзінің қызметін еркін қоятын орталық банк пен коммерциялық банк арасындағы келісім.