
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
Инфляцияның төмендеуін жұмыссыздықтың уақытша өсу себебі деп жиі қарастырады. Инфляция мен жұмыссыздықтың бір-біріне бағыныштылығын Филлипс қисығы сиаттайды. Ол осы арақатынасты тапқан экономисттің құрметіне аталған (13.1 сүрет).
Бағаның өсу қарқыны
13.1 сурет - Филлипс қисығы
Мемлекет экономикадағы ақша көлемін азайтқанда, тұрындардың тауар мен қызметтерді сатып алуға шығындары қысқарады. Тұрғндардың шығынды азайтуы тауар мен қызметтердің өткізу көлемін қысқартады. Сатудың төмен көлемі жұмысшыларды жұмыстан шығару қажеттілігін туындатады. Сөйтіп , ақша көлемінің азаюы жаңа жағдайға бағаның жағдайына толық бейімделуіне дейін жұмысыздықтың көбеюіне әкеледі.
14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттігі. ЭМР: мақсаттары, қызметтері, құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.
Экономикалық саясаттың мақсаты мен іске асыру құралдары.
Ақша-несие жүйесi. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі. Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы. Несиенiң мәнi және формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi.
Қаржы жүйесiнiң мәнi мен құрылымы. Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі.
Мемлекеттiк бюджет: ұғымы және құрылымы. Мемлекеттік шығындар және табыстар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы. Салық салудың салмағы: мүмкiншiлiктерi мен шегi.
Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.
Iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарыз. Мемлекеттiк қарыздың елдiң экономикалық дамуына ықпалы.
14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
Қазіргі заманғы нарық экономикасының жағдайында бірнеше қызмет атқаратың мемлекетсіз іс жүргізу мүмкін емес. Әрине рынок қоғамның алдында тұратын мақсаттарды шеше алады. Бірақ бұл жағдай мемлекеттің ролің теріске шығармайды. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі бір де бір кәсіпкер шеше алмайтын проблемалардың пайда болуымен байланысты. Мысалы; қоршаған ортаның ластануы, жаппай жұмыссыздық, инфляция, циклдық толқулар және т.б.
Мемлекеттік реттеудің мақсаттары, барлық мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаттарыны тән, үш деңгейге бөлінеді. Ең жоғарғы мақсат – барлық қоғамның максималды ал-ауқаттылыққа жетуі. Екінші деңгей – негізгі мақсаттар тобы: қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп. Үшінші деңгей – қолданбалы мақсаттар: экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, бағаның тұрақты деңгейі және ұлттық валютаның тұрақтылығы, сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Мемлекеттің экономикадағы ролі оның қызметтерінде нақтыланады. Бұл қызметтер айтарлықтай көпжақты, оның ішінде ең маныздысы мыналар:
1. Экономиканың құқықтық негіздерін дайындау және бекіту, яғни мемлекет парламент пен үкіметтік құрылымдар негізінде кәсіпорындар мен тұрғындар үшін рыноктағы «ойын ережесін» анықтайды.
2. Макроэкономикалық дамудың басымдылығын анықтау, яғни мемлекет бүгінгі күні ел үшін не маңызды, ол қанша ресурстарды қажет ететінін, қайтарымы қаншалықты тез болатынын, қабылданған шешімдердің әлеуметтік, экологиялық, микрошаруашылықтық нәтижелері қандай болатынын анықтайды.
3. Әлеуметтік құндылықтарды іске асыру, табыстарды прогресивті салық және трансферттік төлемдер арқылы қайта бөлу.
4. Қоғамдық игіліктерді өндіру, өйткені рынок кейбер жағдайда қабілетсіз болады, мысалы, қорғаныс мақсатындағы тауарларды өндіруд, құқық қорғау органдарды, жол құрылысын және т.б. дамыту.
5. Сыртқы эффектілердің орнын толтыру. Сыртқы эффект (экстерналий) – бұл игілікті өндіру мен тұтынумен байланысты, бірақ осы рыноктық мәмлеге қатысы жоқ адамдарға түсетін пайда мен шығындар.
6. Трасакциондық шығындарды минимизациялау. Трансакциондық шығындар өндіріспен емес, оған ілеспелі шығындармен байланысты (баға туралы ақпараттарды іздеу, әріптестерді таңдау бойынша, шартқа отыру бойынша, меншік құқығын қорғау бойынша және т.б.)
7. Экономикалық қызметті реттеу: экономикалық өсуді ынталандыру қызметі және тұрақтандыру қызметі.
Батыстың «Экономикс» оқулығында осы қызметтердің барлығы үш жаһандық қызметтерге түйіндестірілген – тиімділік (мемлекет өндірістің тиімді қызмет істеуні жағдай жасауы тиісті); әділдік (салық арқылы табыстарды қайта бөлу, қарт, еңбекке жарамсыз адамдарды және т.б. қолдау, еңбек рыногын реттеу, жұмыссыздарды материалдық қамтамасыз ету, жалақының минималды деңгейің анықтау); тұрақтылық (тұрақтылықты қолдау, экономикалық конъюнктураның тербелістерің жұмсарту).
Мемлекеттік реттеудің құралдары:
1. Құқықтық реттеушілер.
2. Әкішілік реттеушілер.
3. Экономикалық реттеушілер (тікелей және жанама).
4. Институционалдық реттеушілер.
Институционализмның көрінісі келесіде:
- мемлекеттік биліктің атқарушы құрылымының қалыптасуы;
- мемлекеттік меншік объектілерің құру және сақтау;
- экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжауды әзірлеу;
- экономика бойынша зерттеу орталықтарын, экономика ақпаратты институттарын, сауда-өнеркәсіптік палаталарды, ртүрлі экономикалық кенес пен одақтарды қолдау;
- кеңесшілер, консультанттар, экономика проблемалары бойынша сарашлылар кеңесі институттарының қызметін қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлік және кәсіптік одақтарды құқықтық және ақпараттық қолдау;
- экономикалық интеграцияға қатысу, экономикалық сұрақтар бойынша халықаралық кездесулерді ұйымдарстыру.
Мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей әдістерге жататындары: әкімшілік-құқықтық реттеу (экономиканың құқықтық негіздерің құру, монополияға қарсы саясат), қоғам өмірінің маңызды сфераларын басқару (қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, белім беру, деңсаулық сақтау, ұлттық музейлер, парктер, жолдар және т.б.), мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік инвестициялар және мемлекеттік тапсырыстар. Жанама әдістерге жататындары: қаржы саясаты, ақша-несие саясаты, инвестициялық саясат, әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат.
Экономиканы мемлекеттік реттеу модельдері ретінде келесіні келтіруге болады:
1. Экономикалық тиімді мемлекет (америкалық тәжірибе). Американдық мемлекеттің тиімділігі ұлттық экономиканың қаупсіздігін қамтамасыз етуден көрінеді. Мемлекеттің экономикалық ролі ұлттық экономика қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларын қамтамасыз етуге қатысу деңгейінде байқалады. Сонымен бірге, шаруашылық заңы шеңберінде кәсіпкерліктің кез келген түрінің тиімді қызмет етуі үшін мүмкіндік сақталған жағдайда ғана мемлекет экономикалық тиімді деп саналады. Мемлекет «ойын ережесінің» кепілі болып кіреді, рынок пен бәсекелестіктің кепілдемесі болады және бұл жағынан ол рыноктық қағида тәртібіне кіреді.
2. Француздық индикативтік жоспарлау. Францияда индикативті жоспарлар макрореттеудің құралы ретінде өзінің тиімділігің дәлелдеді. Индикативтік жоспарлау жүйесі халық шаруашылығындағы мемлекеттік меншіктің жоғары үлесіне сүйенеді. Жоспарлау «төменнен» бекітіледі және кеңесу мен келісу принциптарына негізделген, өйткені ол әр түрлі «мүдделер топтарының» өкілдерінің тең құқықтағы қатынасуын қосады: мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді, кәсіподақтарды, тұтынушылар одағын және т.б. Көп салылы итерация нәтижесінде және барлық қатысушылар қолдайтын жоспарға негізделген «жоспарлаудың демократиялық жүйесі» жүзеге асады.
3. Швед моделі ұлттық табыстың елеулі бөлігін материалдық жағдайлары нашар адамдардың пайдасына қайта бөлу арқылы елеулі мүліктік теңсіздікті жұмсартуға бағытталған күшті әлеуметтік саясатпенерекшеленеді. Мемлекеттің ролі меншіктің шағын үлесіне ие бола отыры, ЖҰӨ-нің елеулі бөлігін әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсаумен анықталады. Мұндай модельдің қызмет етуі салық салудың тек жоғары мөлшері жағдайында ғана болуы мүмкін.
Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында экономиканы басқаруда мемлекеттің ролі өте жоғары. Мемлекеттің басымды мақсаттары елдің дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген:
1. Ұлттық қаупсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы;
3. Жоғары деңгейдегі шетел инвестициясы мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;
4. Өмірдің, денсаулықтың, білім берудің, экологиялық ортаның жагдайын жақсарту;
5. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
6. Инфрақұрылымды, әсіресі көлік пен байланысты, дамыту;
7. Кәсіби мемлекет құру.