
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
Дағдарысқа қарсы немесе циклға қарсы мемлекеттік саясат экономикалық циклды тегістеуге және конъюнктураны жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты реттеу жолымен тұрақтандыруға бағытталған.
Циклды реттеуге байланысты барлық концепциялар екі бағытқа бөлінеді: неокейнсиандық және неоконсевативтік (классикалық мектептің негізінде) (12.1 кестесі).
12.1 кесте - Циклды реттеудің неокейнсиандық және неоконсевативтік бағыттары
Белгілер |
неокейнсиандық |
неоконсевативтік |
Бағытталуы |
Сұранысқа |
Ұсынысқа |
Мақсаттары |
Шаруашылықты толық реттеу (макроэкономика) |
Жеке фирмалардың қызмет істеуіне жағдай жасау (микроэкономика) |
Реттеу басымдылықтары |
Салық-бюджеттік саясат Акша-несие саясаты |
Акша-несие саясаты Салық-бюджеттік саясат |
Мемлекет ролін бағалау |
Мадақтау |
Шектеу |
Тұтастай алғанда осындай айырмашылықтардың болуына қарамастан, циклдық тербелістерді реттеуге бағытталған мемлекет бағыттарына жалпы түсінушілік бар. Дағдарыс фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталуы тиісті. Салық-бюджеттік саясатында – салық ставкасын төмендету, жаңа инвестицияларға салық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Акша-несие саясаты несие экспансиясын жүргізуді қарастырады. Оның мақсаты – қосымша несие арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелердің пайыз ставкасы төмендейді, банктердің несие ресурстары өседі. Бұл капитал салымдарынын өсуіне, іскерлік белсенділіктін күшеюне, жұмыссыздықтын азаюна әкеледі.
Экономикалық конъюнктураның өрлеу кезеңіңде мемлекет, экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және осымен байланысты шаруашылық өмірінде ауыр жағдайларды болдырмау үшін, тізгіндеу саясатын жүргізеді. Бұл саясат салық-бюджеттік және акша-несие саясатына қарама-қарсы шарларды қосады. Салық-бюджеттік саясат салық ставкаларының өсуімен, мемлекеттік шығындардың азаюмен, өтелім саясатының шектелуімен сипатталады. Акша-несие саясатында несие рестрикциясының элементтері басым бола бастайды, яғни «қымбат ақша» саясаты жүргізіледі: несиенің пайыздық ставкасы өседі, банктердің несие ресурстары азаяды.
13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Қазіргі нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың негiзгi түрлерi (формалары). Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейi. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшерiне ықпалы. Оукен заңы. Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың ерекшелiктерi мен себептерi.
Инфляция ұғымның мазмұны және қазіргі кездегі инфляцияның себептерi. Инфляцияның түрлерi. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары. Филлипс қисығы.
13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
Тұрғындар – тарихи қалыптасқан және адам өмірін қайта қалыптастыру үрдісінде жаңғырылып отыратын, әрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың жиынтығы. Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша жарамды, жұмысқа қабілетті жасындағы адамдар жиынтығы. Еңбекке қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады, яғни қоғамдық өндіріске қатысуға дайын немесе оған қатысып жүрген бөлігі. Еңбек ресурстардың құрамында табыс әкелетін қызметтегі экономикалық белсенді тұрғындар, және ақылы жұмыс іздеп жүргендер жұмыссыздар кіреді.
Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында еңбек ететін адам санымен және оларды еңбек ету сфераларға бөлумен сипатталады.
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істеугісі келетін еңбекке қабілетті тұрғындадың жұмыс бастылықсыздығы. Қазақстан Республикасының жұмыс бастылық туралы заңға сәйкес, өздеріне байланысты емес себеп-салдардан еңбек ақы алмайтын, мемлекеттік жұмысбастылық қызметінде есепке алынған, жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істейтін орыны жоқ азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:
Циклдық жұмыссыздық. Дағдарысқа байланысты жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болғанда қалыптасады.
Фрикциондық жұмыссыздық. Жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуымен байланысты (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оқу, балаларға күтім жасау және т.б. байланысты).
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан жұмыс күшінің құрылымының сәйкес келмеуі. Бұл жағдай өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.
Нарық экономикасында толық жұмыс бастылығы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болғанда есептеледі. Бұл жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Циклдық жұмыссыздықта толық жұмыс бастылық бұзылады.
Жұмыссыздықтар көрсеткіштері:
Жұмыссыздық деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы.
Жұмыссыздық ұзақтығы.