Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

12. Аутқымалы экономика

Нарықты экономиканың ауытқымалы түрде дамуы. Циклдық ауытқудың сыртқы және iшкi себептерi. Экономикалық цикл және оның түрлерi: қысқамерзiмдiк, орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк.

Инвестициялардың тұрақсыздығы ортамерзiмдiк ауытқулардың маңызды факторы ретiнде. Ортамерзiмдiк ауытқулардың фазалары. Экономикалық конъюктураның негiзгi көрсеткiштерi және олардың түрлі фазалардағы динамикасы.

Аграрлық дағдарыстар, олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшелектерi. Құрылымдық дағдарыс.

12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі

Нарықтық экономикаға тұрақсыз дамулар мен қайшылықтар тән. Бірақ бұл қайшылықтардың жиынтығы қаншалықты маңызды болуына қарамастан, экономикалық қозғалыстарды не хаосқа, не тұрақты тоқырауға әкелмейді, алайда ол белгілі бір заңдылықтармен өрнектеледі, атап айтқанда, циклдік қозғалыстарда, яғни өндірістің жылдам өсуі баяу өсу кезеңдеріне және өндірістің абсоютті құлдырауына ұласады.

Циклдік тербелістердің себептерін түсіндіретін экстеральді және интеральді теорияларды бөледі. Экстеральді теориялар экономикалық циклды сыртқы факторлармен анықтайды. Ал интеральді теориялар экономикалық циклды экономикалық жүйенің ішкі факторларымен түсіндіреді.

Сыртқы себептерге экономикалық құбылыстардың кезеңді қайталануын тудыратын және экономикалық жүйеден тыс жататын обьективті және субьективті жағдайларды жатқызуға болады. Олар:

  1. соғыстар, революцияллар және саяси дүмпулер;

  2. ірі алтын, уран, мұнай жэне т.б кен орындарының ашылуы;

  3. жаңа териториялардың игерілуі, және осыған байланысты миграциялық көшіп-қонулар, жер шары тұрғындарының сандық көрсеткіштерінің өзгеруі;

4) қоғамдық өндіріс құрылымың өзгертуге мүмкіндік беретін технология, инновация және ойлап тапқыштықтардағы қуатты жаңалықтар.

Экономиналық циклды тудыратын ішкі себептер:

1) негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі;

2) өндірістің және жұмыс бастылығының көлеміне әсер ететін жеке тұтынудың азаюы немесе көбеюі;

3) инвестициялау, яғни өндірісті кенейтуге, модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға құралдарды салу;

4) Өндіріске, сұраныс пен тұтынуға тура немесе жанама әсер ететін мемлекеттің экономикалық саясаты.

12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері

Өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық шамасының төңірегіндегі тербелістері экономикалық тербелістер немесе экономикалық цикл деп аталады. Циклдар сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтін әр түрлі нысанында пайда болатын рыноктық конъюнктурасының құлдырауы мен көтерілуін сипаттайды.

Циклдың негізі сипаттарын оның себептерімен, фазаларымен, созылу уақытымен, қайталануымен, динамикалық параметрлерімен, экономикалық белсенділіктің амплитудалық көрсеткішімен байланыстырады. Циклдың басты қасиеті ұлттық өнім тербелісі ұғымына қатасты.

Тербелістердің қанша түрі болса, сонша циклдар болуы мүмкін. Циклдың: екпіндік, капитал салымдық, инновациялық және т.б түрлері болады. Бірақ өте маңызды экономикалық агрегаттарды да сипаттайтын циклдар бар. Бұл цикл түрлерінің ішіндегі ерекшелері:

  1. ғасырлық – бір немесе бірнеше жүз жылдық үрдістерін сипаттайды;

  2. ұзақ толқынды – бірнеше он жылдыққа созылады (жаңа технологияның шығуымен байланысты Кондратьев толқыны шамамен 50 жыл);

3) қалыпты және орташа – 8-10 жылдық. Оған себебі ақша саласындағы айналыста болатын Жугляр циклдары жатады, және материялдық негізі жаңа капиталды жаңарту болатын өндірістік цикл жатады;

  1. шағын цикл, немесе Китчин циклы – 2-3 жылдық, ол әлемдік алтын қорының өзгерістеріне байланысты;

  1. мерзімдік – жарты жылдық;

6) қысқа мерзімді коньюнктурлық тербелістер (қорлардың, тұрғын-үй құрылысының, пайыздың, сатылудың және т.б.), ол бір–екі күннен айға дейін немесе жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]