Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

11.4. Мультипликатор нәтижесі

Макроэкономиканың қызмет ету туралы Кейнстік түсінігі «мультипликациялық» эффект теориясында орын алды. Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.

Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектке жеткізетіндігінен шығады. Алғашқы эффекттен басқа, екінші, үшінші және т.б. эффектілер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады. Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.

11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»

Классикалық мектеп логикасы бойынша жинақтауға деген үлкен бейімділік ұлттың гүлденуіне алып келеді. Оларға қарағанда Кейнс мектебінің көзқарастарынан айрмашылығы үлкен. Кейнске жүгінсек, дамудың жоғары деңгейіне жеткен елдерде үнемі жинақтауға деген талпыныс инвестиция салуға деген талпыныстан асып түседі. Оның екі жақты себептері болады:

  1. Капиталды жинақтауы өскен сайын, оның қызмет етуінің шекті тиімділігі төмендейді, өйткені тиімділігі жоғары капитал салымдарының альтернативті мүмкіндіктерінің шеңбері қысқарады.

  2. Табыстың өсуіне байланысты жинақтау мөлшері арта түседі.

Осыған байланысты Кейнс автономды және туынды инвестициялар категорияларын қарастырады.

Автономды инвестициялар – ұлттық табыс көлемі мен динамикасынан тәуелсіз капиталдық салымдар. Олар бастапқы «инъекциялар» ретінде жүзеге асырылып және мультипликатор эффектінің әсерінен ұлттық табыстың өсуіне алып келеді.

Іскерлік әрекеттің жандануы, жұмысбастылықтың өсуі түрлі кәсіпкерлер топтарының инвестиция жасауларына алып келеді. Бұл инвестициялар туынды деп аталады. Олар ұлттық табыс динамикасынан тәуелді.

Акселератор. Тұтыну заттарына деген сұраныстың өсуі машиналар мен жабдықтарға деген сұраныстың бірнеше мәртеге өсуіне алып келетін жалғаспалы реакцияны туғызады. Бұл заңдылық акселератор эффекті деп сипатталады (акселертор - жылдамдаушы).

Тұтыну заттарын өндірудің қажетті деңгейіне жету үшін экономикада өндіріс жабдықтарын дайындауда алдын ала шығындар жасалады. Тұтыну заттарына сұраныстың әрбір өсуі өндіріс жабдықтарын өндіруді одан аса кеңейтуге алып келеді де, нәтижесінде олардың арнайы бөлігі нарықта артық болып қалады. Акселераторды инвестициялар мен тұтынушылық сұраныстың (дайын өнім) немесе ұлттық табыстың өсуінің арасындағы қатынас ретінде қарастыруға болады:

v =

Бұл жерде v - акселератор, І – инвестициялар, Y – табыс (немесе тұтынушылық cұраныс), t – инвестиция жасалған жыл.

«Ұқыптылық парадоксы». Егер экономика толық емес жұмысбастылық күйінде болса, онда жинақтауға ұмтылыс міндетті түрде нарықта тұтыну бейіділікті төмендетеді. Ал тұтынушылық сұраныстың төмендеуі өз кезегінде тауар өндірушілердің өз өнімдерін сатуға мүмкіндіктерің азайтады. Өндіріс қысқарып, үнемшілдік парадоксы пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]