
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
Кейнс теориясында барлық табыс тұтыну мен жинақтауға таратылыды.
Тұтыну - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерің қанағаттандыруға пайдаланатын анықталған игіліктер мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ақша сомасы.
Тұтынушылық басымдылық әр мемлекетте әр түрлі. Бір отбасы үшін талап ететін дәрежесіне қарай шығындардың жалпы топтарын бөлуге болады. Олар: тамақтану, киім-кешек, тұрғын үй, көлік, медицина, білім алу.
Әр елдің тұтыну басымдылығы бірнеше факторларға байланысты:
1. жанұяның табыс деңгейіне;
2. тұтынылган заттардың тегін немесе тегін емес болуы;
З. нарықтың тауарлармен қамтамасыз етілуі;
4. „мәртебелі тауарларды" ұлттық түсінуі және т.б.
Тұтыну мен табыстың байланыстылығы тұтыну функциясы арқылы көрсетілген. Тұтыну функциясы жеке қолдағы табыстың әрбір деңгейіндегі тұтыну шығындардың ықыластайтын немесе жоспарланатын деңгейін анықтайды.
Тұтынушы функциясы графикалық түрде төменде көрсетілген (11.4 сурет):
Тұтыну
Табыстар
11.4 сурет - Тұтыну функциясының графигі
Тұтыну функциясы бұрышының еңкеюі - бұл тұтынуға деген шекті бейімділік (МРС). Тұтынуға шекті бейімділік – бұл тұтынудың (С) өсу мөлшеріне себеп болатын табыстын (У) өсу үлесі. Тұтыну функциясы былай өрнектеледі:
С = МРС × У
Мысалы, С = 0,75 × У, яғни бұл тұтыну табысты4 75 %-на тең екендігін білдіреді. Бұл жағдайда МРС былай бейнеленеді: егер тұтынушының табысы 1 теңгеге артса, онда олардың тұтынуы 75 тиынға өседі.
Табыстың өсуіне байланысты халықтың жинаған жинақтары да өседі.
Жинақтау - бұл тұтынбайтын, тек қана жиналатын табыстың бөлігі. Ол - табыс пен тұтынудың айырмашылығы. Жинақтау функциясының түрі мынадай:
S = МРС × У,
Бұл жерде S - жинақтау болып таблады. МРS – жинақтауға шекті бейімділік.
Біздің мысалда табыстың 25 %-зы жинақталады, ал жинақтау функциясы мынандай түрде болады:
S = 0,25 × Ү
Тұтыну мен жинаққа мына факторлар әсер етеді:
І. Экономикалық жағдайдың тұрақты болмауы және инфлияцияның болуы. Бұлар тұтынуды арттырьш, жинақтады азайтады;
2. Салық өсуінің негізінде тұтыну мен жинақтаудың қысқаруы мүмкін;
З. Бағаның өсуі тұтыну мен жинақтаудың кысқаруына әкеледі.
4. Әлеуметтік сақтандырудағы бөлектеудің өсуі жинақтың қысқаруына ықпал етеді;
5. Тұтынудың өсуіне ажиотаждық сұраныстың туындауы үлкен әсер етеді;
б. Нарықта ұсыныстардың көбеюі жинақтаудың қысқаруына әкеледі;
7. Табыстардың өсуі тұтыну мен жинақтаудың өсуіне әкеледі.
11.3. Инвестициялар және жинақтау
Жинақтау дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық мұқтаждықтарға жұмсалмаған қолданымдағы табыстың бір бөлігі. Экономистер жинақтауды инвестициялаумен байланысты экономикалық үрдіс ретінде қарастырады. Жинақтау фирмалар мен де, үй шаруашылығы мен де жасайды. Фирмалар өндірісті кеңейту және табысты ұлғайту үшін, инвестиция салу үшін жинақтайды.
Инвестициялар дегеніміз жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдары мен заттарды енгізуге байланысты өндірісті кеңейу және жаңарту мақсатында жасалатын шығындар.
Инвестиция көздері:
Кәспорын құралдары (өзіндік және қарызға алынған).
Мемлекеттік капиталдық салымдар.
Инвестициялар мөлшері мен динамикасы үш факторға байланысты: кәсіпорын табыстары, шығындары және күту факторы.
Көптеген жылдар бойы өтелетін құрлдарды инвестициялау мәселені шешкенде келесі шарттарды есепке алу керек:
Жаңа инвестициялар есебінен алынған жаңа өнімдерге сұраныстың өзгеруі;
Инвестициялар шығындарына әсер ететін пайыздық ставкалар мен салықтар мөлшерлері;
Сұраныс ауытқуларын анықтайтын саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.
Қоғамдағы инфляциялық үрдістер.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің аса маңызды және өзгермелі құрамды бөлігі болып табылады. Құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын құралдар қысқарғанда, осы қысқарудың көптеген бөлігі инвестициялық шығындардың көлемінің түсуімен байланысты болады.
Инвестициялық шығындардың үш түрі анықталады:
Кәсіпорынның негізгі қорларына жасалатын инвестициялар. Ол кәсіпорындардың өзінің өндірістік әрекетінің аясында қолдану мақсатында сатып алынатын ғимараттар, үйлер және жабдықтар.
Тұрғын үй құрлысына жасалатын инвестициялар. Олар ол үйде тұру мақсатында сатып алынатын үй, сонымен қатар үй иелерінің жалға беру мақсатында сатып алатын үйлер шығындарын қамтиды.
Қорға алынатын инвестициялар. Ол дегеніміз фирмалардың сақтауға алынатын тауарлары, шикізат пен материалдары, аяқталмаған өндіріс пен дайын заттарды білдіреді.
Инвестиция мен пайыздың нақты ставкасы арасындағы байланыс келесі суретте көрсетілген (11.5 сурет).
r
I(r)
I
11.5 сурет – Инвестиция мен пайыз ставкасының арасындағы тәуелділік
Мұндағы r – пайыздың нақты ставкасы;
I – инвестициялар.
Негізгі қорларға салынатын инвестициялар пайыз ставкасын төмендеткен кезде өседі, өйткіні пайыз ставкасының төмен мөлшері капитал бірлігіне қатысты шығындарды азайтады, сондықтан капиталды иемденуді көбірек ұтымды етеді.
Жалпы және таза инвестициялар түрі болады. Жалпы инвестиция – арнайы кәсіпорынға салынатын барлық ақша құралдары. Жалпы инвестициядан өтелімді (амортизацияны) алып тастаса – таза инвестиция қалады.