
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң классикалық теориясы. Жеке, жалпы және нақты тепе-теңдiк. Вальрас және Патинкин үлгiсi.
Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшiлдiк талдауы. Тұтыну бейiмдiлiгi мен жинақтау бейiмдiлiгi.
Инвестиция және оның функционалдық ролі.
Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдiк мәселесi. ұлттық табыстың тепе-теңдiк көлемiн анықтау.
Мультипликатор. Дефляциялық және инфляциялық айырма. Туынды инвестициялар және акселератор. Үнемділік парадоксы.
«АD-АS» үлгісiндегi жалпы экономикалық тепе-теңдiк.
11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемасын шешуі әртүрлі тауарларды жасау үшін шектеулі өндіріс ресурстарын қоғамда барлығын қанағатандыратын пайдалану әдісін таңдауды және ресурстарды әртүрлі мүшелері арасында балансыланған бөлуді болжайды.
Теңдестік бұл жерде:
а) өндіріс пен тұтынудың,
б) ресурстар мен олардың қолданылуының,
в) сұраныс пен ұсыныстың,
г) өндірістің факторлары мен олардың нәтижелерінің,
д) материалдық-заттай және қаржылық ресурстардың пропорционалды жиынтықтарын көрсетеді.
Рынок тепе-теңдігінің жекелей, жалпы және нақты түрлерін бөледі.
Жекелей тепе-теңдік бұл жеке тауарлы рыноктағы тепе-теңдік.
Жалпы тепе-теңдік бұл еркін бәсекелестік заңы негізінде барлық нарықтық үрдістер арқылы қалыптасқан біртұтас өзара байланысқан жүйе ретіндегі тепе-теңдік.
Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік бұл нарықтағы жетілмеген бәсекелестік жағдайында және нарыққа сыртқы фактордың ықпалы болғанда қалыптастырылатын тепе-теңдік.
Экономикалық әдебиетте макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы моделіне әртүрлі көзқарас бар. Бұл модельдің классикалық варианты Сэй заңына негізделген келесіні болжайды:
1. Жалақы мен бағалардың абсолютті икемділігін;
2. Жиынтық ұсынысты экономикалық өсудің моторы ретінде бірінші кезекке жылжытуды;
3. Өндірістің басқа факторлары толық пайдалану және жұмыспен толық қамтамасыз ету деңгейіндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты теңдестіретін рынок механизмінің қабілетің;
4. Жиынтық ұсыныс көлемі мен экономиканың потенциалды мүмкіндіктерін сәйкестеуге тұрақты тенденциясын.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің проблемасы математикалық негіздеме көзқарасы тұрғысынан экономистердің назарын аударды. Фундаменталды экономико-математикалық тепе-теңдік модельдердің біреуі XIX-ші ғасырдың аяғында швейцардық экономист Л.Вальраспен ұсынылған. Ол экономикалық жүйеде жеке рыноктардын өзара байланысын көрсететін дәл теңдестіру жүйесін құрастырды. Сөйтіп, бірінші рет еркін бәсекелестік жағдайында барлық шаруашылықта және барлық рыноктарда бір уақыттық тепе-теңдікті жету мүмкіндігі бар екенін математикалық тәсілмен дәлелденді.
Соңғы түрінде Вальрастың теңдестіру жүйесін төмендегідей көрсетуге болады:
m n
Σ pixi =Σ vjy
J=1 i=1
Ұсыныс сұраныс
Формула былай оқылады: ақшалай көрсетілген соңғы өнімдердің жалпы ұсынысы барлық өндіріс факторлардын иелеріне әкелетін табыс сомасы ретінде шығатын соңгы өнімдердің жиынтық сұранысына тең болу қажет. Вальрас заңы келесі түрде тұжырымдалады: артық сұраныс сомасы және артық ұсыныс сомасы барлық қарастырылатын рыноктарда сәйкес келеді.
Вальрастың жалпы тепе-теңдік моделі: рынокта тауарларды сату және сатып алу жөніндегі өзара шартты бекіту процессінде барлық қалаған тауарлар сатылатын және сатып алынатын және артық сұраныс пен артық ұсыныстын болмауы жағдайында салыстырмалы бағалардың жиынтығы қалыптасады.
Американдық экономист Д. Патинкин келесі жағдайға көңілің аударды: классиктер ілімінде тауар айырбасу пропорциясын, яғни олардың салыстырмалы бағасын, анықтайтын құндылықтар теориясы баға деңгейің анықтайтын сандық ақша теориясына сәйкес келмейді. Осы қайшылықты жою үшін, ол нақты кассалық қалдықтарды жеке пайдалылық қызметінің дәлелдемелеріне қосты. Мұндай жағдайда игіліктер мен ақша рыногындағы артық сұраныстың көлемі нақты кассалық қалдықтарға байланысты. Патинкин моделінде баға деңгейінің өсуі игілік рыногында артық сұраныс көлемін азайтады. Баға деңгейінің өсуі нақты кассаны қысқартады, сондықтан ақша рыногында жеке адамның нақты кассаның мөлшерің орнына келтіру көңілімен байланысты артық сұраныс пайда болады. Сөйтіп, Патинкин моделінің Вальрас моделінен ерекшелігі, баға өскен сайын ақша рыногындағы тапшылыққа игілік рыногының артықшылығы сәйкес келеді. Жалпы тепе-теңдіктің Вальрас моделіне нақты кассалық қалдықтарды қосу арқылы Патинкин құндылық теориясын ақша теориясымен біріктірді. Оның моделінде берілген ақша санында барлық игілік рыноктарында және ақша рыногында тепе-теңдікті қамтамасыз ететің номиналды бағалардың жалғыз векторы анықталады. Патинкиннің сіңірген еңбегі келесіде жатады: ол тауарлар рыногын ғана емес, сонымен қатар нақты кассалық қалдықтары бар ақша рыногын қосатын экономика моделің құрастырды. Бұл модель Патинкиннің жалпы тепе-теңдік моделі деген атқа ие болды.
Вальрас пен Патинкин модельдеріне сүйене отырып, экономикалық әдебиетте жалпы тепе-теңдікке келесі анықтама беріледі. Жалпы тепе-теңдік – бұл ресурстарды тиімді бөлгенде сұраныс пен ұсыныс теңдігің қамтамасыз ететің бағалар бойынша бәсекелес кәсіпкерлер алынытын пайданы максималдайтын, және тұтынушылардың пайдалық функциясын максималдайтын бәсекелесті экономиканың тұрақты жағдайы.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің негізгі моделі жиынтық сұраныс (AD) және жиынтық ұсыныс (AS) тепе-теңдігі арқылы беріледі.
Жиынтық сұраныс – бұл тұтынушылар кез келген мүмкін болатын бағамен сатып алуға даяр ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтық сұраныстың моделін графикте көрсететін болсақ, онда ол баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі арасындағы байланысты сипаттайтын кері ылдыйы бар қисық ретінде көрсетілген (11.1 сурет).
11.1 сурет - Жиынтық сұраныстың қисығы
Тұтынылатын (сатып алынатын) ЖҰӨ динамикасына бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныстың көлемінің өзгеруі арқылы бағалық факторлардың қозғалысы анықталады. Ал бұл жоғарыда көрсетілген графиктегі AD қисығының бойымен қозғала отырып өзгереді. Бағалық емес факторлар жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы AD қисығын солға немесе оңға жылжытады. Жеке тауарларға (тұтынушылар табысы, талғамы, алмастырушы тауарлар бағасы) деген сұранысты анықтайтын бағалық емес факторлар агрегатты деңгейде де ықпалын тигізеді.
Жиынтық ұсыныс – әрбір бағаның мүмкін болатын деңгейінде өндірістің нақты, яғни қолдағы бар көлеміне тең экономикалық агрегат.
Жиынтық ұсыныстың үлгісі графикте бағамен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсететін қисық түрінде берілуі мүмкін (11.2 сурет).
11.2 сурет - Жиынтық ұсыныстың қисығы
Мұндағы AS-қа, жеке тауар нарығындағы ұсынысқа әсер ететін факторлар (өндірістік технология, шығындар және т.б.) ықпалын тигізеді.
Бағаның тепе-тең деңгейі мен өндіріс көлемінің тепе-теңдігі жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңдігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік графикте AD мен AS қисықтарының қиылысу нүктесімен суреттеледі (11.3 сурет).
11.3 сурет - Макроэкономикалық тепе-теңдік
Жиынтық сұранысты экономиканың секторларына сәйкес бөлу бойынша мына құрылымы анықталады:
Үй шаруашылықтарының жиынтық сұранысы (немесе тұтыну (С));
Кәсіпкерлердің капиталды құрал-жабдықтарына деген сұранысы (немесе инвестициялар (I));
Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысы (немесе мемлекеттік сатып алу (G));
Шетел азаматтарының отандық тауарларға деген сұранысы мен отандық азаматтардың шетел тауарларына деген сұраныстың арасындағы айырмашылығы (немесе таза экспорт (Х));
Басқаша айтқанда, AD = соңғы өнімге деген сұраныстың жалпы сомасы = C + I + G + X = ЖҰӨ.
Жиынтық ұсыныс деп кәсіпкерлік және мемлекеттік секторларының сатуға дайындаған соңғы тауар мен қызметтерінің жалпы сомасының ақшалай түрдегі көлемің түсінеміз. Олай болса, жиынтық ұсыныс ЖҰӨ-ге тең болады (AS = ЖҰӨ), немесе, есептеген кездегі байқалмайтын айырмашылықтарды ескермегенде, жалпы ұлттық табысқа тең болады.