- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
Экономикалық теория шектеулі ресурстар әлеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Басты категорияларды қарастырайық.
Тұтыну индивидтің даму деңгейінің спецификалық формасындағы қажеттілік сияқты анықталады. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер:
1) Бірінші қажеттілік заттары (тамақ, киім, баспана);
2) Сән-салтанат заттары (асыл заттар, норка тондары, яхта т.б.).
Рухани қажеттіліктеге білім алу, кітап оқу, театр, кино көру және т.б. жатады.
Жеке адам қажеттіліктерінен басқа өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер бар.
Экономикалық әдебиетте (Маслоу) адам қажеттіліктері бес деңгейге бөлінеді:
- физиологиялық қажеттіліктер;
- қаупсіздікке қажеттілік;
- қатынасқа, рухани жақындыққа қажеттілік;
- қоғамдық қадірлеуде қажеттілік;
- өздігінен таратылу қажеттілігі.
Қажеттіліктерге әсер ететін факторлар:
А. Халық, мемлекет, фирмалардың табысы;
Б. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
В. Елдің экономикалық даму деңгейі;
Г. Елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктері және т.б.
Адам қажеттілігінің түрі шексіз. Бірақ лимит бар – ресустарды шығындауды шектейтін деңгей. Ресурс – ол өндірістік игілік пен қызметтерді пайдалануда адам қажеттілігін қанағаттандыратын зат. Ұлттық ресурстар толығымен пайдаланып жатса, өндірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі бар – басқа өнім өндірісің қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасымен жиі кездеседі. Барлығының қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес, әрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы керек. Экономистер мұндай жағдайды альтернативтік шығындар арқылы сипаттайды. Альтернативті шығындар – екі тауарды қарастырғанда, екінші тауардын санын бір мөлшерге көбейкенде бірінші тауардын азаю көлемі. Таңдау және альтернативті шығындар эффектісі өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының әрбір нүктесі өндірістегі экономикалық ресурстарды толық пайдаланғанда екі өнімнің максималды өндіру көлемін көрсетеді.
Мысалы, мемлекет барлық ресурстарды пайдалана отырып, белгілі бір А және В тауарларды шығарады. Мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктер қисығы келесідей түрде болады (1.1 сурет).
1.1 сурет – Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
1.3.Экономикалық теорияның әдістері
Экономикалық теория экономикалық құбылыстарды ғылыми зерттеуде келесі әдістерді пайдаланылады:
а. Талдау және синтез әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бөлу арқылы (талдау), және жалпы (синтез) өзара байланыста және өзара тәуелділікте зерттеу. Осы әдіспен экономикалық теорияны микроэкономикаға және макроэкономикаға бөлуі байланысты. Олар шаруашылық жүйелерді екі әр түрлі деңгейде қарастыруды болжайды. Микроэкономика осы жүйелердің жеке элементтерің қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылықтарының экономикасын және жеке өнімді өндіруін және бағалауын зерттейді. Макроэкономика ұлттық экономиканы зерттейді, яғни синтез әдісіне негізделген;
б. Ғылыми абстаркция әдісі – кез-келген түсінікті, немесе абстракцияны, категорияларды, шығаруға пайдаланады;
в. Тарихи және логикалық әдіс – экономикалық процестерді тарихи кезендерің және оларды логикалық түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау және қортындылауды болжайды;
г. Индукция және дедукция әдісі – жеке фактлардың жалпыға әкелуі (индукция), ал жалпы жағдайдан жеке кортындылар жасау (дедукция);
д. Сандық және сапалық талдау әдісі – экономикалық теорияда статистикалық көрсеткішткерді, математикалық әдістерді, экономика-математикалық модельдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдаланады;
е. Формалды логика – логикалық құрылымы жағынан ой нысандырын (түсініктерді, пікірлерді, ой қорытындыларды, дәлелдемелерді) зерттейді, яғни ойдың нақты мазмұнынан дерексізденіп, осы мазмұнның бөліктер байланысының жалпы тәсілін бөледі;
ж. Матариалистік диалектика – ғылыми проблемаларды шешу құбылыстын шындықта және дамауында болатын ішкі байланыстарды сипаттайтын объективті талдауға негізделген;
з. Экономикалық үлгілер (модельдер) мен тәжірибелер. Экономикалық модель – құрылымы объективті қасиеттерімен және зерттеудің субъективті мақсатты сипатымен анықталатын экономикалық процесстің немесе құбылыстың бейнелеуі. Экономикалық тәжірибе – алдағы тәжірибелік пайдалану және жағымды жағдайда зерттеу мақсатымен экономикалық құбылысты немесе процесті жасанды шығару.
Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті, немесе дискриптивті экономика экономиканың қызмет етуің обьективті немесе ғылыми жағынан түсіндіруге тырысады. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе, тауар бағасы өседі.
Нормативті экономика субъективті негізделген, жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі кәсіпкер стимулының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері кездессе – ол нормативті тәсілге қатысты.
Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:
Танымдық (экономикалық теория қоғам экономикасын зерттеуге
және түсіндіруге, алынған білімді теоретикалық түрде көрсетуге бағытталған);
Методологиялық (экономикалық теория барлық экономикалық
ғылым жүйесіне теоретикалық және методологиялық база ретінде қызмет жасайды);
Білім беру (экономикалық теория адамдардың экономикалық
мәдениетінің құрылуына әсері);
Практикалық (экономикалық теория адамдардың практикалық
мақсаттарына, қоғамның экономикалық даму жолын көрсетуге көмектеседі).
Экономикалық категориялар – кез келген құбылыстын мәнің сипаттайтын ғылыми түсінік. Бұл – экономикалық өмірдің жалпы және манызды жақтарын көрсететің логикалық түсінік. Оларда объективті сипаттамасы болады. Бұл нақты өндіріс және ұйымдастыру-экономикалық қатынастарды білдірумен байланысты. Экономикалық категориялар объективті экономикалық заңдардың мазмұнын құрастыратын тұрақты себепті-салдардлы байланыстарды ашуға қызмет етеді.
Экономикалық заңдар – экономикадағы мәнді, тұрақты, себепті-салдардлы, қайталанатын өзара байланыстар. Бұл қоғамда игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынумен байланысты адамдар арасындағы қатынастардын заңы. Олар тарихи сипатта болада және адамдардың іс-әрекетіне қарай қызмет етеді. Олар объективті, яғни адамдардың ерігіне және санасына байланыссыз туындайды және жүзеге асады. Экономикалық заңдар келесі топтарға бөлінеді:
- жалпы, барлық тарихи дәуірлер үшін сипатты (мысалы, уақытты үнемдеу заңы, тұтынудың өсу заңы және т.б.);
- ерекше, іс-әрекет жасау үшін жағдайлары сақталатын тарихи дәуірге сәйкес (мысалы, құн заңы);
- спецификалық, шаруашылық жүргізудің нақты, тарихи белгілі түрлеріне тән (мысалы, құлдық қезендегі бөлу заңы, социалистік экономиканын жоспарлы даму заңы және т.б.).
