Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұлттық табыс пен соңғы өнімді өндіру, бөлу, қайта бөлу және пайдалануды сипаттайтын өзара байланыстағы көрсеткіштерді білдіреді. Ұлттық шоттың негізін ішкі өнім, ұлттық табыс, инвестициялар, үй шаруашылығының және мемлекеттік мекемелерінің табыстары мен шығыстары, сыртқы экономикалық операциялар жиынтық есептері құрайды. Сонымен қатар, ҰШЖ-не жиынтық көрсеткіштерді ашып беретін немесе өз бетінше мағанасы бар баланстық кестелер кіреді.

Нарықтық экономикаға көшу алдында Қазақстанда, барлық Совет Одағындай, халық шаруашылығының моделі ретінде халық шаруашалығының балансы (ХШБ) пайдаланған (10.1 кестесі).

10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы

ХШБ

ҰШЖ

1. Халық шаруашылығының материалдық және материалдық емес сферасын бөлу.

2. Мемлекеттік меншіктің максималды басым болуы.

3. Әкімшілік-басқару бөлу жүйесі.

4. Экономикалық қызметтін нәтижелерің халықаралық салыстыруға болмайды.

5. «Өнім» түсінігі материалдық өндіріс сферасындағы еңбек нәтижесі ретінде.

6. Мемлекетпен реттелетін бағалар

1. Экономиканың барлық сфераларының теңдігі. Табыс әкелетін кез келген қызметті есепке алады.

2. Меншіктін барлық нысандарын қосу.

3. Еркін рынок қатынастары (қаржы-ақша қатынастары).

4. Халықаралық салыстырудың сәйкестігі.

5. Өнім – кез келген экономикалық қызметтің нәтижесі.

6. Өнім рынокта бағаланады

ҰШЖ-нің одан айырмашылығы – ол материалдық және материалдық емес өндірістің тең құқықтық идеологиясына, тікелей мемлекеттік басқарудың шаруашылық қызметінен бөліну жағдайында дербес шаруашылық субъектілердің нақты экономикалық байланыстарына негізделген. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың өзің реттеу құралы ретінде сұраныс пен ұсыныс механизмі, бәсеке, капиталдың бір саладан басқа салаға табиғи көшуі саналады. ҰШЖ экономикалық айналымның дамыған моделі болып саналады. Өйткені ол бұл айналымның өнім мен қызметті өндіру, табыстың қалыптасу, қайта бөлу және пайдаланудан бастап соңғы қаржы нәтижелерің алғанға дейің жолың көруге мүмкіндік береді.

ҰШЖ-сің дұрыс түсіну үшін нарық шаруашылық субъектілердің (агенттер номенклатурасы) және нарық операциялардың (операциялардың номенклатурасы) классификацисын білу керке.

Шаруашылық агенттердің классификациясы:

1. Қаржылық емес кәсіпорындар, немесе өндірістік фирмалар.

2. Үй шаруашылығы.

3. Мемлекеттік әкімшілік мекемелер.

4. Қаржы мекемелер мен ұйымдар.

5. Шетел (шетелдегі шаруашылық агенттер).

Нарықтық шаруашылықта операциялар деп игіліктерді, қызметтерді, құқықтарды көшіру, құру немесе бұзуын атайды.

Операциялар номенклатурасы үш ірі топқа бөлінеді:

1. Тауарлар мен қызметтермен операциялар (өндіру, инвестициялар, тұтыну, импорт және т.б. бойынша операциялар);

2. Бөлу операциялары (жалақы, дивидендтер, әлеуметтік сақтандыру және т.б.);

3. Қаржы операциялар (ақшаға қатысты активтер мен пассивтердің өзгеруі, құнды қағаздар, валютамен операциялар, несие операциялары және т.б.).

ҰШЖ екі деңгейден тұрады:

1) жыйнақ шоттар (ЖІӨ-нің, ұлттық табыстың өзгеруің, капитал салымдардың қаржылануың, басқа елдермен операцияларды және т.б. көрсетеді);

2) детальдалған шоттар (салааралық қатынастарды, табыс қозғалысың, оны бөлуді және тұтынуды көрсетеді).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]