
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
Қоғамның макроэкономикалық аспектіде жетуге тиісті ұмтылатын басты төрт мақсаты бар:
Өндірістің әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен болатын оқыс тоқтаусыз және өзгеріссіз ұлттық масштабтағы тұрақты өсуі .
Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қалыптасады және өте тез қарқынмен өспейді деп болжанады.
Жұмыс бастылықтың жоғары деңгейі. Мамандық алып және осы мамандық бойынша жұмыс іздеген адамның мақсатына жетуі.
Сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қолдау. Яғни импорт және экспорт арасындағы салыстырмалы тепе-теңдіктің болуы.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді негізгі үш топқа бөлуге болады:
Ұлттық өнім көлемі.
Бағаның жалпы деңгейі.
Жұмыс бастылығы.
Ұлттық өнім көлемінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:
Жалпы ұлттық өнім – ЖҰӨ.
Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ.
Ұлттық табыс (ҰТ).
ЖҰӨ – бұл қай жерде орналасқанына тәуелсіз белгілі бір елдің азаматтарына тиісті өндіріс факторлары арқылы өндірген барлық тауарлары мен қызметтердің жылдық нарықтық құны.
ЖІӨ – бұл иелігіне байланыссыз ұлттық экономика шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторлары арқылы өндірілген жиынтық өнім көлемі.
Номиналды ЖҰӨ - бұл ағымды бағамен көрсетілген тауарлар мен қызмет өндірісінің көлемі. Өндірілген өнім көлемің баға деңгейінен байланыссыз бағалау үшін нақты ЖҰӨ түсінігі пайдаланды. Ол базистық деп аталатын уақыт кезенінде қалыптасатын тұрақты бағалармен есептелетін жасалған тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Нақты ЖҰӨ - бұл өзгермейтін бағалармен көрсетілген тауарлар мен қызметтердің өндіру көлемі.
Сонымен бірге фактылық және потенциалды ЖҰӨ-ді ажыратады. Фактылық ЖҰӨ - бұл анықталған уақыт кезенінде шынында өндірілген өнім көлемі. Потенциалды ЖҰӨ барлық қолдағы өндіріс факторларды максималды пайдаланған кезде өндіруге мүмкін өнім көлемің көрсетеді.
Ұлттық табыс барлық факторлық табыстардың сомасын көрсетеді (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда).
ЖҰӨ (ЖІӨ) – амортизация = ТҰӨ (таза ұлттық өнім) .
ТҰӨ - жанама салықтар = Ұлттық табыс.
Ұлттық табыс - корпорация табысына салық - әлеуметтік сақтандыру аударылымы - бөлінбеген пайда + тұрғындар5а трансферттік төлемдер = Жеке табыс.
Жеке табыс - салықтар және төлемдер = Қолдағы табыс.
ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:
ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі – қоғамда жасалған барлық табыстар сомасы. Ол факторлық табыстар (еңбек ақы, пайыз, рента, пайда), жанама салықтар және амортизация сомасы.
ЖҰӨ-ді шығындар бойынша есептеу әдісі - қоғамның соңғы тұтыну шығындарының сомасы: тұрғындардың жеке тұтыну шығындары (С), тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G), кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары (I) және таза экспорт (X) (таза экспорт = экспорт – импорт), яғни
C + G + I + X.
3. ЖҰӨ-ді өндіріс бойынша есептеу әдісі – ЖҰӨ елдегі барлық кәсіпорындармен өндірілген өнімнің қосымша құндарын қосу арқылы анықталады. Бұл өнім бөліктерінің құның бірнеше рет есептейтің қайталанатың есепті жояды.
Жалпы ұлттық табыс көрсеткішіне қоса таза экономикалық ал-ауқаттылық көрсеткіші пайдаланады. Бірақ бұл көрсеткіш нақты статистикалық көрсеткіш емес және ешбір елде есептелмейді. Ол американдық экономистер У.Нордхаус және Дж. Тобинмен ұсынылған, және елдің ал-ауқаттылығын көбейтуге мүмкіндік беретің барлық жағдайларды көрсетуге бейімделген: білім алу деңгейің арттыру үшін, балаларды тәрбиелеу үшін бос уақытты пайдалану, үй шаруашылық қожасының жеміс консервілеу жұмысы, айналым ортаны ластау, қалалар халқының тығыздығы, заңдық, бірақ салық төлемейтін қызмет, мысалы үй ремонты, қар жинау және т.б.
Бағалардың жалпы деңгейі – бағалардың тауарлар мен қызметтердің кең тобы бойынша орташа деңгейі, ол келесі көрсеткіштер арқылы анықталады:
Ағымдағы жылдағы баға индексі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы бағаның базалық жылдағы бағаға қатынасы.
Инфляция деңгейі – пайызбен көрсетілген ағымдағы жылдағы баға мен өткен жылдағы баға айырмасының өткен жылдағы бағаға қатынасы.
ЖҰӨ дефляторы – номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы. Ол жыл бойы соңғы тауарлар мен қызметтердің баға бойынша өзгерісін көрсететін баға индексі.
Жұмыс бастылықтың көрсеткіштері:
Жұмыс күші (жұмыспен қамтылған халық пен жұмыссыз халықтың қосындысына тең).
Жұмыссыздық мөлшері (пайыз бойынша көрсетілген жалпы жұмыссыздардың еңбек күші санына қатынасына тең).