Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде

Пайда – ол капиталға алынатын табыс. Пайда кәсіпкердің ең негізгі мақсаты және қызметінің негізгі қорытындысы. Пайданың көлемі кәсіпорынның жалпы табысы мен жалпы шығындардың айырмасынан анықталады.

Экономикалық әдебиетте пайдаға әртүрлі анықтама берілген. Марксистік теорияда пайда қосымша құнның айналдырылған түрі ретінде қаралады. И.Шумпетер пайданы антрепренерлердің, яғни жаңалық еңгізетің адамдардың, табысы деп анықтайды. Бірнеше экономистер пайданы монопольді табыс деп анықтайды.

Капитал табыстығының салыстырмалы бағалауына қарай тәжрибеде пайда нормасын есептеудің бірнеше әдісің бөледі:

- пайданың сату көлеміне қатынасы;

- пайданың кәсіпорынның активтеріне қатынасы;

- пайданың акционерлік капиталға қатынасы;

- пайданың көрнекті үдайы өндірілетің капиталға қатынасы.

Пайдаға әсер етуші факторлар:

1. Пайдалану факторлары:

а) жинақтау (өндірістік және ғылыми даму үшін);

б) әлеуметтік қажеттіліктер;

в) шығындарды жабу;

г) капиталды қаржы салымдар;

д) тұтыну (дивиденд, пайыз төлеу, материалдық көмек көрсету және т.б.).

2. Бөлу факторлары:

а) бюджетке және бюджеттік емес қорларға бағытталады;

б) банктік несиені өтеу үшін және салық төлеуге бағытталады;

в) өнеркәсіпте қалады;

г) басқа бөлу факторлары.

3. Өзара әсер етуші факторлар:

а) айналмалы құралдардың айналысы;

б) баға, тарифтер, жиындар;

в) несиенің пайыздық ақысы;

г) салық және салық ставкасы;

д) өзіндік құн;

е) еңбек өнімділігі;

ж) қор қайтарымдылығы;

з) қор қарулануы.

4. Құрылу факторлары:

а) өнім, тауар, жұмыс және қызмет сатудан түсетің түсімдер;

б) материалдық қор және материал емес активтер, басқа активтерді өткізгеннен түсетін төлемдер;

в) негізгі құралдарды өткізгеннен түсім;

г) басқа кәсіпорындарда үлестік қатысудан түсетін табыс;

д) акция, облигация, басқа бағалы қағаздардан табыс және т.б.

10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Ұлттық экономика түсінігі. Табыс пен шығыстың толық айналымының макроэкономикалық үлгісі. Ұлттық экономика дамуының ЖІӨ мен ЖҰӨ және басқа да көрсеткіштері. Ұлттық экономиканың субьектілері.

10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық

Ұлттық шаруашылық – бұл әр түрлі экономикалық байланыстармен біртұтас бүтінділікке біріккен барлық салалар мен мемлекет аймақтарының жиынтығы. Осындай халық шаруашылық кешеннің құрылуына ұлттық нарықтың маңызы зор. Ол серіктестер арасындағы шаруашылық міндеттемелерді бекітіп, кәсіпорындар, салалар және аймақтар арасындағы горизанталь қатынастарды дамытады.

Ұлттық байлық – бұл мемелекеттегі еңбек күшімен жасалған және жинақталған материалдық игіліктердің бірігуі. Оның ішінде:

а) өндірістік (ғимараттар, машиналар мен құрал жабдықтар) және өндірістік емес (тұрғын үй, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары мен құрал-жабдықтары) негізгі қорлар;

б) материалдық айналмалы құралдар;

в) азаматтардың жеке мүліктері қамтылған.

Макроэкономикалық жағынан қарағанда ұлттық экономиканың құрылысы келесі нақты құрастырылған қатынастар жүйесімен сипатталады:

- елдегі өндіріс ресурстары арасындағы;

- қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделу арқылы бөлінген экономикалық агенттер арасындағы ресурстардың бөлінуі;

- осы агенттердің өндіріс көлемі арасындағы;

- өнімнің өндірі, бөлу, айырбастау және тұтыну процессінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрылымдық бөлемдері арасындағы.

Экономикалық құрылысының қалыптасуына көптүрлі факторлар әсерін тигізеді:

- қаыптасқан рынок конъюнктурасы;

- рынок монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;

- ұлттық экономиканың дүние жүзілік байланыстар жүйесіне қатысу дәрежесі;

- өндіргіш күштердің даму деңгейі;

- ҒТП-тің масштабы, сипаты және даму темпы,

- өндіріс ресурстардың сапасы;

-территорияның көлемі және инфрақұрылымдық қамтамасыздығы.

Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар пропорциялар деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар келесідей бөлінеді:

1) жалпы пропорциялар, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымының есебінсіз қалыптасатын агрегаттар арасындағы пропорциялар (ЖҰӨ-мен ұлттық табыс арасында, тұтыну мен жинақтау арасында, инвестициялық және тұтыну сұранысы арасында және т.б.);

2) қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар.

Екінші топтың құрамында мыналар бөлінеді:

- салааралық пропорциялар, яғни өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және өндіріс пен қаржы ресурстарының салалық бөлуінің құрылысың сипаттайтын ұлттық өндірістің әртүрлі салалары арасындағы пропорциялар;

- ішкі салалық пропорциялар, яғни сала ішіндегі өндірістер арасындағы сандық қатынастар (мысалы, мақта мен жүн, мұнай мен мұнай өнімдері өндірісі),

- аймақтар арасындағы пропорциялар, яғни елдегі өндірілген және пайдаланған ұлттық табыстың құрамындағы жеке аймақтардың салыстырмалы салмағың, мемлекеттік инвестицияларды ел территориясына бөлу құрылысың және басқаларды сипаттатын пропорциялар;

- мемлекеттер арасындағы пропорциялар, яғни экспорт пен импорт арасындағы, әртүрлі елдердің жеке өндіріс салалары арасындағы, әртүрлі елдердің еңбек өнімділігі деңгейі және т.б. арасындағы сандық қатынастар.

Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың ауспалы айналымының моделі келесі схема арқылы көрсетілген (10.1 сурет):

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]