
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
Кәсіпорын шығындарын жіктеу. Масштаб әсері. Трансакциялық шығындар.
Фирманың жалпы, орташа және шектiк (қосымша) табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және қалыпты пайда.
Бағаның шектiк шығындарды және шектiк табысты салыстыру. Жетілген бәсекелi нарықтағы фирманың орны.
8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
Өндіріс шығындары – тауар өндіруге кеткен шығындар. Олар айқын айқын емес болады. Айқын (сыртқы) шығындар – басқа жақтан алынған ресурстар үшін ақшалай төлем (жалдамалы жұмысшылардың жалақысы, шикізат жеткізілімдеріне, материалдарға және көліктік, қаржылық, заңдық және басқа да қызметтерге төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептеледі, сондықтан оларды бухгалтерлік шығындар дем атайды.
Айқын емес (ішкі) шығындар – бұл фирманың өзінің меншікті (ішкі) ресурстарын пайдалануға байланысты шығындар. Айқын шығындардан бұл шығындардың ерекшклігі – олар төленбейді және бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.Олар тұйық сипатта болады және өндірісте пайдаланатын фирманың меншікті ресурстарының жүктелген шығыны ретінде көрінеді. Бұл шығындардың көлемі оларды ең пайдалы баламалы (альтернативті) пайдалануындағы ресурстардың алып келе алатын табысымен анықталады.
Айқын (бухгалтерлік) және айқын емес (жүктелетін) өндіріс шығындарын экономикалық шығындар деп атайды.
Шығындар өндірілген тауарлық өнім көлемінен тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар (FC) – шығарылатын өнім көлеміне байланыссыз шығындар, нольдік өндіріс көлемінде де болады. Бұл – өндіріс құралдарының құны, алдағы кезектегі кәсіпорын міндеттері, салық, амортизациялық аударымдар, күзет төлемдері, жалгерлік төлем, басқару персоналдың жалақысы және т.б.
Тұрақты шығындар графигі (8.1 сурет):
С
FC
Q
8.1 сурет – Тұрақты шығындар
мұндағы С – шығындар, Q – тауар көлемі, FC – тұрақты шығындар.
Ауыспалы шығындар (VC) – өндірілетін өнім көлеміне байланысты, яғни шикізатқа кететін шығындардан, материалдар мен жұмысшылардың жалақысына кететін шығындардан жинақталады. Ауыспалы шығындар графигі (8.2 сурет):
8.2 сурет – Ауыспалы шығындар
Тұрақты және ауыспалы шығындар жиынтығы кәсіпорынның жалпы шығындарын құрады: TC = FC + VC. Жалпы шығындардың графигі келесі (8.3 сурет):
8.3 сурет – Жалпы шығындар
Өндірістің орташа шығындары (AC) жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді:
AC = TC / Q
Орташа шығындардың графигі (8.4 сурет):
8.4 сурет – Орташа шығындар
Орташа тұрақты шығындар тұрақты шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады:
AFC = FC / Q
Орташа ауыспалы шығындар ауыспалы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады:
AFC = VC / Q
Ең жоғары пайда табу үшін қажетті өнім көлемін анықтап алу керек. Экономикалық талдау құралы ретінде шекті шығындар түсінігі пайдаланады.
Шекті шығын жалпы шығындардың өзгеруінің өнім көлемінің өзгеруі қатынасына тең және ол өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
MC =
TC
/
Q
Ұзақ мерзімде өндіріс масштабы әсерінде ресурстарды үнемдеу заңы қалыптасады. Алғашқы кезеңде өндіріс көлемі өскен сайын еңбек өнімділігі де өседі және орташа өндіріс шығындары азаяды. Бұл жағдай масштабтан үнемдеу деп аталады. Бірақ өндіріс өте үлкейсе, оны басқаруы қиындайды да орташа жалпы шығындар өсіп бастайды.
Өндіріс масштабының өсуіне байланысты үнем алуға келесі факторлар көмектеседі:
- еңбектің мамандануы;
- басқару персонадың мамандануы;
- капиталды тиімді пайдалану;
- жанама өнімдерді өндіру.
Бір мерзім уақыттын кейін кәсіпорынның өсіп жатқан көлемі орташа жалпы шығындарды көбейтді. Өндіріс масштабының кері эффекті өте ірі кәсіпорынды басқару қиындықтармен байланысты.
Нарықтық ортадағы кәсіпорынның қызметі рынок туралы қажетті ақпарат жинауды, істік конъюнктураны зерттеуді, бәсекелестердің тауарларын, баға саясатын, ресурс көздерін, олардың жабдықтаушыларын, стандарттарды, сауда маркаларын, меншік құқықтарын және т.б. зерттеуді балжайды. Бұнын бәрі шығындарды талап етеді. Осы ақпаратты іздеуге және зерттеуге кететің шығындар трансакциондық тшығындар деп аталады.