
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
Кәсiпорын капиталының айналымы және толық айналымы. Негiзгi және айналмалы капитал. Негiзгi капиталдың табиғи және моралдық тозуы. Амортизация.
Инвестиция өндiрiс қорларын қаржыландыру көзi ретiнде. Инвестиция құрылымы. Жалпы және таза инвестициялар.
Өндiрiс уақыты және айналым уақыты. Кәсiпорынның айналмалы қорлары.
7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
Капиталдың (қордың) ауыспалы айналымы алғашқы құнды жоғарлату мақсатымен барлық айналым мен өндірісті қамтитын сфералар арқылы өндіріс құралдарының қозғалысының толық циклін білдіреді. Материалдық игіліктерді өндіретін кәсіпорынға салынған әрбір капитал өзінің қозғалысын ақшалай түрде бастайды.
Ақшалай капитал жұмыс күшімен өндіріс құралдарын алуға авансталынады (Д - Т). Өндіріс үрдісінде (П) алынған факторлар әрекеттеседі және жаңа өнім жасалынады. Өндіруші бұл өнімді нарыққа сатқанда (Т' - Д') авансталған капиталды қайтарып алады. Өндірістік капиталдың ауыспалы айналымы мына формулада көрсетіледі:
Д – Т .... II ....Т ' - Д'
Айналымның үш кезеңдеріндегі бірінші және үшіншісі айналым үрдісін, ал екіншісі өндіріс үрдісін құрайды. Тұрақты қайталанатын капиталдың ауыспалы айналымы оның айналымы деп аталады.
7.2. Негізгі және айналмалы капитал
Капиталдың әр түрлі бөліктері кәсіпкерге бір уақытта қайтарылмайды. Сондықтан негізгі капитал (негізгі қор) және айналмалы капитал (айналым қорлары ) деп бөледі .
Негізгі капитал (негізгі қорлар) – бұл өзінің құнын шығарылатын өнімге толық бір айналымда емес, бірнеше айналымда бөлшектеп аударатын өндіріс құралдарының бөліктері. Оларға технологиялық циклдарда қолданылатын еңбек құралдары жатады. Олардың белгілі бір бөлігі жыл сайын амортизацияға ұшырайды.
Амортизация – бұл физикалық (материалдық тозу және табиғи ескіру) және моральдық (жаңа еңбек құралдарымен салыстырғанда құнның түсуі) тозуына байланысты негізгі қорлардың құнының дайын өнімге бірте-бірте аударылуы. Өндіріліп жатқан тауарларға аударылған еңбек құралдарының құны кәсіпкерге олар сатылғаннан кейін ақшалай түрде қайтарылады және негізгі қорлардың тозуына арналған амортизациялық қорды құрайды. Қорлардың мұндай құн бөліктері кейінгі қалпына келтіру және жаңа еңбек құралдарымен ауыстыру мақсатында ақшалай түрде жиналады.
Айналмалы капитал (қор) – құнын өнімге бір ауыспалы айналымда өткізетің құрал жабдықтардын бөлігі. Оған бір айналымда өнімді дайындауға жұмсалған шығындарды жатқызуға болады. Мысалы; шикізат, материал, энергия, жұмыс күші немесе жұмысшының еңбек ақысы кіреді. Бірақ жұмыс күшіне жұмсалған шығын дайын өнімге аударылмайды.
7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
Өндіріс қорлары өз іс-әрекетінде өндіріс кезеңі мен айналым кезеңінен өтеді. Сондықтанда қордың айналым уақыты айналыс және өндіріс уақытарынан тұрады.
Өндіріс уақыты – белгілі бір кәсіпорында еңбек құралдары мен заттарының өндіріс саласына түсуінен бастап, өнім өндіруді аяқтап, олардың сатуға жіберілуіне дейінгі уақытын қамтиды. Өндіріс уақыты үш бөлімнен тұрады:
1) тікелей еңбек үдерісінің уақыты – жұмыс уақыты;
2) еңбек үдерісіндегі үзіліс уақыттары;
3) өндіріс жабдықтарының өндірістік қорларда болу уақыты.
Айналыс уақыты құрал жабдықтарды сатып алуға кеткен уақытпен дайын өнімді өткізу (сату) уақытынан тұрады. Біріншіден кәсіпорынның мүліктерін тұтыну орнына тасымалдау уақыты мен жабдықтаушылармен есеп айырысу уақытынан тұрады. Екіншіден дайын өнімді қоймаға өткізу уақытынан бастап, таратуға берілген тауардың ақшасының сол кәсіпорынның банктегі шотына түсуімен аяқталады.
Айналым қорына салынған ақша және айналдыру қоры айналым құралдарын құрайды. Ұдайы өндіріс саласында айналым құралдарының жекеше бөліктері бір уақытта әр түрлі стадия мен айналым формаларында болады.
Айналым құралдарының бір бөлігі өндіріс қоймаларында өндірістік қорлардың материалдық жағдайын бейнелесе, ал екінші бөлігі – аяқталмаған өнімді дайындаудың әр түрлі кезеңдерінен табылады. Айналым қорларының үшінші бөлігі – үнемі толықтырылып отырылатын дайын өнімде. Айналым құралдарының төртінші бөлігі - еңбекақы төлеу және жабдықтаушылармен есеп айырысу, басқа да керек-жарақтар үшін кәсіпорын кассасында және банк шотында сақталынатын ақша қаражаттары.