
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
6.2. Өндірістік функция
Өндірістік функция – максималды өнім шығару және өндіріс факторларының жиынтық шығындарының арасындағы өзара байланысты анықтайтын техникалық ара қатынас.
У=f(a1,a2, a3, …, an ),
мұндағы у- өнім шығару көлемі;
a1,a2, a3, …, an - өндіріс факторлары.
Өндірістік функция өнімнің бір көлемің шығаруын қамтамасыз ететің өндіріс факторларынын әртүрлі қатынасы бар альтернативті мүмкіндіктер болуын көрсетеді.
Капитал мен еңбек өндірісте негізгі фактор болып саналады. Сондықтан біз өндірістік функцияны мына түрде жаза аламыз: У= F(K,L). Бұл функцияның графигі изокванта деп аталады.
Изокванта шығаратын У өнімнің біркелкі көлемін алуға мүмкіндік беретін К және L факторларының комбинация жиынтығын көрсетеді (6.1 сурет).
6.1 сурет- Изокванта
Изокоста - шығындардың біркелкі сомалық құның қамтамасыз ететін капитал мен еңбектің барлық мүмкін болатын қатынастарын көрсететің сызық (6.2 сурет).
6.2 сурет – Изокоста
Изокоста мен изоквантаның қиылысқан нүктесінде – анықталған өндірілетің өнім көлемін қамтамасыз ететін шығының ең минималды деңгейі қалыптасады (6.3 сурет).
6.3 сурет – Шығынның ең аз мөлшері
6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
Жиынтық (жалпы) өнім бұл – өндірістің басқа факторлардың өзгермеген жағдайында зерттелетін фактордың анықталған мөлшерінде өндірілетін өнім көлемі. Оны нәтижелік фактор деп атайды және өндірістік функцияда У әріппен белгілейді.
Экономикалық талдауда жиынтық көрсеткіштерімен бірге орта және шекті өнім көрсеткіштері кең түрде қолданылады.
Ауыспалы фактордың орта өнімі жиынтық өнімнің (У) зерттелетін фактор көлеміне қатынасымен анықталады және осы факторды пайдаланудың тиімділігін және қайтарымдылығын сипаттайды. Мысалы; еңбектің орта өнімі (APL) былай анықталады.
APL = У / L
Бұл көрсеткіш уақыттың бір бірлігінде өндіретін тауар өнімінің көлемін көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.
Капиталдың орта өнімі (APк) келесі түрде есептеледі:
АРК= У / К.
Бұл көрсеткіш негізі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігің көрсетеді және қор қайтарымдылығы деп аталады.
Тиісті факторларға шекті өнім өндіріс нәтижесінің өсуінің тиісті фактордың өсуіне қатынасымен анықталады және өндірістік процеске қайта тартылған өндіріс факторларын қолдану тиімділігін көрсетеді. Яғни капитал және еңбекке олардың шекті өнімдері былай есептелінеді:
МРК= ∆У / ∆К,
МРL=∆У / ∆L
Еңбектің шекті өнімі өндірістің тұрақты факторларын өзгермеген жағдайында, ауспалы факторлардың пайдалану саны өсен сайын қысқарады.
Бұл жағдай шекті өнімділіктің кему заңың білдіреді.
6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
Бәсекелес өндіруші алдында өзара байланысты үш сұрақ тұрады:
Өндіру керек пе?
Керек болса, қандай мөлшерде?
Осы жағдайда пайда қандай болады?
Осы сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін үш түрлі жағдай қарастыру керек. Олардың әр қайсысының өздеріне тән өндіріс стратегиясы болады. Барлығы нарықтағы тауардың бағасына тәуелді. Осы тәуелділікті анықтау үшін, пайданың мына формуласын білу керек:
П = TR – TC = P х Q – AC х Q= (P – AC) х Q,
мұндағы П – пайда,
TR – фирманың жалпы табысы,
TC – жалпы шығындар,
Q – өнім саны,
P – тауарлар бағасы,
AC – орташа өндіріс шығындары.
Ал, енді бірінші жағдайды қарастырайық.
Бірінші жағдай – пайданы көбейту (максималдау) жағдайы.
Бәсекелес фирманың максималды пайдасы өнім шығарғанда келесі теңдік орындалганда қалытасады:
Р = МС
Бұл шарт пайданы максималдау шарты.
Екінші жағдай – шығынды минимизациялау жағдайы.
Егер өнім бағасы минималды мүмкін болатын жалпы орташа шығыннан аз болса, ал минималды мүмкін болатын орташа ауыспалы шығыннан жоғары болса, онда мына теңсіздік орындалады:
AVC min < P < AC min
Фирма бұл жағдайда жалпы ауыспалы шығынды түгелімен жабатын (ол мына теңсіздікте көрінеді: Р > AVC min) және тұрақты шығынды жарым-жартылай жабатын табыс алады. Фирма өз жұмысын тоқтатуына қарағанда өндірісті жалғастырғанда аз зардап шегеді.
Минималды шығын шегу үшін шығару көлемі мына теңсіздікті қанағаттандыру керек:
Р = МС
Үшінші жағдай – қысқа мерзімде фирманың қызметін тоқтату.
Баға минималды мүмкін болатын орташа ауыспалы шығындардан төмен түскенде,
P < AVCmin болса,
фирманың ең болмаса уыспалы шығындарды жабуға өндіріс көлемі жетпейді. Өндірісті жалғастырғанда фирма тұрақты шығындардың құнына қарағанда көбірек зиянға ұшырайды, дәлірек айтқанда, зияны барлық шығындарға (TC) тең болады. Сондықтан фирмаға жабылған пайдалырақ.