Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері

Тұтынушының мінез-құлқы немкұрайлылық қисығы мен шекті пайдалылықтың тұрғысынан қарастырылады.

Шекті пайдалылық тұтыну көлемі бір бірлікке көбеюі кезінде тауардың жалпы пайдалылығының өсуің көрсетеді. Тұтынатын тауардың саны өскен сайын әрбір қосымша бірліктің шекті пайдалылығы азаяды. Мұнда сұраныс занының негізінде жатқан шекті пайдалылықтын азаю занының әрекеті көрінеді. Тұтынушы өзінің шектеулі табысына өзі қадір тұтатын ең жоғары дәрежедегі қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар жиынтығын сатып алуға ұмытылады. Бұны бір ақша бірлігіне есептелген сатып алынатын тауарлардың шекті пайдалылығы тең болған жағдайда пайдалылықтын максимизация ережесің сақтаған кезде жетуге болады.

Немқұрайлылық қисығының ұстанымы тұтынудың санын өлшеу емес, сонымен бірге, саралау болып табылады. Әрбір немқұрайлылықтың қисығы тұтынушу үшін бірдей пайдалылығы бар өнімдердің көптен жиынтығын графиктік түрде көрсетеді.

Егер немқұрайлылық қисығы тұтынушының таңдауын сипаттаса, бюджеттік желі оның тұтыну бюджетінің шектеулі көлемімен байланысты мүмкіндіктерімен анықталады. Ол - сатып алуға кететін біркелкі шығынды талап ететін, екі өнімнен тұратын көптеген жыйынтығын график арқылы көрсететін түзу сызық. Бюджет сызығы тұтынушуның нақты сатып алу қабілетін және сатып алынатын тауарлардың бағасының қатынасын көрсетеді. Сатып алу қабілеті өзгерсе бюджет сызығы соған сәйкес жаққа ауысады және алғашқы сызыққа параллельдік орын алады. Тауар бағасы қатынасының өзгерістері бюджет сызығынын еңкею бұрышынын өзгерісіне әкеледі (5.5 сурет).

5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы

С сызығы - это бұл немқұрайлылық қисығы. Сызық ав - бюджет сызығы. Тұтынушы өзінің қажетін ең жоғары дәрежеде қанағаттандыруға ұмтылып, тұтынушуның тепе-теңдік жағдайына түседі (бюджет сызығы мен немқұрайлылық қисығының жанасу нүктесі).

Экономикалық әдебиетте шекті пайдалылықтың және тұтынушы пайдалылығының жоғарылығын түсіндіргенде кардиналистік және ординалистік пайымдау кездеседі. Кардиналистер шектеулі пайдалылықты шығару үшін ютиль деген шартты бірлікті енгізеді. Мысалы, тұтынушу тауардың 9 бірлігін сатып алса, онда таурдың жалпы пайдалығы U9 ютильді құрайды, ал егер 10-шы бірлігін сатып алса, онда жалпы пайдалылық өсіп U10 ютильді құрайды. Шектеулі пайдалылық, яғни тауардың 10-шы бірлігіндегі қосымша тұтынудың қанағаттануы келесі жағдайда анықталады:

М U = (U10 - U9) / (10 - 9) = (U10 - U9) / 1

Ординалистер шекті пайдалылық субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес, сондықтан «ординалистік, тәртіптік» пайдалылықты енгізеді. Оның көмегімен тұтынушының қанағаттану дәрежесі азая ма, көбейе ме анықтауға көмектеседі, бірақ қанағаттану дәрежесін анықтауға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]