
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫ
Дәрістің қысқаша конспекті
«Экономикалық теория» пәні бойынша
Алматы, 2013
Дәрістің қысқаша конспекті
1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы. Негiзгi экономикалық ұғымдар: қажеттiлiк, экономикалық игiлiк, экономикалық ресурстар, өндіріс факторлары, ресурстардың шектеулiлігі (сиректігі), альтернативтi (балама) шығындар, өндiрiс мүмкiншiлiктерiнiң шегi.
Экономикалық процестерді зерттеу әдiстерi: формалды логика, материалистiк диалектика, жүйелік тәсіл, экономикалық үлгiлер және тәжiрибе. Экономикалық категориялар және заңдар.
Позитивтi және нормативтi экономика. Экономикалық теорияның қызметтерi: танымдық, тәжiрибелiк, тәрбиелік. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономиканы ғылым ретінде алғашқы рет ежелгі дәуірдің ойшылары Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон және басқалары қарастырған. «Экономика» түсінігі екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң.
Алғашында экономикалық білім жалпы ғылымның бөлек элементі ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.
Экономикалық теорияның ең алғашқы мектебі – меркантилизм. XVI-XVII ғасырларда феодализмнің құлдырау дәуіріндегі «заман батырлары», яғни ең бай касталары сатушылар, көпестер болды. Оларға сауда дамуынын теориясы және «баюдын ғылымы» қажет болды. Оны олар меркантилистердің қолынан алды. Меркантилизмнің ең көп тараған жері – Англия, ал ең басты теоретиктері – Томас Ман (1571-1641, Англия), Антуан де Монкретьен (1575-1621, Франция). Соңғысы «саяси экономия» терминін айналымға інгізді (1615).
Меркантилистердің негізгі идеяйсы - қоғамның басты байлығы ақша, ал байлық көзі айналым.
Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі – классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және Адам Смит пен Давид Рикардоның нарық мектебіне бөлінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар қоғам баюының негізгі көзі - өндіріс, айналым емес дейді. Бірақ олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауыл шаруашылығы көлемінде ғана қарастырады. Олардың негізгі өкілдері – француз экономистері Француа Кенэ (1694-1774) және Анн Роберт Жак Тюрго (1727-1781).
Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит (1723-1790) пен Д.Рикардо (1772-1823) зерттеу ортасын жалпы өндіріске бағыттап, ал ауыл шаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды. Олар қоғам байлығының өсуінің алғаш шарты - еркін және бәсекелестік нарықтық экономика деген классикалық анықтама қабылдады.
Классикалық саяси экономияның басты жетістігі – еңбек құн теориясының негізін салды. А. Смит тауардың құны оны жасауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. А. Смиттің екінші жетістігі – рыноктың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың күрделі жүйесі екенің алғашқы рет ғылыми түрінде ашты. Ол рынокқа барлық экономикалық агенттердің тәртібің көрінбей басқаратын «көрінбейтін қол» деген бейнелі ат берді.
Экономикалық теорияның тарихи даму барысында идеологизация проблемасы тұрды. Мысалы, мерканталистер сатушылардың мүдделерің қорғаса, классиктер – жалпы капиталисттердің мүдделерің қорғаған.
Экономикалық теорияның идеологизациясын кең таратқан марксистер. Олар ашық түрде жұмысшы табының мүдделерін қорғауға бағыттаған. Сондықтан олардың экономикалық ілімдерің пролетарлық саяси экономия деп атаған. Олардың теориясының негізгі постулаты – өндіріс құралдарына қоғамдық меншік және жалпы экономиканы жұмысшылардың мүддесіне сәйкес орталықтанған жоспарлы басқару.
Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар:
неоклассикалық;
кейнсиандық.
Бірінші бағыт XIX-шы ғасырдын 70-ші жылдарында пайда болды. Оның ең белгілі негіздеушісі – Альфред Маршал (1842-1924). Неоклассикалық доктриналар XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін кейнсиандық теория пайда болғанша кең тарады. Кейнсиандық теория ағылшын экономист Джон Меинард Кейнс (1883-1946) атымен аталған. 1929-1933 жылдарындағы Ұлы депрессиядан кейін экономикалық өсудің тұрақтылығын рынок қамтамасыздандыралмайтыны және әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік реттеусіз шешуге болмайтыны түсінікті болды.
Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындығы айтыстағы түйінді мәселе – мемлекеттің экономикалық рөлі. Неоклассикалық бағыттың қолдаушылар экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің араласуы шектеулі болуы қажет деп тұжырымдайды. Ал, кейнсиандықтар, керісінше, экономиканың прогрессивті дамуы үшін мемлекеттің бақылауы макрореттеу әдістері арқылы жүзеге асуы керек деп тұжырымдайды.
«Экономикалық терия», «саяси экономия», «экономикс» курстарының пәнің анықтай отырып, олардың айырмашылықтарын еске алу қажет.
Экономикалық теория адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономикалық тәртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процессіндегі экономикалық қатынастарды қоғам дамуының барлық сатысында зерттейді. Саяси экономия – таптық ғылым. Ол экономикалық қатынастарды мүдделерің қорғайтын белгілі таптың позициясынан зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономика ғылымында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық шаруашылықты зерттейді, яғни объектісі тек нарық жүйесі болады.