Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А2 2 нұсқа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
289.28 Кб
Скачать

Оқылым бөлігі

1-мәтін

«Қазақтелеком» ақ – Қазақстан телекоммуникация нарығының көшбасшысы

Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы он жетінші маусымда – «Қазақтелеком» АҚ құрылған күні. Содан бері он жеті жылдан астам уақытта аталған компания әрбір адамның елдің кез келген аймағында ақпарат тарату саласындағы жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері үшін үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы – Қазақстандағы жетекші байланыс операторы. Бұл компанияның отыз мыңнан астам қызметкері Республиканың бүкіл аумағындағы телекоммуникациялық жүйелердің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Елдің әрбір тұрғынына осы заманғы байланыс қызметтерінің кең спектірін ұсыну күрделі де, жауапты міндет болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ қазақстандықтарды сенімді телефондық байланыспен қамтамасыз етумен қатар бүгінгі ұшқыр өмірде пайдаланатын басқа да қызметтерді ұсынады.

«Қазақтелеком» АҚ – Қазақстан телекоммуникация нарығының көшбасшысына айналды.

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

«Қазақтелеком» АҚ қашан құрылды?

1) 1994 жылы

2) 1992 жылы

3) 1996 жылы

4) 1991 жылы

  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

«Қазақтелеком» АҚ ... операторы

1) тиімді байланыс

2) жетекші байланыс

3) өзекті байланыс

4) ыңғайлы байланыс

  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

Республиканың аумағындағы ... ... сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

1) экономика саласының

2) жетекші мамандардың

3) телекоммуникациялық жүйелердің

4) кең спектрдің

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Ақпарат тарату саласындағы нені пайдалана алу мүмкіндігі бар?

1) жаңа технологияларды

2) стратегиялық дамуды

3) білікті мамандарды

4) телекоммуникациялық нарығы

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

«Қазақтелеком» АҚ қандай байланыспен қамтамасыз етеді?

1) өзекті байланыс

2) сенімді телефондық

3) ыңғайлы байланыс

4) тиімді байланыс

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Қоғам қандай салада жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері үшін үздіксіз жұмыс істеп келеді?

1) технология

2) энергетика

3) экономика

4) ақпарат тарату

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Нені ұсыну күрделі де, жауапты міндет болып табылады?

1) сенімді телефондық байланысты

2) байланыс қызметтерінің кең спектірін

3) тиімді байланысты

4) стратегиялық дамуды

  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

«Қазақтелеком» АҚ – Қазақстан ... ... көшбасшысына айналды.

1) телекоммуникация нарығының

2) жаңа технологиялардың

3) жетекші байланыс

4) функциональдық корпоративтік саясатының

2-мәтін

Біздің тынысымыз

«Қазақтелеком» АҚ стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі – адам активтерін ынталандыру мен компанияның кадрлық әлеуетін арттыру.

Компанияда кәсіби қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға көп көңіл бөлінеді. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы он жылдан астам уақыттан бері еліміздің және ТМД-ның таңдаулы жоғары оқу орындарында оқытудың күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырып келеді.

Мамандық алатын үміткерлерді таңдау кезінде «Қазақтелеком» АҚ жоғары білім алғаннан кейін туған аймағына оралуға және оқу шартында көрсетілген мерзімді байланыс саласында өтеуге даярлықтарын білдірген ауылдық жерлердің тұрғындарына басымдық береді.

Мамандарды оқытуға салынған инвестицияның міндетті түрде қайтарымының болуына және компанияның табыс кепіліне айналатындығына кадрларды даярлауға деген мұндай көзқарас «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының болашаққа сеніммен қарауына мүмкіндік береді.

  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

Қазақтелеком» АҚ стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі.

1) қайта даярлауға және біліктілікті арттыру

2) жоғары білімді мамандарды даярлау

3) адам активтерін ынталандыру мен компанияның кадрлық әлеуетін арттыру

4) болашаққа сеніммен қарау

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Компанияда неге көп көңіл бөлінеді?

1) салынған инвестицияны қайтаруға

2) күндізгі және сырттай оқу оқытуға

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру

4) болашаққа сеніммен қарауға

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Қанша жылдан бері жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырып келеді?

1) бес жылдан астам

2) он жылдан астам

3) үш жылдан астам

4) он бес жылдан астам

  1. Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

Мамандық алатын үміткерлерді таңдауда ... басымдық беріледі.

1) біліктілікті арттыруға

2) қайта даярлауға

3) ауылдық жерлердің тұрғындарына

4) дипломына

  1. Сұраққа дұрыс жауапты табыңыз.

Қай мемлекеттерде даярлау жүзеге асырып келеді?

1) Қырғызстан, Украина

2) Ресей, Өзбекстан

3) Елімізде және ТМД

4) Германия, Австрия

  1. мәтін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]