Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.

13 БИЛЕТ

1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Негізгі капитал бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарды. Қолданылып жүрген топтастырылуларға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар – өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, байланыстың, сауданың және басқа да матераилдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары, өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды-заттық құрамы принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары, жабдықтар, өндірістік – шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассивтік элементтер өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

2. Кәсіпорынның табысын қалыптастыру және бөлу. Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан,

несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

* Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

* Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ОТ = ЖТ/К.

* Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі ШТ = ЖТ/К.

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемнің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.

Кәсіпорын табысы=өнімді сатудан түскен табыс+басқадай өткізуден табыс-өткізуден тыс операциялардан алынған табыс

3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процессі өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:

1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.

Бұл төмендегідей жолмен жүзеге асырылады: қосылуға жоспарлайтын ел сауалнамалар мен жауаптар барысында қарастырылатын сыртқы сауда режимі туралы меморандумын ұсынады, одан кейін қосылу шарттарын белгілейтін Жұмыс Тобының Баяндамасы мен қосылу хаттамасы дайындалады. Қосылудың осы сатысы көп жақты негізде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.

Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындайды:

- бағаны түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;

- салықтандыру жүйесі;

- жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;

- шетел инвестициялардың режимі;

- төлем балансы;

- импорттың кедендік тариф, сонымен қатар кез келеген тарифтік преференциялар, кедендік баждар, тарифтік алымдар саласындағы ескертулер, т.б.;

- қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);

- импорттық лицензиялау;

- экспортты реттеу;

- мемлекеттік сауда кәсіпорындары;

- импорт тауарларын стандартизациялау және сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;

- валюта айырбастау;

- сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;

- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.

2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы).

Осы келіссөздер қосылуға жоспарлайтын елмен екі жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары) қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбесі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерне таралады.

3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді. Осы тізбе РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер — сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.

ДСҰ-ға қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт – ұлттық сыртқы экономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру.

Соңғы кезең қосылатын елдің заң шығару органының кұжаттар пакетін бекіту болып табылады.

Кірудің мақсаттары мен міндеттері:

Дүниежүзілік сауда ұйымының айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын камтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.

Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралык құқығына негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.

Кез келген елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады. Соның ішінде Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:

Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.

Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.

Қысқа мен орта мерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.

Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДС¥-ның режимі маңызды бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымы белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруге қатысуға құқықты иеленуді жоспарлай алады.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат пен үкіметтер, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.

Оның ішіне ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, кызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендету нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру жатады. Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарлардың кеңейтілген қатарына қолы жетеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.

Кіру барысының ағымдағы жағдайы. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Женева қаласындағы Хатшылығында Жұмыс Тобының мүдделі мүше елдерінің қатысуымен жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды:

1 .Тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен бірлесіп, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылысымен, қолдану құқықтарын иеленетін импорттық кедендік баждарды үйлестірудің ең жоғарғы деңгейін анықтау мен келісуді қамтиды.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс Топ құрамына кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының 36 мүше елінің қатарынан 15 ел, олардың ішінде АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария ең маңызды бола тұрып, тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуде.

Қазақстанның тарифтік ұсыныстары төмендегідей негіздерді есепке алу нәтижесінде жетілдірілген:

Бірінші негіз — 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында белгіленген жоспарлар негізінде ұлттық экономиканың қысқа және орта мерзімді қорғалудың тиімді деңгейін қамтамасыз етудің қажеттілігі.

Екінші негіз — Қазақстанның ЕурАзЭҚ-дағы мүшелігінің шарттарын мүмкіндігінше есепке алу. Қазақстанның тарифтік ұсыныстарының негізінде салалық министрліктер мен отандық тауар өндірушілерінің ескертулерін есепке алумен жетілдірілетін импорттық кедендік баждарының бағамаларын үйлестіру деңгейлері жатыр.

2. Шетел қызметтер жабдықтаушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізу шарттарын келістіру мақсатында қызмет нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер. Келіссөздердің негізін Қазақстанның қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу шарттары жөнінде келіссөздерді Жұмыс Тобының 8 мүше елі, атап айтқанда, Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан қызметтер нарығына қол жеткізу жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Топтастырғышының 155 қызмет көрсету салаларының жалпы санынан 76 (немесе 49%) сала бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық экономикасы үшін тиісті қорғау дәрежесін талап ететін сезімтал қызмет көрсету салаларының тізбесіне қаржылық, құқықтық, сауда-саттық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыс қызметтері енгізілген.

3. Ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты арнайы келіссөздер. Күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен, ескірген техника мен технологиялармен, тауарларды сату нарықтарына географиялық алыстығымен, теңіз жолдарына тікелей шығудың жоқтығымен сипатталатын Қазақстан үшін ауыл шаруашылық жөніндегі келіссөздер, Қазақстан халқының 44 пайызы ауыл түрғындары болғандықтан, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды.

Қажетті тарифтік қорғау деңгейін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының ішкі қолдау көлемін және экспорттық субсидиялардың дәрежесін қамтамасыз теу мақсатында Жұмыс Тобының мүше елдері ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты келіссөздерді өткізуде.

4. Жүйелі мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде міндеттіліктерін орындау үшін заң шығару және оны пайдалану саласында қолданылатын шараларды анықтау мақсатында өткізіледі. Келіссөздердің негізін жұмыс Тобының Баяндамасы құрайды. Аталған келіссөздер барысында экономикалық саясаттың, атап айтқанда, валюттік айырбастау мен төлем жүйесі, инвестициялық режим, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру, баға түзу, бәсекелестік саласындағы саясат сияқты жүйелі мәселелері Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерімен талқыланады. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады.

Жоғарыдағы сызбада ДСҰ-ның құрылымы көрсетілген. Бірінші сатыда Министрлер конференциясы көрсетілген. ДСҰ – да жоғарғы деңгейдегі шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Олар ең азы екі жылда бір рет жиналады.

Министрлік конференциясына бас кеңес бағынышты болады, ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және ВТО мүшелері өкілдерінің құрамымен Женевада штаб — пәтерде жылына бірнеше мәрте жиналады. Бас кеңес басқаруында екі арнайы орган болады: сауда саясатын талдау және пайда болған дауды шешуге бағытталған. Сонымен қатар бас кеңеске сауда және даму комитеттері; шек қоюлар, сауда теңдігімен байланысты; қаражатпен , қаржыға және әкімшілік сұрақтарға байланысты комитеттер есеп беруге тиіс.

Бас кеңес иерархияның келесі деңгейдегі үш кеңеске функцияларын делегаттайды: тауарлар мен сауда кеңесіне, қызметтермен сауда кеңесіне және интеллектуалды меншік құқық сауда аспектісі кеңесіне.

Тауар сауда кеңесі, өз кезегінде, мамандандырылған комитеттердің қызметімен басшылық етеді , тауарлармен сауда сферасында -1994 ДСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Қызмет сауда кеңесі ГАТС келісімдерінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамында қаржылық қызметтермен сауда комитеті және кәсіптік қызметтер жөніндегі іскер топ болады.

Интеллектуалды меншік пен құқық сауда аспектісі кеңесі (ТРИПС) келісімдерінің дұрыс орындалуын қадағалаудан басқа жасанды тауарларға байланысты болатын халықаралық саудадағы мәселелерді шешумен айналысады.

14 БИЛЕТ