Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.

.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер 

1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

 Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын  мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.           

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

   Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

2. Өнеркәсіптің даму жағдайын талдау. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға басуы соған байланысты. Өнеркөсіптің дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен өсер етеді.

Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары 

2013 жылғы қаңтардағы өнеркәсібі жұмысының қорытындылары

2013 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 100,7%-ды құрады. Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Қарағанда, Қостанай, Манғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысында мыс кенін өндіру артты, тазартылған алтын, күміс, тазартылған мыс және жеңіл автомобильдер өндірісі жоғарылады (116,7%).

Ақтөбе облысында мыс және құрамында алтыны бар кендер, хром қойыртпалары жоғарылады, цементтен немесе тастан жасалған тақтайшалар, тақталар өндірісі және қышқыл сүт өнімдері артты (105,6%).

Алматы облысында нақты көлем индексі 105,3%-ды құрады. Темекі, алкогольсіз сусындар, сыра, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялар өндірісі және электр энергиясы артты.

Оңтүстік Қазақстан облысында уран және торий кендерін өндіру артты, дәрі-дәрмектер, электр трансформаторлары, ұн және кардо және тарақпен түтілген мақта өндірісі жоғарылады (104,9%).

Мұнай, газ конденсатын өндіру және газойльдер өндірісінің жоғарылауы есебінен Батыс Қазақстан облысында нақты көлем индексі 104,7%-ды құрады.

Атырау облысында мұнайды өндіру артты және сұйытылған пропан мен бутан өндірісі жоғарылады (103,8%).

Алматы қаласында жеміс және көкөніс шырындары, сыра, өсімдік майы, құрылыс металл конструкциялары, тауарлық бетон және мыстан дайындалғандардың өндірісі жоғарылады (102,1%).

Жамбыл облысында нақты көлем индексі 102%-ды құрады. Фосфор, Доре қорытпасындағы алтын, минералды фосфорлы тыңайтқыштар, отындық мазут және портландцемент өндірісі жоғарылады.

Нақты көлем индексі Қызылорда облысында 101,5%-ды құрады. Уран және торий кендерін өндіру жоғарылады, сұйытылған пропан мен бутан өндірісі артты.

Астана қаласында тауарлық бетон, цементтен және жасанды тастан жасалған тақталар, преформалар, құрылыс үшін конструкция элементтері және макарон өнімдерінің өндірісі жоғарылады (101,1%).

Ақмола облысында құрамында алтыны бар кендерді өндіру артты, табиғи уран, ұнтақ түріндегі алтын, құрылыс қыш кірпіштері және ұн өндірісі жоғарылады (100,5%).

Солтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі 99,2%-ды құрады. Ұн, макарон, сары май, жүк вагондары және орталықтан тепкіш сорғылар өндірісі төмендеді.

Мұнай өндірудің төмендеуі есебінен Маңғыстау облысында нақты көлем индексі 98,3%-ды құрады.

Павлодар облысында бензин, керосин, пропан, бутан және болат өндірісінің төмендеуінен нақты көлем индексі 96,2%-ды құрады.

Қостанай облысында теміркенді қойыртпалар, құрамында алтыны бар және бокситтерді өндіру есебінен нақты көлем индексі 95,5%-ды құрады.

Қарағанды облысында жазық және мырышталған илек, тазартылған мыс, құймалардағы легірленбеген болат, тазартылған алтын және мыс сымдар өндірісі кеміді (88,9%).

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индекстері

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады. Түсті металдар кендері (109,2%), табиғи газ (101,7%) және шикі мұнай (101,5%)өндіру өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 0,8%-ға төмендеді. Тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, қағаздар, резеңке, пластмасса бұйымдарын және қара металлургия өнімдерінің шығарылымы төмендеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда газ тәрізді отынды өндіру көлемі және бөлу 11,5%-ға, электр энергиясын өндіру, беру және бөлуде – 2,7%-ға, бу беру және ауа баптау жүйелері 1,5%-ға артуы есебінен нақты көлем индексі 102,7%-ды құрады.

Сумен жабдықтауда 2013 жылғы қаңтарағы нақты көлем индексі 91,5%-ды құрады.

 2012 жылғы желтоқсанда еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді. 

Атап айтқанда, желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінде 0,6 пайызға төмендеді. Өндірілген өнім 0,6 пайызға арзандап, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,1 пайызға қымбаттады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Бұдан бөлек, өткен желтоқсан айында бағаның мазутқа 3,3 пайыз, дизельдік отынға - 3,1 пайыз, бензинге - 1,9 пайыз, металл кендеріне - 0,7 пайыз, мұнайға - 0,5 пайыз, табиғи газға - 0,3 пайызға төмендеуі тіркелген. Ал оның ішінде баға сұйытылған пропан мен бутанға - 5,8 пайызға, керосинге - 1,6 пайызға, көмірге - 0,2 пайызға жоғарылауы белгіленген. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, бір айда баға қара металдар илегіне 5,8 пайызға, өңделмеген алюминийге - 3 пайыз, ферроқорытпаларға - 2,8 пайыз, мысқа - 2,6 пайыз, асыл металдарға - 0,5 пайызға төмендеп, керісінше мырышқа - 7,9 пайыз, қорғасынға - 1 пайызға жоғарылады.

Сондай-ақ, қара бидай ұны 5 пайыз, бидай ұны - 0,7 пайыз, макарон өнімдері - 2,3 пайызға, сүт өнімдері - 0,5 пайызға, құс еті - 0,3 пайызға қымбаттаса, жармалар - 1,3 пайызға, ал балық - 0,3 пайызға арзандаған.