Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.

11 БИЛЕТ

1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.

Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары а йналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.

Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.

Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы – несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым – қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс- қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.

Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:

1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;

2) ақшалай табыстарды бөлу;

3) кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау.

7) Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.

Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Тереңдік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, олардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

1.Қаржылық есепті оқып-танудың негізгі тәртібінде пайдаланатын талдау түрлері: тікелей (вертикальды) талдау; көлденең (горизонтальды) талдау; тренді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау; қаржылық козффициенттер әдісі.

1) Тікелей талдау – бұл көрсеткіштердің абсолютті және қатысты айырмашылықтарын анықтау.

2) Көлденең талдау – қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау немесе қорытынды көрсеткішке бөлек статьялардың үлес салмағын анықтау.

Тікелей және көлденең талдау бірін-бірі толықтырып отырады.

3) Тренді талдау – бұл есептің әрбір позициясының алдыңғы жылдар көрсеткіштер қатарымен салыстырылуы. Бұл жерде біздің мақсатымыз көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын немесе трендті анықтау (базисті жылдың деңгейімен бірқатар жылдарды салыстырамыз және де көрсеткіштердің барлығы базисті деңгейге 100% деп алынады).

4) Салыстырмалы талдау – бұл кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелестер көрсеткіштерімен немесе орташа-салалық көрсеткіштермен салыстыру.

5) Факторлық талдау – бұл стохастикалық әдістер арқылы нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін талдау.

6) Коэффициенттер қатысты көрсеткіштер болып табылады, оларды есептеу кезінде, көрсеткіштің біреуін бірге теңейді, ал екіншісін бірге қатыстылығымен көрсетеді.

4. Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі:

- қаржылық есептің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты – шаруашылық субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.

Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:

1) дайындау; дайындық;

2) қаржылық есепті алдын-ала шолу;

3) есепті талдау және экономикалық оқып-тану.

2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі: субъектілері, пәні, қаржыландыру көздері. Инвестициялардың жіктелінуі. Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «Инвестициялық қызмет», «инвестициялау субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.

Инвестициялық қызмет - ол азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің инвестицияны шығарудағы тәжірбиелік іс-әрекет жиынтығы. Сонымен қатар,Инвестициялық қызмет-инвестиция объектісін таңдаумен, оны инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.

Қазақстанда инвестициялық қызм. Нормативтік-құқықтық актілермен реттелінеді. ҚР Инвестициялық қызметтің негізгі заңы «Инвестициялар туралы» заң (8.01.2003)болып таб.Аталған заңға сәйкес Инвестициялық қызмет – коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді ұлғайту немесе құрудағы заңды немесе жеке тұлғалардың іс-әрекеті.Нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық қызметті іске асыру инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілерінің мәнін талдау үдерісі арқылы ашылады. ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес инвестициялау объектілеріне келесілер жатқызылады:

1. ақша қаражаттар, мақсаттық банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

2. жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

3. мүліктік құқықтар, басқадай интеллекті құндылықтар;

4. жерді пайдалану мен басқа да ресурстарды пайдалану құқығы, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар.

Инвестициялау объектілері қаражатты келесіге жұмсауды сипаттайды:

* негізгі және айналым капиталға, яғни ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, көлік, жер учаскілері, тауарлық-материалдық құндылықтар;

* жаңа кәсіпорындарды құруға немесе әрекет ететін кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта жөндеуге; аяқталмаған өндіріске, айналым активтерін толтыруға кеткен шығындар; кәсіпорынның жаңартуы мен техникалық қайта қаруландыруға;

* бағалы қағаздарға және ақшалай салымдарға, яғни жай және артықшылығы бар акциялар, облигациялар; депозиттер; қарыздар мен несиелер және басқадай қаржылық құралдар;

* инвестициялау есебінен материалдық активерге, яғни құқықтарды, патенттерді, лицензияларды, тауар белгілерін, бағдарламаларын сатып алу.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушелер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және басқа инвестициялық жобаны іске асырушы және заңды тұлғалар жатады.

Инвестициялық қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері

Мемлекеттің жинақ қоры – инвестицияның ішкі көздерінің бірі болып саналады. Бүкіл елдің көлеміндегі жалпы жинақ шамасы барлық елді мекендер мен ұйымдардың және үкіметтің жинақ қорына байланысты. Елдегі жинақ көлемі сол елдің инвестициясының көлеміне тікелей әсер етеді. Ғылым дәлелдегендей, инвестиция дегеніміз болашақта бүкіл ел экономикасын көтеруге арналған негізгі қорды сатып алуға кеткен шығын. Қоғам өзінің ағымдағы табысының бір бөлігін жинақтау арқылы, жиналған қаржыны дәстүрлі тұтынушы өндірістерге емес, инвестицияға жұмсай алады.

Қазіргі кезде сыртқы көздер арқылы қаржыландырылатын шетелдік инвестицияларға көп көңіл бөлінеді. Оларға жекелеген тікелей және портфельдік инвестициялар, сондай –ақ шетелдік несиелер мен заимдар жатады. Қазіргі кезде инвестиция түріндегі шетелдік капиталдарға көп үміт артылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, белгіленген мөлшердегі көлемде түскен шетелдік валюталар әрқашанда ұлттық экономикаға жақсы ықпалын тигізеді. Екіншіден, қазіргі интеграция дәуірінде, шетелдік инвестициялар мемлекеттерді жақындастырудың бірден бір құралы болып есептеледі.

Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері көп көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері үш түрге бөлінеді.

Қаржы көздерінің түрлері

Ұйымның жеке қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың жинақтары ретінде болады. Одан басқа жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады.

Тартылған қаржы ресурстары акция, еңбек колективі жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады.

Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады .

Экономикалық теорияда инвестиция түсінігі бойынша көзқарастар әртүрлігімен қатар, инвестицияны қолдану аясына байланысты инвестиция жіктелімінің әр түрлері сипат алады.

«Инвестицияның бағыттылығына» байланысты инвестицияның келесідей түрлері бар:

* нақты инвестициялар;

* қаржылық инвестициялар;

* материалдық емес активтерге жұмсалған инвестициялар;

* интеллекті инвестициялар;

Нақты инвестициялар негізгі капиталға, айналым қаражаттарын толтыруға бағытталған инвестициялар ретінде танылады. Яғни, жаңа өндірісті құруға, әрекет ететін өндірісті қайта жаңғыртуға, ұлғайтуға бөлінген капитал жұмсалымы болып табылады. Нәтижесінде өндірістік капитал ұлғаюына әкелетін нақты инвестицияларда капитал құрушы негіз бар.

Қаржылық инвестициялар бағалы қағаздарға, депозиттерге, басқа да қаржылық құралдарға бағытталған жұмсалымдар, сондай-ақ қарыздарды, несиелерді беру түрінде сипат алады. Инвестицияның бұл түрінде ақшалай негіз бар,соның нәтижесінде – ақша капиталы ұлғаяды.

Материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларға мүліктік құқықтарды қолдану бойынша құқықтық иемдену,патенттерді, лицензияларды сатып алу жатқызылады.

Интеллекті инвестициялар адам ресурстарына қаражат жұмсау, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарға бағытталған қаражаттар ретінде анықталады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке, мемлекеттік, шетелдік және біріккен инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады. Шетелдік инвестициялар – шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады. Біріккен инвестициялар, отандық пен шетелдік инвесторлардың бірігуі негізінде жүзеге асырылады.

Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда және де жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды экономикалық мазмұнына байланысты әртүрлi нысанда қарастырады. Оның iшiнде ең көп танымалы мыналар:

Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар - инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын білдіреді. Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын сипаттайды.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі «инвестициялау объектісін басқару мүмкіндігіне» байланысты:

* тікелей инвестициялар;

* жанама инвестициялар;

* портфельдік инвестициялар.

Тікелей инвестициялар нақты инвестицияларға жатқызылады. Олар кәсіпкерлік объектісін басқаруға құқық береді. Негізінен тікелей инвестор өз қаражатын жаңа немесе әрекет ететін объектіні салу кезінде оның меншік иеленушісі не кәсіпорынның тең құрылтайшысы болып табылады. Тікелей инвестор жай акциялардың қомақты үлес иеленушісі ретінде де, компанияның меншік иеленушісінің бірі де болады. Жанама инвестициялар – ақшалай негізі бар портфельдік және басқа да инвестициялар. Жанама инвестициялардың соңғы мақсаты ретінде ақшалай сыйақы түріндегі пайданы алу болып табылады.

«Тәуекел деңгейіне» байланысты инвестициялар келесідей бөлінеді:

Төменгі тәуекелді инвестициялар - тәуекелі орташа нарықтық шамадан едәуір төмен объектіге капиталды салуды білдіреді.

Орташа тәуекелді инвестициялар - инвестицияланатын объект бойынша тәуекел деңгейі орташа нарықтық шамамен сәйкес келетін инвестицияларды айтамыз.

Жоғарғы тәуекелді инвестициялар - инвестицияланатын объект бойынша тәуекел деңгейі орташа нарықтық шамадан жоғары болады. Бұл топта ерекше орынды алып - сатарлық инвестициялар алады, яғни инвестициялық табыстың барынша жоғары деңгейі күтілетін, барынша тәуекелі жоғары жобаларға немесе инвестициялау құралдарына капитал салуды білдіретін инвестицияларды айтамыз.

Тәуекелсіз инвестициялар – күтілетін табыс және капиталдың жоғалу қаупі болмайтын және инвестициялық пайданың нақты сомасын алуға кепілдік беретін объектіге ақша қаражаттарын салу.

«Ұдайы өндіріс үдерісіне қатысу деңгейіне» қарай нақты инвестициялардың келесідей түрлері анықталады:

* реинвестициялар, бұрын таңдалған инвестициялық жобаларды, инвестициялық тауарларды немесе инвестицияланатын қаржы құралдарын өткізу үдерісінде, оларды алдын ала босату шарты кезінде капиталды пайдалануды сипаттайды, олар өндірістік капиталдың тозған бөлігін жөндеуге бағытталады;

* нетто-инвестициялар, олар өндірістік үдерісті ұлғайту, қайта құру және модернизациялау үшін бағытталған;

* брутто-инвестициялар - реинвестиция мен нетто-инвестиция жиынтығынан тұратын, өндірістің ұлғаюына және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға ықпал келтіру арқылы өндірістік, ұдайы өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

3. Халықаралық саудадағы келісім-шарт: оның құрылымына жалпы сипаттама, халықаралық сатып алу-сату келісім-шартына қойылатын негізгі талаптар. БҰҰ-ның халықаралық сатып алу-сату туралы конвенциясы (Вена конвенциясы). Халықаралық саудадағы келісім-шарт-әр түрлі елде орналасқан екі немесе одан да көп тарап арасындағы тауарды сату, қызмет көрсету немесе тараптармен келісілген шарттарға сәйкес шаруашылық қызметтің басқа түрлері бойынша мәміле. Х.с.к-ш шаруашылық субъектілердің сыртқы экономикалық қызметінің негізінде жатыр.

Құрылымы мынадай бөлімдерден тұру керек:

Келісімшарт объектісі, Тауар саны, Тауар сапасы, Жеткізу мерзімі, Жеткізудің базистік шарттары,Бағасы,жалпы құны,Қапталуы, төлем шарттары,беру-қабылдау актісі, кепілдік бойынша шарттар, рекламациялар-(тауардың кемшіліктері туралы және сол кемшіліктің орнын толтыру туралы өтініш, претензия), айыппұл санкциялары және жоғалтуларды қайтару, форс-мажорлық жағдайлар, арбитраждық жазба, басқа шарттар, тараптардың заңды мекен-жайлары, сатушы мен сатып алушының қолдары

Талаптар: тараптар әр түрлі елде орналасу қажет, келісімшарт номері болу керек,үш сандар тобынан тұру керек, бірінші 3 сан ел коды, келесі 8 сан сатып алушының (сатушының) ұйымын білдіреді, одан кейінгі 5 сан сатып алушы(сатушы) ұйымы деңгейіндегі құжаттың реттік номері. Келісімшарт объектісі жеке, отбасылық немесе тұрмыстық мақсатта қолданылмайтын қозғалмалы мүлік болуы керек. Келісімшартқа қол кою мерзімі ДД.ММ.ГГ. түрінде қойылады. Тараптардың ұйымдарының толық ресми атаулары, және екі елдің толық атауы көрсетілуі қажет.

БҰҰ-ның халықаралық сатып алу-сату туралы конвенциясы (Вена конвенциясы) –халықаралық сауда ережелерін унификациялау (бірізділікке келтіру) мақсатында әзірленген халықаралық көпжақты келісім, 1980 жылы Венада қол қойылған.1988 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Конвенция 4 бөлімнен тұрады: 1бөлім- қолдану аясы және жалпы ережелер. 2бөлім-келісімшарт жасасу. 3 бөлім-тауарды сату-сатып алу. 4 бөлім-қорытынды ережелер. К-я мәтіні 101 баптан тұрады. К-я әр түрлі елде орналасқан тапартар арасында қолданылады.

Конвенция объектісі бола алмайды:

* Жеке пайдалану үшін сатып алынатын тауарлар;

* Аукционнан сатып алынған тауар;

* Акциялар, айналмалы құжаттар,акша

* Су және ауа көлігі

* электроэнергия

12 БИЛЕТ