Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері

4.1 Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

4.2 Нысаналы индикаторлары Нысаналы индекаторлар:

жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді  арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;

шикізат емес экспорт  көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

2020 жылға дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.

 4.3 Міндеттері Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:

өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен 1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге  дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.

 Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

         Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.

Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі.     

 Кепілдік берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.

Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.

         Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша банктің сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуіне алдын ала дербес бағалауды жүргізеді және оған өтініш берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған жобалардың тізбесін жібереді.

7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші өтініш берушіге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

8. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің хатын алғаннан және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін жобаға кешенді сараптама жүргізеді және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк кепілдік беру үшін қажетті құжаттарды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге және қаржы агентіне жібереді.

10. Қаржы агенті кепілдік беру алдындағы хатты банкке жібереді.

11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.

12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.  

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңартуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту  елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі

Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:

1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту  қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.

3. ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды немесе қайта жаңартуды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

4. ӨҮК шешімі Мемлекеттік бағдарламаның сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті органмен келісіледі және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге орындауға жіберіледі.

5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

 Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер  Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының  2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) сәйкес).

Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер.

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары

Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады.

Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.

Пайыздық  ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде 7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:

өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.

Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары

Кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. 

Екінші бағытты іске асыру тетігі

1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан әрі – ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.

2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса берілед:

Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;

төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;

кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар).

3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.

4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.

Егер борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және  ақпаратты толық ашу келісіміне  тиісті банк қол қояды.

Борышкердің  тілегі бойынша кредиторлар комитетіне

тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.

5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.

6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентіне жібереді.

7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным  әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.

8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге  Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.

9. Мемлекеттік комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзірлейді және материалдарды  Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.

10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:

банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзімін ұзарту;

Жоспар шеңберінде басқа да шаралар бойынша.

11. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.

12. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

Үшінші бағыт:

Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

тау-кен өнеркәсібі;

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.  

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.

2010 жылы банктердің, Бағдарламаға қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ  банк:

өтініш  беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;

өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

Одан әрі жылына бір рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы нарықтық шекті ставкадан аса алмайды.

Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының  70 %-ын құрайтын болады.  

4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері  Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;

жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:

бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;

үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

         1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.

         2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

         2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

         2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.

         2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері 

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

1)     жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;

2)     кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;

3)     экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

10 БИЛЕТ

1. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.

Еңбекақы бұл- жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақыны анықтайтын факторлар:

1 Жұмыс күші, құны қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындары:

- жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;

- оны мамандандыруға кеткен шығындары;

- оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.

Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әртүрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.

2 Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.

3 Жұмыс күшін біліктеу және еңбектік түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.

4 Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамды қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге және еңбекақы түріне берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді әр түрлі салық есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді.

Жалақы атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.

Атаулы табыс жалақы – бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және бірілген жалақысы.

Нақты жалақы бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы, нақты жалақы бұл атаулы табыс жалақының сатып алуға жарамдылығы.

Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:

- әділдігі, яғни тең еңбек, тең жалақы;

- істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;

- зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

- еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;

- ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау;

- еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;

- инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;

- өндірістің қажеттілігін ең үлкен денгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану;

Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың жалақыларының айырмашылықтары мынадан тұрады:

- мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігі шешімімен;

- мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты боады;

- мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

2. Әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда еңбекақының көп тараған екі нысаны: кесімді және мерзімдік.

Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол еңбегінің немесе машиналы қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады: дәл осы жағдайда өндірілетін өнім көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.

Кесімді нысаны мына жағдайларда қолданылады:

- тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;

- жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;

- осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін одан әрі арттыруды ынталандыру қажеттілігі;

- орындалған жұмыс көлемінің дәлме дәл есептеу мүмкіншілігі;

- техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.

Еңбекақының кесімді нысаны мына төмендегі жағдайларда пайдалануды ұсынуға болмайды:

- өнімнің сапасы нашарласа;

- техникалық ережелер бұзылса;

- жабдықтардың қызмет көрсетулдері нашарласа;

- қауіпсіздік техника талабы бұзылса;

- шикізаттар мен материалдар артық жұмсалса.

Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді.

Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.

Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы:

- егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тиігзе алмаса;

- егерде қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;

- ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданған жағдайда.

Еңбекке мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану шарттары:

- учаскелерде жұмыс орындарында жұмыстың бас көрсеткіші болып табылатын өнімнің және жұмыстың жоғары сапалылығын қамтамасыз ету;

- жабдықтарға қызмет көрсетудегі орындалған жұмыста, сол сияқты конвейерлік желістегі реттелмеген ырғақтар;

- жұмыстарда көп қажет ететін шығындарды есептеу және еңбекті мөлшерлеу, экономикалық мақсатқа сәйкес, сол сияқты қызметкердің еңбегі толық мөлшерлеуге келмейді;

- жұмыстарда нысандық мөлшерлеудің блуы және нәтижелерін ескеру, алайда бұл жұмыстардың өндірілімінің орындалуы негізгі көрсеткішке жатпайды.

Еңбекақының мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және мерзімдік сыйлықақы.

Қызметкердің еңбекақысының мерзімдік жүйесінде уақыттың бір бөлігінде анықталуы мүмкін:

ЕА жм= М х Т

Мұнда: М – жұмысшының тиісті разрядының сағаты тарифтік мөлшерлемесі;

Т- өндірісте нақты орындалған жұмыстың уақыты, сағаты (күндері).

Қызмткердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақысы жүйесінде мына формула арқылы анықталуы мүмкін:

ЕАмс= М х Т(1+М+К+П/100)

Мұнда: М- белгіленген көрсеткіштерді тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы

шартына сай орындалған сыйлықақы мөлшері (%);

К – белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және

сыйлықақы шартына сай проценттік сыйлық мөлшеру (%);

П- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және

сыйлықақы процентінің шарты.

Өндіруші қызметкер үшін еңбекақыны реттеу ұжымдық шарт арқылы жүзеге асады, ал басқару мен инженерлік техникалық қызмет жұмыскердің еңбегін төлеу жағдайын өзара шарт арқылы көрсетеді. Ол белгілі бір кезеңге жұмыскер ен әкімшілік арасында жасалады.

Еңбек нормалары еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.

Еңбек нормаларын енгізуді, айыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді. Қызметкердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн: осы жүйеге негізделген күнкөрістің ең төмен денгейі «ең төменгі жалақы» тұтыну игілігі және қызметінен тұрады. Жалақының ең төменгі мөлшері қабылданған заңмен анықталады.

Ең төменгі жалақы меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындарындағы еңбекақы базасы болып есептелінеді. Яғни кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйлықақысы ең төменгі жалақыдан кем болмауы керек.

2. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қорларын басқару. В ходе управления предприятием сталкиваются две тенденции. Первая заключается в том, что запасы материальных ресурсов различного вида необходимы.Вторая заключается в том, что они нежелательны. Каждая из этих тенденций порождена определенными причинами и находит отражение в методах управления запасами. Подходы к управлению запасами во многом зависят от вида материального ресурса. В ро-

ли такого ресурса в общем случае могут выступать:

· конечная продукция;

· незавершенное производство;

· материалы и полуфабрикаты.

В оптовой торговле – это конечная продукция (или товары). Существует ряд причин, по которым целесообразно стремиться к снижению уровня запасов. С ростом запасов увеличиваются следующие затраты и потери:

· прямые и косвенные затраты, связанные с хранением;

· затраты на управление запасами;

· потери, связанные со снижением отдачи от вложения вматериальные ресурсы;

· затраты, которые рассматриваются как скрытое падение мощностей, поскольку часть мощностей используется на производство запасов, а не готовой продукции;

· потери, связанные со снижением качества при хранении.

Некоторые из этих затрат являются косвенными и слабо вычисляемыми, но несомненно то, что политика снижения запасов до оптимального уровня способствует повышению эффективности производства. Попытки наладить если не научное, то хотя бы разумное управление запасами предпринимались давно. В частности, представляет интерес опыт 1920-х гг. по хозрасчетным снабженческо-сбытовым государственным синдикатам. Они связывали промышленность с рынком, не вмешиваясь непосредственно в производственную деятельность. Взаимодействуя с потребителями, они ослабляли монопольный диктат производителей. Устойчивую работу обслуживаемых трестов и предприятий эти синдикаты обеспечивали за счет создаваемых запасов, отпуская в случае необходимости дефицитные предметы сверх плана – на коммерческой основе. Сбытовые синдикаты получали с потребителей комиссионную долю в зависимости от надежности поставок [21]. Предпринимались и попытки автоматизации систем управления снабжением. Теория управления запасами считается относительно молодой отраслью исследования операций. Современные систе мы управления запасами зародились в США и ФРГ в 1960-1970 гг.

КЛАССИЧЕСКИЕ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ЗАПАСАМИ

С ростом объема одного заказа увеличиваются затраты на его хранение и снижаются затраты на приобретение и обработку заказа. Суммарные затраты на складирование могут иметь точку минимума, соответствующую оптимальному объему заказа (economic

order quantity, EOQ).Точка заказа – это используемый в системах контроля за состоянием запасов параметр, обозначающий нижнюю границу объема запаса на складе, при достижении которой необходимо делать очередной заказ на поставку товара. Различают две базовые системы управления запасами: с фиксированным объемом заказа и системы с фиксированным временем заказа [60]. Система с фиксированным объемом заказа Основное свойство системы с фиксированным объемом заказа (FOQ-системы) состоит в том, что каждый заказ на пополнение запасов имеет постоянную величину объема. При этом время подачи заказа может изменяться. Точка заказа достигается, когда объем запаса уменьшаются до критического уровня. Точка заказа определяется исходя из оценки ожидаемого расхода и поступлений товара. С прибытием очередной партии товаров объем запаса возрастает на фиксированную величину. В системе FOQ обычно предполагается непрерывный учет запасов. Этот учет обеспечивается немедленным отражением в базе данных всех операций, прихода и расхода ресурсов. Для системы FOQ основными являются две задачи: об объеме заказа и о точке заказа.