
- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. Салықтар: Корпорациялық табыс салығы, Жеке табыс салығы, Қосылған құнға салынатын салық, Акциздер, Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері ,Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Әлеуметтік салық ,Жер салығы, Көлік құралдарына салынатын салық, Мүлік салығы, ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
Салық салудың міндеттілігі принципі.Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.Салық салудың айқындылығы принципі.Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.Салық салудың әділдігі принципі. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлықсалық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды. 2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жасайды.3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс. Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.
2. Инвестиция түсінігі және өндірістегі негізгі қорлардың рөлі. Инвестиция түсінігі.Инвестиция туралы ұғым экономика саласының арнайы бөлігі болып табылады. “Инвестиция” термині латынның investire – “жұмылдыру,салым салу” сөзінен алынған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады. “Инвестициялау” термині өндірістік теорияда және жалпы макроэкономикада - жаңа капитал құру процесі болып табылса, қаржылық теорияда қазіргі кезеңдегі “шығын”, яғни болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Яғни, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы.Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапаларымен, қарқынымен анықталынады. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының сапалы жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді. Инвестиция қозғалысына ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары тәуелді.Инвестиция –бұл экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты маңызды фактор болып табылады. Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси және әлемдік шаруашылық шеңберінде сипаттайды. Инвестицияны қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан қарастырсақ, инвестиция – табыстың ең маңызды бөлігін құрайды. Өйткені, ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей бөліктерге бөлінеді: ауыл, орман және балық шаруашылығы; кен өндіру өнеркәсібі; өңдеу өнеркәсібі; сауда, автокөлік жөндеу; көлік және қоймалау; ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі; құрылыс; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; мемлекеттік басқару, білім және әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі.
Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Экономикалық категория ретінде инвестициялар келесі негізгі функцияларды атқарады:
* өндірістік және өндірістік емес сферадағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;
* айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;
* капиталды бір сферадан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельді инвестициялардың негізінде қайта құю үдерісі;
* басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.
Өндірістегі негізгі қорлардың рөлі. Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалымен болады. Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорлардың басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады. Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы
болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады. Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
* Өнеркәсіп,
* Құрылыс,
* Ауыл шаруашылығы,
* Автомобиль көлігі,
* Байланыс,
* Сауда,
* Ғимараттар,
* Құрылыстар,
* Машиналар,
* Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады. Өндірістік емес қорларға:
* Тұрғын-үй,
* Коммуналдық шаруашылық,
* Денсаулық сақтау,
* Білім беру,
* Мәдениет,
* Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды.
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады: − Үйлер; − Ғимараттар; − Өткізбелік тетіктер; − Күш машиналары; − Жұмыс машиналары мен жабдықтар; − Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары; − Тасымалдау құралдары; − Құрал-саймандар мен жабдықтар; − Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары; − Өнім және жұмыс малдары; − Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер; − Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді. Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді. Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады. Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады: − Негізгі қордың тозуы; − Амортизация; − Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар; − Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары. Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады: − Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты, − Өндірістің техникалық деңгейі, − Мамандыру және т.б. Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте: − Натуралды; − Ақшалай нысанда зерделенеді. Натуралды нысандағы құралдардың есебі: − Негізгі қорлардың техникалық құрамын; − Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын; − Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін; − Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік. Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі: − Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын; − Амортизациялық аударымдардың есебін; − Дайын өнімді тасымалдау құнын; − Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік. Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді: − Пайдалану түріне; − Запасты (резервті) құру түріне; − Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді. Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі: − Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер); − Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері; − Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері.
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады. Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады. Әрине, кез келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары ретінде қолданылып, негізгі қорларды және айналым қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі қорларды қайтарымын үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық базасы болып табылады. Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады. Негізгі құралдардың құрылымы бойынша барлық негізгі қорлардың жалпы құндылығының үлес салмағы ретінде анықталынады.Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.
3. Қазақстан Республикасы экономикасында қаржылық – өнеркәсіптік топтардың қызмет етуі Қаржылық-өнеркәсіптік топтар экономикалық көптеген салаларын топтастыратын бизнес құрылымдары. Сондықтан олар экономиканы алға сүйреуші күш ретінде бірінші кезекте коммерциялық мүддені көздейді және сол мақсатта әрекет етеді. Мемлекеттің міндеті – олигархиялық топтарға жағдай жасау. Егер мемлекет қаржылық-өнеркәсіптік топтарға бірдей көзқарас танытпаса, бөле-жарып қарайтын болса, онда олардың арасындағы қарама-қайшылық туындайды. Дамыған демократиялық елдерде қаржылық-өнеркәсіптік топтардың іс-қимылы заң жүзінде жолға қойылған және мемлекеттік биліктен тыс түрде емін-еркін кәсіпкерлікпен айналысады. Өркениетті елдерде мұндай бизнес құрылымдар трансұлттық корпорациялар деңгейіне жеткен. Біздің жас еліміз үшін күшті президенттік билік бақылауындағы ықпалды топтардың құрылымдық жүйесі тиімді. Аса ірі ұлттық компаниялардың мемлекеттік акцияларын шоғырландырған «Самұрық» холдингінің құрылуы сөзімізге дәлел. Ресей мен Қазақстанның қаржылық-өндірістік топтары арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Екі елде де олигархиялық топтар мұнай, газ, қара және түсті металлургия төңірегінде құрылған. Ресейде олигархтардың қызметін реттеу механизмін іске қосты. Бірақ ресейлік олигархиялық топтардың жартылай криминалды негізде пайда болғанын ескерген жөн. Дегенмен қаржы-өнеркәсіптік топтар Ресейдің мемлекеттік мүддесіне жақындай түсті. Өйткені Ресей шетелдік инвесторларды бұл салаға мүлде маңайлатқан жоқ. Ал Қазақстанда олигархия арасында шетелдік инвесторлардың үлес-салмағы әлі де күштірек. Сондықтан қаржы-өндірістік топтардың екі жақты ұстанымы сақталып қала береді. Экономикалық құрылымдардың жедел өзгеруі саяси процесті де тездетуді қажет етеді. «алдымен экономика, сосын саясат» қағидасын басшылыққа алдық. Бұл дұрыс шығар. Бірақ бізде саяси реформа тым кеш қолға алынды. 2001 жылғы олигархиялық топтардың шайқасы экономика мен саясатты қатар қоймағандықтан туындады деп есептеймін. Қаржылық-өндірістік топтардың саясатқа белсене қатысуы заңды және қоғам үшін қалыпты жағдай. Қаржылық-өнеркәсіптік топтардың саясатқа қатысуы, белсенділік танытуы, ықпал етуі – көптеген елдерге тән құбылыс. Дегенмен бұл жерде мәселенің екі жағын атап өткен абзал. Біріншісі, қаржылық-өнеркәсіптік топтар әр елдің өз ерекшеліктеріне сай қалыптасады. Мысалы, кейбір елдерде қаржылық-өнеркәсіптік топтар лобби жүйесі арқылы саясатқа тікелей араласып, өздерінің мүдделерін ашық көздей алады, тіпті ел басшысын сайлау не сайламаға да қауқары жетеді. АҚШ-тағы саяси жүйеге тән. Кейбір елдерде қаржылық-өнеркәсіптік топтардың ықпалы әлдеқайда әлсіз болғандықтан, олар жасырын түрде саясатқа ықпалын тигізе алады. Сондықтан бұдан шығатын ортақ қорытынды – қаржылық-өнеркәсіптік топтар бар елде олардың ықпалы да міндетті түрде болады. Екінші мәселе – қаржылық-өнеркәсіптік топтар қызметінің заңның талаптарына қаншалықты тиесілі немесе керағар саясат жүргізуіне саяды. Яғни ішкі және сыртқы саяси факторларға төтеп бере алатын тірегі мықты мемлекеттерде қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қызметі заңмен реттелгендіктен, мемлекет саясатына тікелей ықпал жасауға қабілетсіз болып келеді. Ал ішкі және сыртқы саяси факторларға төтеп бере алмаған мемлекеттерден береке қашып, шаңырағы шайқала бастайды.
Самұрық холдингі АҚ-ң қызметінің мақсаттары:
* Ұлттық компанияларды корпоративтік басқаруды жетілдіру;
* Ұлттық компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын максималдау;
* Қазақстанда қор нарығын дамыту.
Самұрық холдингіне кіретін компаниялар акцияларының мемлекттік пакеттері:
** ҚТЖ 100%
** Қазпошта 100%
** КЕГОК 100%
** Қазақтелеком 50% + 1 акция
** ҚазМұнайГаз 100%
Қазына АҚ қызметінің мақсаттары:
* Даму институттарын корпоративтік басқару деңгейін арттыру;
* Даму институттары арасындағы бақылауды жақсарту;
* Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін даму институттарының капиталы мен талпыныстарын біріктіру;
* Мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын жақсарту;
* экспорт пен инвестицияларды халықаралық нарықтарда өткізу үшін компанияларды қолдау.
Қазына АҚ кіретін акциялардың мемлекеттік пакеттері:
** Қазақстанның инвестициялық қоры 100%
** Қазақстанның даму банкі 100%
** Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры 100%
** Ұлттық инновациялық қор 100%
** Инвестицияларға қолдау көрсетудің қазақстандық орталығы 100%
** Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 100%
** Маркетингтік-талдау зерттеулерінің орталығы 100%
№ 9 БИЛЕТ
1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, оның құрамы, құрылымы және оларды тиімді пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады. Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады: Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады. Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты. Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады. Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға: − Өнеркәсіп, − Құрылыс, − Ауыл шаруашылығы, − Автомобиль көлігі, − Байланыс, − Сауда, − Ғимараттар, − Құрылыстар, − Машиналар, − Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады. Өндірістік емес қорларға: − Тұрғын-үй, − Коммуналдық шаруашылық, − Денсаулық сақтау, − Білім беру, − Мәдениет, − Спорт салаларына бөлінеді. Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды. Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады: − Үйлер; − Ғимараттар; − Өткізбелік тетіктер; − Күш машиналары; − Жұмыс машиналары мен жабдықтар; − Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары; − Тасымалдау құралдары; − Құрал-саймандар мен жабдықтар; − Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары; − Өнім және жұмыс малдары; − Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер; − Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді. Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді. Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады. Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады: − Негізгі қордың тозуы; − Амортизация; − Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар; − Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары. Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады: − Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты, − Өндірістің техникалық деңгейі, − Мамандыру және т.б. Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте: − Натуралды; − Ақшалай нысанда зерделенеді. Натуралды нысандағы құралдардың есебі: − Негізгі қорлардың техникалық құрамын; − Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын; − Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін; − Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік. Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі: − Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын; − Амортизациялық аударымдардың есебін; − Дайын өнімді тасымалдау құнын; − Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік. Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді: − Пайдалану түріне; − Запасты (резервті) құру түріне; − Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді. Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі: − Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер); − Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері; − Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді. Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады. Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады. Әрине, кез келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары ретінде қолданылып, негізгі қорларды және айналым қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі қорларды қайтарымын үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық базасы болып табылады. Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.
Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12
мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны; Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны; Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорларды функционирлену уақыты;
Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі
өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.
Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.
Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.
Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.
Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:
Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.
Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.
Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.
Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.
Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады: Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері - өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.
Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.
Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.
Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады
ФО = Q/Fc мұндағы, Q - өндіріс көлемі; Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет.
2. Трансұлттық корпорациялардың әлемдік экономикада алатын орны: түсінігі, қазіргі әлемдегі алатын ролі. Қазіргі таңда элемдік экономиканың дамуында ғаламдық корпорациялардың рөлі үлкен. Жалпы трансұлттық компания (корпорация) дегеніміз – бірнеше мемлекетте өндірістік бөлімшесі орналасқан компания. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуатты ұлғайта және халықаралық экономикалық қатынастар мен әлемдік экономикаға ықпал ете отырып, дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде маңызды экономикалық субъектісіне айналғанын сеніммен айтуға болады. Бұған көз жеткізу үшін UNCTAD-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныссақ болғаны.
Трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің 50%- аса, дүниежүзілік сыртқы сауданың 60%-ын, сонымен бірге жаңа техника, технология мен ноу-хаулардың патенттері мен лицензиялары әлемдік базасының 80%-ын басқарып отырады. ТҰК-дың үлесіне әлемдегі шетелдік тікелей инвестициялардың көп бөлігі тиеді, соның ішінде ең ірі ТҰК-дың алғашқы жүздігі жалпы әлемдік көлемінің 40%-ын қолында ұстап отыр [15].
ТҰК қызметінің өз аспектілерін көрсете отырып, олардың дүниежүзілік шаруашылыққа келесі бағыттарда айтарлықтай ықпал етеді:
* ресурстардың барлық түрінің оңтайлы үлестіру;
* өндірісті оңтайлы орналастыру;
* жергілікті монополиялардың бағдарын үзе отырып, бәсекелестікті күшейту;
* олардың арқасында жаңа тауарлар мен технологиялардың белсенді таралуы;
* олардың көмегімен халықаралық ынтымақтықты кеңейту.
ТҰК-дың дүниежүзілік қаржы-материалдық, техникалық және еңбек ресурстарын игеру саласындағы айқын артықшылықтары, осы ресурстарды экономикалық мақсатта және қызметтің тиімді түрлеріне біріктіру тәсілдері ТҰК-ға ұлттық компаниялармен салыстырғанда кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендету мен өндірістің эффективтілігінің жоғарылауына мүмкіндік берді.
Дүниежүзілік шаруашылықты халықаралық (трансұлттық) өндіріске айналдыра отырып, ТҰК оның процесі түрлі бағытқа тартады: техникалық деңгей, өнім сапасы мен өндіріс эффективтілігінен бастап менеджмент формасын жетілдіру мен компанияларды басқаруға дейін. Әлемнің жүздеген мемлекеттерінде орналасқан филиалдары мен кәсіпорындары арқылы олар бас компанияларында жасалынған бірыңғай ғылыми өндірістік және қаржылық стратегиясы бойынша жұмыс істейді, дүниежүзілік экономикалық жүйенің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ауқымды ғылыми өндірістік және нарықтық әлеуетке ие.
Тауар мен қызмет өндірісінің бірыңғай трансұлттық жүйесіне біріккен өндірістің айтарлықтай бөлігін шетелге шығару, онда фирмалар мен компанияларын құру ТҰК – ға өздеріне тиесілі ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша өздеріндегі бәсекелес артықшылықтарын іске асыра алады.
«Шетелдік тікелей инвестициялар түсінігі» үш компоненттен тұрады:
1) акционерлік капитал - тікелей шетелдік инвестордың шетелдік фирма үлесін сатып алуы;
2) басты компания мен шетелдік фирмалары мен кәсіпорындары арасындағы фирма ішілік займдар мен қарыздық келісімдер;
3) қайта инвестицияланған табыстар.
Трансұлттық корпорациялардың нақты экономикаға жасалған және мүмкін болатын кері әсері келесідей көрінуі ықтимал:
1) жергілікті компаниялар тарапынан отандық өндіріс пен ұлттық даму стратегиясын бақылаудан айрылуы;
2) трансұлттық корпорациялардың ішкі инвестицияларды шетелдік инвестициялауымен ысыруы және ұлттық нарықтан отандық компанияларды шеттету;
3) егер филиалдар өндірісі импорт көлемінің артуын қажет етсе, қабылдаушы елдің төлем балансы жағдайының нашарлауы;
4) елден сыртқа шығарылған капитал көлемі ұлттық экономикаға салынған тікелей шетелдік инвестициялардан артып кетсе, ұлттық экономиканың құлдырауына әкеледі;
5) қабылдаушы мемлекеттегі тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) зардаптарын қарастырғанда, инвестициялардың дамыған және дамушы мемлекеттердің экономикасына түрліше ықпал ететінін түсіну керек. Дамыған мемлекеттер ТШИ ағындарының белсенділігінен ұтады: өз мүдделері үшін басым әрекет ететіндіктен, олар әлем мемлекеттерінің 1/3-нің экономикалық дамуын анықтайды. Бұл елдерге ТШИ ағыны онсызда жоғары дамыған экономиканың одан әрі өрлеуіне қосымша әсер етеді.
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық бизнеске қатысуы көп мағыналы және бірнеше деңгейден тұрады. Ең алдымен олар халықаралық еңбек бөліндісінің қазіргі формасының және халықаралық деңгейдегі бәсекелестіктің белсенді қатысушылары болып табылады. Жекелеген мемлекеттер шеңберінде олар жергілікті және өзге халықаралық компаниялармен шикізат және тұтыну нарығына, сонымен бірге, жергілікті дотациялар мен өзге жеңілдіктер үшін бәсекелеседі.
Осы күрделі және даулы жүйе шеңберінде ТҰК-ң мемлекетпен және үкіметпен қарым-қатынасының екі сферасы бар: біріншісі, халықаралық корорацияның басты құрылымы мен өз елінің (түпнегізі орналасқан ел) үкіметі арасында, екішісі, трансұлттық корпорация мен қабылдаушы елдің үкіметі арасында.
ТҰК –ң аса дамымаған, сонымен қатар, дамушы елдермен қарым-қатынасы қиынырақ жүзеге асуда. Оның себебі екі жақтың экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады. Кей жағдайда ТҰК елдердің қарастырылып жатқан тобына белгілі пайда да әкелуі мүмкін:
* ұлттық өнеркәсіптің кейбір салаларына алдыңғы қатарлы өндірістік технологияларды алу;
* дамушы елдерді шикізат экспорттаушы елден дайын өнім шығарушы елге айналуына ықпал ету;
* технологиялық инновация процестерін жеделдету;
* жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылату және корпорацияның жергілікті жұмысшыларының табысының көбеюі;
* басқару және т.б тәсілдерін жаңғырту.
Алайда ТҰК-ң дамушы елдермен қарым –қатынасының тәжірибесі осы қабыладаушы елдердің экономикасына трансұлттық капиталдың теріс ықпалы да бар екенін көрсетеді. Мұндай ықпалдың басты себептерін атасақ:
* ТҰК-ң жергілікті компаниялармен қатаң бәсекелес болу мүмкіндігі;
* Қабылдаушы елдің және экологиялық тұрғыдан қауіпті технологияларды тастайтын жерге айналу қаупі;
* Шетел компанияларынң қабылдаушы елдің жоғары дамыған және өндірістің перспективті салаларын жаулап алуы;
* Қабылдаушы елдің компанияларына еңбек бөлінісі жүйесінде трансұлттық корпорациялар тарапынан перспективсіз салаларды іліп қою мүмкіндігі;
* Трансұлттық корпорациялардың басып алу бағыты инвестициялық процестің тұрақсыздығына әкеледі. Маңызды қаржы құюмен байланысты ірі инвестициялық жобалар белгілі тұрақсыздығымен ерекшеленеді – олар ұзақ мерзімді дайындықсыз жүзеге аса алмайды және кенеттен айтарлықтай шығынсыз аяқтала алмайды. Басып алу саясаты керісінше қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі;
* Трансұлттық корпорациялардың басымдық жағдайы дағдарыс кезінде қалаған әрекеттерге баруға мүмкіндік береді. Мысалы, жұмыссыздыққа және өзге теріс құбылыстарға әкелетін кәсіпорынды жабу, өндірісті қысқарту;
* Мемлекеттің басқадай себептерге байланысты бәсекеге қабылеттілігі төмендеген жағдайда, трансұлттық корпорациялардың өзгеруіне байланысты өндірісті қысқартуға түрлі себептерді көбейтуге бейімдігі;
* ТҰК өз қызметін іске асырып жатқан мемлекеттердің экономикалық саясатын жүзеге асыруға қарсы әрекет жасау;
* Қабылдаушы ел заңдарын бұзу. Трансфертті бағалар саясатын басқара отырып, ТҰК сол елдегі филиалдары немесе жеке кәсіпорындары табысын бір елден екінші елге ауыстыру арқылы салықтан жалтарып, ұлттық заңнамаларды бұзады;
* Дамушы елдердің мүдделерін ескермейтін монополиялық бағаларды қою шарттарға өктемдік ету.