
- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).
Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы.
Экономиканы реттеу әдістерін қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріне, ықпал жасауына қарай 2 түрге бөледі: тікелей және жанама.
Тікелей реттеу әдістері немесе әкімшілік реттеу әдістері экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етуімен байланысты. Олар белгілі бір адрестік сипатта болады және қандай да бір объектіге бағытталады..
· мемлекеттік сатып алу;
· орталықтандырылған күрделі қаржы салу;
· кәсіпорындар мен салаларға бөлінген дотациялар мен субсидиялар;
· әлеуметтік саясат
· бағалар мен табысты реттеу;
Жанама реттеу әдістері немесе экономикалық әдістер адрестік сипатта емес, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті. Олар экономикалық қызмет жағдайлары мен нәтижелеріне әсер етеді.
Экономикалық әдістер жиынтық сұраныс пен ұсыныс,
* капиталдың шоғырлануы,
* экономикалық және әлеуметтік жағдайларды тұрақтандыру,
* экономикалық өсімге қол жеткізу,
* баға мен пайда динамикасына ықпал
* еңбекпен қамту және мамандарды даярлау
* өндіріске жаңалықтарды еңгізуді ынталандыру
* фискальдік және амортизация саясаты
* бәсекелестікті ынталандыру
* инфроқұрылымды құру және аймақтық саясат
* мемлекеттік болжамдау және бағдарлау
2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
Мемлекеттік сыртқы сауда саясатының нақты мақсаттарына байланысты оның түрлі келесідей реттеу құралдары болады, олар:
1) тарифтік шектеулер (кедендік баж);
2) бейтарифтік шектеулер.
Тарифтік реттеу кеден тарифтері мен салықтарын енгізумен байланысты.
Кеден тарифі – бұл елдің кедендік шекарасынан өтетін тауарларға қолданылатын баж салықтарының мөлшерлемелерінің жиынтығы.
Кеден тарифі келесідей бірнеше қызметтерді атқарады:
- ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғайды;
- мемлекет бюджетіне түсімдер түсірудің көзі болып табылады;
- ұлттық тауарлардың шетелдік нарықтарға шығу жолдарын жақсарту құралы.
Кедендік баж – мемлекеттің кеден шекарасын кесіп өту барысында тауарлар импорты мен экспортына салынатын салық. Кеден тарифтерін жіктеу кезінде түрлі белгілер қолданылады:
Салу объектісі бойынша:
импорттық салықтар. Елдің нарығында еркін айналатын импорттық тауарларға салынады. Ұлттық тауар өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау үшін әлемнің барлық елдері қолданатын салықтардың басым нысаны болып табылады.
экспорттық – экспорттық тауарларға салынатын салықтар. Ол өте сирек қолданылады, себебі олар әлемдік нарықта тауар құнының қымбаттауына әкеліп соқтырады.
Сипаты бойынша:
маусымдық – маусымдық сипаттағы өнімдердің халықаралық саудасын тез реттеу үшін қолданылатын салық, Олардың салыну мерзімі бір жылда бірнеше айдан аспайды.
антидемпингтік (демпингке қарсы) – елге экспорттаушы елдегі жай бағаға қарағанда төмен бағамен тауарлар әкелінген кезде салынатын салық.
компенсациялық салық - өндіріс кезінде тік және жанама субсидия қолданылған тауарлардың импортынан өндірушінің тауарына зиян келген жағдайда қолданылатын салық.
Шығуы бойынша:
автономды – елдің мемлекеттік басқару органдарының біржақты шешімі негізінде салынатын салықтар.
конвенциялық – ГАТТ немесе кедендік одақ туралы келісім тәрізді екіжақты немесе көпжақты келісімдер негізінде бекітілген салықтар.
преференциалдық – дамушы елдерден шығатын тауарлардың көпжақты келісімі негізінде салынатын, күнделікті орындалатын кедендік тарифтермен салыстырғанда аса төмен мөлшерлемеге ие болған салықтар.
Салықты алу бойынша:
арнайы – тауардың салмағы, көлемі, қуаттылығы бірлігінен ақша қаражаты түрінде, айталық, астықтың әр центнері үшін 1 доллар шамасында салық салу.
адвалорлы – тауар бағасына пайыз түрінде есептеледі. Бұндай салық түрі машина-техникалық бұйымдардың импорты кезінде өте қолайлы болып саналады. Бұл салық үлесіне барлық кедендік баждардың 70-80%-ы келеді.
аралас – кедендік салықтардың жоғарыда аталған екі түрін үйлестіреді.
Мөлшерлеме түрлері бойынша:
тұрақты – түрлі жағдайларға байланысты өзгермейтін мемлекеттік басқару органы бір уақытта мөлшерлемелерін бекіткен кедендік салық.
айнымалы – мемлекеттік органдардың шешімі бойынша мөлшерлемесі өзгеріп отыратын кедендік салық. Ол Батыс Еуропада қолданылады.
Бейтарифтік реттеу шараларына мыналар жатады:
- квоталау, лицензиялау, эмбарго, валюталық бақылау, экспорт-импорт операцияларына салынатын салықтар, субсидиялар, әкімшілік кедергілер.
Квоталар – тауардың экспорты немесе импортына біржақты тәртіппен немесе келіссөздер мен келісімдер арқылы орнатылатын сандық шектеулер.
Лицензиялау – экспорт-импорт операцияларын жүргізуге мемлекеттік органмен берілетін арнайы рұқсат.
Лицензиялаудың басты түрлері: а) автоматты, белгілі бір уақыт аралығында тауарларды еш кедергісіз шығаруға (әкелуге) рұқсат беру; б) бір жолғы, белгілі бір тауарды нақты экспорттаушыға/импорттаушыға оның санын, құнын, шыққан елін, жіберілетін елін және кеден бекетін көрсетумен шығаруға (әкелуге) рұқсат беру.
Экспортты-импорттық операцияларға салынатын салықтар: бұндай салықтар кеден баждарымен қатар әкелінетін тауарларға салынады.
Импорттық депозит импорттаушы тауарды шетелден сатып алу алдында ұлттық немесе шетелдік валютамен банкке төлеуі тиіс кепіл нысанының бір түрі болып табылады, ол импортталатын тауардың құнының бір бөлігін құрауы тиіс.
Субсидиялар – мемлекеттік бюджет қаражаттарынан импортты алмастыратын өнімді отандық өндірушілерге ақшалай түрде бөлінетін түрлі жәрдемақылар, олар одан да арзан импорттық тауарлармен бәсекелесуден қорғау мақсатында бөлінеді.
Әкімшілік кедергілер – ұлттық нарықта сатылатын тауарлардың тұтынушылық қасиеттеріне, сондай-ақ оларды өндіру мен сату жағдайларына байланысты шектеулер. Мысалы: техникалық стандарттар, санитарлық талаптар, орау талаптары және т.с.с
Әрбір ел әлемдік экономикада немесе жекеленген тауарлар нарықтарда әр түрлі орын алады.Өз мүддесін қорғау мақсатында халықаралық саудада қатысушылар белгілі бір іс-әрекеттер қолданылады.Яғни,осы салада арнайы саясат жүргізеді:халықаралық сауда саласында негізгі екі түрлі бағыт бар:халықаралық сауда саясаты;сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық сауда саясаты-бұл әлем елдің көпшілігі қолданатын д.ж. сауда ұйымы жүргізетін жалпы саясаты және бұл сияқты халықаралық сауданы либерализациялау болып табылады.Сыртқы сауда саясаты-мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарын орындауға мақсатты түрде бағытталған саясаты.Сыртқы сауда саясатының мақсаттары:
Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне ену деңгейі мен тәсілін өзгерту
Экспорт пен импорт көлемін өзгерту
Елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету
Экспорттың және импорттың бағасының ара-қатынасын өзгерту
ССС-ң негізгі екі бағыты бар:
Еркін сауда саясаты
Протекционизм
Еркін с.с-ң мазмұны мемлекеттің сыртқы саудаға тік араласпай,сауданы реттеу ролін нарыққа қалдырады.Бірақ ол шартты субьектісіне еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім шарт жасасады.ЕСС қарағанда протекционизмді қолдануда нарықтық күштің еркін қимылы болмайды.Себебі әлемдік нарықтағы елдердің экономикалық потенциалымен бәсеке төзімділігі әр түрлі:сондықтан нарықтық күшінің қимылы нашар дамыған елдер үшін тиімсіз болып табылады.Шетелдік мемлекеттер тарапынан болатын шексіз бәсеке дамушы елдерде экономикалық дағдарыспен осы ел үшін тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкеледі:протекционизм елдің ішінде өндірістің белгілі бір саласын дамытуға әсер етеді.Соған байланысты прот-м жұмысы азаяды.
Бірақ бүл саясатты ұзақ мерзім бойы қолдану экономикалық дағдарысқа алып келеді.Себебі,шетел бәсекені алып тастаса,отандық кәсіпкерлер өзінің техникалық деңгейін және өндіріс тиімділігін арттыруға қызығушылығы төмендейді.Өзінің ең жоғары сатысында протекционализм экономикалық авторкия формасында көрінеді.Мұндай жағдайда елдер импортты тек сол елде жоқ тауарлармен ғана шектейді.Протекционализм дамыған және дамушы елдерде де қолданылады.Мемлекеттің сыртқы сауда саясатының негізгі құралдары түрлі шектеулер мен тыйым салулар,сонымен бірге көпжақты және екіжақты келісім шарттар түрінде де көрінеді.Нарықтық экономика жағдайда сыртқы саудадан түскен табыс көлемінің азаюына әсер ете отырып,шаруашылық субьектінің мемлекеттік саясатының мақсатына сәйкес жұмыс жасауға келістіреді.Мұндай құралдарға тарифті немесе бейтарифті кедергілер жатады.Сауда саясатының жасырын әдістері.Көптеген елдерде біржақты шектеулер арқылы экспорт-импорттық шектеуге көмегін тигізетін жасырын протекцияның бірнеше түрлері бар,олардың негізгілері:
Технологиялық кедергілер-ұлттық техника және әкімгершілік және т.б. ережелер мемлекетке тауар әкелуге кедергі жасауға негізделіп құрылған сауда саясатының бір әдісі.Ең жиі таралған түрі-технологиялық сипаттағы кедергілер.Мысалы,сапалық сертификат алу,тауардың арнайы қапталуы немесе маркіленуі немесе белгілі бір санитарлық ережелердің сақталуын қадағалау.
Ішкі салықтар және алымдар.Импорттық тауардың ішкі бағасын көтеру арқылы оның ішкі нарықтағы бәсекелестік қабілетін төмендетуге бағытталған мемлекеттің сауда саясатының бір түрі.Бұл жерде салықтар дискриминациялық роль атқарады.
Мемлекеттік сатып алу саясаты-мемлекеттік орган мен кәсіпорындар тауарларды ұлттық фирмалардан ғана сатып алуды талап ететін сауда саясатының жасырын әдісі.Бұл тауарлар импортының тауардан да қымбат болуы мүмкін.
Жергілікті компоненттерді сақтауды талап ету.Ішкі нарыққа сатуға бағытталған тауардың ұлттық өндірушілер арқылы өндірілу үлесін заңды түрде белгілейтін мемлекеттік сауда саясатының жасырын әдісі.Көбіне импортты алмастыру саясаты негізінде дамушы елдерде қолданылады.
Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер – біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.