Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.

 Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:  -Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;  -шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;  - шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;  -шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  -шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу; -шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;  -шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;   -шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, -өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;  -қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;  -өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;  -Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.        Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.

Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн беру (сату, жалға беру) олардың облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жазбаша өтiнiшi бойынша жердi сатып алғаны немесе оны жалға алғаны үшiн сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.        Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша бiрiктiрiлетiн қуат үшiн ақы төлеуден босатылады.        Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн.        Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн мемлекеттік меншiктiң бiр жылдан астам пайдаланылмаған объектiлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.        Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң меншiк иесi құқығының құжаттарын ресiмдеу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі. 

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берудiң оңайлатылған рәсiмдерi мен нысандарын көздейтiн тәртiппен табыс етiлуi мүмкін. 

Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк салалық және аймақтық бағдарламалар шеңберiнде осы қызметтi қаржыландыру жолымен, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк меншiктi үйлердi, ғимараттарды, өндiрiстiк үй-жайлар мен өзге де мүлiктердi жеңiлдiкпен беру жолымен шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi. 

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мыналарды:

  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;

  • шағын кәсiпкерлiктi дамытудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеудi;

  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;

  • оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;

  • шағын кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды;

  • шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесiн жасауды;

  • мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алудың кепiлдендiрiлген көлемiн қамтамасыз етудi;

  • жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту:

1) қаржылық қолдау көрсету;

2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;

4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;

5) өнеркәсiп өндiрiсiн ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:

1) мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдендiрiлген көлемiн сатып алу.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды;

2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру;

3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;

4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды iске асыру;

5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.

4. Мемлекет тарапынан шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдауды негiзгi мақсаты қаржылық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету болып табылатын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылатын арнайы қор жүзеге асырады.

Қордың негiзгi мiндеттерi:

1) жобалық қаржыландыру;

2) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуымен микрокредиттiк ұйымдар желiсiн дамыту;

3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктерден олар кредиттер алған кезде кепiлдiк беру жүйесiн жасау;

4) қаржылық лизингтi дамыту;

5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқыту және консалтингiлеу;

6) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн сапа менеджментi жүйесiн ендiру жөнiндегi операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесiн дамыту болып табылады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредит берудi қор тартылған және өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қарыздар бiрiншi кезектегi тәртiппен берiледi.

27 БИЛЕТ