Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.

Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Жалпы түрде өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

- сапа көрсеткіштері номенклатурасын анықтау және оның қажеттілігін және жеткіліктілігін нақтылау;

- сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістерін жасау немесе таңдау; - бағаланушы өнімнің сапа көрсеткіштерінің фактілерін анықтау үшін бастапқы мәліметтерді және базалық көрсеткіштер мәндерін таңдау; - сапа көрсеткіштерінің фактілі мәндерін анықтау және оларды базалық мәндермен салыстыру;

- мүмкін болатын шешімдердің нұсқаларын салыстырмалы талдау және ең үздігін табу;

- басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нұсқауларды негіздеу. Аталған кезеңдердің әрқайсысының мазмұны және олардың әрқайсысындағы жұмыстардың көлемі елеулі түрде өнім сапасын бағалау мақсаттарына байланысты болады. Бағалау мақсаттары келесілермен негізделеді: сапаның қандай көрсеткіштерін қарастыру үшін таңдау қажет, олардың мәндерін қандай дәлдіктермен және қандай әдістермен анықтау қажет, ол үшін қандай құралдар қажет болады, қалай өңдеп және бағалау нәтижелерін қандай формада ұсыну қажет, мүмкін болатын шешімдердің қандай нұсқаларын өзара бір бірімен салыстыру қажет және нұсқауларды негіздеу кезінде қандай сұрақтарға жауап беру және т.б.

Сапа көрсеткіштерін таңдау өнім қасиеттерінің сандық сипаттамаларын, яғни өнім сапасы құрамына кіретін және өнім сапасы деңгейін бағалауды қамтамасыз ететін сандық сипаттамалардың атауларының тізімін анықтайды. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді. Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б. Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:

Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.

Сенімділік көрсеткіші – өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.

Технологиялық көрсеткіш – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін

сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.

Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші – бұл өнімді стандарттармен, біріңғай және түпнұсқаулық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.

Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезіңде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазтқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.

Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.

Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.

Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.

Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.

Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:

· экперименталды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға бағытталған;

· органолептикалық, баллдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;

· әлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мәліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;

· Эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.

Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.

1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы

· түзетулер мен ақаулар көлемі;

· жұмыс нарядтарындағы қателіктер;

· ақаулықтары бар өнім пайыздары;

· дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі.

2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия

· мерзімі өтіп кеткен төлемдер;

· қате бухгалтерлік жазбалар;

· ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты;

· шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер.

3. Жоба-конструкторлық бөлім:

· бір сызба есебіне өзгерістер саны;

· жобаны талдау барысында пайда болған қателіктер саны;

· зерттеу барысында пайда болған қателіктер саны.

4. Маркетинг бөлімі:

· болжамдық жорамалдардың дәлдігі;

· дұрыс құрылмаған тапсырыстар саны;

· келісім-шарттағы қателіктер;

· өнімді көптеп сатып алу.

5. Материалды-техникалық қамту бөлімі:

· артықшылық запастар;

· материалды алу уақыт циклы;

· материалдардың жетіспеушілігінен туындаған өндірістік тоқтау.

6. Ақпараттық қызметтер:

· кестеден тыс шығарылған өнімдер есебінің саны;

· бағдарламада табылған қателіктер;

· мәтіндегі қателіктер саны;

· ақпаратты алу уақыт.

7. Жабдықтар саны:

· техникалық көрсеткіштер (қуаттылық, дәлділік, ресурс шығындарының үлесі);

· сенімділік;

· эргономикалық (ыңғайлылық, автоматтандыру, қауіпсіздік) және эстетикалық қасиеттер;

· экономикалық параметрлер.

Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, (инновация әкелу)шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларда қолданылатын шикізаттар, материялдар, жабдықтардыдың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

* өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизімін қосу;

* тұтынушыға және барлық өнірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

* өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту;

2. Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстардың түрлері.

2) Өтімділік көрсеткіштері

Өтімділік (Өтемпаздық)– пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы.

Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (агымды актявтер / ағымды міндеттемелер) Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялык іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі пайда. Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталы- ның оңтайлануы (ақша каражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 ара- лығында өзгеріп отырады.

Жабу коэффициенті (ағымды активтер / агымды міндеттемелер), Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді. Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді,есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / агымды міндетгемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, кысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді. Запастарды жабудагы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шыгындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін керсетеді.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы - ұзақ мерзімді жоспарлардагы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дэрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзак мерзімді жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.

Көрсегкіштері:

Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы / активтер). Кәсіпорын жұмысына кажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін керсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.

Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер /меншік капиталы) - меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіштің динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе (немесе 100 %), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.

Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым қаражаттары / меншіктік капитал . Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс-әре-кеттерді қаржыландыруға жұмсапатынын көрсетеді.

¥зақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффицивнті (ұзақ мерзімді міндетгемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.

Меншіктік және тартылган қаражаттардың арақатынас коэффициепттері ( тартылған капитал / меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағаламасын көрсетеді. Оныц 0,155-ке тең белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5 тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.

5)Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар : өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі табыс; салық салынғаннан кейінгі табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден алынатын табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.