Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.

Халықаралық экономикалық ұйымдар - елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін және тауарлардыңкапиталдыңжұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық үкімет аралық ұйымдар. Қазіргі Халықаралық экономикалық ұйымдардың басым көпшілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келді. Олардың қызметінің негізгі бағыттары: әлемдік сауда ережелерін, халықаралық есептесулер мен тасымалдарды ырықтандару және жетілдіру; аймақтық экономикалық ынтымақтастықты күшейту; қатысушылары арасында тең құқықты және өзара тиімді катынастар орнатуға, өнеркәсііттік дамуда артта қалған елдер үшін Қолайлы режим белгілеу. Жетекші Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінде АҚШ ерекше рөл атқарады. Мүның өзі АҚШ-тың соғыстан кейінгі кезеңдегі басым саяси және экономикалық жағдайына байланысты болды, нәтижесінде АҚШ Батыс Еуропа мен Азия елдеріне соғыстан күйреген экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуде жетекшілік рөлді өз қолына алды. Американ үкіметінің бұл күш-жігері Еуропада Маршалл жоспары, Азияға, әсіресе Жапония мен Қытайға көмектің түрлі бағдарламалары нысанында көрініс тапты. 1940 жылдың аяғында АҚШ-тың белсенді бастамашылығымен және басым рөлімен өткен көп жақты келісімдердің шешімдері негізінде бірнеше халықаралық ұйым, соның ішінде: Халықаралық валюта қоры(1944), Халықаралық жаңғыру және даму банкі (1945), Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (1945), Біріккен ұлттар ұйымы (1949) құрылды. Басты халықаралық сауда ұйымы Дүниежүзілік сауда ұйымы. Ең жас және өкілдікті халықаралық сауда-экономикалық ұйым —БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы. Кеден ресімдерін бірегейлендірумен, оңтайландырумең оларды барынша азайтумен айналысатын Кеден ынтымақтастығы кеңесі көбінесе сауда байланыстарының тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.[1]

24 БИЛЕТ

1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.

Мамандандыру үрдісінің тереңдеуіне және дамуына табиғи факторлар әсер етеді (климат, топырақ), сонымен қатар шаруашылықтың орналасуы өнімдерді өткізу нарығына көп әсерін тигізеді.

Қолайлы табиғи жағдайларында орналасқан ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарында, күнделікті сұраныста болатын (сүт, көкөніс т.б.), көлікпен аз тасымалданатын және тез бүлінетін өнімдердің дамуына мүмкіндік береді.

Өндіріс шоғырландыру - бұл өндірісті, еңбек күшін және өнім шығуын нығайтады. Кәсіпорынның бұл артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Олар, кәсіпорынның тұрақтылығын шектейді, кәсіпорын басқаруын төмендетеді.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығындағы шоғырландыру, орталықтандыру, құрамдастыру және кооперациялау жолымен жүзеге асырылады. Орталықтандыруда ұсақ шаруашылықтар ірі кәсіпорындарға біріктіріледі.

Құрамдастыру бір кәсіпорында шаруашылықтың қолында бар ресурстар мен шикізатты пайдалану мақсатымен ауылшаруашылығы өнімін өндіруді және ұқсатуды бір кәсіпорында ұштастыру, негізгі өндірісті қосымша өндіріспен ұштастыру болып табылады. Кооперациялау – кәсіпорындарды олардың дербестігін сақтай отырып, өнімнің белгілі бір түрлерін бірлесіп өндіру үшін біріктіру.

2. Энергоресурстардың әлемдік нарығы. Мұнай-газ әлемдік нарығының жағдайы.

Қазіргі таңда мұнай мен газ әлемдік энергиялық ресурстар нарығында алдыңғы орындарға ие. Көмір және басқа энергия көздеріне қарағанда, мұнай мен газ тек экономикалық қана мағынаға ие болып қоймай, саяси қатынастарда, стратегиялық дамуда, сонымен қатар, әскери қақтығыстардада маңызды рөл атқарады

Мұнай және газ қорлары, біз білетіндей, жер шарында біркелкі таралмаған. Кейбір мемлекеттер қатары, әсіресе, Шығыс араб елдері 100 және одан да көп жылға жетерлік мұнай қорын, 200–300 жылға жетерлік газ қорын иемденеді. Сонымен бірге, Таяу Шығыс елдерінің мұнайы әлем елдерінің барлығына шығарылса, газды игеру жөнінен біршама қиындықтар болса, ал Жапония, Сингапур, Гонконг сияқты индустриалды дамыған мемлекеттер мұнай және газ қорын иемдену құқығынан толық айырылған. Сомнымен Еуропаның оңтүстігі, Африканың оңтүстігі және Американың оңтүстігінде де мұнай және газ қоры жоқтың қасы.

Осыдан келе, жалпы жер шарында сұраныс пен ұсыныс балансталады, бірақ сонымен қатар, Қытай және Жапония мемлкеттерін газбен қамтамасыз ету қиындығы туындайды. Олар газды сұйытылған күйде тұтынады. Өзбекістан және Түрікменстан сияқты мемлекеттер табиғи газ қорының маңызды бөлігіне ие болғанымен, Батыс Еуропаға шығаратын тікелей жол жоқ. Осы сияқты жеке сұраныс пен ұсыныс нақты шешімдерді қажет етеді. Мұнай экспортына байланысты сұраныс пен ұсынысты ОПЕК ұйымымен реттеледі. Ұйыммен жыл сайын, шикі мұнай экспортына квота (норма), сонымен қатар, әлемдік бағаның деңгейі бекітіледі.

Қазіргі уақытта, мұнай және газ нарығының қалыптасуы нақты заңдылықтарға сүйенеді. Мысалыға, еуропалық мұнай нарығындағы Батыс Еуропа елдеріне негізгі жеткізушілер Шығыс араб елдері табылады. Шығыс Еуропа және ТМД елдеріне негізгі жеткізуші –Ресей. Батыс Еуропа нарығында Ресей тек Швейцария және Ирландия мемлекеттеріне белгілі. Батыс жарты шары нарығын Венесуэла, Мексика, Канада, Аргентина, Бразилия елдері қамтамасыз етеді. Африка континентіндегі негізгі жеткізушілер болып, Нигерия, Ливия, Алжир, Ангола табылады. Азиялық мұнай нарығын Қытай, Қазақстан, Иран, Индонезия, Аустралия елдері қамсыздандырады.

Әлемдік газ нарығында күш ара‑салмағы басқаша қалыптасқан. Батыс және Шығыс Еуропаға басты жеткізуші Ресей болып табылады. Бұл мемлекеттің мынадай мемлекеттермен сенімді байланыс орнатты: Германия, Франция, Италия. Ресей жалпы Еуропа нарығында басыңқы күшке ие. Біртіндеп Нидерланды және Норвегия нарықта бәсекелеске айналуда. Батыс жарты шарда негізгі газ жеткізушісі АҚШ және Канада болып табылады. Африка континентінде өндіруші және жеткізушісі –Алжир. Азия нарығындағы көп мемлекеттер сұйытылған газды теңіз жолыменн тасымалдау арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Жалпы әлемдік энергобалансының мұнай-39%‑ын, көмір-27%, табиғи газ-24%, ядролық отын-7,5%, гидроэнергия шамамен-2,5% мөлшер алады.

Мұнай әлемдік стратегиялық энергоресурс болып табылады. Әдетте, экспортерлер артықшылыққа ие. Ал импортерлер, жеткізушілерге және мұнайдың әлемдік бағасына, біршама тәуелді болады. Сондықтан әрбір ел жеке кеніш немесе ең болмағанда сенімді жеткізушілерге ие болғысы келеді. Ал кейбір ел өзінің географикалық жағдайын пайдаланып, мемлекет территориясының транзит ретінде қолдану арқылы, өздеріне шикізат тарифін азайтуға тырысады. Жалпы әрбір жеке мемлекет ағымдағы уақытта өздерінің жағдайынан масималды пайда алуға ұмтылады. Бірақ, мұнайды өндіру және тұтыну мөлшері арасында біршама айырмашылық бар. Мысалы, әлемдік мұнай өндірісінің 32,6%‑ын қамтамасыз ететін Таяу Шығыс, тұтыну бойынша әлемдік мұнайдың 9,2%-ын ғана иемденеді. Қазіргі таңда мұндағы мұнайдың дәлелденген қоры 108200 млн. т құрайды. Әлемдегі мұнай экспорттайтын елдердің саны 11. Оларды аймақ бойынша бөліп қарастырсақ:

• Азия айиағы (Таяу Шығыс): Сауд Арабия, БАӘ, Иран, Ирак, Катар.

• Еуропа аймағы: Норвегия, Ресей, Ұлыбритания.

• Америка аймағы: Канада, Мексика, Венесуэла.

• Африка аймағы: Нигерия, Ангола, Алжир. 

Әлемдік энергобаланста газ үшінші орынды иеленеді, бірақ әлі күнге дейін, 2000ж басындағы оптимистік болжамға қарамастан, өзінің потенциалын игере алмай келе жатыр.

Кесте- 2012ж. мұнайды өндіру, тұтыну және ағымдағы қорының көлемі.

Әлемдік нарықтар

Мұнай қоры

Мұнай өндіріс

Мұнай тұтыну

Өндірістің тұтынуды қам/з етуі

млн.т

%

млн.т

%

млн.т

%

млн.т

Таяу Шығыс

108200

46,2

1301,4

32,6

371,0

9,2

+930,4

Оңтүстік Америка

50500

21,6

379,9

9,5

289,1

7,1

+90,8

Солтүстік Америка

33500

14,3

670,0

16,8

1026,4

25,3

-356,4

Еуропа, Солтүстік және Орталық Азия

19000

8,1

838,8

21,0

898,2

22,1

-59,4

Африка

17600

7,5

417,4

10,4

158,3

3,9

+259,1

Қытай, Оңт. Шығыс Азия, Аустралия

5500

2,3

388,1

9,7

1316,1

32,4

-928,0

Жалпы әлемде:

234300

100

3995,6

100

4059,1

100

-63,5

01.01.2012ж. жағдайы бойынша алынатын әлемдік мұнай қорының көлемі 24300 млн. т. деп бағаланады. Мұнай қорының маңызды бөлігі 108 200 млн.т немесе 46,2 %‑ы Таяу Шығыста шоғырланған. Парсы Шығанағындағы бес мемлекет сегіз алып мұнай державаларына жатады: Сауд Арабия, Иран, Ирак, Кувейт, БАӘ. Оңтүстік Америка екінші орында, бұл Венесуэланың мұнай қорының арқасында 50 500 млн. т немесе 21,6 %. Солтүстік Америка үшінші орынға ие, онда Канаданың 33 500 млн. т немесе 14,3 %‑ға ие үлесі үлкен. Еуразия (Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияны қоспағанда) Ресейдің, Қазақстанның, Әзірбайжанның қоры арқасында, 19 000 млн. т немесе 8,1 % төртінші орында. Африка аймағы 17 600 млн. т немесе 7,5 %‑ға ие болып, Ливия және Нигерия елінің қоры арқасында бесінші орында. Аймақ тізімін Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Аустралия аяқтайды. Олардың бірлескен қор көлемі 5 500 млн. т немесе 2,3 %. Қор бойынша көшбасшы –Қытай. Әлемдік бірлескен өндіру көлемі 3 995,6 млн. т құрады. Оның үштен бірін Таяу Шығыс (32,6 %) қамтамсыз етсе, бестен бірін ‑(21,0 %) Еуропа, Солтүстік және Орталық Азия елдері өндіреді. Өндіру көлемі бойынша үшінші орында (16,8 %) –Солтүстік Америка, қалған үш оңтүстік аймақ (Оңтүстік Америка, Африка, Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Аустралия) өндіру көлемінің үштен бірін (29,6 %) қамтамасыз етеді. Мұнайды тұтыну көлемі 4059,1 млн. т құрады. Тұтынудың үштен бірін (32,4 %) тез дамып келе жатқан Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Аустралияға тиесілі болса, төрттен бірі (25,3 %) ‑Солтүстік Америка, төрттен бірден аз бөлігі (22,1 %) –Еуропа Солтүстік және Орталық Азияға тиесілі. Қалған үш аймақтың (Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Америка) жалпы тұтынудың бестен бірін (20,2 %) иемденеді.

Әлемнің алты аймағының үшеуінде өндіру тұтынудан жоғары. Олар өндіруші‑экспорттаушы болып табылады. 2012ж. өндірудің тұтынудан жоғары болу көлемі: Таяу Шығыста– 930,4 млн. т; Африка – 259,1 млн. т; Оңтүстік Америка – 90,8 млн. т. Қалған үш аймағында тұтыну өндіруден жоғары: Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Аустралия–928,0 млн. т; Солтүстік Америка – 356,4 млн. т; Еуропа Солтүстік және Орталық Азия Азия –59,4 млн. т. Әлемдік энергиялық баланста мұнайдың жетіспеушілігі 63,5 млн. т.

3. Тікелей шетел инвестицияларының әлемдік экономикадағы ролі. Ауқымы, мотиві, қозғалысының негізгі тенденциялары.

Әлемдік экономикада шетелдік мемлекеттердің тікелей инвестицияны іске асыру кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты. Шетелде кәсіпкерлікті тікелей инвестиция салу арқылы дамытудың себептері :

1. Неғұрлым тиімді және пайдалы капитал салымына талпыну, яғни белгілі жерде тауарлар мен қызметтерді өндірумен іске асады.

2. Техника-экономикалық.Шетелде өз сыртқы экономикалық байланыстарының инфрақұрылымын құру, басқаша айтқанда, сатуды қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызметтерді өткізетін тораптарды құру (қоймалар, көліктік кәсіпорындар, банктер, сақтандыру, сауда компаниялары).

3. Экономикалық және саяси тұрақсыздық. Жоғары салықтар, заңсыз құралдарды шетелге аудару қажеттілігі.

Шет елдерде тауарлар мен қызметтерді өндіретін ұйымдармен байланысты тікелей капитал салымын іске асырудың 4 негізгі жағдайын қарастыруға болады:

* шетелде кәсіпкерлік қызмет іске асырылады, өйткені кейбір тауарлар мен қызметтерді шетелге өткізу қиын немесе әртүрлі шектеулерге, немесе бұл тауарлар мен қызметтердің қасиеттеріне байланысты мүмкін емес, сондықтан да тұтынушыларға қызметті өткізудің жалғыз жолы – оны орнында көрсету;

* көліктік шығындарда үнемдеу, тауарларды шетелде өндіру арзан да тиімді болып табылады;

* кәсіпкерлік капитал салынған ел әлемдік нарыққа тауарлар мен қызметтерді өндірудің арзан орны болып табылады;

* техникалық қиын өнімдердің түрлерін өндіріп, экспортқа шығару кезінде сатудан кейінгі қызмет көрсету үшін өндірушінің әрдайым қасында болуы қажет.

Шетел инвестициялардың қазіргі кезде атқарып жатқан қызметтерінің ауқымы кең, атап айтсақ: - мемлекеттің әлуеметттік-экономикалық жағдайына байланысты әртүрлі мөлшерде жеңілдетілген несиелер беру; - ынтымақтасу аясында әлуеметттік-экономикалық тығырықтан шығуға жол көрсететін кеңестер беріп, басқа да көмектер көрсету, - экономикалық құрылымдық өзгерістерін жүзеге асыратын шараларды талдап, жан-жақты қаржыландыру мүмкіншіліктерін жасау; Осыған орай Қазақстан сияқты өтпелі экономикалы елдерді инвестициялаудың бірқатар ерекшеліктерін атап кеткеніміз жөн. Олар, біріншіден, инвестициялау бюджеттің ұдайы тапшы, инфляцияның жоғары және төлем балансының нашар жағдайында жүруі. Ал, екіншіден, шетел инвесторларының өтпелі кезеңді пайдаланып пайда табуға, жергілікті жерге өз ықпалын кеңейтуге, мүмкіндігінше төлем ақыларын кешіктіруге тырысуы және т.б. Сондықтан да нарыққа бет бұрған елдерді жүйелі түрде қаржыландыруды халықаралық инвесторлар жан-жақты келісімдер бойынша бекітілген әлуеметттік-экономикалық жоспарлардың негізінде жүзеге асыруы тиіс. Шетел инвесторларын Қазақстанға тартуда әртүрлі қиындықтар мен ғылымдардың қарма-қайшы пікірлері бола тұрса да, олардан түсетін пайда әрине көп, және де біздің әлуеметттік-экономикалық дамуымызға тиімді.

ТШИ мотивтері мен мақсаттары : Оларға бірінші кезекте келесілерді жатқызуға болады:

* жаңа нарықты игеру;

* өндіріс шығындарды азайту;

* ресурстар ағымы (шикізаттың жаңа көздерін қалыптастыру және өндірістік базаларын жаңарту).Шетелдік инвесторлардың біріккен кәсіпорын құру кезіндегі ең негізгі мотивтерінің бірі жаңа нарыққа шығу болып табылады.Ұлттық немесе аймақтық нарықтардың потенциалын нарықтың кейбір ерекшеліктерін және өткізу құрылымын ұзақ мерзімді пайдалану мүмкіндіктерін ерекше атап көрсетуге болады.Тағы бір мақсаты — қызметкерлерге неғұрлым аз шығын жұмсаумен байланысты өндірістік артықшылықты пайдаланумен серіктес елінде өндірісті қайта негіздеу нәтижесінде шығынды азайту. Қазақстанда өндірістің белгілі бір түрлері үшін неғұрлым жағымды заңды жағдайлар жасалған. Ол Қазақстанмен біріккен кәсіпорындар құру туралы шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады.Сонымен қатар, біріккен кәсіпорындар құру туралы шешім қабылдауға ерекше мотивтер де әсер етеді:

* ұлттық инвестор болып осы елдің бұрынғы азаматтары болса немесе біріккен кәсіпорындар бір ұлттық құрылтайшылармен құрылады;

* жекелеген, егер де біріккен кәсіпорындар құру шешімін туысқандар арасында қабылдаса,

* экологиялық, егер де экологиялық зиянды қалдықтар шығару тапсырмасы шешілсе;

* елдің даңқын көтеруге және басқа да әлеуметтік-психологиялық тартылыстармен байланысты мотивтер.

Ұлттық кәсіпкерлер үшін біріккен кәсіпорындар құрудың негізгі мақсаттары:

* маркетингтік орта мен менеджмент сапасын жоғарылату;

* капитал мен тәжірибелі мамандарды тарту;

* материалды-техникалық негізін жақсарту;

* шетел серіктестерімен тәуекелді бөлісу;

* арнайы білім, техника мен технологияны қолдану және тарту;

* жаңа өткізу нарықтарына шығу мүмкіндіктері;

* қалыптасқан өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру;

* жеңілдетілген салық салу;

* шетел қаржы институттарынан несие алу.

ҚР ТШИ қозғалысының негізгі тенденциялары.

Ағымдағы уақытта 2012 жылы елімізге тартылған инвестицияның көлемі бойынша ірі инвестор-ел Нидерландия (43,1 млрд.АҚШ доллары, 25%) мемлекеті болып табылады. Соңғы кездері Канада (5,5 млрд. АҚШ доллары, 3,3%) мен Италия (5,8 млрд. АҚШ доллары, 3,4%) елдері де біздің елімізге өз инвестицияларын тартуда. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар АҚШ (25,3 млрд. АҚШ доллары, 14,8%), Ұлыбритания (11,6 млрд. АҚШ доллары, 6,8%), Франция (10,1 млрд. АҚШ доллары, 5,8%), Қытай (7,8 млрд. АҚШ доллары, 4,6%), Ресей (6,4 млрд. АҚШ доллары, 3,7%), Швейцария (6,3 млрд. АҚШ доллары, 3,7%) елдерінен белсенді түрде құйылуда.Сондай-ақ, оффшорлық аймақтардан түскен инвестициялық капиталдың салымы да айтарлықтай (Виргин аралдары, 4,6%).

25 БИЛЕТ

1. Айналым құралдардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы. Кәсіпорындардың іс әрекеттерін қаматамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Мұндағы тауар жөнелту және жолдау мен дебиторлық берешек нормаланбайтын айналым қаражатына жатады.

2 Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек заттарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ – Ө – Д - А1.,

мұнда: А – шаруашылық субъектілерін аванстауға ақша қаражаты;

Қ – өндіріс заттарын;

Ө – өндіріс;

Д - дайын өнім;

А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша

қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізуде нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражатымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражаттарының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

Қақ

мұнда: Өқ- белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны;

Оқ – сол кездегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.

3 Айналым қаражатын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің қарқынына әкеліп соғады. Осының салдарынан өндіріс көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының жоғарғы мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығындарының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, т.б. шаруашылық және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұты нушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажданады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып оның іс әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

- жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медициналық сақтандыруға, жұмыспен қамтуға жұмсалатын аударым;

- ақы төлеудімерзім ішіндегі келіп түспегендегі шот фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

- аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

- салықтардың түрлері бойынша міндетті төлемдері.

Айналыс қаражатын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

- өндірістің маусымдылығы;

- тауарлы материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;

- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.

2. Инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері мен қағидалары.

Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері.Проектті әдістердің бағалануы. Инвесстицияларды бағалаудың тиімді әдістері, өзіне дисконттауды қоспайды. Ағымдағы әдістердің құны мен ішкі пайданың нормасының салыстырылуы. Әлеуметтік жобаның құны. Лизинг пен инновацияның тиімді құндылықтары. Тәуекелділік факторлардың есебі және инвестициялық өткізудің айқынсыздығы. Операциондық левередж бен тәуекел. Жобалық тәуекелдің құны. Портфелдің ішіндегі тәуекел. Инвестициялық жобалардың мүмкіншілік анализі. Инвестициялық тиімділіктің салық пен амортизация әсері.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау

тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика, нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері. Қаржы-экономика критерийлер – бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы)‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар. Нормативтік критерийлерге құқықтық талаптар (ұлттық және халықаралық құқық нормалары)‚ стандарттардың‚ конвенциялардың талаптары‚ экология талаптар‚ патент қабілеті және зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың өзге де шарттары жатады. Ресурстық критерийлер жобаның іске асуының әлеуеттік мүмкіндігін айқындайды және олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті кәсіптегі және біліктіліктегі мамандардың болуы)‚ өндірістік ресурстар (өнімді өндіру үшін қуаттардың болуы)‚ технология баламалар‚ қаржы ресурстарының көлемі мен көздері‚ тағы басқалар. Ғылым-зертхана және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын жеделдетуден болатын нәтижені есептеудің де елеулі мәні бар‚ өйткені бір жағынан‚ зерттеулер мен талдамалдар үдерісін жеделдету жобаны іске асырудың осы саласында айтарлықтай шығын жұмсауды талап етеді‚ екінші жағынан‚ жаңа тиімді өніммен (тауармен‚ бұйыммен) рынокқа ертерек шығу мүмкіндігі пайда болады. Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында (БҰҰ басылымы) көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR – Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі.Инвест. жобалардың тиімділігі келесі көрсеткіштер жүйесімен анықталады: таза дисконтталған құн н/е таза дисконтталған табыс; инвестициялардың рентабельділігі;табыс индексі;табыстың ішкі нормасы;қайтарым уақыты;осы көрсеткіштермен бірге пайданың жай нормасы, капитал құру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.

Инвестициялық жобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджменті барлық салынған соманы жылдық үнемделген сомаға бөледі, сол арқылы өтімділік кезеңін табады немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді.Бірақ өтімділік кезеңін тексеру салым сапасын нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса.

Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.

Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс:

- жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы;

- жылдық шығындағы үнемділік;

- жабдықтарды іске жарату мерзімі;

- мүмкінді аммортизациялық төлем;

- пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.

Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.

Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды. Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі , ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.

Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық-қаржы менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл коэффициентін таңдау — әдістердің тек біреуі ғана , соның көмегімен менеджерлер тәуекелдікпен күреседі.

Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмаларының бірі – жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша қаражаттарын инвестициялағанда , болашақта одан да көп пайда алу үшін әрекет етеді. Өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады немесе акционерлерге дивиденд түрінде төленеді.

Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менеджері салық төлемі және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы ақпаратпен жабдықталуы керек . Дұрыс шешім қабылдаудың кілті – жаңа инвестициялық жобаларды есепке ала отырып , талдау жасауда. Капитал салымының тиімділігін талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:

1. Инвестицияның орташа пайда мөлшері. Бұл әдіс орташа жылдық пайданың жобадағы инвестицияның орташа көлемінің қатынасына негізделеді. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығында, ақпаратты еркін алуға қолайлы.

2. Өтемділік әдісі. Бұл әдіс жоғарыда қаралған . Бұл жерде біз оның кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен инвестициялық жобаның өтемділік кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың саны.

3. Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі. Ішкі пайда мөлшері — дисконттау коэффициенті , ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады. Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін есепке алғандықтан , ал инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір объективті дұрыс баға береді.Бұл әдіс өз уақытында күткен ақша ағымының көлемін және әрбір кезеңде оны таратуды есепке алады.

Қызмет етіп жатқан теория мен тәжірибе нәтижелеріне негізделіп, инвестициялық қызметті басқарудың келесі принциптерін айқындауға болады:

- салымдардың қауіпсіздігі мен табыстылығы, олардың өсімі мен жойылу принципі;

- «Банктің алтын заңы»: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыздау мақсатында ұзақмерзімді инвестициялар ұзақмерзімді пассивтер арқылы қаржылануы тиіс;

- Төлем қабілеттілігі принципі: инветицияны жоспарлау кәсіпорнның әр уақытта төлем қабілеттілігін қамтамасыздандыру тиіс;

- Инвестицияның рентабельділік принципі: барлық инвестицияларға ең арзан қаржыландыру әдістерін таңдау қажет;

- Тәуекелдерді баланстау принципі: тәуекелділігі жоғары инвестициялар өз қаражаттары арқылы қаржыландырулары керек;

- Нарықтың қажеттіліктеріне бейімделу принципі: нарықтың коньюнктурасын және қарыз қаражаттарын берудегі тәуекелділігін ескеру қажет;

-Шекті рентабельділік принципі: рентабельділігі максималды инвестицияларды таңдау керек.

Инвестициялық менеджменттің алдында тұрған мақсаттарын ескере отырып, келесі функцияларды анықтайды:

инвестициялық қызметтің стратегиялық бағыттарының әзірлемесі;

инвестициялық ресурстардың құрылу стратегияларының әзірлемесі;

- жеке жобалардың инвестициялық тиімділігін бағалау мен іздестіру және олардың ішінен тиімдісін іріктеу;

- жеке қаржылық құрал-жабдықтардың сапасын бағалау және олардың ішінен тиімдісін іріктеу;

- инвестициялық портфельдің құрылуы және оның табыстылық, тәуекелділік және жойылу критерийлері бойынша бағалануы;

- жеке жобалардың іске асыру туралы моиторингті ұйымдастыру;

- дағдарыс жағдайынан өз уақытында инвестициялық жобаның инвестициялық мерзімі, көлемі, тиімділігінің бұзылуына (жеке қаржылық құралдардың сатылуы) және капиталдың реинвестициялануына байланысты шығу шешімін дайындау.

3. Әлемдегі демографиялық проблемалар; түсінігі, себебі, салдары, шешу жолдары. Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр. 

Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.  

ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан кейін жер шары халқының екі есе ұлғаятынын болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы алаңдаушылықтың жеткілікті себебі болды, өйткені  халық саны шынында  да күрт өсе түсті. Жер шарының екі миллиардыншы тұрғыны 1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны 1999 жылы туды. Халық санының тым артуы проблемасына алаңдаушылық білдірген «Мальтузианшілер» қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр. Алайда, елдік демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде.  Әлемде, әсіресе оның дамыған бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала туудың төмендеуі. Дегенмен, мейілінше аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым – онда халық саны төмендемей, керісінше өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі төмен негізінен Еуропа елдері бірінші ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі барынша жоғары елдер ондығына аса кедей африка  елдері кіреді.

Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды  болып табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН: «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ

 Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде.

Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.

Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.

Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.

Соңғы 60 жылда Жер  тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.

Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.

Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық.

Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.

Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.

Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.

Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.

Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз.

Біз таяу болашақта кері процеспен – елдің шегінен  тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз.

Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.

Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.

Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады.

Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірдешебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.

Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.

Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.

Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.

Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.

Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады.    

Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.

Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.

Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.

Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.

Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.

Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.    

Бесінші сын-қатер– жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.

Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.

2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.

Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.

Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады.

Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.

Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі.

Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады.

Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.

Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.

Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.

Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап,  күнделікті ақиқатқа айналады.

Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.

Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.

Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі –әлеуметтік теңсіздік.

Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.

Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.

Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.

 Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет –қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.

Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық.

Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз.

Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

Оныншы сын-қатер –әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.

Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы.

Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.

ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін.

Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін.

Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар  мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз.

 Шетелдердегі демографиялық ахуал

Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті болып отыр. Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция мен Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай гүлденді, бұған дейін ол оқшау және кедейлік жағдайында болған еді. Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.

Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін Ресейде халық санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің болжамы бойынша халық санының азаю серпіні мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. – 131,2; 2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам. 

РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл сайын Ресей халқы 700–150 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн. адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі  деректері бойынша қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды. 

2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім серпінін болжаудың барлық нұсқалары, тіптен бала туудың және халықтың өлімінің  ең  ілгерінді өзгерісі кезінде оның жастық құрылымының ерекшеліктері салдарынан (халық құрамында жастар үлесінің аз болуы және жасы үлкен топтардың жоғары болуы) халықтың табиғи өлімінің болмай қоймайтынын көрсетіп отыр. Сондықтан Ресей халқының санын қазіргі 143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін халықты шетелден тарту есебінен халықтың көші-қон санын айтарлықтай ұлғайтуды қажет етеді.

РФ Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің болжамдық бағаларына сәйкес, халықтың табиғи қозғалысы болжамының көрсеткіші бойынша 50 жыл ішіндегі иммиграциялық  сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс, яғни ілгерінді демографиялық серпінді сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам келуі тиіс. Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде ең маңызды мәселе болып отыр. 2010 жылға дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын жұмыссыздықты қоса алғанда) қысқаруы және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру есебінен еңбек ресурстарының азаюы күшті сезілмеуі мүмкін.

Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен  салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы кеңес елдері жалғыз демографиялық көз болмақ.

Дамыған Германияда да демографиялық ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық санының азаюы себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр.  Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің  40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті.  Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады. Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін тек үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін бұл қатынас екіге бір болмақ. Кельн Экономикалық зерттеулер институтының директоры  Михаэль Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала туудың төмендеуі германия өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы беріп, уақыт өте келе экономика өсімін тоқтатады.

Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда да ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың (гендерлік асимметрия) сияқты айтылу демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда.  Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша  халық тығыздығы бір шаршы километрге 140 адамды құрайды. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.

Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам болып отырған Үндістанда да байқалып отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің таралуында жатыр.

Lancet белгілі канадалық медицина журналының деректер бойынша жыл сайын Үндістанда 500 мыңға таяу аборт жасалады. Сонымен қатар «Үнді медицина қауымдастығы» бұл құбылыстың шынайы ауқымы канадалық басылымда келтірілген деректерден 10 есе көп деп болжайды, яғни баланың жынысына орай жылына 5 млн. аборт жасалады деген сөз.  Мысалы, ультрадыбыстық диагностикаға барынша қол жетімділік басым және ол кеңінен етек алған Нью-Дели қаласында 1000 еркекке 800 әйел келеді.

Жапонияда да ұлттың қартаюы проблемасы алаңдаушылық туғызып отыр. Болжау деректері бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқықты болатын 65 жастан астам азаматтардың саны 2025 жылы қазіргі 13%-дан 19%-ға дейін өсіп, оларға кететін шығыстар 78 триллион иеннен ($750 миллиардқа таяу) 155 триллион иенге дейін ($1,2 триллионға таяу) ұлғаймақ. Жапония демографиясындағы келеңсіз ахуалдың басты себебі, мамандардың есебінше кеш некелесу болып табылады. Мәселен, әйелдер бүгінде тұрмысқа 28 жаста шығады, ал 1988 жылы тұрмысқа шығудың орташа жасы 26 жасты құраған болатын.

Тіптен көптеген жапондықтар отбасын құру идеясының өзіне үрке қарайды. Демографтардың болжамы бойынша халықтың бұлай азаю қарқыны кезінде  жүз жылдан соң қазіргі 127 млн. жапоннан 40 млн. қалмақ.

Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай халықтың 20-дан 25-ке дейінгі пайызы 65 жаста және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің өңірдегі демографиялық үрдістер туралы баяндамасында айтылады. Мәселен, болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа жасты құрамақ. Сөйтіп, Словения әлемдегі ең «кәрі» елдің бірі болады.

Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) тұрып жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың 825 мың адамы генетикалық аурулар проблемасына кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын туыстар арасындағы некелердің таралуынан туындап отыр, қазіргі кезде ол барлық неке санының  3,5%-ын құрайды. БАӘ-де тіптен олар мұсылман болса да, шетелдіктермен некеге тұруды мемлекет қолдамайды.  Туыстық некелердің барлық келеңсіздіктеріне қарамастан жергілікті медиктер қалыптасқан жағдайды қиын деп бағалап отырған жоқ. Олардың пікірінше гендерлік аурулар пайызы салыстырмалы түрде аз, ал егер медициналық мекемелер тарапынан тиісті назар аударылатын болса мұндай аурулар санын барынша азайтуға болады.

Сингапур бала туудың төменгі деңгейіне және жас білікті мамандардың елден кетуіне байланысты демографиялық дағдарыс қарсаңында тұр. Арал қала – мемлекеттің халқы 4,5 миллион адамды құрайды, олардың 76%-ы 15-тен 64 жас аралығында. 4,2 млн. адам шегінде халықты толықтыруға арналған қажетті бала туушылық – жылына 50 мың нәрестені құрайды. Қазіргі кезде өсім 36 мың нәресте шегінде.

2050 жылға қарай Еуропадағы ең кәрі ел Испания болмақ, бұл Еурокомиссияның Eurostat статистикалық қызметі жариялаған есепте айтылған. Ғасыр ортасында Испанияның әрбір үшінші тұрғыны зейнеткерлік жаста болмақ.  Бала туудың және ұзақ өмір сүрудің төменгі деңгейі, испандықтардың  37,5%-ы 65 жастан жоғары болуына әкеледі. Қазір орташа өмір ұзақтығы ерлерде 81,8 жас, әйелдерде – 85,7 жасты құрайды.

Люксембург тұрғындары 27 елдің ішінде ең жас ел болмақ; 2050 жылға қарай бұл ел халқының тек 22,1%-ы 65 жастан жоғары болады. Греция мен Португалия халқының да зейнеткерлік жастағы пайызы жоғары болады: тиісінше 32,5 және 31,9%.

Халық саны 300 млн. адамнан астам болып отырған АҚШ-та демографиялық ахуал қолайлы. АҚШ-тың халық санағы бюросының (US Census Bureau) деректері бойынша АҚШ-та әрбір 7 секундта бір нәресте дүниеге келсе, әрбір 13 секундта өлім тіркеліп, әрбір 31 секундта елге жаңа эмигрант келеді. Осылайша ғалымдардың есебінше АҚШ халқы әрбір 11 секундта бір адамға толығып отырады. АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Мәселен, 100 млн. тұрғын 1913 жылы тіркелсе, екінші 100 миллионыншы кезеңге 52 жыл, үшіншісіне 39 жыл қажет болды. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек. 

Халықтың қартаюы мен бала туудың  төмендеуімен байланысты жалпы әлемдік  демографиялық үрдіс елдің даму деңгейіне қарай әртүрлі болады.

Демографиялық өсімнің тоқтау себебі

Демографиялық проблеманы көбіне отбасының материалдық әл-ауқатымен байланыстырады, бірақ бұрынғы индустриялық қоғамдарда бұл проблеманы материалдық жағдаймен байланыстыру дұрыс емес және дамыған Еуропа елдеріндегі жағдай осыны дәлелдеп отыр. Онда материалдық проблемаларды отбасындағы балалар санын ұлғайтуды айқындайтын атаулы себеп емес, фактор ретінде ғана қабылдау керек. Еуропа елдерінде бала тууды қаржылық көтермелеу қысқа уақыттық көбею әсерін беруі ғана мүмкін және бұл бала тууды «жақсы уақытқа» қалдырған отбасыларына ғана қатысты болады. Егер, мемлекеттік қаржыландыру бала тууды шынымен арттырған болса, онда Италия мен Германия  бала туу жағынан барлық елдерді басып озған болар еді, өйткені бұл елдерде бала туғаннан кейін берілетін көмекақы мөлшері басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Алайда, бұл елдерде адами әлеуетті іске асыру мүмкіндігі жоғары және жоғары жәрдемақы ықтимал шығыстарды өтемейді.

Отбасы құндылығы, қоғамдағы құрмет пен бедел, екі ата-ананың да бала тәрбиесіне қатысу деңгейі, ажырасу саны, некенің орташа ұзақтығы, жалғыз ілікті аналар саны, денсаулық сияқты материалдық емес көрсеткіштер демографиялық процестердің серпінінде үлкен рөл атқарады.

Демографияны зерттеушілерді алаңдататын маңызды проблема – бұл отбасы институтының келешегі болып отыр, өйткені жылдар өткен сайын халықтың басым бөлігі азаматтық некемен ғана өмір сүруді жөн санап отыр. Ағылшын социологтарының болжамдары бойынша 2031 жылы британдықтардың  жартысы азаматтық некемен өмір сүретін болады. 2031 жылға қарай Ұлыбритания ерлерінің жартысы бойдақ болмақ, ал 2003 жылы ерлердің 35%-ы некеде тұрмаған, бұл туралы ұлттық статистика қызметі жария еткен «Демографиялық үрдістер» (Population Trends) баяндамасында хабарланды. Күйеуге шықпаған әйелдер саны 28-ден 49 %-ға дейін өспек. Нәтижесінде некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер саны екі есеге өсіп, 3,8 млн. адамға жетеді. Мұндай үрдіс барлық жастағы адамдарға қатысты болады. Балаларға қатынастың өзгеруінде және бір проблема жатыр. Associated Press агенттігінің деректер бойынша бақытты отбасылық өмірдің барынша маңызды тоғыз шартының тізімінде бала тек сегізінші орында ғана. Сауалнамаға қатысушылар «үй жұмыстарын бірлесе орындау», «жақсы тұрғын үйдің болуы», «жақсы табыс», «жұбайлардың сексуалдық сыйысушылығы» және «берілгендік» сияқты шарттарды маңызды деп санайды.

Бұрынғы индустриялық қоғамдарда бала туудың қысқаруы қоғамның әлеуметтендіру функциясының бұзылуымен байланысты. Мәселен, Жапонияда жапон менеджменттік білім беру орталығының қызметкері Такенобу Курихараның пікірінше отбасы деген не және ол нені білдіреді дегенді адамдарға түсіндіретін арнайы қызмет құратын уақыт жетті. Сонымен демографиялық дағдарыс себептерінің бірі отбасы институтының және дәстүрлі құндылықтар жүйесінің дағдарысынан туындап отыр. Бұдан ажырасулар санының ұлғаюы заңды түрде туындайды. Статистика бойынша еуропалықтар арасында екі некеге бір ажырасудан келеді. Өспелі демографиялық дағдарыс бірқатар факторлармен байланысты. Соңғы он жыл ішінде, мысалы Еуропада аборттар саны 30%-ға өскен.  Жыл сайын бұл сан 1 миллион 200 мыңға жетіп отыр. Бұл бойынша Бельгия мен Испания көш басында келеді, онда соңғы он жыл ішінде мұндай операциялар саны  50%-ға өскен.

Қазіргі қоғамның оған өз әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік бермейтіні адам кездестірген басты проблема. Әңгіме ең бірінші  басқа әлеуметтік рөлдермен бірге оның ата-ана рөлін толыққанды және бірлестіріп іске асыруы туралы болып отыр. Қазіргі заманғы адам жан-жақты дамыған тұлға болуға ұмтылады, бүгінде оны балалар бар кезде, ал ертең отбасы болған кезде жүзеге асыру қиын болмақ. Жеке-даралық ерлер мен әйелдердің санасына еніп, отбасылық негіздерді бұзуға қатер төндіре бастады және бұрынғы индустриялық қоғам осы проблемаға кез болды.

Бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде демографиялық құлдырау себебі пайда болған материалдық проблемалармен, ертеңгі күнге сенімділіктің жоқтығымен, тиісінше орнықты жұмыстың тұрғын жайдың болмауымен, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігімен, жәрдемақыны беру кезінде бюрократияның жоғары деңгейімен т.б. байланысты болып отыр.

Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі  Пайда болған демографиялық проблемаларды шешу үшін мемлекеттер халық өсімін ынталандыратын белгілі бір шаралар қабылдау үстінде. Мәселен, Ресейде арнайы ұлттық жоба қабылданып, 2010 жылдан бастап туу туралы сертификат қолданыла бастайды. Жұмыс істемейтін жас аналарға арналған жаңа жәрдемақы пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль емес, 307 мың рубльді құрайды. Иммиграция ынталандырылады, атап айтқанда бұрынғы КСРО азаматтары үшін өңірлерге қарай Ресей азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіледі. РФ өңірлерінде көп балалы отбасыларды танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде, мәселен Мәскеуде көп балалы отбасыларына арналған коттедждер салу басталмақ. 

Германияда, мәселенің елеулі екенін мойындаған неміс саясатшылары демографиялық проблеманы шешуді қолға алды. 2007 жылдың басынан нәресте күтетін анаға немесе әкеге соңғы жалақысының 67%-ы, ең көбі 1800 евроға дейінгі мөлшерде жәрдемақы төлейді. Жұмыстан амалсыз кеткені үшін өтемақы ретіндегі жәрдемақыны жыл бойы алуға болады. Одан соң ол отбасындағы әрбір бара үшін 300 евроға дейін қысқартылады. Ата-аналарды материалдық ынталандырудан басқа Ангель Меркель басшылық еткен «үлкен коалиция» бюджеттік миллиардтарды қажетті инфрақұрылымдар: ясли, балалар бақшасы, ұзартылған күні бар мектептерды ұлғайтуға жіберуде. Германияда негізінен бала туу мен бала күту еңбек қызметі мен мансаптық өсуге қарай отбасының екі мүшесіне де қатысты болады.

Франция өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бала тууды жоғарлатуға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізіп келеді. Тіптен 1967 жылға дейін контрацептивтерді сатуға, 1975 жылға дейін аборт жасатуға тыйым салынды. 

1946 жылы Францияда бірінші, екінші және әсіресе үшінші баланың тууын (пронаталистік саясат) көтермелеуге бағытталған отбасыларға ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдерінің  ішінде Франция бала туудың ең жоғары – 1,8 – 1,9 жиынтық коэффициентіне ие болды (орташа алғанда бір әйелге келетін бала саны). Халық саны жыл сайын  0,3 - 0,4%-ға ұлғайып отырды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946 - 1974 жылдар  ішінде Франция халқы 12,1 млн. адамға, оның ішінде 8,5 млн. халықтың табиғи өсімі есебінен, 1,2 млн. француздардың бұрынғы отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды.

Францияның пронаталистік демографиялық саясатының қазіргі заманғы шаралары балалары бар отбасыларының материалдық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді.

Балаға базалық жәрдемақы Францияда тұратын және елде өмір сүретін 20 жасқа дейінгі баланың азаматтығына қарай кемінде екі баласы бар барлық адамдарға тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері бала санынан қарай сараланады: екі балаға айына 107 евро, үш балаға 244, төрт балаға 382, бес балаға – 519, алты балаға 656 евро төленеді. 11 жастан асқан балаларға – 30 евро және 16 жасқан асқандарға 54 евро мөлшерінде үстемақы және төленеді. Мұндай үстемақы екі баласы бар отбасылардың бірінші баласына төленбейді. Отбасының табысы бұл жәрдемақының мөлшеріне әсер етпейді. Отбасы табысына қарай мынадай қосымша жәрдемақылар төленеді:

  • отбасы табысына қарай үш жасқа дейінгі әр балаға жүктіліктің төртінші айынан бастап 154 евро мөлшерінде жәрдемақы;

  • жалғызілікті ата-аналарға 502 евро және әрбір балаға айына 167 евро жәрдемақы;

  • оқып жатқан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жаңа оқу жылына 67 еуро мөлшерінде жәрдемақы;

  • 3-тен 21 жасқа дейінгі үш және одан да көп балалары бар, табысы төмен отбасыларына немесе жалғызілікті ата-аналарға айына 139 евро мөлшерінде отбасы үстемақысы.

Бұдан өзге мүгедек балаларға оқуға арналған жәрдемақы (айына 107 евро), балалары бар отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы белгіленген. Үйде болатын 6 жасқа дейінгі баланы күтуге де жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері отбасының табысына байланысты болады. Жәрдемақының барынша көп мөлшері жылдық табысы 33658 евродан, балаларының жасы  3-тен аспайтын отбасыларына тоқсанына 1500 евроны құрайды. 3-тен 6-ға дейінгі жастаға балаларға арналған жәрдемақы тоқсанына 500 евродан аспайды. 6 жастан кіші балалар үшін бала күтуші жалдайтын отбасыларына да жәрдемақы төленеді.

Баланың ауыр науқасына орай жұмысты тоқтатуға немесе жұмыста болуын қысқартуға мәжбүр ата-аналарға баланың қасында болуға арналған жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері қалған пайдаға байланысты болады. Жалғызілікті ата-аналарға үстемақы көзделген. Жетім балаларға 100 евро мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. 

Соңғы жылдары Францияда бірінші балаға базалық жалақының 260% және одан кейінгі әрбір балаға 717 % сомасында баланың тууына арналған бір мезгілдік жәрдемақы да енгізілді, ал жүктілікке байланысты демалыс еңбек ақының 90 %-ы мөлшерінде төленеді.

Швецияда халық өсімі байқалады. Мұның себебі жүргізіліп отырған демографиялық саясатқа байланысты болып отыр, оған сәйкес отбасылық жәрдемақы иммигранттарды қоса алғанда, бәріне төленеді. Халықаралық стандарттар бойынша Швеция барынша тең құқылы ел болып табылады. Солтүстік елдердің гендерлік саясатының моделі – бұл теңдік, тең құқықтық, құқықтар мен мүмкіндіктердің тең болуы. Бұл принциптер Швецияның демографиялық саясатында да іске асырылады. Швеция Үкіметінің саясаты некедегі әйелдердің экономикалық дербестігін құруға бағытталған - әрбір әйелдің еңбекақы табудың нақты мүмкіндіктеріне ие. 

Швед мамандарының пікірі бойынша жұмысбастылық саласындағы әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саясатының ең проблемалық саласы болып табылады. Еңбек нарығындағы тең құқықтық мәселелері жөніндегі Омбудсменнің заң  қызметіне түсетін өтініштердің көбі келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасқан кезде және босаған кездегі жүкті әйелдердің құқықтарын қорғауға қатысты. Барлық жанжалдар әйелдер мүддесіне шешіледі. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінінен қажетті орын саны қамтамасыз етіледі. Жұмыс істейтін ата-аналардың бала бір жасқа жеткенге дейін оны күту жөніндегі демалысқа құқылы (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13 ай, оның ішінде әкені баланың жас кезіндегі тәрбиесіне қатысуы мақсатында 2 ай демалысты пайдалана алады). 18 жастағы әрбір балаға айына 800 швед кроны (80 доллар) мөлшерінде жәрдемақы, жоғары оқу орындарында оқитындарға 200 швед кроны мөлшеріндегі степендия төленеді және 20 жылға айына 5000 швед кроны мөлшерінде жеңілдік кредиті беріледі.

Канада иммигранттар арқасында бір жағынан төменгі бала туу проблемасын, екінші жағынан «қартайған» халық проблемасын шешеді. Елде тұрақты тұру үшін келуге арналған квота ұлғайтылды. Канада өкіметі жыл сайын 300 мыңнан астам адамды қабылдауға ниет білдіріп отыр. Шығыс еуропа мемлекеттерінің үкіметтері ТМД елдерінің жұмыс күшін белсенді  тартуда.

Қытай халық санының өсімін күтуде. Бірқатар провинцияларда бір отбасына бір баладан артық баланың болмауына арналған бұрынғы тыйымды алып тастағаны үстіне бала тууды барынша ынталандыратыны туралы  мәлімдеді. Қытайда бала тууды шектеу бір жағынан көтермеленеді, өйткені қоғам халық құрылымының гендерлік теңсіздігіне кез болды, яғни ұл балалардың саны қыз балалардың санынан айтарлықтай басым. Мұның себебі халықтың мәдени дәстүрінде жатыр. Отбасы үшін ең бастысы қызды емес ұлды өсіру керек, халық арасында ұл баланың жоқтығын үлкен бақытсыздық санайды. Тиісінше еркек жынысты ұрпақтың жоқтығы дәстүрлі отбасында айтарлықтай психологиялық проблемаларды туғызады. Осыған сәйкес жыныстық белгісі бойынша аборттар саны күрт өсті.

Демографиялық дағдарыстың ықтимал салдарлары: теориялық-әдіснамалық құрылым 

Депопуляцияның геосаяси қатері

Халық тығыздығының төмендігі кез келген елді көрші елдердің басып алуына қызығушылығын тудырады. Бұл ретте басып алудың әскери әрекеттермен болуы міндетті емес. Сірә, ол жойылып бара жатқан халық орнын иммигранттармен толтыру арқылы тыныш және байқаусыз өтпек.     Ресей осындай жағдайға кезігіп отыр. Демографтар мен БАҚ бұл проблеманы белсенді түрде талқылауда, ол әсіресе ҚХР тұрғындар саны үнемі өсіп отырған қиыр шығыс өңірінде тым өзекті болып отыр. 

Экономикалық қатер

Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам. 

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394,6 мың адамды құрады, оның ішінде 8838,1 мың адам (57,4%) - қала халқы, 6 556,5 мың адам (42,6%) – ауыл халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8 230 319 (52,8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады*.  2007 жылдың 1 қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар - 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан жоғары жастағылар саны тиісінше 1,5% және 1,2%-ға ұлғайған.

Қазақстанда әйел жыныстылар санының басым болуынан көрінетін гендерлік асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді. 2007 жылдың 1 қаңтарына  ерлер саны 7407,8 (7324,8) адам нмесе барлық халықтың 48,1%-ын, әйелдер тиісінше 7986,8 (7894,5) адамды немесе 51,9%-ды құраған. 15-64 жастағы әрбір қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын 246 ер адамның келуі жағдайды қиындата түсіп тұр. 

15–64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының аз болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемасымен астасып жатыр.

2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 157 891 адамды ( 2006 жылы 141 876) құрады. Табиғи өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 2008 жылдың 1 қаңтарына 10,2 (9,3) адамды құраған. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған, оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66 050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90 760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе 100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім коэффициенті 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінде қалды және өлген адамдардың 10,3 санын құрады. 

2003 жылдан бастап елде жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын 170 мың аборт жасалады. 

2007 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1 жасқа дейінгі  балалардың өлімі тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) – ұл балалар және 1860 (1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 1000 туған балаға 14,5 (14,1) құраған. Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде пайда болған жағдайға байланысты болып отыр, бұдан 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте өлім-жітімінің 47,6%-ын (49,4%) құрайды. Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі. Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989 (26 778). Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер 42431 (33914) адамды құраған. Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78,2% (73,1%), орыстар – 12,5% (14%), немістер – 1,0% (0,9%) құраған. Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне – 69,5% (67,5%), немістер – 7,1% (7,3%), қазақтар – 5,3% (6,7%) тиесілі.

Статистка агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарда жастар (15–29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347 адам, әйелдер – 2 120 040 адам. Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде     15–24 жастағылар 1577355 адам, 25–29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды. Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны 2 961 644 адамды құрайды, оның ішінде 15–24 жастағылар 1 710 600 адам, 25–29 жастағылар  1 251 044 адам.

Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін, 30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар.

Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны  264 652 адамды құрайды немесе 9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар 183 610 адам немесе 10,7 %, 25–29 жастағылар 81 042 адам немесе 6,5 %. Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды.  Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі айырма сақталып отыр және қиындай түсуде, бұл да жастардың кетуіне әкеледі.  Ауылдағы кедей халық деңгейі 21,2%-ды, қалада – 5,5%-ды құрап отыр. Сонымен статистика 15-29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстанның барлық халқының 28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте жастар үшін қоғамның барлық проблемалары тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар арасында 2 есеге жоғары болып отырған жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.

Демография мәселелерін шешуде  экономикалық ынталандыру келешегін сипаттай отырып,  Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен тауарлар өндірісі жоқ екенін атап кету керек. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық проблемаларды шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға болады. Сонымен қатар, елде балаларды мектепке дейінгі дайындау мекемелері жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек әлеуетін  не аналар әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермейді. 

Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде кейбір зерттеушілер мұны демографиялық дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды. Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік органдарының басшылары қазіргі кездегі демографиялық дағдарысты, ең бастысы халық санының азаюын барлық өркениетті елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды. Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік үрдістерден қорықпау керек және демографиялық саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды. Бірақ бұлардың екеуі де қате ұғым. Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі құрамдас бөлігі – бұл бала туудың қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы. Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен, ол ерлерде 58 жас, әйелдерде 68 жасты құрап отыр. 

Қазіргі кезде Қазақстанда  бала туу ұлғаюда, жыл сайын 300 нәресте дүниеге келеді. Алайда 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың жиынтық саны азайған. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға келген  және азаматтық алған жарты миллилон оралман да демографиялық ахуалды жақсарта алмай отыр. 1989 жылғы санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда 16 199 154 адам болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15 565 647 адам.

Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты ескере отырып, бұл елдер экономиканың барлық саласына иммигранттарды белсенді тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының көшуіне негізгі екпін түсірілетін болады. Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада мен Ресей елдеріне халықтың белсенді көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін. Сондықтан  демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:

  • отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;

  • көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;

  • адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір  салтын тұрақты орнату қажет;

  • отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;

  • ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;

  • қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;

  • тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет;

  • балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет;

  • шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру  қажет;

  • бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет.

26 БИЛЕТ