Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.

Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, ягни олар еңбек кұралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар онеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының кұрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді. Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.

Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты қорлар жатады.

Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.

Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегіндей түрде көрсетуге болады.

1. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.

2. Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.)

3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай- даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).

Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.

II. Аумл шаруашылығының шикізаты - бүл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:

- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.

2. Кәсіпорынның инновациялық саясаты. Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс. Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық үрдіс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің бақылауында зерттеу нысанасы ретінде инновацияның келесі түрлері бой көрсетеді: азық – түліктік, процесстік және басқарушылық. Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне және сапасының жоғарылауына басқарушылық инновациялары маңызды роль алады, атап айтқанда ақпараттық алмасудың кеңеюі, жаңа білім мен технологияны қолдану және оқыту қабілетінің жақсаруы. Басқарушылық инновациялары - олар құрылған жүйеге – көптеген қатысушылары және өзара қарым қатынастары бар күрделі әлеуметтік жүйеге қатысты көпшілік деңгейде ерекше. Сонымен қатар технологиялыққа қарағанда менеджменттегі инновация күрделірек, өзінің енгізуіне дейінгі негіздемеге және одан кейінгі бағалауға жол береді.

Экономика нақты секторының кәсіпорындарында іске асырылатын анағұрлым кең таралған басқарушылық инновациялар келесі топтарға бірітірілген:

1. Жаңа немесе айтарлықтай өзгертілген корпоративті стратегияларды әзірлеу және іске асыру;

2. Қазіргі заманға сай кәсіпорындармен басқару тәсілдерін енгізу (ақпараттық технологиялар негізінде);

3. Кәсіпорындарға жаңа немесе айтарлықтай өзгертілген ұйымдастырушылық құрылымды әзірлеу және енгізу;

4. Жұмыс уақытында кезектік тәртіпті пайдалануда жаңалықтар енгізу;

5. Өнімді (қызметті) сертификациялау, сапасын бақылауда жаңа жүйелерді қолдану;

6. Кәсіпорындарда еңбекті ұйымдастырудың жаңа немесе айтарлықтай өзгертілген тәсілдер мен әдістерін әзірлеу;

7. Шикізат, материалдар, жинақтаушыларды жеткізу мен логистиканың жаңа жүйелерін енгізу;

8. Ғылыми зерттеулер мен талдамалар жүргізу, ғылыми-техникалық жетістіктерді нақты іске асыру (технологиялық және инжинирингілік орталықтар, шағын инновациялық кәсіпорындар) бойынша арнайы бөлімшелер құру;

9. Кәсіпорында маркетингілік қызметті ұйымдастыру және жетілдіру;

10. Басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық өзгерістер.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметін зерттеуде инновациялық саладағы (атап айтқанда, зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша) кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығын зерттеуге, нәтижесінде инновациялардың сапалы деңгейін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған екпін күшейтілген. Бұл білімді тарату және пайдалану процесінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін анықтау қажеттілігімен, инновацияларды әзірлеу және іске асыру процесінде ұйымдардың арасындағы білім ағындарының өзара алмасуының маңызды рөліне негізделеді.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі ақпарат, білім, технология, тәжірибе, адамдық және қаржылық ресурстар көздерімен байланысының әртүрлілігі мен құрылымына байланысты. Кәсіпорынның инновациялық қызметін зерттеуде зерттеулер мен талдамалардың бірлескен жобаларын орындау бойынша серіктестермен арақатынастың әртүрлі нұсқалары қарастырылады: кәсіпорын, өнімді тұтынушылар (жұмыс, қызмет) кіретін топ құрамындағы кәсіпорын (бірлестіктер, серіктестіктер, қоғам), құрал-жабдықтарды, материалдарды, жинақтаушыларды, бағдарламалық құралдарды жеткізушілер: консалтингілік, ақпараттық фирмалар, ғылыми ұйымдар, университеттер мен басқа да жоғары оқу орындары; даму институттары («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ, «Технологияларды инжинирингілеу мен транферт орталығы» АҚ және т.б.). Осымен, экономика дамуының тиімділігі жекелеген дербес экономикалық құрылымдардың инновациялық дамуының тиімділігінен ғана емес (ғылыми ұйымдар, ғалымдар, ЖОО және т.б.), инновациялық қызмет үдерісінде олардың арасындағы өзара байланыстың тиімділігіне де тәуелді.