- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
Мақсаттары. Басты мақсат ұлттық экономиканы шикізаттық бағыттылықтан
арылуға ықпал ететіндей етіп одан әрі жаңғырту,әртараптандыру және
бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен елдің орнықты дамуына қол
жеткізу, ұзақ мерзімді көздеген сервистік-технологиялық экономикаға өту
үшін жағдайлар жасау болып табылады
1. Міндеттері.Алдағы кезде оң трендтің өсуімен ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіп үлесінің қысқаруы үрдісін еңсеру және экономика мен өнеркәсіп өндірісінің құрылымын одан әрі өзгерту; корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстанның нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту; елдің экспорттық әлеуетін жоғары қосылған құнды тауарлар мен қызметтер ыңғайына дамыту, шикізаттық емес экспорттық жеткізулердің географиясына әртараптандыру және шикізаттық емес тауарлар үлесін ұлғайта отырып оны қайта құрылымдау;еңбек өнімділігін арттыру және ЖІӨ-нің энергия қажетсінуін төмендету;индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету және білім беру жүйесін жетілдіру;қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру;отандық тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің әлемдік нарыққа қол жеткізуін және ел ішінде ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту;өңірлік деңгейде кластерлік бастаманы тиімді іске асыру жолымен шағын және орта бизнес саласының жеделдете өсуін қамтамасыз ету;жеке сектордың дамуын ынталандыратын қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау;өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық кешендердің ынтымақтастығын ынталандыру және өндірістік байланыстарын орнату үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау;мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесімділігі деңгейін арттыру
2. Іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдар 1 кезең - 2003-2005 жылдар 2 кезең - 2006-2010 жылдар 3 кезең - 2011-2015 жылдар
3. Күтілетін нәтижелер.Стратегияны белсенді іске асыру 2015 жылға қарай мынадай нәтижелер алуды қамтамасыз етеді: 2008-2015 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуін 6,8 % деңгейінде қамтамасыз ету;2015 жылға қарай ЖІӨ-нің құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 43 %-ке дейін ұлғайту;өнеркәсіптік өндірісте шағын және орта кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 %-ке дейін жеткізу;ЖІӨ-нің өсуінің 6,8 % орташа жылдық қарқынын ескере отырып, ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістердің үлесін 1,3 %-ке дейін ұлғайту;өткізудің әлемдік нарықтарына сапалы қол жеткізуді және ішкі ықпалдасуды қамтамасыз ету үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымының тиімді жүйесін құру;Қазақстанның аумағы арқылы транзит көлемін: 114,6 млн. тонна жүктен (2006жылғы) 320,2 млн. тонна жүкке дейін(2015 жылы) ұлғайту;ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми- инновациялық қызметтің қызмет көрсетуі үлес салмағын 2005 жылғы 0,5 %-тен2015 жылға қарай 1,7 %-ке дейін арттыру ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірудің үлес салмағы 46,8 %-ті құрайды(Стратегияны іске асыру ескерілмесе тауарлар өндірісінің үлесі 45,9 %-ті құраған болар еді);ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 13 %-ті құрайды(Стратегияны іске асыру ескерілмесе өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,9 %-тіқұраған болар еді);өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын 2015 жылға қарай 8 %-ке дейін жеткізу;қазіргі шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының ұлғаюы;негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы көлемі 8-10 трлн. Теңгеге дейін үш-төрт есе ұлғаяды,одан өңдеуші өнеркәсіптің,көлік-коммуникациялық және энергетикалық салалардың негізгі капиталына инвестициялар кемінде 50 %-ті құрайтын болады; 2000 жылға қарағанда еңбек өнімділігінің кемінде 3 есеге ұлғаюы;2000 жылға қарағанда энергия қажетсінудің 2 есеге төмендеуі;мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесімділігінің деңгейін 65 %-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету.
№ 20 БИЛЕТ
1. Инкассалық төлеу нысандары – жалпы сипаттама. Инкассалық операциялар сызбалары. Инкассо бойынша төлеу-ақша қаражаттарын бір клиенттен екіншісіне, төлеушіден алушыға беру бойынша банктік операция түрі. Бұлар кредитордың (ақша қаражаттарын алушының) қарыз алушыға (төлеушіге) осы қарыз алушыға қызмет көрсететін банкке берілген құжаттар негізінде қарыз сомасын төлеу бойынша рәсімделген талабы болып табылады. Инкассоның екі түрі бар: таза-вексель,чек қосылып беріледі. Құжаттық-жұмысты қабылдау туралы акт, тауар үшін шот беріледі.
Инкассалық төлеу нысандары-инкассалық тапсырма және төлем тапсырмасы. Төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысу үшін төлеуші төлемді акцептеуі қажет, яғни келісімін беру қажет. Сондықтан төлем тапсырмасын алу кезінде төлеушіге қызмет көрсететін банк акцепт алу үшін төлеушіге осы талапты беруі қажет.Егер төлеуші төлем тапсырмасын төлеуге келісімін берсе, ол құжатты банктік карточкамен сәйкес шотпен пайдалануға өкілетті тұлғалар қолымен бекітеді және өз мөрін қояды. Осыдан кейін төлем тапсырмасы төлеуші шотындағы ақша есебінен төленеді. Төлеуші акцепт беруден бас тартса, төлем тапсырмасы құжаттармен қоса кредиторға (ақшаны алушыларға) қайтарылады. Егер төлеуші төлем тапсырмасын бөліп төлеуге келісім берсе, «төленетін сома» графасында оның шотынан төленетін соманы жазады.
Рис. 8. Схема расчета документарным инкассо:
заключение договора о поставке товара;
отправка товара;
предоставление документов на инкассо;
поручение на инкассо, т. е. банк продавца пересылает документы банку, обслуживающему покупателя;
авизирование (уведомление) покупателя о получении документов;
оплата документов (выставление платежного поручения);
передача документов покупателю;
занесение денежных средств на счет банка продавца;
авизирование банка продавца об операции;
списание денег со счета банка, обслуживающего продавца, и зачисление их на счет последнего;
авизирование продавца о зачислении денег на его расчетный счет.
Рис.2 Чистое инкассо
2.1. Экспортер и импортер заключают контракт купли-продажи. 2.2. Экспортер производит отгрузку товара и передает финансовые документы и инкассовую инструкцию в банк-реминтент. 2.3. Экспортер передает все коммерческие импортеру вне банковских каналов (по почте). 2.4. Банк-ремитент проверяет инструкции и передает финансовые документы со своим инкассовым поручением в инкассирующий банк.
2.5. Инкассирующий банк информирует импортера о прибытии финансовых документов и проверяет их составление. 2.6. Импортер осуществляет платеж против предоставления ему финансовых документов. 2.7. Инкассирующий банк переводит сумму платежа банку-ремитенту. 2.8. Банк-ремитент зачисляет платеж на счет экспортера.
2. Отын-энергетикалық баланс, оның мәні, құрылымы және жетілдіру жолдары.
Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.
Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты қорлар жатады.
Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.
Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегіндей түрде көрсетуге болады.
1. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
2. Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.)
3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай- даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).
Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.
Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.
3. Қазақстанның әлемдік экономикаға кіру мәселелері. Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.
1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
1.1 Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру
Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІT-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр. Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.
1.2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді. Өңірлік серіктестікке келгенде, біз Еур Аз Э?Қ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз. Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру
Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі тиімді пайдалана білу керек. Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының құрылтайшылық қатысуы деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын шектеулерді алып тастауымыз керек.
1.4. Экспорттық-импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау
Шикізаттық емес тауарлардың экспорты мен жоғары технологиялық жабдықтардың импортын қолдау мен кредиттеу басымдыққа айналуға тиіс. Бүгінгі күні дайын өнімдер экспортының көлемі жылына 2 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Шикізаттық емес экспорт он жылға жуық осы деңгейде қалып келеді. Ендігі жерде осы көлемді үдемелі түрде ұлғайтатын уақыт жетті. Біз үздік әлемдік тәжірибеге сүйеніп, шет елдердің экспорт-импорт агенттіктерімен ынтымақтастықты белсенді дамытуымыз керек.
1.5. Қазақстанның жаңа технологияларды әзірлейтін және дамытатын халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционері ретінде қатысуы
Қазақстанға өзінің ғылыми әлеуетіне қоса жоғары технологиялардың халықаралық бизнесіне қатысатын және оған бастапқы құрылтайшылық деңгейінде қатысу жөнінде бастамашылық танытатын уақыт жетті деп білемін. Бұл жерде осы жұмыс үшін жауап беретін Инновациялық қордың атқаратын рөлі өте маңызды. Біздің осы орайда экономикалық дамудың барынша “серпілісті” бағыттарындағы озық технологиялық идеяларды игеру үшін күллі дүние жүзіндегі жаңа немесе енді қалыптаса бастаған жоғары технологиялық компаниялар акцияларының пакеттерін сатып алатын басқа елдердің өнегесіне ден қойғанымыз абзал. Осы арқылы біз тиісті авторлық құқық пен зияткерлік меншіктің иесі бола аламыз. Мұндай жобалар үшін бізге өзге елдердегі “құрметті консулдар” институтын кеңінен пайдалану керек. Үкімет Қазақстанның халықаралық рыноктағы технологиялық бастамашылығы мәселесін мұқият пысықтауы тиіс.
1.6. Қазақстанда зиаткерлік меншік құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндірісі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру
Қазақстанның авторлық құқық пен сауда белгісін қорғаудың қатаң кепілі ретіндегі беделін нығайту бізге экономиканың жаңа секторларын белсенді түрде дамытып, әртараптандыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда алдамыш өнімдерге төзбестік көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиіс, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығын бұзу мен сауда белгілерін қолдан жасаушылар үшін әкімшілік және қылмыстық қудалау шараларын қабылдау керек. Мұндай шаралардың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өнімдер шығарушылардың мақұлдауы мен қолдауына ие болатынына, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар ағысын қамтамасыз етіп, оны әртараптандыруға кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
1.7. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек. Ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске мейлінше жақындатуға бағытталуға тиіс. Көш басында жүрген академиялық институттар мен орталықтарды Қазақстанға тарту үшін тиісті алғышарттар жасау қажет. Бұл үшін бізге Қазақстанда халықаралық оқу орындарын бірлесе дамыту үшін “инкубациялық жобалар” үлгісіндегі құралдарды пайдалануымыз керек. “Инкубациялық жобаларды” дамытуды көтермелеу мақсатында Үкімет, Үндістанда жасалғандай, ғылыми орталықтарды дамыту үшін жер телімдерін тегін беру, бастапқы капитал бөлу, қажетті негіздік инфрақұрылымды жасақтау және басқа да бірсыпыра шараларды ұйымдастыру мәселелерін шешуге тиіс деп санаймын.
1.8. Осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс. Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет. Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс. Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қамтамасыз ету тетіктеріне баса назар аударуға тиіспіз.
1.9. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру
Біз табиғи ресурстарды пайдаланудың, трансұлттық компаниялармен және өңірдегі басты көршілерімізбен ынтымақтастықтың айқын әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етудің ашық саясатын жүргізуге бастама көтердік және оны одан әрі жүргізе беретін боламыз. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосып отырған келешегі зор сенімді әріптес ретіндегі беделін нығайта түседі. Біз қазір Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізудің арналарын әртараптандыру мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай-газ кешеніне тікелей қатысты тереңдете өңдеу салаларының ең озық қарқынмен дамытылуына баса назар аударуымыз керек.
1.10. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту
Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы ретінде Алматының серпінді дамуы Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу мақсатына бағытталуға тиіс. Қаржы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымдар, ең алдымен, телекоммуникациялар жасақтау қажет. Сонымен қатар іскерлік қасиетімен танылған әрі осындай орталықтар мен сырт жерлерде еркін аймақтар құру жөніндегі жұмыс тәжірибесі мол мықты менеджерлер тарту қажеттігі де анық. “Еркін” қаржы-экономикалық аймақтарында ілеспе қызмет көрсету рыногын дамытуға да ерекше назар аудару керек.
№ 21 БИЛЕТ
1. Өнеркәсіп және қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуында оның рөлі.Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Екі үлкен топтан:
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Берілген сала экономикасының объектісі болып өнеркәсіп саналады. Ол еңбек бөлінісінің алғашқы кезеңінде қалыптасты. Өнеркәсіптің әрбір саласы оның ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасады. Мысалы тамақ өнеркәсібін тағам өнімдерін шығаруға маманданған жекелеген өндірістер мен өнеркәсіптің салаларының жиынтығымен анықтауға болады. Тамақ өнеркәсібі – біртектес тағам шығарушы және өңдеуші кәсіпорындардың жиынтығын біріктіретін бүкіл өнеркәсіптің бір бөлігі болып табылады. Оның құрамына 40 тан астам маманданған салалар, жекелеген өндірістер кіреді. Олардың барлығын ең алдымен шығарылатын тағам өнімнің тұтынушылық тағайындалуының біртұтастығы біріктіреді.
Өнеркәсіп саласы сипаттас белгілеріне (өнім тағайындалуына, пайдаланылатын шикізат сипатына, қолданылатын технологияға, т.б.) қарай әр түрлі бағытта жіктеледі.
Х/Ш кешені және бүкілұлттық экономика жүйесінде өнеркәсіп жетекші роль атқарады.
Өнеркәсіп бүкіл х/ш-ғын техникалық жарақтандырып, қайта жарақтандырады, басқа салаларды озық индустиалды технологиялармен жабдықтайды. Сонымен қатар мұнда ЖІӨ-нің және Ұлттық табыстың жартысынан көбі өндіріледі.
Салалық құрылым — бұл пайызбен мазмұндалған жекелеген салалардың өзара қатынасы болып табылады. Салалық құрылым салалардың тізімімен және олардың өнім өндірісінің жалпы көлеміндегі үлестерімен немесе өндіріс элементтерімен (негізгі қорлар құны, персонал саны және т.б.) мазмұндалады. Салалық құрылымды сипаттау барысында тауарлы өнімнің өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы көрсеткіші пайдаланылады.
Бүкіл қоғамдық өндірістің дамуының жаңа тиімді ресурсүнемдеуші, жоғарғытехнологиялық және экономикалық мақсатты үлгісін құру құрылымдық саясаттың мәнін және оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды. Әлемдік экономикалық жүйеге тереңінен ену құрылымдық саясатты жүргізу барысында халықаралық еңбек бөлінісін ескеруді талап етеді.
Құрылымдық өзгерістер және оның негізінде өнеркәсіптік өндірістің құрылымын оптимизациялау әрбір кешенде және өзара байланысты салалар тобында іске асырылады.
2. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) даму кезеңдері, негізге алынатын қағидалары мен ережелері. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің үлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды.
ГАТТ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі басты принциптер — бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.
Төрт негізгі элемент:
ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ);
ұлттық режим;
тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде
қолдану;
транспоренттік пен ашықтық.
Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелері басқа мүше елден импортталатын тауарлар мен қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу, қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешегі.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процессі өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:
1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.
Бұл төмендегідей жолмен жүзеге асырылады: қосылуға жоспарлайтын ел сауалнамалар мен жауаптар барысында қарастырылатын сыртқы сауда режимі туралы меморандумын ұсынады, одан кейін қосылу шарттарын белгілейтін Жұмыс Тобының Баяндамасы мен қосылу хаттамасы дайындалады. Қосылудың осы сатысы көп жақты негізде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындайды:
- бағаны түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;
- салықтандыру жүйесі;
- жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;
- шетел инвестициялардың режимі;
- төлем балансы;
- импорттың кедендік тариф, сонымен қатар кез келеген тарифтік преференциялар, кедендік баждар, тарифтік алымдар саласындағы ескертулер, т.б.;
- қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда кәсіпорындары;
- импорт тауарларын стандартизациялау және сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
- валюта айырбастау;
- сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;
- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.
2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы).
Осы келіссөздер қосылуға жоспарлайтын елмен екі жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары) қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбесі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерне таралады.
3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді. Осы тізбе РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер — сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.
ДСҰ-ға қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт – ұлттық сыртқы экономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру.
Соңғы кезең қосылатын елдің заң шығару органының кұжаттар пакетін бекіту болып табылады.
Кірудің мақсаттары мен міндеттері:
Дүниежүзілік сауда ұйымының айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын камтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралык құқығына негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады. Соның ішінде Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.
Қысқа мен орта мерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.
Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДС¥-ның режимі маңызды бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымы белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруге қатысуға құқықты иеленуді жоспарлай алады.
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат пен үкіметтер, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.
Оның ішіне ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, кызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендету нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру жатады. Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарлардың кеңейтілген қатарына қолы жетеді.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.
Кіру барысының ағымдағы жағдайы.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Женева қаласындағы Хатшылығында Жұмыс Тобының мүдделі мүше елдерінің қатысуымен жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды:
1 .Тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен бірлесіп, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылысымен, қолдану құқықтарын иеленетін импорттық кедендік баждарды үйлестірудің ең жоғарғы деңгейін анықтау мен келісуді қамтиды.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс Топ құрамына кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының 36 мүше елінің қатарынан 15 ел, олардың ішінде АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария ең маңызды бола тұрып, тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуде.
Қазақстанның тарифтік ұсыныстары төмендегідей негіздерді есепке алу нәтижесінде жетілдірілген:
Бірінші негіз — 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында белгіленген жоспарлар негізінде ұлттық экономиканың қысқа және орта мерзімді қорғалудың тиімді деңгейін қамтамасыз етудің қажеттілігі.
Екінші негіз — Қазақстанның ЕурАзЭҚ-дағы мүшелігінің шарттарын мүмкіндігінше есепке алу. Қазақстанның тарифтік ұсыныстарының негізінде салалық министрліктер мен отандық тауар өндірушілерінің ескертулерін есепке алумен жетілдірілетін импорттық кедендік баждарының бағамаларын үйлестіру деңгейлері жатыр.
2. Шетел қызметтер жабдықтаушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізу шарттарын келістіру мақсатында қызмет нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер. Келіссөздердің негізін Қазақстанның қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу шарттары жөнінде келіссөздерді Жұмыс Тобының 8 мүше елі, атап айтқанда, Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан қызметтер нарығына қол жеткізу жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Топтастырғышының 155 қызмет көрсету салаларының жалпы санынан 76 (немесе 49%) сала бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық экономикасы үшін тиісті қорғау дәрежесін талап ететін сезімтал қызмет көрсету салаларының тізбесіне қаржылық, құқықтық, сауда-саттық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыс қызметтері енгізілген.
3. Ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты арнайы келіссөздер. Күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен, ескірген техника мен технологиялармен, тауарларды сату нарықтарына географиялық алыстығымен, теңіз жолдарына тікелей шығудың жоқтығымен сипатталатын Қазақстан үшін ауыл шаруашылық жөніндегі келіссөздер, Қазақстан халқының 44 пайызы ауыл түрғындары болғандықтан, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды.
Қажетті тарифтік қорғау деңгейін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының ішкі қолдау көлемін және экспорттық субсидиялардың дәрежесін қамтамасыз теу мақсатында Жұмыс Тобының мүше елдері ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты келіссөздерді өткізуде.
4. Жүйелі мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде міндеттіліктерін орындау үшін заң шығару және оны пайдалану саласында қолданылатын шараларды анықтау мақсатында өткізіледі. Келіссөздердің негізін жұмыс Тобының Баяндамасы құрайды. Аталған келіссөздер барысында экономикалық саясаттың, атап айтқанда, валюттік айырбастау мен төлем жүйесі, инвестициялық режим, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру, баға түзу, бәсекелестік саласындағы саясат сияқты жүйелі мәселелері Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерімен талқыланады. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Жоғарыдағы сызбада ДСҰ-ның құрылымы көрсетілген. Бірінші сатыда Министрлер конференциясы көрсетілген. ДСҰ – да жоғарғы деңгейдегі шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Олар ең азы екі жылда бір рет жиналады.
Министрлік конференциясына бас кеңес бағынышты болады, ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және ВТО мүшелері өкілдерінің құрамымен Женевада штаб — пәтерде жылына бірнеше мәрте жиналады. Бас кеңес басқаруында екі арнайы орган болады: сауда саясатын талдау және пайда болған дауды шешуге бағытталған. Сонымен қатар бас кеңеске сауда және даму комитеттері; шек қоюлар, сауда теңдігімен байланысты; қаражатпен , қаржыға және әкімшілік сұрақтарға байланысты комитеттер есеп беруге тиіс.
Бас кеңес иерархияның келесі деңгейдегі үш кеңеске функцияларын делегаттайды: тауарлар мен сауда кеңесіне, қызметтермен сауда кеңесіне және интеллектуалды меншік құқық сауда аспектісі кеңесіне.
Тауар сауда кеңесі, өз кезегінде, мамандандырылған комитеттердің қызметімен басшылық етеді , тауарлармен сауда сферасында -1994 ДСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қызмет сауда кеңесі ГАТС келісімдерінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамында қаржылық қызметтермен сауда комитеті және кәсіптік қызметтер жөніндегі іскер топ болады.
Интеллектуалды меншік пен құқық сауда аспектісі кеңесі (ТРИПС) келісімдерінің дұрыс орындалуын қадағалаудан басқа жасанды тауарларға байланысты болатын халықаралық саудадағы мәселелерді шешумен айналысады.
