Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры гос дайын вроде.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.94 Mб
Скачать

2015 Жылға нысаналы индикаторлар:

мыналар:

ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен                 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15%-ын құрайды;

ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде  12,5 % деңгейіне дейін;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесі кемінде   40 % деңгейіне дейін;

өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісі көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің үлесі кемінде 43 % деңгейіне дейін;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге;

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде               2 есеге;

мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесі – 60%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 90%-ға дейін;

жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды.

Мыналар:

шикізаттық емес сектордың өзіндік құн құрылымындағы көлік шығындарының үлесі кемінде 8% деңгейіне дейін;

ЖІӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен кемінде 10 %-ға төмендейді.

Басымдықтар:

ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды шарты ретінде өндіріс факторларының өнімділігін арттыру;

экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді жасауға басым тікелей шетел инвестицияларын тартуға екпін беру;

ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен нығайту;

экономиканың шоғырландырылу деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту;

экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістігін ұйымдастыру.

Бағдарлама мынадай принциптерге негізделеді:

бизнес-бастамаларға бағдарлану;

шикізаттық емес секторда «серпінді» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау;

мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді оңтайлы бөлу және  индустрияландыру процесінде олардың рөлдерін нақты айқындау;

жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялау;

итеративтік, Бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейі бойынша перманентті нақтылаумен байланысты;

транспаренттік – Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтініш берушілердің сұрауларының, мемлекеттік қолдау шараларының, Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерінің ашықтық принципі;

тең қолжетімділік – Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдік компания да, ірі және орта, шағын кәсіпорындар да болуы мүмкін;

бәсекелестік – тиімді жобаларды ілгерілету және экономикалық емес әдістерді пайдаланудың алдын алу негізі ретінде;

трансферттік (қолданылу әсері) – нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;

сабақтастық – іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттік саясаттың аса тиімді шаралары осы Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылатын болады.

№ 19 БИЛЕТ