
- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
1. Еңбекті нормалау.
2. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар әсіресе, олардың активтік жиі ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның міндеті болып саналатын – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың жеке және сапалық тозуының денгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
2 Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары денгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшеріде азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымы денгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық
проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизациясының мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизаиясының мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:
МА = х 100%
мұнда МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %;
Қ бқ- негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;
Қж- жойылу құны;
Мқ- негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып табылады. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
* негізгі қорлардың төзімділігі;
* сапалық тозу;
* техникамен қайта жарақтандырылудағы келешекке арналған жоспар;
* жабдықтау балансы;
* жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалда, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкі, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Негізгі қорды Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды:
1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді;2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі;3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн;4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны. Ол негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады.
3. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты |
Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету |
Міндеттері |
Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету |
Іске асыру мерзімі |
2010 – 2014 жылдар
|
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері |
Мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаты. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.
2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.
Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.