
- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
№ 17 БИЛЕТ
1. Халықаралық валюта қоры: құрылу мақсаты, негізгі функциялары. Халықаралық пұл қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді.ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның (АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем балансының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.
ХВҚ-дың негізгі функциялары:
- халықаралық сауданы кеңейту;
- несиелендіру;
- ақша айырбастау бағамдарын тұрақтандыру;
- дебитор елдерге кеңес беру.
2. Солтүстік Америка еркін сауда аймағы (НАФТА): мақсаты мен қазіргі құрамы, интеграция деңгейі. (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған «Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады.
Келесі қадам болып, 1965 жылғы басқа да салалардың интеграциясын қамтыған автомобиль жасау өнімдерін сатудағы либерализация жөніндегі келісім есептеледі. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы сауда-саяси бірігу идеясы 1990 жж. іске асырыла бастайды. Алғашқы кезеңде мәселе энергетикалық одақты ресімдеуге байланысты болады. Осындай идея 1980 жж. Р. Рейган мен Дж. Буш тарапынан қолдау табады.
1988 жылдың қыркүйегінде қиындық туғызған үшжылдық келіссөздерден кейін американдық-канадалық еркін сауда жөніндегі келісімге (CUSFTA) қол қойылып, бұл бойынша АҚШ пен Канада 10 жыл мерзімінде еркін сауда аумағын қалыптастыруы шарт еді.
1980 жж-ғы Еуропа және Азиядағы етек алған интеграциялық үдерістерге байланысты, НАФТА-ның құрылуы жөніндегі мәселе өзектілікке ие болады. Себебі, Еуропаның бірігуіне жауап ретінде Американың, әсіресе, Солтүстік Америкалық бөлігінің бірігуі қажеттілігі айқындалады. Алайда бастапқы кезеңдерден-ақ Мексика, Канада және АҚШ НАФТА-ның рөлі мен ықпалын әржақты позициялардан қарастырады.
1988 жылғы АҚШ пен Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімді (CUSFTA) сақтай және сәйкестіре отырып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда Ассоциациясын (NAFTA) құру туралы келісім 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Бұл келісімді Латын Америкасы нарығына одан әрі қарай ену мақсатында қолданып келе жатқан АҚШ, ұйымда жетекші орынды иеленеді.
НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды.
Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды.
Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. НАФТА-ның мақсаттары:
* Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік және төлқұжаттық тосқауылдарды алып тастау және тауар мен қызметтер қозғалысын реттеу;
* Еркін сауда аумағында әділ бәсекелестікті құру мен ержелерін демеу;
* Келісімге мүше мемлекеттерге инвестицияларды тарту;
* Интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау мен әсерлі қорғанысын қамтамасыз ету;
* Жүзеге асыру мақсатындағы келісімді қолдану мен билік және белестерді бірігіп шешу мәселелерінде енгізу механизмдерін жасау;
* Келісімнің ұлғаюы және жетілуі мақсатындағы болашақ үшжақты, аймақтық әрі халықаралық кооперация негіздерін қалау;
* Бірегей континенталдық нарықты қалыптастыру.
Құрылымы:
* Еркін сауда жөніндегі комиссия;
* Секретариат.
3. «30 корпоративтік көшбасшылар» Бағдарламасы. Мақсаты - Ел экономикасының шикізаттық емес секторының экспорттық әлеуетінің әртараптандырылуын және дамуын қамтамасыз ететін бизнес пен мемлекеттің өндірістің жаңаларын құрудағы және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртудағы күш-жігерін жұмылдыру болып табылады
Міндеттері: 1. Қазақстанда өңірлік және әлемдік ауқымдағы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру жолымен бәсекеге қабілетті,экспортқа бағдарланған салаларды және өндірістің шикізаттық емес секторын құруға жәрдемдесу.
2. Жағымды бизнес-орта мен инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
3. Халықаралық стандарттар мен бизнестің барабар талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті индустриялық-инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Іске асыру мерзімдері: 2007ж 13 сәуір-2030 жылдар
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері: Бағдарламаны іске асыру үшін бағдарламаға қатысушылардың, отандық және шет елдік инвесторлардың, екінші деңгейлі банктердің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының өз қаражаттары, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары тартылатын болады.
Күтілетін нәтижелер: Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтарында бәсекеге қабілетті корпорациялардың қалыптасуы; ЖІӨ құрылымындағы шикізат емес секторлар үлесінің ұлғаюы; шикізат емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының кеңеюі;қазақстандық брендтердің қалыптасуы; биржа саудасы жүйесінің дамуы, компаниялардың әлемдік қор және тауар биржасына шығуы; мемлекеттік жеке әріптестіктің жұмыс істейтін тетігінің құрылуы және дамуы; шикізат емес секторлардағы еңбек өнімділігінің ұлғаюы және ғылымды қажетсінетін және энергиялық тиімді өндірістердің дамуы; инфрақұрылымдардың халықаралық талаптарға сәйкес дамуы; аралас салаларға арналған мультипликативтік және синергетикалық тиімділікке қол жеткізу.
Бағдарламаның негізгі қағидаттары :
* транспаренттілік - Бағдарламаға қатысушылардың тізбесі, Мастер-жоспарлар, өтінім берушілердің сауалдары, мемлекеттік қолдаудың бекітілген шаралары, мемлекет пен бизнес арасындағы меморандумдар, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар тиісті ережелерін қоспағанда, жобалар мониторингінің нәтижелері жариялануы тиіс
* әріптестік - Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің жеке сектормен өзара қарым-қатынасының негізінде жүзеге асырылады, онда мемлекет маркетингтік талдау жүргізуге, инфрақұрылымды құруға және дамытуға, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыруға ден қойылады;
* тең қол жетімділік - отандық сияқты шетелдік компаниялар да бағдарламаның қатысушысы бола алады;
* Қазақстан Республикасында табыс орталығын ұйымдастыру - Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылған компаниялар Қазақстан Республикасының резиденттері болуы тиіс;
* трансферттілік (тарату әсері) - нормативтік құқықтық базаны (бизнес-ортаны жақсарту) жетілдіруге қатысы бар мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;
* сабақтастық - мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері мен бағдарламада көрсетілген-басқа да құралдарды, сондай-ақ өңірлік және өңіраралық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар да қолданатын болады;
* тәуекелдерді бөлу - негізгі инвестициялық тәуекелдерді жеке сектор өзіне алады;
* ұзақ мерзімділік - Бағдарламаның іс-әрекеті мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерін іске, асыруға бағытталған.
Мынадай компаниялар корпоративтік көшбасшылар болып танылады:
* Қазақстанның шикізат емес экспортының жалпы көлемінің 2% пайыздан кем емес экспорт үлесін құрайтын;
* ішкі, өңірлік және/немесе әлемдік нарықтағы танымал "брэнды" бар;
* ҒЗТҚЖ-да инвестициялардың жоғары деңгейі бар;
* бағдарлама шеңберінде іске асырылған объектілерін пайдалануға енгізгеннен кейін, кем дегенде 3 жылдан кешіктірмей (ІРО) қор биржасында акцияларының бағамдауы бар;
Бағыттары:
1. Бірінші бағыт бизнес іске асыруға ұсынатын инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Бұл жағдайда мемлекеттік рөлі жобаларды бағалаумен, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары мен келемін айқындаумен және берумен тұжырымдалады. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты 2007-2010 жж. кезеңіне есептелген.
Бірінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалы инвестициялық жобаларды түпкілікті іріктеу үшін мыналар қосымша талаптар болып табылады:
* жобаның техника-экономикалық негіздемесінің болуы;
* жобаның құны - кемінде 100 млн. АҚШ долл.;
* жобадан мультипликативтік және жүйе құрайтын әсердің болуы;
* жобаның экспортқа бағдарлануы - өндірілген өнімнің кемінде 30 %-экспортқа бағдарланатын болады;
* қазіргі заманғы технологияларды пайдалану;
* өңірлердің мамандануымен өзара байланыс;
* жергілікті шикізатты және құрамдас бөлігін пайдалану;
* жобаның өзін-өзі ақтауы - оң таза келтірілген құны (NPV) және басқа көрсеткіштерінің тиімділігі.
2. Екінші бағыт жеке сектор мен мемлекеттің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған тауарларды (қызметтерді) айқындау жөніндегі бірлескен жұмысқа негізделген. Жеке сектор мемлекетпен бірлесіп, Қазақстан экономикасының басымды шикізат емес экспортқа бағдарланған секторларында қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға шығуы үшін серпілісті шоғырландырылған әсерін қамтамасыз ететін ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру жөніндегі жобаларды айқындайды және іске асыратын болады. Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты 2008-2030 жж. кезеңіне есептелген.
Мыналар екінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалы инвестициялық жобаларға арналған қосымша талаптар болып табылады:
* тауардың (қызметтің) өмірлік циклын ескере отырып, әлемдік нарықтың экспорттық әлеуетінің және өсу перспективасының болуы;
* ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру перспективалары;
* жоғары қосылған құн;
* еңбекті аз қажетсіну;
* елдік бәсекелі басымдықтарының болуы
Мыналар мемлекеттік қолдаудың шаралары болып табылады:
* мемлекеттің жобаны қаржыландыруға қатысуы - жобаның жалпы құнының 50 %-нан аспайды;
* жобаны іске асыру үшін құрылатын компанияның жарғылық капиталына қатысу - 1 акция - 50 %-дан аспайды, бірақ жобаны қаржыландырудағы қатысу үлесінен кем емес;
* ұзақ мерзімді қарыздар беру;
* мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелер беру;
* қолданыстағы заңнама шеңберінде салықтық және кедендік преференциялар беру;
* қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және/немесе мемлекеттік инфрақұрылымдық компаниялардың жобасына қатысу;
* экспорттық операцияларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, оның ішінде сауда келісімдері щеңберінде саяси қолдау;
* жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті көлемде бейінді шикізат кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру не қажетті кен орындарын дайындауды ұйымдастыру және жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін шикізат беру;
* әкімшілік кедергілерді жою (азайту), оның ішінде қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге де рұқсаттар беру, жобаны іске асыруға және өндірістің одан әрі жұмыс істеуіне кедергі жасайтын кедендік рәсімдерден өту және салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату бөлігінде;
* білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде білім беру объектілерін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, біліктілігі жоғары шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жағдай қалыптастыру есебінен қамтамасыз ету;
* ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жобаны іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп қаржыландыру;
* мемлекеттік тапсырыстар беру;
* лицензиялар мен патенттерді кейіннен Бағдарламаға қатысушының пайдалануына беру мақсатында оларды сатып алу;
Бағдарламаның іске асырылуына тікелей қатысатын органдар:
1. Мемлекеттік комиссия
2. Уәкілетті орган
3. Бағдарламаның Операторы
4. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
5. Сараптау кеңесі
№ 18 БИЛЕТ