
- •1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
- •2. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.
- •1. «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер» туралы қр Заңы. Салық салудың принциптері мен формалары.
- •3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- •4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері
- •3. Еркін сауда аймақтарының мәні, оларды құру себептері және әлемдік шаруашылық байланыстарындағы ролі. Қр-дегі еркін сауда аймақтары.
- •1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функцялары.
- •1. Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен түрлері.
- •3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты.
- •3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешеги
- •1. Инфляцияның экономикалық табиғаты, негізгі түрлері және салдары.
- •Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен
- •Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жұмыс тобының қызметі туралы
- •1) Қаржы секторын тұрақтандыру бойынша
- •2) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша
- •120 Млрд. Теңге мөлшерінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру толық көлемде аяқталды. Бұдан əрі қайта қаржыландыру берілген кредиттерді өтеуден түскен босатылатын қаражат есебінен жүргізіледі
- •1. Мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде.
- •1. Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасы. Олардың қызмет ету қағидалары.
- •3. Қр экономикасының салалық құрылымы және оның дамуының негізгі бағыттары. Салаларының сыныптамасы.
- •1. Еңбекті нормалау.
- •2015 Жылға нысаналы индикаторлар:
- •1. Еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері.
- •3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
- •3.Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: ашық экономика және еркін сауда.
- •1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •3. Халықаралық ұйымдардың қазіргі әлемдік экономиканың дамуындағы алатын ролі.
- •1. Өндірісті құрамдастыру, шоғырландыру және кооперациялаудың экономикалық мағынасы.
- •1. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және өсіру жолдары.
- •3. Шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау бағыттары мен негіздері.
- •1. Шағын кәсіпкерлік тұлғалары туралы түсінік.
- •2. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері.
- •1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері.
- •2. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілдірі.
- •3. Ғаламдық климат өзгерісі: оның әлемдік экономиканың дамуына әсері.
- •1. Өнімді стандартқа келтіру және сертификациялау.
- •3. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары.
- •1. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.
- •2. Кәсіпорында шығындарды азайту мақсатымен басқару.
- •3. Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарығы. Астық өнімдерінің әлемдік нарығы.
1-билет
1. Жалға алу (аренда) түсініктері. Жалға беру (лат. arrendare жалға беру) — мүлік (жер, т.б.) иесінің өз мүлкін басқа кісіге өзара келісім бойынша, ақыға уақытша пайдалануға беруі.
Жалгерлік — шаруашылықты жүргізудің бір формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасындағы шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ, дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі бір мерзімге тиісті ақысын төлетіп иеленуге және пайдалануға береді.
Жалға беру шаруашылықтың барлық салаларында кеңінен тараған және меншіктің барлық түрлерінде қолданылады. Жалға берушілер ретінде — меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін. Жалгер бола алатындар — заңды құқықты мекемелер мен кәсіпорындар, жеке тұлғалар, бірлескен кәсіпорындар, басқа мемлекеттер мен халықар, ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ, басқа мемлекеттер мен халықар ұйымдардың өздері жалгер бола алады.
Жалгерлер еріктілік негізінде ассоциациялар, одақтар, консорциумдар, концерндер, т.б. бірлестіктер құрады, олардың қызметін қаржыландырады және қабылданған жарғыға сәйкес олардың құрамынан еркін шыға алады. Қазақстан Республикасында жалға беру арнайы заңдармен реттеледі.
Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiк жалдау шарттарына жатады.
2. Еуропалық Одағының негізгі кезеңдері мен даму ерекшеліктері. ЕО елдерінің валюталық одақ құруы.ЕО — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия,Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992)және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласындаҚазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. ЕО интеграциялық процесстердің дамуы:
* 1948 ж. – Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет – Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталды.
* 1949 ж. - Еуропа кеңесі деген атқа ие болды.
* 1958 ж. - Париж шартына сәйкес Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта құрылды. Оған жоғарыдағы үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР және Франция кірді.
* 1957 ж. - Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның жұмысы негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды.
* 1967 ж. - Одақтың құрылымында өзгерістер болып, оның атқарушы органдары, дәлірек айтқанда, институттары – Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық сот дүниеге келді.
* 1968 ж. - болашақ ЕО iшiнде экономикалық және валюталық одақтың қалыптасуына негiз болған Кедендiк одақ құрылды.
* 1973 ж. - Дания, Ұлыбритания, Ирландия, 1981 ж. Грекия, 1986 ж. Испания мен Португалия қосылды.
* 1985 ж. - Тауар, қаржы мен адамдардың еркiн әрi кедергiсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн Шенгендiк келiсiмге қол қойылды.
* 1987 ж. - Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын актқа қол қойылды.
* 1992 ж. - Одаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, капиталдар мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт қабылданды.
* 1993 ж. - бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Бұл шарт Одақтың конституциялық негізін қалаған құжат болды.
* 1995 ж. - Австрия, Финляндия, Швеция елдерінің қосылуы Еуропалық Одақтың қатарын 15 мемлекетке жеткізді.
* 2002 ж. - Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы – еуро айналымға шығарылды. Осылайша, Одақтың бастапқы кездегі экономикалық және валюталық одақ құру үдерісі табысты аяқталды.
* 2004 ж. - Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония қосылды. Осы кезең ішінде Одақты кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сондай-ақ, Одақтың алдындағы ішкі және сыртқы
міндеттері нақтыланып, оның институттарын өзіне мүше елдердің азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру жайы белгіленді. 2007 ж. - Болгария мен Румыния да одақтың құрамына ендi.
Дамуы: Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.
XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады. Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".
ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:
Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.
Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу. Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес,Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк,Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады. Еуропа одағы құқы — [EULaw; European Union Law] — Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады
3. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларус Республикасы қатысуымен біріңғай экономикалық кеңістік құру келешегі. Жалпы, Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еді. Бұл одаққа әуелі бес ел - Ресей, Қазақстан, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді деп жоспарланған. Кейін бұрынғы КСРО кеңістіктегі басқа мемлекеттерді қатыстыру қарастырылған болатын. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
Ресми құжаттар: Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді. Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ). Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.
Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.
Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады.
Жоғары деңгейдегі кездесулер: 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар аударды. Әр тарап ұлттық экономикалық мүдделерді есепке ала отырып, бұдан әрі ынтымақтастық туралы пікірлерін айтты. Украина әр түрлі салада ортақ жобаларды жүзеге асыру (көлік, отын -энергетикалық кешендер) және ең алдымен еркін сауда аймағын құрайтын құжаттарды дайындауды ұсынды. Ресей, өз кезегінде, ағымдағы күрделі аспектілерді екіжақты түрде шешу және қызмет пен капитал нарығына қол жеткізу тәртібін ырықтандыруды ұсынды. Қазақстан кедендік және көлік одақтарын құруды ұсынды. Осыған байланысты президенттер ЖДТ-қа (жоғары деңгейдегі топ) бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды.
2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған.
2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды. Онда ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау және 2006 жылдың 1 наурызына дейін интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне бағытталған 15 құжаттан тұратын 2- пакеттің дайындығы туралы баяндау тапсырылды. Сонымен бірге украиналық тарап өзінің ұйымға қатысу сатысын ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) нормалары мен ережелерін есепке ала отырып, әр түрлі деңгейлі және әр түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген.
2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі тобының кезекті мәжілісі барысында 2005 жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды.
Келісімдер:Бірінші кезектегі келісімдер пакеті бойынша (38 келісімдер пакеті), үш мемлекет форматы (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) бойынша қол қоюға 24 келісім дайындалды, оның ішінде Украинамен бірге төрт мемлекет форматы бойынша – 8 келісім дайындалды.
БЭК Комиссиясы туралы келісімнің жобасын талқылау барысында дауыстарды бөлу мен шешімдерді қабылдау рәсіміне байланысты кереғар пікірлер болды: ресейлік тарап шешім қабылдау кезінде 2/3 бөлікті басым көпшілік қағидатын ұстанса, қазақстандық және беларустік тараптар мәмлеге келу (консенсус) принципін ұсынды.
БЭК шеңберінде дауларды шешу жөніндегі органды құру туралы келісім жобасы бойынша қазақстандық тарап ескертулер мен ұсыныстар айтты, осыған байланысты, беларус және ресейлік тараптарға мемлекетішілік келісу рәсімдерін жеделдету ұсынылды.
БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы еркіндігі туралы келісім жобасы бойынша. БЭК қалыптастырудың ЖДТ (жоғарғы деңгейдегі тобы) жұмыс отырысының қорытындысы бойынша (2006 ж., 18 мамыр, Минск) украиндық тарап ұсынысымен Келісім аты «БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісім» болып өзгертілді.
Тараптардың сарапшыларымен Келісімнің мәтініне қосымша өзгерістер енгізілді және келісімге қол қоюдың үкіметаралық деңгейі айқындалды.
Ресейлік тарап, сондай-ақ, БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізді.
Беларус, Қазақстан және Украина тараптары талқылау барысында ресейлік тарапқа мәжіліс кезінде тараптар жасаған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өз ұстанымын пысықтауды ұсынды.
Қазіргі кезеңдегі ахуалы:Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.
Осы кездесулердің қорытындысы бойынша, бірінші кезектегі келісімдердің пакетін қол қоюға дайындау бойынша қажетті рәсімдердің бәрі аяқталған жағдайда Жоғары деңгейдегі топ мемлекет басшыларына ЕурАзЕҚ-тың Мемлекетаралық кеңесін өткізу барысында (2006 ж., 23-24 маусым, Минск) осы келісімдердің қол қоюға дайын екендігін хабарлайды.
2006 жылғы 16 тамызда ЕурАзЭҚ Мемлекет басшыларының бейресми саммитінде № 313 «ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру туралы» Шешім қабылданды, онда Қазақстанға, Беларусьқа және Ресейге кеден одағының шарттық-құқықтық базасын дайындауға тапсырма берілді. 2007 жылғы 6 қазанда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы Шартқа қол қойды. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясатын қолданады. Атап айтқанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан үшінші елдердің тауарларына қатысты Бірыңғай кедендік тариф (БКТ) және Бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесі қолданысқа енгізілді. Бұл ретте 2010 жылғы 5 шілдедегі Бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша шегерімдер туралы хаттамада бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуінде бірқатар шегерімдер қарастырылды. 2010 жылғы 6 шілдеде Кеден одағының Кеден кодексі қолданысқа енгізілді («үштіктің» аумағында рәсімдеу бірыңғай құжат нысандарын пайдаланумен бірыңғай ережелер бойынша жүзеге асырылады). Сондай-ақ 2010 жылғы шілдеден бастап техникалық реттеу, Кеден одағында ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану саласында ауыспалы кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және компенсациялық шараларды қолдану тәртібі туралы бірқатар халықаралық шарт күшіне енді. 2010 жылғы шілдеде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісі барысында Қазақстанның, Белоруссияның және Ресейдің Мемлекет басшылары Кеден одағының бірыіңғай кеден аумағын қалыптастырудың І кезеңінің аяқталғанын мәлімдеді. 2011 жылғы 1 шілдеден Кеден одағының ішкі шекараларында мемлекеттік бақылаудың барлық түрлері (шекаралық бақылаудан басқа) күшін жойды. Осылайша, Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру жұмыстары аяқталды.Тұтас алғанда, бүгінгі күні Кеден одағының шарттық-құқықтық базасы іс жүзінде қалыптасты, онда 70 астам халықаралық келісім бар (Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды жинақтау жұмыстары басталды). Осылайша, үш мемлекеттің Кеден одағын құру белгіленіп, 2011 жылғы 18 қарашада Мәскеу қ. мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларацияны қабылдады, онда интеграциялық құрылыстың келесі кезеңіне – Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) ауысу туралы мәлімдеді. 2009 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қ. Мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы шешім қабылдады. 2010 жылғы қараша-желтоқсанда БЭК құқықтық базасын құрайтын 17 келісімнен тұратын пакетке қол қойылды. 2011 жылы БЭК қабылданған келісімдерін бекіту жұмыстары аяқталды. 2012 жылғы қаңтардан бастап БЭК келісімдері күшіне енді. Сонымен бірге БЭК келісімдерін іске асыру үшін тағы да шамамен 50 шақты құжат қабылдау және ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажет. БЭК келісімдерін толыққанды іске асыру үшін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 599 Шешімімен БЭК құрайтын Келісімдерді іске асыру мақсатында Құжаттарды әзірлеудің күнтізбелік жоспары бекітілді. 2010 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) саммитінде Ресей, Беларус және Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігінде Еуразиялық одақ құру туралы келісімге қол жеткізілді. Еуразиялық экономикалық одақ құру ауқымындағы алғашқы құжаттардың мәтіндері 2011 жылы қазанда Кедендік одақ пен ЕурАзЭҚ үкіметтері басшыларының кеңесінде келісілді. Жалпы БЭК қалыптастырудағы басты мақсат - қатысушы-мемлекеттердің экономикаларының тұрақты және тиімді дамуы үшін жағдай жасау, халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
БЭК-тің негізгі принциптері - тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қатысушы-мемлекеттер шекаралары арқылы еркін қозғалысын қамтамасыз ету болмақ.Тауарлардың еркін қозғалуы принципі біріздендірілген кеден тарифтері, жалпы кедендік тарифті қалыптастыру негізінде өзара саудадағы шектеулерді алып тастауды және сауданың еркін режимін қалыптастыруды, үшінші елдермен тауар саудасын реттеу құралдарын қолдануды көздейді. БЭК 2012 жылы 1 шілдеде өз қызметін тоқтататын Кеден одағының комиссиясының мұрагері ретінде, оның қызметін ары қарай жалғастырады.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ішінде тек тауар ғана тасымалданып қоймай, қызмет түрлері мен жұмыс күші де үш елдің арасында емін еркін қозғалып жүретін болады. Мәселен, қарапайым халық үшін жаңа банктік қызметтер, байланыс қызметтері қолжетімді болады. Ал басқа елге барам деген жұмысшылар үшін бұрынғыдай 2 немесе 3 ай деген шектеу болмайды. Үш елдің қайсысына барып жұмыс істеймін десе де өздері біледі. Қысқасы жұмысшыларға да, жаңа кәсіп түрін ашқысы келетін бизнесменге де, барлығына бірдей талап қойылады. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысын Еуразиялық экономикалық комиссия үйлестіреді. Комиссияның басты органы-Еуразиялық экономикалық кеңес.
ҚР сыртқы сауда айналымы* |
|||
|
|
млн. АҚШ доллары |
|
|
2013 қаңтар-наурыз |
2012 ж қаңтар-наурыз |
Өрлеу қарқыны % |
Сыртқы сауда тауар айналымы |
29.809,4 |
31.043,6 |
96,0 |
ТМД |
7.561,2 |
7.564,7 |
100,0 |
басқа елдер |
22.248,2 |
23.478,9 |
94,8 |
КО елдерімен бірге |
5.389,3 |
5.373,7 |
100,3 |
экспорт |
20.184,7 |
21.890,6 |
92,2 |
ТМД, оның ішінде: |
3.108,5 |
2.806,2 |
110,8 |
Ресей |
1.663,3 |
1.560,5 |
106,6 |
Беларусь |
20,3 |
16,7 |
121,6 |
КОелдерімен бірге |
1.683,6 |
1.577,2 |
106,7 |
басқа елдер |
17.076,2 |
19.084,4 |
89,5 |
импорт |
9.624,7 |
9.153,0 |
105,2 |
ТМД, оның ішінде: |
4.452,7 |
4.758,5 |
93,6 |
Ресей |
3.590,2 |
3.667,4 |
97,9 |
Беларусь |
115,5 |
129,1 |
89,5 |
КО елдерімен бірге |
3.705,7 |
3.796,5 |
97,6 |
басқа елдер |
5.172,0 |
4.394,5 |
117,7 |
№ 2 БИЛЕТ
1. Лизинг туралы түсінік. Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы , оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды.Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.
Лизинг ағылшын тілінен аудрғанда « жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын , өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді.
Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып , жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып , экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын. Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг – экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизнг алушы болса , импорттық лизнгте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады. Тура лизинг жағдайында лизинг беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі болады , ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылғанда көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір рет жүзеге асырылады , қалпына келетін лизингте келісім-шарт мерзімі аяқталысымен қалпына келеді.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
* Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
* Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып , өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
* Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан , лизинг бойынша алған қолайлы , себебі , бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
* Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты , өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып , мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп , лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
* Несие берушінің көзқарасымен қарағанда , несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар :
* Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ( әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
* Ұйымдастырудың күрделілігі;
* Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары , бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
2. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен оларды тиімді пайдаланудың бағыттары. Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш- қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымы көрсеткіші мына формуламен есептелінеді. Ққ =V/Қ мұндағы: V- жыл ішіндегі өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен; Қ- негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану денгейін егжей тегжей пайдалану үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өнімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғарғы дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққанда негізгі қордың құнын сипаттайды (тенге).
Қс =Қө/Өқ мұндағы: – жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты
бөлігінің құны, тенге; –негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны, тенге.
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме денгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, білікті қызметкерлерді пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдаланылуын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді. Қор сыйымдылығы– өндірістік негізгі қорлардың (негізгі капиталдың) өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы құны. Қор сыйымдылығы орташа жылдық есептеуде де, жылдың аяғындағы жағдайы бойынша да өндірістік негізгі қорлардың баланстық құны бойынша есептеледі. Бұл орайда макродеңгейде жалпы ішкі өнім және өндірілген ұлттық табыс туралы деректер, ал салалар деңгейінде жалпы, тауар және таза өнім туралы деректер пайдаланылады. Өнімнің қор сыйымдылығы тікелей және толық сыйымдылық түрлеріне бөлінеді. Қор сыйымдылығы– негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі / негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны ) – негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін сипаттайды. Қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны / жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі қорлары пайдаланылғанын сипаттайды. Қор қайтарымы (Н) мен қор сыйымдылығы (С) бір-біріне кері көрсеткіш болғандықтан, олардың арасында келесідей байланыс бар:
Н = 1/Снемесе С =1/Н. Қорлардың рентабельділігі (таза табыс / негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны) – негізгі құралдардың 1 теңгесіне неше теңге пайда алынғанын сипаттайды. Негізгі қорлардың салыстырмалы үнемі не артықшылығы:
+-Эн.ө.қ. = Ф1 – Ф0 *Iж.ө. Мұндағы: Ф1 ,Ф0 – негізгі өндірістік қорлардың базисті (жоспарлы)
және есепті кезеңдегі орташа жылдық құны; Iж.ө. – жалпы өнім көлемінің индексі.
Қормен жарақтану – материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындағы жұмысшылардың негізгі өндірістік қорлармен (құрал-жабдықтармен) қамтамасыз етілуін көрсететін экономикалық көрсеткіш. Кәсіпорынның негізгі құралдарының құнының жұмышылардың орташа жылдық санына қатынасымен анықталады.
3. Ғаламдық проблемалар: түсінігі, алғышарты және пайда болу себептері; олардың әлемдік экономикаға әсері. Соңғы уақыттары бүкіл адамзат баласы экономикалық, азық-түліктік және экологиялық дағдарыстарды бастан кешуде. Бұл – Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және арал мемлекеттерінің жалпы ортақ проблемалары. Яғни, адамзаттың жиырма жыл бойы салған күш-жігері тиісті нәтижелер берген жоқ. Сол себепті, үстіміздегі жылдың 20-22 маусымы күндері Бразилияда БҰҰ-ның орнықты даму бойынша Рио+20 конференциясын өткізу жоспарлануда. «Рио-92» тарихи конференциясынан 20 жыл өткен соң мемлекет және үкімет басшылары орнықты даму жолындағы прогресті бағаламақ. Рио+20 конференциясында негізгі екі тақырып талқыла-нады:
– «жасыл экономикаға» өту;
– орнықты дамудың институттық негіздері.
Неге бүгінгі күні орнықты даму контексінде осы мәселелер талқылануда.
Сегодня население мира составляет 7 миллиардов человек, а к 2050 году оно составит 9 миллиардов. ► Каждый пятый (1,4 миллиарда человек) в настоящее время живет на 1,25 доллара США в день или меньше.► Полтора миллиарда человек не имеют доступа к электричеству. Два с половиной миллиарда не имееют смывных туалетов. Ежедневно почти миллиард человек голодает.► Выбросы парниковых газов в атмосферу продолжают расти, и более трети известных биологических видов могут вымереть, если климатические изменения по-прежнему не будут приниматься во внимание.► Чтобы оставить нашим детям и внукам пригодную для жизни планету, проблемы повсеместной нищеты и разрушения окружающей среды необходимо решать сейчас.► Если мы не сумеем адекватно решить эти острые проблемы сейчас, то в будущем мы понесeм значительно более крупные потери и не только в финансовом плане, но и в плане роста масштабов нищеты и нестабильности, а также ухудшения состояния окружающей среды.►Рио+20 предоставляет возможность мыслить глобально, чтобы мы смогли сообща действовать на местном уровне для построения нашего общего будущего. Қазірдің өзінде әлем алдында азық-түліктің және таза судың жетіспеушілігі, қоршаған ортаның ластануы мен қалалардағы халықтың шектен тыс өсуі, парниктік газдар эмиссияларының артуы және климаттың өзгеруі салдарынан туындаған проблемалар ортаға шыға бастады.
Қазіргі замандағы дағдарыстан шығу жолдарының жаңа тәсілдері экономиканы дамытудағы «жасыл өсім» мен «жасыл экономика» стратегиясында. Жасыл көпірмен жасыл экономикаға бет алу. «Жасыл» терминдері 2005 жылы Сеулде өткен қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші конференциясынан бастап жаппай қолда-ныла бастады. Оңтүстік Корея мемлекеттік «Green growth» (жасыл өсім) стратегиясын қабылдап, оның негізгі идеяларын барлық мемлекеттердің аймақтарына таратуды және экономикалық дамудың жаңа тәсілдерін жаппай насихаттауды ұсынды. Аталған стратегияның негізгі жаңалығы оның тек табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар, экономикалық өсу мен технологиялық дамуға ықпал етуінде болып табылады. Дағдарыс-тан шығудың осындай жолдарын басқа дамыған елдер де ұстана бастады. Осылайша АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылы келесі 10 жылдықта 5 миллион жұмыс орнын ашу үшін энергияның экологиялық таза түрлерін дамытуға 150 млрд. доллар инвестиция құю жоспарын жариялады. Сонымен қатар, Жапония да халықты жұмыс орнымен қамтуды 2,2 миллионға арттыру мақсатында экологиялық технологиялар рыногын 2015 жылға қарай 100 триллион иенге көбейтпекші.
Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» үкіметтік бағдарламасы қабыл-данды. Бағдарламаның басымдықтарына парниктік газдардың шығарындыларын азайту, өндірістік және тұтынылған қалдықтар проблемаларын шешу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді экологиялық салықтарға ауыстыру, су ресурстарын сақтау жатады. Атап айтқанда, осы басымдықтар Оңтүстік Корея басымдықтарымен пара-пар. Жасыл өсім және жасыл экономика стратегиясы жасыл технология негізіндегі жаңа инвестицияларды талап етеді. Бірақ, бұл технологиялар тек дамыған елдермен әзірленіп, сол елдерде ғана орналасқан. Дамыған елдерде бұл үшін қаражат жеткілікті, жағдайлар да жасалған. Керісінше, дамушы елдерде мұндай қаражат пен жағдай жоқ. Алайда, дамушы елдердің экономикалық өсімінің салдары еуропалық және басқа да дамыған елдердің жаһандық экожүйелерді сақтаудағы парниктік газдарды қысқартуға бағытталған жұмыстарынан басым түсуде.
Бұл ретте ғаламдық маңызды табиғи нысандар – Бразилия, Орталық Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ну ормандары, Гималай, Альпі, Тянь-Шань, Памир тауларының мұздықтары, Моңғолия мен Қазақстанның далалары және Сібір, Канада, Алясканың қалың ормандары жойылып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде дамыған елдерде климаттық апаттардың ұлғайғандығы байқалады, мысалы, су тасқыны, құйынды дауылдар, жоғары немесе төмен апатты температуралар жиі орын алуда.
Яғни, Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінің жасыл инвестициялар мен техноло-гиялардың арқасында дамуы бүкіл ғаламшар үшін аса маңызды. Осы орайда, «Жасыл экономика» құрудағы жетекші елдер бірінші кезекте тұрған мына мәселелерді шешуі қажет. Олар:
– «қоңыр» өнеркәсіпке мемлекеттік субсидияларды қысқартып, экологиялық талаптарды қатаңдату;
– экологиялық салықтар енгізу;
– «жасыл» өнеркәсіпке елеулі инвестициялар құю мен «жасыл» мемлекеттік сатып алым-дарға өту;
– жаңа «жасыл» трансферттер мен технологиялар енгізу.
«Жасыл экономиканы» ендірудің басты шарты – жаңа «жасыл» технологиялар трансферті. «Жасыл экономикаға» өту үшін технологиялық төңкеріс қажет. Көптеген сарапшылардың пікірінше, «жасыл өсімге» қатысы бар ғылыми салалардағы зерттеулер мен жұмыстардың халықаралық ынтымақтастығын күшейту және осы технологияларды дамушы елдерге тездетіп таратудың ғаламдық институттық тетіктерін құру қажеттілігін атауда. «Жасыл» технологияларға еркін қолжетімділік пен дамушы елдерге мемлекет арқылы қаржы-ландыратын технологияларды беруді ынталандыру – орнықты дамудың елеулі шарты. Алайда, әлем елдерінің рынокқа шығарып отырған өнімдері осы технологиялар болып табылады және негізгі табыс көздерін олардан алып қою оңайға соқпайды.Сарапшылардың айтуынша, «жасыл экономика» құру үшін халықаралық интеллектуалды меншік құқығын қорғау режімін (2001 жылы Дохада қабылданған) TRIPS келісімі және қоғамдық денсаулықты қорғау декларациясына ұқсас өзгерту қажет. Ол үшін патенттерді қорғау мерзімдерін шектеу және өнертапқыштарға қолда бар патенттелген ғылыми мағлұматтарды қолдана отырып жаңа инновациялар ашу үшін рұқсаттар беру керек. Технологияларды трансферттеу проблемасы бойынша әлемнің жетекші сарапшылары жұмыс атқаруда. Бірақ әзірге нәтижесіз.
Астана бастамасы: «Жасыл көпір» – жасыл технологияларды трансферттеудің тәжірибелік тетігі. 3 және 4-Астана экономикалық форумында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы қатарлы дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы инновациялық технологияларды трансферттейтін өзіндік «жасыл көпір» орнату қажеттігін атап көр-сеткен болатын. «Жасыл көпірдің» негізгі міндеті – планетаның ірі аймақтарындағы мемлекеттердің «жасыл экономикасын» жүзеге асырудағы мемлекет, жеке сектор, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың серіктестігіне септігін тигізу.
«Жасыл көпір» Астана бастамасы 2010 жылдың қазанында Азия және Тынық мұхит елде-рінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-конференциясында қабылданды. ESCAP елдерінің тапсырмасы бойынша Қазақстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын әзірледі. 2011 жылдың қыркүйегінде «Жасыл көпір» бастамасы және серіктестік бағдарламасы «Еуропа үшін қоршаған орта» 7-Пан-Еуропалық министрлер конференциясында қолдау тапты.
Бағдарлама мемлекеттер, халықаралық, үкіметтік емес, білім ұйымдары мен бизнес арасындағы экономикалық және нарықтық құралдар арқылы «жасыл» бизнестің жаңа жолдарын құру бойынша өзара іс-қимылдар әрекеттерін ойластырады. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасында демеуші мемлекеттер мен көмек алушы мемлекеттер жоқ. Іс-қимыл екі жақты жүреді. Бір жағына қарай экологиялық таза «жасыл технологиялар», ал екінші жағына қарай «жасыл технологиямен» жасалған «жасыл тауарлар» жүретін болады. Жетекші елдер өтеусіз негізде «толық біткен» жаңа жасыл технологияларын ұсынуы керек. Өз кезегінде, дамушы елдер «жасыл» технологияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Барлық серіктестік елдер «жасыл технологиялар» арқылы жасалған «жасыл тауарларға» еркін рынок ұсынуы тиіс. Серіктестік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты көпжақты келісімдер болып табылады. Солайша, барлық мемлекеттер үдеп келе жатқан проблемаларды шешу және бар жағдайды түбегейлі жақсарту үшін өз еркімен жасыл инвестициялар мен технологияларға қолайлы жағдай жасауы тиіс. Өз кезегінде стратегиялық жобалар табыс әкеледі. Еуропаның, Солтүстік Американың және Азияның көптеген елдерінде тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген «жасыл экономиканы» қолдау мысалдары жетерлік. Сондай тәжірибелерді жинақтап, талдау жүргізіп, солардың негізінде бағдарламаны жүзеге асыратын (кемінде 10-20 жылға арналған) ұзақ мерзімді келісімдер дайындау қажет.
Қорыта келе айтарымыз, Қазақстан өзінің 20 жылдық тәуелсіз тарихында бәрімізге ортақ үй – Жер планетасын сақтауда және жаһандық экологиялық проблемаларды шешуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ал бүгін бүкіл адамзат планетаның күйзелісін тоқтатып, өмір негізін қайта жандандыратын бірден-бір мүмкіндікке ие. Адам мен таби-ғаттың үйлесімді өмір сүру мүмкіндігі қазіргі таңда басқа кездерге қарағанда әлдеқайда жоғары.
№ 3 БИЛЕТ
1. Кәсіпкерлік ортаның мәні мен мағынасы. Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.
Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» — бұл табыс табу, (жеке шаруашылығы, қолөнершіремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар нарығында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.
Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.
Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс экономисі В.Зомбарт, кәсіпкер және австриялық экономист И.Шумпетер үлкен үлес қосты (В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары).
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты — істің өркендеуіне жағдай жасау деп анықтама берді Зомберт.
Зерттеуші И.Шумпетер кәсіпкердің өндірістік меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы мүмкін, банк басқарушы не акционерлік қоғамның мүшесі және т.б.
Құралдар түрлерінің пайдалы қызмет ету уақыты көп жағдайда пайдаланған мезгілінен артық болуы мүмкін. Ұсыныс пен сұраныстың жоғары болуына байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударлған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы.
Қазақстан заңында кәсіпкер азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметі емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпкерлік белгілері болып саналады.
2. Бағалардың деңгейіне әсер етуші факторлар.Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсіпорынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторлар:
- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады);
- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);
- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың
шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);
- өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);
- өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
- өндірістік процестің жинақылығы;
- тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
- сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.
Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:
- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;
- еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
- инфляцияның деңгейі және динамикасы;
- нарык көлемі;
- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі
3. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларус Республикасы қатысуымен Кедендік Одақ проблемалары мен келешегі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
Еркін сауда аймағын осы аймақтан шығатын тауарларға қатысты құрамына кіретін аймақтар арасындағы барлық сауда-саттық үшін баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары алынып тасталған екі немесе одан да көп кеден шекараларының тобы деп түсінуге болады.
Еркін сауда аймағының қатысушы-мемлекеті келісімге қатыспаған жағдайда әрқайсысы жеке сауда саясатын жүзеге асырады.
Еркін сауда аймағының үлгісі ретінде Қазақстан мүшесі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын айтуға болады.
Кедендік одақ дегеніміз — екі немесе бірнеше аймақтардың бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.
Басқаша айтқанда, Кедендік одақ үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік тариф (бірыңғай сыртқы сауда саясаты) қолдану және еркін сауда аймағының қисындасуы болып табылады.
Кедендік одақ мысалы болып Еуропалық Одақтың Түркиямен Ассоциациясы, МЕРКОСУР, Шығыс Африка Қауымдастығы табылады.
Елдер арасындағы өзара сауда ғана емес, жұмыс күші мен капитал айналымы жолдарындағы кедергілердің жойылуымен Кедендік одақ толықтырылған жағдайда бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болады.
Ортақ нарық мысалы ретінде әлемдік тәжірибеде Араб жалпы нарығын, Орталық Америкалық жалпы нарықты айтуға болады.
Экономикалық одақ жоғарыда аталған бірігу шараларына қосымша қатысушы-елдердің бірыңғай экономикалық саясатты жүзеге асыруын, бірыңғай валюта енгізуін, әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекетаралық реттеу жүйесін құруды көздейді.
Қазіргі уақытта мұндай бірігу сатысына тек Еуропалық Одақ ғана қол жеткізді.
Дүниежүзілік кеден ұйымының мәліметтері бойынша нотификациядан өткен Кедендік одақ туралы келісім негізінде қызмет ететін 12 мемлекетаралық бірлестіктер бар.
Олардың қатарына Еуропалық одақ, Орталық Америкалық жалпы нарық, Кариб қауымдастығы және жалпы нарығы, Анд ұлттар қауымдастығы, Оңтүстік Африкалық кеден одағы, Орталық Америкалық жалпы нарық, ЕО – Түркия, ЕО – Андорра, Орталық Африкалық экономикалық және валюта қауымдастығы, Шығыс Африка қауымдастығы және Парсы шығанағы елдерінің қауымдастық бойынша кеңесі жатады.
Кедендік одақтың қалыптасуына байланысты Қазақстан үшін мемлекеттермен неғұрлым тығыз қарым-қатынас орнату арқылы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, өзара инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар құру, мемлекеттердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, біріккен өндіріс орындарын ашу, жалпы ішкі өнім 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын ортақ деңгеймен Қазақстанда 15,9 млн. адамнан Кедендік одақта 167,2 млн. адамға дейін ішкі нарықты кеңейту, ішкі нарықтың кеңеюі нәтижесінде Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аймағында, соның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орындарының, бірін-бірі толықтырушы кәсіпорындар кооперацияларының дамуы және сатылас біріккен корпорациялар құру үшін қызығушылықтардың пайда болуы, өнімдерге қойылатын қазіргі уақыттағы әрекет етуші стандарттар мен талаптардың бір ізге салынуына байланысты отандық тауарларды өткізу нарығының кеңейтілуіне және инвестциялық тартымдылығын арттыруға негіз болатын Кедендік одақ елдері, соның ішінде Ресей Федерациясы нарықтарына қазақстандық тауарлардың шығуын жеңілдету және кеңейту сияқты негізгі мүмкіндіктер туып отыр.
Кедендік одақ комиссиясы кедендік одақтың реттеуші органы болып табылады. Оның құрамына: Қазақстан Республикасының атынан – ҚР бірінші вице-премьері Ө. Шөкеев, Ресей Федерациясының атынан – РФ Төрағасының бірінші орынбасары И. Шувалов, Беларусь Республикасының атынан – БР Үкіметі Төрағасының орынбасары А.В. Кобяков – үш мемлекеттің Үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді.
Кедендік одақ комиссиясының шешімі Қазақстан – 21,5, Беларусь – 21,5, Ресей – 57 дауысқа ие көпшілік дауыспен, яғни дауыстың үштен екісімен қабылданатын болады. Егер жақтардың бірі Кедендік одақ комиссиясының қабылдаған шешімімен келіспеген немесе қажетті дауыс саны жиналмаған жағдайда, мәселе консенсус шешімін қабылдайтын мемлекет басшылары деңгейіндегі Кедендік одақтың жоғарғы органына қарауға беріледі.
Қазақстандық тауар өндірушілер үшін еркін сауда аймағы келісіміне сәйкес кедендік баждар алынбайтын ТМД (62% жуығы), соның ішінде РФ және Беларусь елдерінен әкелінетін тауарлар негізгі бәсекелес болып табылады. Мысалы, Қазақстанға әкелінетін барлық импорт көлемінің ішінде 90%-ға жуығы Украина (71,7%) және Ресейден (16,5%) бажсыз әкелінетін кондитер өнімдері, сүт өнімдерінің 92%-дан көбі ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 45%, Қырғызстаннан – 25% импортталады, ұқсас жағдай шырын нарығында да кездеседі (75,9% – ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 25%, Тәжікстаннан – 22,4%), алкогольсіз сусындар (ТМД – 99,8%, Ресей – 99,6%), сыра (ТМД – 98,1%, Ресей – 98%) және басқалары.
Осыған орай баждың өсуі азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне әсер етпейді, себебі олар негізінен Қазақстан аймағында өндіріледі немесе импорттық баж қолданылмайтын ТМД елдерінен әкелінеді.
Жоғары деңгейдегі баждың бір уақытта қолданылуы қазақстандық кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себептен Қазақстан үшін тауарлар бойынша Бірыңғай кедендік тарифке кезең-кезеңмен көшу құқығы сақталып отыр.
Кедендік одақтың мақсаттары мен міндеттері
Кедендік одақ құру өз шегінде арнайы қорғаныстық, антидемпингтік және өтеу шараларынан басқа, кедендік баж салығы мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайтын бірыңғай кеден аумағын қалыптастыруды көздейді.
Кедендік одақ шеңберінде бірыңғай кедендік тариф және үшінші тараптың тауар саудасын басқа бірыңғай реттеу шаралары қолданылады. Кедендік одақта шешілетін міндеттер оны құру жөніндегі 2007 жылғы 6 қазанындағы Шартта атап келтірілген.
Кедендік одақ Тараптары 2007 жылғы 6 қазанындағы Шартқа сәйкес Кедендік одақ Комиссиясын – Кедендік одақтың бірыңғай тұрақты қызмет ететін реттеуші органын құрды. Кедендік одақ Комиссиясы шараларының ережелері де Кедендік одақ Комиссиясының негізгі құқықтық қызметі болып табылады.
ҚР сыртқы сауда айналымы* |
|
||
|
|
млн. АҚШ доллары |
|
|
2013 жылғы қаңтар-наурыз |
2012 жылғы қаңтар-наурыз |
Өрлеу қарқыны % |
Сыртқы сауда тауар айналымы |
29.809,4 |
31.043,6 |
96,0 |
ТМД елдері |
7.561,2 |
7.564,7 |
100,0 |
басқа елдер |
22.248,2 |
23.478,9 |
94,8 |
КО елдерімен бірге |
5.389,3 |
5.373,7 |
100,3 |
экспорт |
20.184,7 |
21.890,6 |
92,2 |
ТМД елдері, оның ішінде: |
3.108,5 |
2.806,2 |
110,8 |
Ресей |
1.663,3 |
1.560,5 |
106,6 |
Беларусь |
20,3 |
16,7 |
121,6 |
КО елдерімен бірге |
1.683,6 |
1.577,2 |
106,7 |
басқа елдер |
17.0762 |
19.084,4 |
89,5 |
импорт |
9.624,7 |
9.153,0 |
105,2 |
ТМД елдері, оның ішінде: |
4.452,7 |
4.758,5 |
93,6 |
Ресей |
3.590,2 |
3.667,4 |
97,9 |
Беларусь |
115,5 |
129,1 |
89,5 |
КО елдерімен бірге |
3.705,7 |
3.796,5 |
97,6 |
басқа елдер |
5.172,0 |
4.394,5 |
117,7 |
№ 4 БИЛЕТ
1. Фирма - нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорындардан тұратын пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстар пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншік формасы және көлемі бойынша жіктеу жатады. Меншік формасы бойынша: 1) жеке кәсіпкерлік – бір адам иелік етеді, кемшілігі - капиталы аз, артықшылығы - өзі барлық пайданы иеленеді, өзгерістерді өзі жүзеге асырады. 2) серіктестік – екі немесе одан көп адам иелік ететін бизнес. Заңды тұлға емес, табыс салығын ғана төлейді, артықшылығы – ұйымдастыру жеңіл, қаражат, жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі. Кемшілігі – фирма табыстары мен шығыстарын бөлуде мүшелер үлесін анықтаудың күрделілігі, фирма іс-әрекетінің мақсатын барлық мүшелердің бірдей түсінбеуі. 3) корпорация – бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиыны.
Фирма көлеміне қарай: 1) шағын бизнес – батыс экономикасында шаруашылықтың көп бөлігін құрайды (франчайзинг, венчурлік фирма).Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы зор, өйткені ол көп мәселені шешеді: а)Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады; б)халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі; в)адамдарды жұмыспен қамтиды;2)орташа бизнес-бұл ірі кәсіпкерлікпен де, кішімен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін немесе күйрейді.3)Ірі бизнес-бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монопольді болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Нарық жағдайында кәсіпорынның әлеуметтік-эконогмикалық рөлі өзгерді: 1)негізгі талап-пайда табу.2)көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу. 3)өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту. 4)банкроттықты болдырмау.
2. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) даму кезеңдері, негізге алынатын қағидалары мен ережелері. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің үлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды.
ГАТТ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі басты принциптер — бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.
Төрт негізгі элемент:
ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ);
ұлттық режим;
тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде
қолдану;
транспоренттік пен ашықтық.
Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелері басқа мүше елден импортталатын тауарлар мен қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу, қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары және келешегі.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процессі өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:
1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.
Бұл төмендегідей жолмен жүзеге асырылады: қосылуға жоспарлайтын ел сауалнамалар мен жауаптар барысында қарастырылатын сыртқы сауда режимі туралы меморандумын ұсынады, одан кейін қосылу шарттарын белгілейтін Жұмыс Тобының Баяндамасы мен қосылу хаттамасы дайындалады. Қосылудың осы сатысы көп жақты негізде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындайды:
- бағаны түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;
- салықтандыру жүйесі;
- жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;
- шетел инвестициялардың режимі;
- төлем балансы;
- импорттың кедендік тариф, сонымен қатар кез келеген тарифтік преференциялар, кедендік баждар, тарифтік алымдар саласындағы ескертулер, т.б.;
- қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда кәсіпорындары;
- импорт тауарларын стандартизациялау және сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
- валюта айырбастау;
- сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;
- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.
2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы).
Осы келіссөздер қосылуға жоспарлайтын елмен екі жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары) қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбесі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерне таралады.
3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді. Осы тізбе РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер — сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.
ДСҰ-ға қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт – ұлттық сыртқы экономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру.
Соңғы кезең қосылатын елдің заң шығару органының кұжаттар пакетін бекіту болып табылады.
Кірудің мақсаттары мен міндеттері:
Дүниежүзілік сауда ұйымының айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын камтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралык құқығына негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады. Соның ішінде Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.
Қысқа мен орта мерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.
Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДС¥-ның режимі маңызды бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымы белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруге қатысуға құқықты иеленуді жоспарлай алады.
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат пен үкіметтер, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.
Оның ішіне ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, кызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендету нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру жатады. Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарлардың кеңейтілген қатарына қолы жетеді.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.
Кіру барысының ағымдағы жағдайы.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Женева қаласындағы Хатшылығында Жұмыс Тобының мүдделі мүше елдерінің қатысуымен жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды:
1 .Тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен бірлесіп, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылысымен, қолдану құқықтарын иеленетін импорттық кедендік баждарды үйлестірудің ең жоғарғы деңгейін анықтау мен келісуді қамтиды.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс Топ құрамына кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының 36 мүше елінің қатарынан 15 ел, олардың ішінде АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария ең маңызды бола тұрып, тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуде.
Қазақстанның тарифтік ұсыныстары төмендегідей негіздерді есепке алу нәтижесінде жетілдірілген:
Бірінші негіз — 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында белгіленген жоспарлар негізінде ұлттық экономиканың қысқа және орта мерзімді қорғалудың тиімді деңгейін қамтамасыз етудің қажеттілігі.
Екінші негіз — Қазақстанның ЕурАзЭҚ-дағы мүшелігінің шарттарын мүмкіндігінше есепке алу. Қазақстанның тарифтік ұсыныстарының негізінде салалық министрліктер мен отандық тауар өндірушілерінің ескертулерін есепке алумен жетілдірілетін импорттық кедендік баждарының бағамаларын үйлестіру деңгейлері жатыр.
2. Шетел қызметтер жабдықтаушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізу шарттарын келістіру мақсатында қызмет нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер. Келіссөздердің негізін Қазақстанның қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу шарттары жөнінде келіссөздерді Жұмыс Тобының 8 мүше елі, атап айтқанда, Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан қызметтер нарығына қол жеткізу жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Топтастырғышының 155 қызмет көрсету салаларының жалпы санынан 76 (немесе 49%) сала бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық экономикасы үшін тиісті қорғау дәрежесін талап ететін сезімтал қызмет көрсету салаларының тізбесіне қаржылық, құқықтық, сауда-саттық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыс қызметтері енгізілген.
3. Ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты арнайы келіссөздер. Күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен, ескірген техника мен технологиялармен, тауарларды сату нарықтарына географиялық алыстығымен, теңіз жолдарына тікелей шығудың жоқтығымен сипатталатын Қазақстан үшін ауыл шаруашылық жөніндегі келіссөздер, Қазақстан халқының 44 пайызы ауыл түрғындары болғандықтан, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды.
Қажетті тарифтік қорғау деңгейін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының ішкі қолдау көлемін және экспорттық субсидиялардың дәрежесін қамтамасыз теу мақсатында Жұмыс Тобының мүше елдері ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты келіссөздерді өткізуде.
4. Жүйелі мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде міндеттіліктерін орындау үшін заң шығару және оны пайдалану саласында қолданылатын шараларды анықтау мақсатында өткізіледі. Келіссөздердің негізін жұмыс Тобының Баяндамасы құрайды. Аталған келіссөздер барысында экономикалық саясаттың, атап айтқанда, валюттік айырбастау мен төлем жүйесі, инвестициялық режим, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру, баға түзу, бәсекелестік саласындағы саясат сияқты жүйелі мәселелері Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерімен талқыланады. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Жоғарыдағы сызбада ДСҰ-ның құрылымы көрсетілген. Бірінші сатыда Министрлер конференциясы көрсетілген. ДСҰ – да жоғарғы деңгейдегі шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Олар ең азы екі жылда бір рет жиналады.
Министрлік конференциясына бас кеңес бағынышты болады, ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және ВТО мүшелері өкілдерінің құрамымен Женевада штаб — пәтерде жылына бірнеше мәрте жиналады. Бас кеңес басқаруында екі арнайы орган болады: сауда саясатын талдау және пайда болған дауды шешуге бағытталған. Сонымен қатар бас кеңеске сауда және даму комитеттері; шек қоюлар, сауда теңдігімен байланысты; қаражатпен , қаржыға және әкімшілік сұрақтарға байланысты комитеттер есеп беруге тиіс.
Бас кеңес иерархияның келесі деңгейдегі үш кеңеске функцияларын делегаттайды: тауарлар мен сауда кеңесіне, қызметтермен сауда кеңесіне және интеллектуалды меншік құқық сауда аспектісі кеңесіне.
Тауар сауда кеңесі, өз кезегінде, мамандандырылған комитеттердің қызметімен басшылық етеді , тауарлармен сауда сферасында -1994 ДСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қызмет сауда кеңесі ГАТС келісімдерінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамында қаржылық қызметтермен сауда комитеті және кәсіптік қызметтер жөніндегі іскер топ болады.
Интеллектуалды меншік пен құқық сауда аспектісі кеңесі (ТРИПС) келісімдерінің дұрыс орындалуын қадағалаудан басқа жасанды тауарларға байланысты болатын халықаралық саудадағы мәселелерді шешумен айналысады.
3. Инвестициялық климат түсінігі және оны сипаттайтын факторлар (саяси, әлеуметтік, қаржы-экономикалық). Қазақстан Республикасының инвестициялық климат мен инвестициялық заңнамалары. Тартылатын инвестицияның көлемі мен сапасы, оның келтірілуінің қарқындылығы (инвестициялық ахуал) деп аталатын әлеуметтік- экономикалық түсінікте біріктірілген факторларға байланысты.Инвестициялық ахуал дегеніміз – шетел кәсіпкерінің көзқарасымен өз капиталын салып отырған елдегі жағдайлар. Инвестициялық ахуал көптеген элементтерден тұрады, оларды келесідей топтарға біріктіреміз:
* елдегі әлеуметтік-саяси жағдай және оның перспективасы;
* ел ішіндегі жағдай және оның даму болашағы;
* сыртқы экономикалық қызмет және елдегі перспективасы.
Әрбір фактордың өз үлес салмағы бар және баллмен бағаланады. Сондықтан да тәуекел факторларының жеке топтарын сандық көрсеткіштермен есептеуге болады. Инвестициялық ахуалда сандық көрсеткіштермен есептеледі.
Инвестициялық ахуал дегеніміз – инвесторларды тартатын немесе алыстататын елдегі саяси, әлеуметті-экономикалық, қаржылық, мәдени, ұйымдық-құқықтық және географиялық факторлардың жиынтығы. Ең бастысы шетел инвесторлары үшін тартымды жағдайды туғызу тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және олардың капиталын басымды салалар, өндірістер, қызмет түрлеріне бағыттау қажет.
Инвестициялық ахуалды бағалауға қолданылатын неғұрлым әмбебап тәсіл – факторлық болып табылады. Ол ұлттық экономиканың инвестициялық ахуалына әсер ететін факторлардың жинағын бағалаумен негізделеді. Бұл факторларды 2 топқа бөлуге болады:
1. Жағымды факторлар:
* табиғи ресурстарды қолдануға мүмкіндік беру;
* нарықтың жоғары потенциалдылығы;
* пайданың нақты коэффициенті;
* өз бәсекелестерінен бұрын аймықта орын алу арманы;
* бизнес үшін Қазақстанның стратегиялық орналасуы;
* Қазақстан тұрғындары білімінің жоғарғы деңгейі.
2. Жағымсыз факторлар:
өндіру қарқынының төмендеуі;
* салықтық заңдар мен кедендік реттеудің жетілдірілмегендігі;
* инфляция;
* шетел инвесторларының Қазақстандағы болып жатқан процесстер жайлы толық ақпарат алалмауы.
Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады .
Шетел инвесторлары инвестициялық климаттың бұл көрсеткіштерін бағалап мемлекеттегі инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар инвестиция туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалын анықтау кезінде келесідей факторларды қарастырамыз:
* ресурсты-шикізаттық әлеуеті;
* өндірістік (тұрғындардың шаруашылық қызметтерінің жиынтығының нәтижелері);
* инфрақұрылымдық (елдің экономикалық-географиялық жағдайы мен оның инфрақұрылымдық қалыптасуы);
* институционалдық;
* инновациялық (елдегі ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізу деңгейі);
* тұтынушылық;
* интеллектуалды.
Инвестиция мен салықтар бойынша халықаралық орталықтың ұсыныстарына сәйкес (ITIC) Қазақстан экономикасына инвестиция ағымына кедергі жасайтын факторларды ранжирлеу жүргізілді. Қазақстанға инвестицияның кіруіне мәнді кедергі жасайтын экономикалық кедергілер, одан кейін сәйкесінше: құқықтық және саяси факторлар, ал сосын – ұйымдық факторлар және материалдық–техникалық мінездегі мәселелер.
Инвестициялық ахуал түсінігі макро–және микродеңгейлерді қамтиды. Макроэкономикалық деңгейдегі инвестициялық ахуал өзіне инвестиция үшін саяси, экономикалық және әлеуметтік ортадағы көрсеткіштерді енгізеді.
Экономикалық мінездегі факторлар:
* салықтық, қаржылық режим
* қаржылық тәуекел
* тарифтік тосқауылдар
* айырбас бағамын реттеу
* инфляция
* анық жекешелендіру бағдарламаларының болмауы
ішкі инвестицияларға шектеу
Құқықтық мінездегі факторлар:
* құқықтық инфрақұрылым
* құқықтық өзгерістердің қарқыны
* патенттерді, технологияларды қорғау
* толық құрылмаған келісімдік заңданамалар
* құнды қағаздар нарығын реттеу
Ұйымдастырушылық мінездегі факторлар:
* бюрократия
* коммерциялық ақпараттардың болмауы
* жергілікті нарық туралы ақпараттың болмауы
мүмкінді серіктестерді табудың қиындылығы
Саяси мінездегі факторлар:
* Саяси тұрақсыздық
* Реформаларды іске асыру бойынша скептицизм
* әлеуметтік түсінбнушіліктерден сақтану
Материалды-техникалық мінездегі мәселелер:
* коммуникациялық инфрақұрылым
* көліктік инфрақұрылым
* тілдік тосқауылдар
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты мен инвестициялық заңнамалары. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалынды. 1997 жылдың өзінде-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл мұнай өңдеу, кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, агроөнеркәсіптік кешен және тағы басқалары. Нәтижесінде, қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы .
Елімізге шетелдік инвестицияларды тарту саясаты басталғалы оң нәтижелер беріп келеді. Дегенмен, экономикамызда әлі де шешіле қоймаған өзекті мәселелер болып отыр. Бұған келесі факторлар себепші: біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз деңгейде. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып, сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.Сол себепті, шетел инвесторлары Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық деген пікірге тоқталды. Біздің еліміз пайдалы қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен потенциалға ие. Бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.
Қазір шетелдік инвестицияларды тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер, яғни мұнай-газ және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші ел болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады.
Бүгінгі күні республикамызға инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту кең көлемде қолға алынған. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.Қазақстанның инвестициялық климатының тартымдылығын UNCTAD бойынша әзірленген “Әлемдік инвестициялар-2012” баяндамасында республикамыз ТШИ тарту индексі бойынша әлемде 7-ші орыннан (2011 ж.) көрінгені де растап отыр .Бүгінде Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Ал биыл елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы электровоз заводының ашылу салтанатында елімізге 2012 жылы 20 млрд.-тан астам, ал тәуелсіздік алғалы бері жалпы елімізге 170 млрд.доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартқанымызды айтып өтті. Орталық Азияға келіп түскен барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 70 пайыздан астамы Қазақстанның еншісінде. Біздің еліміздің экономикасына əлемнің 100-ден астам елі өздерінің қаражатын салып отыр. Жақын арадағы 10 жылда мұнай, газ жəне еліміздің басқа қазба байлығының ірі кен орындарының ашылуы Қазақстанға тағы да миллиардтаған инвестициялардың келіп түсуіне мүмкіндік туғызып отыр. Ағымдағы уақытта елімізге тартылған инвестицияның көлемі бойынша ірі инвестор-ел Нидерландия (43,1 млрд.АҚШ доллары, 25%) мемлекеті болып табылады. Соңғы кездері Канада (5,5 млрд. АҚШ доллары, 3,3%) мен Италия (5,8 млрд. АҚШ доллары, 3,4%) елдері де біздің елімізге өз инвестицияларын тартуда. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар АҚШ (25,3 млрд. АҚШ доллары, 14,8%), Ұлыбритания (11,6 млрд. АҚШ доллары, 6,8%), Франция (10,1 млрд. АҚШ доллары, 5,8%), Қытай (7,8 млрд. АҚШ доллары, 4,6%), Ресей (6,4 млрд. АҚШ доллары, 3,7%), Швейцария (6,3 млрд. АҚШ доллары, 3,7%) елдерінен белсенді түрде құйылуда.
Қазіргі кезде Үкімет тарапынан инвестиция тарту жобасы қолға алынған. Шетелдік инвесторларды қолдау үшін заңнамалық және жүйелік шаралар кешенін қамтыған
Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді. Онда инвестжобаларға арналған шикізатты кеден бажынан босату, стратегиялық салалар мен жобаларда инвесторларға арналған арнайы жеңілдіктер беру, өңдеу саласындағы инвесторлар үшін заңнама тұрақтылығы сияқты шаралар қарастырылған. Оған қоса, ынтымақтастық үшін 20 басымдықты инвестор-ел және сол елдерден технология жағынан жетекші 150 компания анықталып отыр.
Қазір еліміз үш жылдық бюджет жоспарымен жұмыс істеп келеді. Мұның бір артықшылығы – үш жылдық кезеңге арналған экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға өздерінің бизнестерін барынша ауқымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, “Қазақстан –2030” стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуын ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды.
Инвестиция саласында Үкіметтің жүргізіп отырған саясатының жемісті екендігін Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде еліміздің алдыңғы орынға ілгерілеуі де дәлел бола алады. 183 ел қатысатын бұл рейтингте кәсіпкерлік қызметті реттеу, инвесторлардың құқығы мен мүддесін қорғау, сондай-ақ жергілікті компанияларға әсер ететін нормалардың реттелуі бағаланады. Реформалау саласы бойынша еліміз 47- орында (өткен жылы – 58). Биыл инвесторларды қорғау категориясында 34-орынға, салық салу жағынан 13-орынға көтерілді.
Қазақстандағы инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі, ол өтпелі экономикалы елдердегі ең үздік заңдардың бірі ретінде танылған. Бұл Заңмен халықаралық практикадағы инвесторлардың құқығын қорғаудың барлық кепілдіктері көзделген, мысалы, табыстарды пайдаланудың кепілдіктері, мемлекеттің қарамағына алу және иеліктен айыру кезіндегі кепілдіктер, келісім-шарттардың тұрақтылығының кепілдіктері және басқалары. Сондай-ақ, Заң Қазақстан экономикасының басым бағыттағы салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің шараларын да көздейді, олар отандық, сонымен бірге шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде қолданылады. 2009 жылдың қаңтар айында жаңа салық заңы қабылданды, оған сәйкес корпоративтік салықтың мөлшерлемесі 2009 ж. 20% дейін, 2010 ж. 17.5% және 2011 ж. 15% дейін төмендетілген болатын. Бұл Қазақстанның инвестициялық белсенділігін недәуір дәрежеде арттыратын болады, өйткені тіпті Ресей сияқты көршілес елдердің өзінде корпоративтік салықтың мөлшерлемесі біршама жоғары. ҚР инвестициялар туралы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.Осы Заң: мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға; коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейдi. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейдi, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiк бередi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
№ 5 БИЛЕТ
1. Кәсіпкерлік қызметті бизнес – жоспарлау. Өзінің жеке ісін ұйымдастыруда, кәсіпкерлік ұйымның жұмыс кезеңдерінде кәсіпкерлік іс әрекеттердегі аса маңыздысы белгілі мерзімде орындалуы тиіс іс-шаралар жоспарын дайындау болып табылады. Онан кейінгі көздеген мақсатқа жету жолының бірі – қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлар.
Бизнес - жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес - жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.
Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.
Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.
* кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.
* Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.
* Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып , бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.
* Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.
* Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.
Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар сан және сапа жөнінен кәспкер үшін де несие беретіндер мен әріптестер үшін де бағдар –сүйеніш болуы тиіс.
Яғни бизнес-жоспар–жоспарланған істердің нақтылығын көрсететін, экономикалық негізделген маңызды құжат. Сонымен бірге бизнес-жоспар инвесторлар мен әріптестер үшін жарнама құралы болып табылады. Сондықтан бизнес-жоспар қаржыгерлерге, бизнес бойынша әріптестер мен банк қызметкерлеріне іскерлік түсінікті тілде жазылып , дайындалуы тиіс.
Мәліметтер бизнес-жоспар бөлімдеріндегі мәселелерді анық дәл көрсетуі тиіс. Бизнес-жоспардың көлемі жобаланған мақсатқа байланысты, ең бастысы – көзделген мақсаттың нақты нәтижесі бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.(қалғанын 74 сұрақтан оқып алындар)
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат. Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-
5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.
БЖ әзірлеу тәртібі: 1) ұйымның ресурстық әлеуетін(потенциалын) талдау; 2)өткізудің мүмкін нарықтарын зерттеу; 3) өндіріс пен өткізу болжамын құру; 4)ұйымдастырушылық жоспарды әзірлеу; 5) бж құрылымын анықтау; 6) бж әзірлеу, яғни кәсіпорын дамуының кешенді жоспарын әзірлеу жеке бөлімдерін бөлу арқылы-өндіріс жоспары, қаржы, маркетинг жоспары және т.б.
Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:
1)Титулды парақ: фирма аты және мекен-жайы, құрылтайшылар турарыл ақпарат, жоспар аты, жоспар құру мерзімі, мәліметтер құпиялығының дәрежесі туралы ақпарат.
2)Бизнес жоспар түйіні (Резюме). Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.
3)Кәсіпорын туралы жалпы мағлұмат
4)Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.
5)Тауар өткізу нарығы.Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.
6)Өткізу нарығындағы бәсеке.Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика , бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.
7)Маркетингтік жоспар.Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.
8)Өндірістік жоспар.Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі. Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.
9)Ұйымдастырушылық жоспары.Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.
10)Кәсіпкерліктегі тәуекелділік. Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.
Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.
11)Қаржылық жоспар. Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.
12)Қосымшалар.Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.
2. Өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындардың жіктелуі. Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС/ Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Бастапкы шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
· табиғи шикізаттарды қолдану;
· өндірісті дайындау және үйрену;
. ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
· өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
· рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
· өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
· қалыпты еңбек жағдайын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
· өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
· кадрларды дайындау және қайта дайындау;
· мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
Шығындар, өзіндік құн маңызды экономикалық категория болып табылады. Олардың деңгейі көбінесе кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділік деңгейін, оның шаруашылық қызметінің тиімділік мөлшерін анықтайды. Шығындарды оңтайландыру және төмендету әрбір кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын анықтайтын, экономикалық қызметі жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны - бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсаған ағымдағы шығындары. Өнімінің өзіндік құнына өнімді өндіру процесінде жұмсалған еңбек құралдарының, еңбек заттарының және жұмыс күшінің құндары кіреді. Барлық, шығындарды бip өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін негізгі шығын түрлері төменде көрсетілген:
Материалдық шығындар халық шаруашылығының барлық саласындағы өнімнің өзіндік құнының негізгі үлесін құрайды. Оның құрамына келесілер кіреді: шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, жинақтауыш бұйымдар, қосалқы материалдар, отын, энергия, тара, орама материалары, аспаптар, запас бөлшектер, арнайы киім және басқалар.
Еңбек ақыға кететін шығындар қажетті тірі еңбектің өзіндік құнда қатысуын көрсетеді. Шығындар негізгі өндірістік персоналдың еңбек ақысынан, және де негізгі қызметке қатысатын жұмысшылар тізіміне кірмейтіндерден тұрады. Еңбек ақыға келесілер кіреді: кәсіпорында қабылданған, еңбек ақы жүйелеріне сәйкес еңбек ақыны кесімді бағалау, тарифтік ставкалар және қызметтік мөлшер бойынша есептеу; натуралды төлем түрінде берілетін, өнімнің құны; өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар; кезекті және қосымша демалыстарды төлеу; тегін көрсетілетін қызметтердің құны; қызмет ету жылдары үшін бір реттік берілетін сыйақы; аудандар бойынша коэфициент және басқа да шығындар.
Әлеуметтік қажеттіліктерге төленетін төлемдер қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға ұлттық табысты қайта бөлу формуласын көрсетеді.
Негізгі қорлардың амортизациясы. Амортизациялық төлемдер өзіндік құнға есептелінген мүліктің тозуын жатқызуға болатындығын көрсетеді, яғни негізгі қорлар объектілерінің құнын амортизациялық төлемдер арқылы өтеу.
Басқа да шығындар құрамына алуан түрлі және көптеген шығындар кіреді. Олар іс спараға төленетін, жағдайды жақсартатан, және де негізгі қорлардың объектілерін жалға алуға төленетін ақы, материалдық емес активтер бойынша амортизация, жөндеу қорына төлемдер шығындарынан тұрады.
Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды келесі белгілер бойынша топтастырылады:
өндіріс процесіндегі рөлі бойынша негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар жасалатын өнімді тікелей қалыптастырады, оның физикалық құрамының (шикізат, материал, жартылай фабрикат, еңбек ақы және т.сс.) негізін құрайды. Үстеме шығындар өндіріс процесіне қызмет етумен (жабдықты, цехтық және жалпы зауыттық персоналды ұстаумен) байланысты шығындар;
өнімнің өзіндік құнына қосу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді;
өнімнің шығару көлеміне байланысты;
шығындарды топтастыру және есептеу тәсілі бойынша қарапайым (шикізат, материал, еңбек ақы, тозу, энергия және т.б.) және кешенді (цехтық және жалпы зауыттық шығындар) болып бөлінеді;
өндірісте қолдану мерзімі бойынша шығындар күнделікті, немесе ағымдық, бір уақыттық және бір реттік болып бөлінеді;
жоспарлау әдісі бойынша.
Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтастыру өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, ассортимент топтары бойынша шығындарды бөлуге, өндірістік бөлімшелерідің, басқару аппараттарының, әр жұмыс түрі бойынша шығындар көлемін бекітуге, шығындарды төмендетудің қорларын анықтауға мүмкіндік береді.
Шығын статьялары бойынша шығындарды типтік топтастыру келесі түрде болады:
1) шикізат, негізгі материал, жартылай фабрикаттар, өнім жинақтауыштары (қайтарылатын қалдықтарды ескермегенде);
2) қосалқы материалдар;
3) технологиялық мақсаттарға аралған отын;
4) технологиялық мақсаттарға аралған энергия;
5) өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
6) өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;
7) өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы бойынша әлеуметтік қажеттліктерге төлемдер;
8) жабдықты эксплуатациялауға және ұстауға кеткен шығындар;
9) жаңа өндірісті дайындауға және игеруге кеткен шығындар;
10) цехтық шығындар;
Цехтік өзіндік құн
11) жалпы өндірістік шығындар;
12) ақаудан жоғалтулар;
Тауарлы өнімнің өндірістік өзіндік құны
13) өндірістен тыс шығындар.
Тауарлы өнімнің толық өзіндік құны
3. Қазақстан экономикасын кластерлік даму арқылы диверсификациялау саясаты.
№ 6 БИЛЕТ
1. «Акционерлік қоғам» туралы ҚР Заңы. Акционерлік қоғам кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ретінде. Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 жылғы 13 мамырда қабылданды. Соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2012жылдың 7 мамырда енгізілді. Акционерлік қоғамдар туралы Заң 11 тараудан 91 баптан тұрады:
1- тарау жалпы ережелер,
2-тарау қоғамды құру,
3- тарау қоғамның жарғылық капиталы,
4- тарау қоғамның акциялары және басқа да бағала қағаздары,
5-тарау қоғамдыбасқару,
6-тарау қоғамның аффилиирленген тұлғалары,
7-тарау Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері, 8-тарау Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті,
9-тарау Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары, 10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату,
11-тарауқорытынды және өтпелі ережелер.
Акционерлік қоғам -өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. қаржылар тарту мақсатында шығаратын заңды тұлға.
Жабық қоғам - акциялары тек өз құрылтайшылары мен күні бұрын белгіленген адамдар арасында осы бапқа лайық бөлінетін қоғам. Ол өзі шығарған акцияларын осы Заңда көзделгеннен басқа реттерде тек жабық тәсілмен орналастыруға құқықты.
Жабық қоғамның акционерлер саны ол коммерциялық емес ұйым болғаннан басқа реттерде жүзден аспауға тиіс.
Ашық қоғам - қатысушылары өз иелігіндегі акцияларды басқа акционердің келісімінсіз иеліктен шығару құқығы бар ашық акционерлік қоғам. Ашық қоғам акцияларды жабық, жеке және ашық тәсілмен орналастыруға құқықты.
Ашық қоғамның акционерлер саны шектелмейді («Акционерлік қоғамдар туралы» 3, 5, 6-баптар).
Коммерциялық емес акционерлік қоғам - акцияларды өз қызметін іске асыру үшін қаржылар тарту мақсатында шығаратын, табыстары тек осы қоғамды дамыту үшін ғана пайдаланылатын заңды тұлға («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 16-бап).
АҚ-ның заңды тұлға ретіндегі негізгі құқығы – бұл жарғылық қормен берілген мүліктерге меншік құқығы. Пай ретінде жарғылық қорға енгізілетін ақша сомалары мен мүліктік құндылықтар АҚ толықтай меншігі болып табылады, өйткені оның мүлкі нақты акционерлердің мүліктерінен толығымен оқшауландырылған. Осылайша, АҚ - бұл мүліктерді біріктірудің неғұрлым тұрақты формасы, өйткені одан кез келген акционердің шығып кетуі қоғамның өзінің тіршілік етуін тоқтатпайды.
АҚ басқару формасы, шаруашылық шешімдер қабылдау, өткізу, баға қою, еңбекақы төлеу, т.б. тәрізді мәселелерде толық дербестікке ие. Міне, әрекет бостандығына қатысты бұл қызметтер АҚ-ды халық шаруашылығының аграрлық секторындағы кәсіпкерліктің маңызды формаларының бірі ретінде сипаттайды.
> Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
> Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
> Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
> Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
> Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
> 10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
> Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
33-бап. Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
Қоғамның құрылтайшылары -қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
> Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Мемлекеттік кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
> Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
> Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды. Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.
2. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
6) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
7) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
8) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
9) қоғамның жарғысын бекітеді.
3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
4. Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
2. Кәсіпорынның қайта құрылуы: мәні және негізгі әдістері. Заңды тұлғаны ұйымдастырушылардың (қатысушылардың) немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешімі бойынша қайта құруға болады.
Қайта құру — бұл бір заңды тұлға жойылып, оның орнына басқа бір заңды тұлға пайда болатын процесс. Бірақ қайта құру барысында (таратылудан ерекше) заңды тұлғаның жойылуы оның құқықтары мен міндеттерінің жойылуына әкеп соқпайды, құқықтық мирасқорлық (демек, құқық пен міндеттердің ауысуы) сақталады, ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылады.
Қайта ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:
Бірлесу — мекемелердің жеке әрекеті тоқтатылады да, олардың бірлесуінің негізінде жаңа заңды тұлға пайда болады — әр қайсысының құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өткізу актісіне сəйкесауысады
Қосып алу — бір заңды тұлға екіншісіне қосылады да, біріншісі жеке іс-әрекетін тоқтатады. Ал екіншісі өзінің іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – екінші заңды тұлғаға қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады
Бөліну — жойылған заңды тұлға негізінде жаңа заңды тұлғалар пайда болады — оның құқытары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға бөлу балансына сəйкес ауысады
Бөліп шығару — жаңа заңды тұлға пайда болады (бір немесе бірнеше), ал жаңа тұлға бөлініп шыққаннан кейін бұрыңғы заңды тұлға өз әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – әр қайсысына бөлу балансына сәйкес қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Өзгерту — заңды тұлға өз іс-әрекетін тоқтатады және оның орнына жаңа заңды тұлға пайда болады (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгереді) — жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады
3.Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаты. 1) Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатенный; связанный с жизнью людей)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын тараулары: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, ағлаққа, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшән олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.
Еңбек нарығы. 2013 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны 479,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,3%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы наурыздың аяғында 65,7 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады (38,0 мың адам).
Халықтың табысы. Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2013 жылғы қаңтар-наурызда 159,7 мың теңгені құрады. Өсім 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,9%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 2,9%-ды құрады. Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2013 жылғы қаңтар-сәуірде 102,2 мың теңгені құрады, өсім атаулы мәнде 7,7%-ға, нақты мәнде 1,0%-ға өсті.
Инфляция. Тұтыну бағасының индексі 2013ж. сәуірде өткен аймен салыстырғанда 100,3% құрады (2012 жылдың сәйкес кезеңінде – 100,7%), оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті (0,3%), азық-түлік емес тауралар 0,2%-ға қымбаттады (0,5%), ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің индексі 0,5%-ға (1,2%). Жылдық көріністегі инфляция деңгейі (2013 жылғы сәуірде 2012 жылдың сәуірімен салыстырғанда) 6,4%-ды құрады (4,8%). Азық-түлік тауарларына баға өсімі 4,6%-ды құрады (3,9%). Азық-түлік емес тауарларға баға өсімі 3,0%-ды құрады (5,4%), ақылы қызметтерге – 12,3% (5,3%).
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Халық (2013 ж. 1 сәуірге мың адам) 16 967
Жұмыссыздық деңгейі (2013 ж. сәуірге, % бағалы ақпарат) 5,3
Орташа айлық жалақы (2013 ж. сәуірге, теңге) 105 289
Инфляция: (2013 ж. сәуір 2012 ж. желтоқсанға, %) 2,2 (2013 ж. сәуір 2012 ж. сәуірға,%) 6,4
ЖІӨ (2013 ж. қаңтар-наурыз, % жедел ақпарат) 104,6
№ 7 БИЛЕТ
1. “Халықтың жұмыспен қамту” туралы қр Заңы. Жұмысбастылық және жұмыссыздық.
Жұмыспен қамтылу – жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі.
Жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс,- деп көрсетілген Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңында. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бірінші басымдық – Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр. Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру-әсіресе нарықтық экономикада өте маңызды әрі күрделі мәселе.
Жұмыспен қамту саясатында жұмысбастылықтың әлеуметтік және эконономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Жұмыспен қамтудың классикалық теориясы еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс қызметін құруға, оны жетілген бәсеке жағдайында пайдалануды ұсынды.
Сонымен, жұмыспен қамту жөнінде Д.Кейнс жасаған теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін-өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғарғы деңгейінде де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық сұранысты оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды көздейтін қазақстан экономикасы үшін өзекті болып отыр. Онсыз Қазақстанның нарықтық реформалау жолымен ары қарай жылжуы және оны елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі алғышарты болып, өндірістің нәтижесіне мүдделі және тұрақты жұмыспен қамтылған, жоғары білікті икемді жұмыс күші табылатын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне толыққанды интеграциялау (біріктіру)мүмкін емес.
Біздің пікірімізше, халықты жұмыспен қамту - бұл адамдардың жеке, ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және табыс әкелетін қызметі.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге,олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады.Жұмыспен қамту қызметі заңмен тікелей көрсетілген жария биліктің мекемесі ретінде жұмыс істейді,және жұмыс іздеушілерге мемлекеттік қызметтің әмбебап жеткізушісі ретінде қарастырылады. Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда. Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамтуды басқарудың мынадай әдістері бар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу).
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет еңбек нарығын басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттің еңбек нарығын басқару органдарына: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі», еңбек биржасы, жергілікті жердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары жатқызылады.