
- •Қаңқа тіндері
- •Шеміршек тіндері.
- •Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.
- •Эмбриональді хондрогистогенез.
- •Гиалинді шеміршек тіні.
- •Эластинді шеміршек тіні.
- •Талшықты шеміршек тіні.
- •Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.
- •Шеміршек тінінің регенерациясы.
- •Шеміршек тіндері метаболизмінің реттелу факторлары.
- •Сүйектің дамуы.
- •Ретикулофиброзды сүйек тіні.
- •Пластинкалы сүйек тіні.
- •Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.
- •Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.
- •Сүйектің жасқа байланысты өзгеруі.
- •Сүйек байламдары.
Сүйектің дамуы.
Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасаушалар – остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасуша аралық заты жасап шығарады. Қаңқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Остеогистогенездің түрлері:
Тура остеогистогенез. Бұндай тәсіл өрескел талшықты сүйек тінінің дамуына тән. Бұл құбылыс көбінесе құрсақта дамудың 1-айында жүреді. I сатысы – болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тінінің белгілі ірбөлігінде остеобласттардың әрекет нәтижесінде сүйекті заттың аралшықтарының пайда болуы. II сатысында бірінші орталықтан сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет жақтарына қарай үстемелей өсуі(аппозициональді өсу) арқылы сәуле тәрізденіп жан-жаққа таралады. Жабынды сүйек қалыптасатын дәнекер тіннің беткі қабаттары сүйек қабығы түрінде қалады, сүйек қабығы жағынан сүйек қалыңдап өседі. III сатысы – жасуша аралық заттың кальцификациясы.
Тура емес остеогистогенез. Құрсақта дамудың екінші айында алғашқы нүктелер пайда болады, олардан ең көп ауырлық көтеретін сүйектердің негізгі бөліктері, яғни жілік сүйектері дамиды. Перихондралды сүйектену – шеміршек қабығының қатысуымен сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы бетінде жүреді. Болашақ сүйек пішінді мезенхималық бастама шеміршек тінінен тұратын және сүйектің шеміршекті моделі сияқты «сүйекке» айналады. Шеміршекті сыртынан жабатын шеміршек қабығы остеобласттарының әрекеті нәтижесінде оның бетінде, шеміршек қабығының астында сүйек тіні пайда болып, ол бірте-бірте шеміршек тінді ығыстырып, сүйек затын түзеді. Сүйектің шеміршекті моделінің сүйекті моделге ауысымен шеміршек қабығы сүйек қабығына айналып, сүйек тінінің одан әрі қарай өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді. Эндохондралды сүйектену тамырлары бар шеміршек бастамаларының іішінде жүреді. Сүйек түзуші тін тамырларымен бірге шеміршек қабатына ене отырып, алдын ала известелінген шеміршекті бұзып, сүйектің шеміршектің моделінің орталығында сүйектену нүктесін түзеді. Эндохондралды сүйектену үрдісінің орталықтан шетке қарай таралуы кемік сүйек затын түзуге әкеледі. Шеміршек сүйекке тікелей айналмайды, ол бұзылып, жаңа сүйек тінімен алмасады. Сүйектенудің сипаты мен реті организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты.
Ретикулофиброзды сүйек тіні.
Ретикулофиброзды сүйек тіні негізінде ұрықтарда кездеседі. Ересектерде оны бассүйектерінің тігістерінде, сіңірлердің сүйектерге бекитін жерлерінде кездестіруге болады. Ондағы коллаген талшықтарының ретсіз орналасып, салыстырмалы аз үлкейту кезінде байқалатын жуан шумақтар түзеді. Ретикулофиброзды сүйек тіннің негізгі затында сопақша пішінді лакуналар орналасқан. Лакуналар остеоциттер орналасқан анастомоз құратын каналдардардан құралады. Өрескел талшықты тіннің сырты сүйек қабымен қапталған.
Ретикулофиброзды тін:
Коллаген талшықтары;
Остеоциттер.
Пластинкалы сүйек тіні.
Пластинкалы сүйек тіні – ересек адам организімінде кең таралған сүйек тінінің түрі. Ол сүйек пластинкаларынан тұрады. Сүйек пластинкаларының ұзындығы мен қалыңдығы бірнеше микрометрден жүздеген микрометрге дейін болады. Пластинкалар фибриллалардан тұразы. Орталық бөлігінде фирриллалар бойлай, ал периферия бойында көлденең орналасады. Бір плпстиканың сүйектері басқа пластинкаларға да өтіп, сүйектің бірыңғай негізін түзеді. Сонымен қатар әр пластинканың өзінде ғана перпендикулярлы орналасатын арнайы фибриллалар мен талшықтар болады, сондықтан қабыршақты сүйек тіні өте берік болады. Қабыршақты сүйек тінінен ағзадағы сүйектің тығыз кеуекті заты түзіледі.
Пластинкалы сүйек тіні:
Сүйек пластинкалары;
Остеоциттер;
Остеоцит аралшаларының жанасулары;
Коллаген талшықтары;