
- •Қаңқа тіндері
- •Шеміршек тіндері.
- •Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.
- •Эмбриональді хондрогистогенез.
- •Гиалинді шеміршек тіні.
- •Эластинді шеміршек тіні.
- •Талшықты шеміршек тіні.
- •Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.
- •Шеміршек тінінің регенерациясы.
- •Шеміршек тіндері метаболизмінің реттелу факторлары.
- •Сүйектің дамуы.
- •Ретикулофиброзды сүйек тіні.
- •Пластинкалы сүйек тіні.
- •Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.
- •Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.
- •Сүйектің жасқа байланысты өзгеруі.
- •Сүйек байламдары.
Шеміршек тіндері метаболизмінің реттелу факторлары.
Шеміршек тіндерінің реттелуі механикалық күшке, гормондық және жүйкелік факторларға байланысты болады. Шеміршек тініне күш түсу мен оның әлсіреуі суда еріген қоректік заттар, метаболизм өнімдері, шеміршек қабы капиллярларының гормондық-гуморальдық реттеушілері үшін үнемі қызмет атқаратын факторлар болып табылады. Сонымен қатар хондроциттердің қандағы бірқатар гормондарға (СТГ, тироксин, инсулин, т.б.) арналған циторецепторлары бар.
Гипофиз гормондары – соматотропин мен пролактин – шеміршек тіндерінің өсуіне ықпалын тигізеді, бірақ олардың дамуына ісер етпейді. Қалқанша безінің гормондары – тироксин мен трийодтиронин – хондроциттердің дифференциалдануын жылдамдатады, бірақ шеміршектегі өсу процесін баяулатады. Қалқанша безінің және қалқанша маңы безінің гормондары – кальцитонин мен паратгормон – өсу процесін стимулдайды. Ұйқы безінің эндокринді гормоны – инсулин мезенхиманың дифференциалдануын тездетеді. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары – глюкокортикоидтар және жыныс гормондары эстрогендер – хондроциттердегі коллаген мен гликозамингликандардың синтезделуін тежейді, концентрациясы жоғары болса, шеміршектің қартаюына әкеледі. Жыныс гормоны – тестестерон – шеміршектің дамуының тежелуіне әкеліп соғатын сульфатталмаған гликозамингликандардың синтезделуіне қатысады. Шеміршек тінінің дамуындағы, метаболизіміндегі гормондардың орны үлкен болғанымен, хондроциттердің қызметтері ағзаның эндокринді жағдайына және хондроциттердің құрылымдық жағдайына байланысты екенін айта кеткен жөн.
Сүйек тіні.
Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық заты минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық қосылыстардан, негізінен кальций фосфаттарынан тұрады. Бұдан басқа сүйек тіні құрамында организмдегі метаболизм процестерінде аса маңызды орын алатын 30-дан астам микроэлементтер бар:мыс, мырыш, барий, магний және т.б.
Органикалық затты – сүйек тіні матриксін – негізінен коллаген ақуыздары мен липидтер түзеді. Шеміршек тінімен салыстырғанда, сүйек тінінде су менхондроитинкүкірт қышқылы аз, бірақ лимон және басқа қышқылдар көп. Олар кальциймен комплекс түзіп, өте мықты сүйек матриксін түзеді.Органикалық және бейорганикалық компоненттердің бір-бірімен үйлесуі механикалық қасиеттерді анықтайды, мысалы созылуға және қысылуға қарсыласу. Барлық дәнекер тіндерінің ішінде тек сүйек тінінің тіректік, механикалық, ішкі мүшелерге қорғаныш қызметтері және кальций, фосфор элементтерінің қоры болуы анық байқалады.
Сүйек тінінің жоғары минералдылығына қарамастан, оның құрамына кіретін заттар үнемі жаңаланып, бұзылып, қызмет етуінің өзгеруіне байланысты адаптациялық процестер жүріп отырады. Сүйек тінінің морфофункционалдық қасиеттері жасқа, бұлшық етке, қоректенуге, ішкі секреция бездерінің қызметіне, нервтендірілуге және т.б. байланысты өзгеріп отырады.
Жіктелуі. Сүйек тінінің негізгі екі түрі бар: ретикулофиброзды(өрескел талшықты) және пластинкалық(қабыршақты). Бұл сүйек тінінің түрлері жасуша аралық заттарының құрылысына байланысты болатын құрылымдық және физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Сүйек тініне жасуша аралық заттарының жоғары минералдығы, тіректік жіне механикалық қызметтеріне байланысты тіс цементі мен дентин де жатады.
Сүйек тінінің диффероны мен остеогистогенезі.
Эмбрионның сүйек тінінің дамуы екі тәсілмен жүзеге асады: 1) тура остеогенез – мезенхимадан тікелей даму; 2) тура емес остеогенез – мезенхимадан дамыған шеміршектен даму. Сүйек тінінің постэмбриональды дамуы физиологиялық және регенерациялық репарация кезінде боладыСүйек тінінің дамуы барысында сүйек диффероны пайда болады: бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар(преостеобласттар), остеобласттар(фибробласттардыңбір түрі), остеоциттер. Қанның бағаналы жасушаларынан дамитын остеокласттар(макрофагтардың бір түрі) екіншілік құрылымдық элементтер болып табылады.
Бағаналы және жартылай бағаналы жасушалар морфологиялық түрде идентифицирленбейді.
Остеобласттар немесе остеобластоциттер – бұл сүйек тінін түзетін жас жасушалар. Қалыптасқан сүйекте олар тек сүйек қабының терең қабаттарында және сүйек тінінің жарақаттан кейінгі регенерация орындарында кездеседі. Олар үздіксіз көбеюге қабілетті. Остеобласттардың пішіндері әр түрлі: куб тәрізді, пирамида тәрізді немесе көпбұрышты. Олардың денелерінің өлшемі шамамен 15-20мкм. Ядросы дөңгелек немесе сопақша болады, цитоплазмада жиі эксцентрлі орналасады, бірнешеу болуы да мүмкін. Цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы, митохондриялары және Гольджи аппараты жақсы дамыған.
Остеобласт құрылысы:
Ядро;
Цитоплазма;
Жетілген эндоплазмалық тор;
Остеоид;
Сүйек тінінің минералданған заты.
Остеоциттер – сүйек тінінің дефинитивті(тұрақты) жасушаларының көп бөлігі. Олар бөліну қабілеттілігін жоғалтқан. Остеоциттердің пішіндері өсінділі және шағын, ядросы салыстырмалы түрде ірі, цитоплазмасы әлсіз базофильді боялады. Органеллалары нашар дамыған. Жасуша орталықтарының болуы анықталмаған.
Сүйек жасушалары остеоциттің пішініндей лакуналарда орналасады. Олардың ұзындықтары 22-55мкм, ал ендері 6-14мкм аралықтарында болады. Лакуналардың каналдары сұйықтыққа толы, каналдар бір-бірімен және сүйектің ішіне кіретін қантамырлармен анастомоз құрады. Остеоциттер мен қан арасындағы заттар алмасуы тіндік сұйықтық арқылы жүзеге асады.
Остеоцит құрылысы:
Остеоцит аралшалары;
Ядро;
Эндоплазмалық тор;
Гольджи аппараты;
Митохондриялар;
Сүйектің остеоидты заты.
Остеокласттар – бұлар табиғаты жағынан гематогенді жасушалар, известелінген шеміршек пен сүйекті бұзу қабілеттілігі бар. Олардың диаметрі 90мкм-ге дейін жетеді, 3-тен бірнеше ондық ядролары болады. Цитоплазмасы әлсіз базофильді, кейде оксифильді де боялады. Остеокласттар көбінесе сүйек қатпарларында орналасады. Сүйектің патологияға ұшыраған беткейіне қараған остеокласттар цитоплазмалық қатпарларға бай; олар гидролитикалық ферменттерді синтездеп, секрециялайды. Остеокласттардың шеткі бөлігі – жасушалардың сүйек бетіне тығыз жабысқан аймағы. Бұл аймақ ферменттердің әсер ету аймағын шектейді. Цитоплазманың бұл аймағы ашық түсті, органеллалары аз, бірақ актин микрофиламенттері бар.
Остеокласттардың қатпарланған аймағының шетінде көптеген майда көпіршіктер мен ірі вакуольдер орналасқан. Остеокласттар қоршаған ортаға СО2 бөліп, ал карбоангидраза ферменті Н2СО3 түзілуіне қатысып, кальций қосылыстарын ерітеді. Остеокласт митохондрияларға және сүйек тіні матриксінің коллаген талшықтары мен протеогликандарын ерітетін ферменттері бар лизосомаларға бай. Сүйектің остеокластпен жанасқан бөлігінде лакуналар пайда болады. Бір остеокласт сол уақыт аралығында 100 остеоласт түзетін сүйекті жоя алады. Остеобласттар мен остеокласттардың қызметтері бір-бірімен байланысты және гормондармен, витаминдермен, т.б. реттеледі.
Остеокласт құрылысы:
Ядро;
Остеокласт жиегі;
Ашық аймақ;
Лизосомалар;
Жасуша аралық зат резорбцияланатын бөлік;
Минералданған зат.
Сүйек тінінің жасуша аралық заты негізгі аморфты зат пен коллаген талшықтарынан тұрады. Коллаген талшықтарының бірінші және төртінші түрлері болады. Бұл талшықтар ретімен орналасса, пластинкалы сүйек тіні; ал ретсіз орналасса ретикулофиброзды сүйек тіні болап саналады.