Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алимухамедов У-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
548.86 Кб
Скачать

Эластинді шеміршек тіні.

Эластинді шеміршек тіні шеміршек пішіні иілген бөліктері бар мүшелерде кездеседі.Түсі сарғыш, гиалинді тін сияқты мөлдір емес. Жалпы құрылысы гиалинді тіннің құрылысына ұқсас. Сырты шеміршек қабымен қапталған. Шеміршек жасушалары капсулаларда бір-бірден немесе изогенді топтармен орналасады. Эластинді шеміршек тінінің ең негізгі ерекшелігі – жасуша аралық затында коллагендік талшықтармен қатар эластинді талшықтардың болуы. Шеміршек қабына жақын жатқан қабаттарындағы эластинді талшықтар үзіліссіз шеміршек қабына өтеді. Гиалинді шеміршекке қарағанда құрамында липидтер, гликоген мен хондроитинсульфаттар аз болады.

Эластинді шеміршек тіні:

  1. Хондроциттердің изогенді топтары;

  2. Эластинді талшықтар.

Талшықты шеміршек тіні.

Талшықты шеміршек тіні омыртқа аралық дискілерді, талшықты тіннің гиалинді тінге ауысатын жерлерінде, қозғалысы аз байламдарда кездеседі. Жасуша аралық затындағы параллель орналасқан коллаген талшықтары біртіндеп сиректеп, гиалинді шеміршекке өтеді. Жасушалары – хондроциттер жекеленіп те, топталып та орналасады.

Талшықты шеміршек тіні:

  1. Коллаген талшықтары;

  2. Хондроциттер.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.

Организнің қартаюына байланысты шеміршек тініндегі протеогликандардың концентрациясы азаяды және соған байланысты гидрофильділігі төмендейді. Хондробласттар мен жас хондроциттердің бөліну құбылыстары нашарлайды. Бұл жасушалардың цитоплазмасындағы Гольджи аппаратының, түйіршікті эндоплазмалық тордың, митохондриялардың көлемі азаяды және ферменттерінің белсенділігі төмендейді.

Жасуша аралық заттар мен жасушалардың дистрофиялық өзгерістерінің резорбциясына хондрокласттар қатысады, олар морфологиялық құрылысы бойынша остеоклаттармен бірдей. Хондроциттердің өлімінен кейін лакуналар аморфты заттар мен коллаген жіпшелеріне толады. Жасуша аралық заттың кейбір бөліктерінде кальций тұздарының шөгінділері пайда болып, шеміршек лайланып, мөлдірлігі жоғалып, түсі өзгереді; қатайып, тез сынғыш болады. Аталған өзгерістерге байланысты шеміршекке қантамырлары өтіп, шеміршек сүйекке айналуы мүмкін.

Шеміршек тінінің регенерациясы.

Шеміршектің регенерациясы шеміршек қабындағы аз маманданған жасушалары және шеміршектегі прехондробласттар мен хондробласттардың бөлінуі мен дифференциациясына байланысты жүреді. Бірақ бұл құбылыс өте баяу өтеді. Буындық емес шеміршек тіні жарақатының регенерациясы шеміршек қабының қатысуымен жүреді.

Буындық шеміршектің жарақатының регенерациясы оның тереңдігіне байланысты әр түрлі болады. Егер жарақат терең болмаса, регенерация тек изогенді топтардың көбеюіне байланысты болады. Ал егер шеміршек терең жарақатталса, онда регенерацияға субхондриальді сүйек тінінің камбиальді жасушалары да қатысады.

Кез келген жағдайда тікелей жарақат аймағында дистрофикалық құбылыстар орын алады, кейіннен көбеюші хондроциттер орналасады.

Жарақат алғаннан кейін алғашқы 1-2 айларда жас фибробласттардан тұратын тін пайда болады, ол протеогликандар мен коллаген талшықтарын белсенді түрде синтездейтін шеміршек тәріздес тінмен алмастырылады. 3-6 айдан кейін регенерат гиалинді-фиброзды тінге ұқсас жас шеміршекке айналады.