Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адам өміріне төнетін жалпы қауіп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
37.38 Кб
Скачать

4 Дәрежеге

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету Сумен шаюға болмайды, күйген жерді құрғақ таза матамен жауып, матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою, 2-3 таблетка аналгин және жылы сусынды көп ішкізу керек

Электр тоғының немесе найзағайдың – атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз?

Электр жарақаты

Электр жарақатының белгілері:

Тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы

Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну қалай аталады?

Ыстық тию

Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету

Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет

Негізгі белгісі күретамырдың жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрін қалай атаймыз?

Гипертониялық ауру

Гипертония ауруының негізгі белгілері

Жоғарғы күретамыр қысымы жоғарылайды, тамыр соғысы жиі, сырқат басының шаншығанын, басының айналғанын, жүректің шаншуын, басының ауырғанын қатты сезінеді

Өрмекші, бүйен шаққан кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды

Қарақұрт шаққан кезде алғашқы көмек көрсету шаралары

Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітіндіні, жүрек дәрі-дәрімектерін береді, емдеу мекемесіне жеткізу

Шаян шаққан кезде алғашқы көмек калай көрсетіледі?

Кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, аналгин, супрастин, немесе димедрол дәрі-дәрімектерін ішкізу

Саңырауқұлақпен уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Асқазанды сумен, әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шаю, жасанды құстыру, бірнеше рет клизма қою, содан кейін ыстық, тәтті шай, кофе ішкізу

Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені қалай аталады?

Карантин

Адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынын қалай атаймыз?

Дезинфекция

Жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жоюды қалай атаймыз?

Дезинсекция

Аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шараларын қалай атаймыз?

Дератизация

Жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою бұл –

Асептика

Адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы ауру қалай аталады ?

СПИД және ВИЧ

Адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-

Эпидемия

Малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-

Эпизоотия

Өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы –

Эпифитотия

1-ші дәрежелі күйіктің белгілері –

Тері қызарып, ісіп ауыра бастайды

Улану түрлері –

өткір және созылмалы

1-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Сәуле өткендегі 3 сағаттан кейін жүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас аурады

3-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Көздің айналасы қызарып, басы айналып, құсқысы келеді, қызуы көтеріледі

4-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Әлденеше рет құсып, әлсіздік пайда болады, басы қатты аурып, іші өтеді

Әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесін қалай атаймыз?

Салауатты өмір салты

ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заң қашан қабылданды?