
Адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласын қалай атаймыз?
Өмір тіршілік қауіпсіздігі
ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылықты кім жүргізеді?
Төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынын қалай атаймыз?
Азаматтық қорғаныс
Бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы қалай аталады?
Ұйым
ҚР Азаматтық қорғанысының жалпы басшылығын кім жүзеге асырады?
ҚР Премьер-Министрі
ҚР Азаматтық қорғаныс туралы Заңы қашан қабылданды?
1997 Жылы 7 мамырда
Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысының бастығы кім?
Ректор
Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері
Құтқару, Инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?
1996 Жылы 5 шілдеде
Тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылысты қалай атаймыз?
Дүлей зілзала
Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануын қалай атаймыз?
Авария
Адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзаланы қалай атаймыз?
Апат
Апаттар көлемі бойынша қалай бөлінеді?
Кіші, орташа, үлкен
Апаттар түрі бойынша қалай бөлінеді?
Табиғи және жасанды
Табиғи апаттар- Метеорологиялық, Тектоникалық, Топологиялық, Космостық
Жасанды апаттар- Көліктік, Өндірістік, Спецификалық, Әлеуметтік
Адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдайды қалай атаймыз?
Төтенше жағдай
Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде қанша шеңберлі аймаққа бөлінеді?
4
Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы бұл – Қорқыныш
Тәуекелдік факторлары – бұл Авариялық жағдай-да адам өміріне қауіп төндіретін факторлар
Қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң қалай аталады?
Химиялық зақымдау ошағы
Жарылыс нүктесінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жерін қалай атаймыз?
Соққы толқыны
Ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағынын қалай атаймыз?
Жарықтың сәуле шығаруы
Ядролық жарылыс кезіндегі гамма сәулелер мен нейтрондар ағынын қалай атаймыз?
Өткіш радиация
Ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болатын құбылыс бұл –
Жердің радиоактивті ластануы
Гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелерді қалай атаймыз?
Электромагниттік импульс
Адам сәулеленуінің қандай түрлері бар?
Сыртқы және ішкі
Организмге берілген энергия мөлшерін қалай атаймыз?
Доза
Жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана қалай аталады?
Панаханалар
Өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстарды қалай атаймыз?
Қатты әсер ететін улы заттар
Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?
Хлор, фосген, хлорпикрин
Жалпы улылық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?
Көміртегі тотығы, цианды сутегі
Метаболдық улар, яғни организмдегі заттар метаболизмнің процестеріне араласатын улы қосылыстар бұл – Этилен тотығы, дихлорэтан
Заттардың алмасуын бұзатын улы қосылыстар бұл – Полихлорланған бензофурандар
Жеке дәрі-дәрімек қобдишасы
АИ-2
Жүйкені жансыздандыратын улы заттар –
Фосфорганикалық заттар тобы – зарин, заман, V- газдар
Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар –
Иприт, люизит
Көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар –
Хлорпикрин, хлорацетофенон
Жылдам әсер ететін улы заттар –
Зарин, заман, V- газдар, көгілдір қышқылы
Баяу әсер ететін улы заттар –
Иприт, фосген
Жеке химиядан қорғайтын пакет
ИПП- 8,10
Доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)
ДП-5В
Радиациялық барлауға қандай өлшемді приборлар жатады?
ДП5 А(Б), ДП-5В
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары –
Газқағарлар, респираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар
Халықты қорғау үшін қандай газқағарлар қолданылады?
ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ)
Панахананың негізгі бөлмесінде не орналасады?
Басқару және санитарлық нүктелрі бар бөлмелер жатады
Өнеркәсіптік газқағарлар -
АИ-2 жеке аптечкасында құсуға қарсы заттарды қандай түсті пеналда сақтайды?
Көк
Зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою бұл –
Дезактивация
Қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру немесе жою бұл –
Дегазация
Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою бұл –
Дезинфекция
Тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерілуінен болатын қуатты ағын бұл –
Сел
Ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы бұл –
Опырмалар
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы бұл-
Су басу
Адам ұлпалары мен органдарының зақымдануынан, аяқ-қолдың сынуынан, буынның шығуынан және тағы басқа жағдайлардың әсерінен пайда болған зақымдануды қалай атаймыз
Жарақаттар
Механикалық жарақаттар қандай болуы мүмкін?
Ашық және жабық
Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрін қалай атаймыз?
Жабық зақымдану
Органдар ұлпаларының зақымдануы, тері жамылғыларының кілегейлі қабықтарының тұтастығы бұзылған зақымдануды қалай атаймыз?
Ашық зақымдану
ҚӘУЗ қай түрі төгілген кезде Сіз төмен жерлерді таңдайсыз?
Аммиак
Ауадан 3,5 есе ауыр, түссіз газ бұл -
Фосген
Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен уақытша айырылуды қалай атаймыз?
Талықсу
Орталық жүйке жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауын қалай атаймыз?
Естен тану
Буыны шыққан адамға алғашты көмекті қалай көрсетесіз?
Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпай үстіне суық компресс қоямыз
Жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісін қалай атаймыз ?
Асептика
Денеге қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металлдардың әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?
Химиялық күйік
Денеге жалын, қайнаған су, газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?
Термиялық күйік
Иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болған күйікті қалай атаймыз?
Сәулелік күйік
Төменгі температураның салдарынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы бұл -
Үсік шалу
Зақымдану тереңдігі бойынша күйік қанша дәрежеге бөлінеді?