Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz ecologiya 4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.26 Кб
Скачать

Қазіргі жағдайды түзетіп, дұрыс жолға қою үшін не істеу қажет?

Бүгінгі күні қалыптасқан жағдайлар су шаруашылығы саласындағы техникалық саясатты қайта құруды қажет етеді, бұл тұрғыда барлық проблемаларды апатты оқиғалар мәселесін шешкендей, шұғыл және нақты шешу қажет. Мемлекет тарапынан ирригациялық мақсаттарға бөлінетін қаржы ресурстарының экономикалық жағынан тиімді қомақты бөлігін бірінші кезекте суармалы жерлердің ахуалын жақсартуға бағыттау керек. Қазіргі қолданыстағы суару жүйелерін кешенді түрде қайта жарақтап, құруға, техникалық жағынан қайта жабдықтауға (қазіргідей үстіртін емес) жаппай басымдық берілуі шарт, сонда ғана суармалы жерлердің тиімді пайдаланылуына жол ашылады. Суармалы жерлердің өнімділігі мен табыстылығын көтерудің негізгі кілті мен түп-тамыры да осында жатыр.

Бүгінгі таңда облыс аудандары бойынша коллекторлық-дренаждық жүйелердің ұзындығы 1099 шақырымды құрайды және олардың бәрі қайта құрып, жасауды қажет етеді. Коллекторлық-дренаждық жүйелерді кешенді түрде қайта құрып, жасау үшін қажетті қаржы көлемі бірнеше млрд теңгені құрайды. Сондықтан облыстың су шаруашылығы және коллекторлық-дренаждық жүйелерін қайта құрып, жасау жұмыстар 2006 жылдан бастап, Бүкіләлемдік реконструкциялау және даму банкінің тізіміне енгізілген болатын. Біз Байзақ, Қордай, Жамбыл, Шу, Меркі аудандарының әрқайсысынан 5 мың гектардан, барлығы 25 мың га суармалы жерлерді реконструкциялау жөнінде тиісті құжаттар дайындап, оларды қаржыландыруға ұсынғанбыз. 2008-2009 жылдары олардың техника-экономикалық негіздемелері дайындалып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан бекітіліп бітті. Алайда үстіміздегі жылдың басында АШМ-нің Су ресурстары комитетінде осы мәселе қайта қаралғанда, олар Жамбыл облысы бойынша реконструкциялау үшін қаржыландыруға ұсынылған жоғарыда айтылған 25 мың га суармалы алқаптың 15 мың гектарға төмендетілгенін мәлімдеді. Олар бұл мәселені әлі де түпкілікті, нақтылап қарап, биылғы жылдың екінші жартысында жобалық жұмыстарын бастағалы отыр. Әзірге көңілге жұбаныш сол ғана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]