Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz ecologiya 4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.26 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Жамбыл облысының су ресурстары

Орындаған: Юсупов Е.Ж.

Тексерген: Каскеева

Астана 2013

Жамбыл облысының су ресурстары

Жоспар 

1. Бүгінгі күні облыстағы су шаруашылығы саласын қалай елестетуге болады?

2. Екі ел арасындағы су ресурстарын пайдалануды реттеуге қандай басқару органдары қатыстырылған?

3. Су жөнінен көршілес Қырғыз еліне тәуелділігімізді қалай азайтуға болады?

4. Ондай жұмыстар жүргізуге не тосқауыл болуда?

5. Ауылдық су пайдаланушылар кооперативтерінің ахуалы қалай?

6.  Жергілікті КМК-лардың қаржы жағдайлары қалай?

7.Суару кезеңдерінде бір КМК-ға, оның ішінде мамандарға түсетін жұмыс жүктелімі қаншалықты?

8. Қазіргі жағдайды түзетіп, дұрыс жолға қою үшін не істеу қажет?

Бүгінгі күні облыстағы су шаруашылығы саласын қалай елестетуге болады?

Жамбыл облысының су шаруашылығы «Тасөткел», «Теріс-Ащыбұлақ», «Ынталы», «Қарақоңыз», «Қақпатас» сияқты стратегиялық маңызы бар бірнеше ірі су қоймаларынан тұрады. Алайда олардың бәрі — «ТаразСушар» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының иелігінде. Облыстың су шаруашылығы саласында бұдан басқа кішігірім 127 су қоймасы мен бекет, ұзындығы 1346 шақырым шаруашылықаралық және 4710 шақырым ішкі шаруашылықаралық су тарату жүйелері, 781 гидротехникалық құрылым, 588 су өлшейтін гидрометриялық бекет, 1110 шақырым коллектор-дренаж жүйесі, көптеген өндірістік базалар мен мамандандырылған техникалар бар.

Егер Шу-Талас гидрографикалық бассейні жөнінде толығырақ айтар болсақ, бұл арнада Шу, Талас, Аса секілді ірі өзендер мен 242 кіші өзендер, 35 көл, 3 кешендік мақсаттағы су қоймасы, сыйымдылығы 1 миллионнан 10 млн текше метрге дейін 38 шағын су қоймасы, 164 тоспалар мен әуіттер орналасқан.

Жамбыл облысы бірінші кезекте ағын сумен қамтамасыз етуде, ағын су бастаулары сырт жақтарда жатқандықтан, су жөнінен сыртқа тәуелді өңірлердің қатарына жатады. Өйткені біздің облыс жерүсті суының 80 пайызын іс жүзінде толықтай көлемде көршілес Қырғызстан аумағынан бастау алып, қалыптасатын трансшекаралық Шу, Талас, және Күркіреусу (Аса өзенінің негізгі тармағы) өзенінен алады. Жамбыл облысына су беретін басқа да үлкен екі мемлекетаралық мәндегі: Шу өзеніндегі — Ортатоқай және Талас өзеніндегі Киров су қоймалары да көршілес қырғыз жерінде орналасқан.

Екі ел арасындағы су ресурстарын пайдалануды реттеуге қандай басқару органдары қатыстырылған?

Халықаралық шарттар Ережесіне және еліміздегі Су кодексінің 43-тармағына сәйкес, 2006 жылы барлығы 36 адамнан тұратын Шу-Талас бассейндік кеңесі құрылған болатын. Бүгінге дейін аталған бассейндік кеңес өзінің 5 мәжілісін өткізді. Кеңестің жұмысшы органы — су шаруашылығына байланысты аса маңызды да, өзекті мәселелерді қарайтын Шу-Талас бассейндік инспекциясы болып табылады. Бірақ ол инспекцияның шешімі көбінесе ұсыныс түрінде ғана қаралып, қай тараптан болса да нақты орындала бермейді.

Сондай-ақ 2007 жылдан бері Шу-Талас өзендерінің сулары мен су шаруашылығы құрылымдарын мемлекетаралық пайдалануды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Комиссияларының Біріккен Хатшылығы жұмыс істейді. Бұл Хатшылық екі ел арасындағы 2000 жылғы Келісім шеңберінде құрылған. Бұл орайда да, қырғыз елі тарапынан осынау өкілетті органның шешімдері мен ұсыныстарына жете мән бермеушілік орын алып келеді. Оның бір мысалы — 2008 жылғы қуаңшылық кезінде қырғыз елінің біздің облысқа судан қысымшылық жасауы.

Жалпы, облыстың жылдық орташа ағын су жиналымы әр жылдағы ылғалдың түсуіне қарай, орта есеппен 4,1 млрд текше метрді құрайды, оның ішінде, 3,1 млрд текше метр ағын су Қырғыз Республикасы аумағынан ағып келіп, 1 млрд текше метр ағын су ғана өз жерімізде қалыптасады.

Трансшекаралық өзендердің суларын мемлекетаралық бөлісу, яғни алынатын судың нақты көлемін белгілеу, сонау 1983 жылы Кеңес Одағы тұсында, КСРО-ның Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі тарапынан бекітілген «Шу және Талас өзендерінің ағын суын бөлісу Ережесіне» сәйкес жүргізіліп келеді. Сондықтан трансшекаралық ағын су мәселесін шешу әзірге оны шешетін басқа мемлекетаралық құрылымдар жоқ болғандықтан, екі ел арасындағы осы халықаралық институттар — Шу-Талас бассейндік Кеңесі мен қазақ-қырғыз Біріккен Хатшылығы комиссиясының өзара түсінісіп, тиімді жұмыс істеуіне ғана байланысты болып тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]